Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 809 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң қарамағына берiлген қазақстан-өзбек мемлекеттiк шекарасының периметрiнен 30 метрдегi аумақтан, сондай-ақ Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Ұшқын ауылдық округi "Жанармай" елдi мекенiнiң аумағындағы 100 метрге дейiнгi аумақтан азаматтарды көшiруге және Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Жарты төбе елдi мекенi аумағының бiр бөлiгi Өзбекстан Республикасының меншiгiне берiлуiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмiне 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 121542260 (бiр жүз жиырма бiр миллион бес жүз қырық екi мың екi жүз алпыс) теңге сомасында қаражат бөлiнсiн.

      2. Көрсетiлген қаражат мыналарға бөлiнедi деп белгiленсiн:
      116093848 (бiр жүз он алты миллион тоқсан үш мың сегiз жүз қырық сегiз) теңге - жылжымайтын мүлiкке өтемақыға;
      1802500 (бiр миллион сегiз жүз екi мың бес жүз) теңге - 50 еселенген айлық есептiк көрсеткiш есебiнен әрбiр отбасының көлiктiк шығыстарын өтеуге;
      525300 (бес жүз жиырма бес мың үш жүз) теңге - 5 еселенген айлық есептiк көрсеткiш есебiнен отбасының әрбiр мүшесiне бiржолғы жәрдемақы төлеуге;
      315180 (үш жүз он бес мың бiр жүз сексен) теңге - қолданыстағы заңнамада белгiленген мөлшерде 3 тәулiкке арналған есеппен отбасының әрбiр мүшесiне тәулiктiк шығыстарға ақы төлеуге;
      2805432 (екi миллион сегіз жүз бес мың төрт жүз отыз екi) теңге - коммерциялық объектiлерге өтемақыға.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады