"Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 тамыздағы N 794 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

       1-бап.  "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 24, 448-құжат; 2002 ж., N 4, 34-құжат; 2005 ж., N 23, 140-құжат; N 23, 142-құжат) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 1-бапта:
      4) тармақша "тiтiркендiргiш заттарды" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ жарақат салатын патрондарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
      "16) жаттығу қаруы - арнайы дайындалған немесе құрылғыларын зерделеу және онымен жұмыс iстеу әдiстерiне үйретуге арналған, ату үшiн жарамсыз күйге келтiрiлген атыс қаруының үлгiлерi.";
      2) 3-баптың 3) тармақшасындағы "қару" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) жаттығу қаруы.";
      3) 5-баптың 3) тармақшасының бесiншi абзацы алынып тасталсын;
      4) 6-баптың бiрiншi бөлiгi "жеке басының," деген сөздерден кейiн "жеке күзетшiлердiң, жеке кәсiпкерлердiң күзет бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң," деген сөздермен толықтырылсын;
      5) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
       "6-1-бап. Жаттығу қаруы
      Жаттығу қаруы жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ жоғары оқу орындарында пайдаланылады.
      Жаттығу қаруын сатып алу, сақтау, әкелу, әкету, есепке алу және пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.";
      6) 12-бапта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) аңшылық шаруашылығы ұйымдарының;";
      10) тармақшадағы "шетелдiктердiң" деген сөзден кейiн ";" белгісi қойылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      "11) жарақат салатын және газбен әсер ететiн патрондары бар қаруды қолдану саласында ғылыми медициналық зерттеулер жүргiзуге уәкiлеттi заңды тұлғалардың";
      7) 14-бапта:
      тақырыбы "заңды тұлғалардың" деген сөздерден кейiн "жеке күзетшiлердiң, күзет бөлiмшелерiн құрған жеке кәсiпкерлердiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақтың бiрiншi сөйлемi "заңды тұлғалардың" деген сөздерден кейiн ", жеке күзетшiлердiң, күзет бөлiмшелерiн құрған жеке кәсiпкерлердiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтың екiншi сөйлемiндегi "үш жыл" деген сөздер "бec жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Күзет бөлiмшесiн құрған жеке кәсiпкер, ұйымның басшысы (ерекше жарғылық мiндеттерi бар заңды тұлғаның) қаруды штаттық қызметкерлерге олардың өз функцияларын орындауы кезеңiне бередi.";
      8) 15-бапта:
      1-тармақта:
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Белгi беретiн қару, механикалық шашыратқыштар, көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған аэрозольдi және басқа құрылғылар, үрлемелi қуаты 7,5 Дж-ден аспайтын және калибрi 4,5 мм-ге дейiнгiлерiн қоса алғанда, пневматикалық қарулар тiркеуге жатпайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының рұқсат алмай-ақ оларды қару берушi заңды тұлғалардан сатып алуға құқығы бар.";
      үшiншi бөлiктегi "аңшылық билетi" деген сөздер "аңшы куәлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi бөлiкте:
      "қаруы мен аңшылық пневматикалық қаруды" деген сөздер "қаруын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "аңшылық билетi" деген сөздер "аңшы куәлiгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын иемденiп алуға меншiгiнде кемiнде үш жыл ұстаған тегіс те ұзын ұңғылы аңшылық атыс қаруы бар, белгiленген тәртiппен аң аулау құқығы берiлген Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы бар.";
      мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы азаматтарының өзiн-өзi қорғау мақсатында iшкi iстер органдары беретiн рұқсаттар бойынша сақтау және алып жүру құқығымен газды пистолеттер мен револьверлер, ұңғысыз атыс қаруын сатып алуға құқығы бар.";
      2-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "ұзын ұңғылы атыс қаруы, аңшылық пневматикалық қару," деген сөздер "ұзын ұңғылы және ұңғысыз атыс қаруы," деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiкте:
      "үш жыл" деген сөздер "бес жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "револьверлерiн" деген сөзден кейiн ", ұңғысыз атыс қаруын" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтағы "немесе нашақорлыққа" деген сөздер ", нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ "револьверлердi" деген сөзден кейiн ", ұңғысыз атыс қаруын" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақтағы "наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлердiң анықтамаларын" деген сөздер "көру қабiлетiнiң бұзылуына, психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты қаруды ұстауға кедергi жоқ екенi туралы медициналық қорытындыны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 19-баптың 5) тармақшасының екiншi абзацындағы "немесе нашақорлыққа" деген сөздер ", нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 22-бапта:
      2-тармақтың 4) тармақшасындағы "аңшылық билетте" деген сөздер "аңшы куәлiгiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сатумен айналысатын заңды тұлға қарудың осы түрлерiн әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сатып алу, экпонаттау, әкелу және әкету, сондай-ақ оған қосалқы бөлшектердi, спорт тауарларын, аңшылық және балық аулау құралдарын, азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданатын тұрмыстық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу, әкелу, әкету және сату, сондай-ақ атыс тирлерiн, стендтер мен атыс орындарын ашу және олардың жұмыс iстеуi жөнiндегi қызметтi қоспағанда, өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ.
      Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарынан сатуға лицензиялары бар заңды тұлғаларға бiр сауда залында спорт, аңшылық және балық аулау құралдары мен осы қаруға қосалқы заттарды қоспағында, қару және өзге тауар түрлерiн бiрге сатуға тыйым салынады.";
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сатуға лицензиялары бар заңды тұлғалардың оларды осы Заңның 12-бабында көрсетiлген субъектiлерден сатып алуға құқығы бар.";
      11) 23-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Осы Заңның 12-бабының 2)-8) тармақшаларында көрсетiлген субъектiлер қайта ұйымдастыру немесе тарату кезiнде азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын оларды иемденiп алуға лицензиялары бар субъектiлерге бере алады.";
      12) 24-баптың 1-тармағы "алған" деген сөзден кейiн "қысқа ойық ұңғылы атқыш" деген сөздермен толықтырылсын;
      13) 26-бапта:
      тақырыбы "қаруды" деген сөзден кейiн "және оның патрондарын, жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының аумағында кемiнде бiр жыл мерзiмге тұру үшiн белгiленген тәртiппен iшкi iстер органдарында тiркелген шетелдiктердiң газды пистолеттердi және револьверлердi, ұңғысыз атыс қаруын өздерi азаматтары болып табылатын мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерiнiң өтiнiшi бойынша жалпы негiздерде иемденiп алуға құқығы бар.
      Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшiн белгіленген тәртiппен iшкi iстер органдарында тiркелген шетелдiктердiң механикалық шашыратқыштар, көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған аэрозольдi және басқа құрылғылар, үрлемелi қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi 4,5 мм-ге дейiнгi пневматикалық қаруды рұқсат алмай қару берушi заңды тұлғалардан сатып алуға құқығы бар.";
      4-тармақтағы "қаруды" деген сөз "қаруды және оның патрондарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5 және 7-тармақтардағы "қаруын" және "қаруды" деген сөздерден кейiн "және оның патрондарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      14) 29-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету ережелерiн белгiлейді.";
      2-тармақ "аумақтық" деген сөзден кейiн "және көлiктегi" деген сөздермен толықтырылсын;
      15) 30-бапта:
      бiрiншi бөлiк "қызметтiк қару" деген сөздерден кейiн "мен оның патрондарының" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi бөлiктiң 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) қаруды ол әзiрленген, өндiрiлген, жөнделген, сатылған, коллекцияланған, экспонатталған, сақталған, пайдаланылған және жойылған жерде тексеру жүргiзуге;";
      3) тармақша "тұлғалардан" деген сөзден кейiн "азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, сондай-ақ жаттығу қаруының айналымына байланысты" деген сөздермен толықтырылсын.

       2-бап . Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады