Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Өзбекстан Республикасының Yкiметi арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 қыркүйектегі N 842 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
 

      2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы Алтай Абылайұлы Тiлеубердинге қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
 

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Yкiметi арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы
КЕЛIСIМ

       Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының  Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі,
      Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы саяси, әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық немесе өзге де ынтымақтастық барысында онымен алмасу жүзеге асырылатын, сондай-ақ осындай ынтымақтастық процесiнде пайда болған құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету ниетiн негiзге ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап
Терминдердің айқындамасы

      Осы Келісімде қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      "құпия ақпарат" - Тараптар мемлекеттерiнің ұлттық заңнамаларына сәйкес қорғалатын, осы Келісімде белгіленген тәртіппен берілген, сондай-ақ Тараптардың ынтымақтастығы процесiнде пайда болған, оларды заңсыз тарату Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi мен мүдделерiне залал келтiруi мүмкiн кез келген нысанда келтiрiлген мәлiметтер;
      "құпия ақпаратты жеткiзгiштер" - қорғалатын құпия ақпарат нышандар, бейнелер, дабылдар, техникалық шешiмдер мен процестер түрiнде өз көрiнiсiн табатын материалдық объектiлер, соның ішiнде физикалық өрiстер;
      "құпиялылық белгiсi" - жеткiзгiштiң өзiне және/немесе оған ілеспе құжаттамаға қойылатын, оларды жеткізгіштегі мәліметтердің құпиялылық дәрежесі туралы куәландыратын деректемелер;
      "құпия ақпаратқа рұқсат беру" - жеке адамдардың құпия ақпаратқа қол жеткiзу, ал уәкiлеттi органдардың осындай ақпаратты пайдалана отырып, жұмыстар жүргiзу құқығын peciмдеу рәсімі;
      "құпия ақпаратқа қол жеткiзу" - құпия ақпаратқа рұқсаты бар жеке адамды құпия ақпаратпен таныстыру процесi;
      "шарт" - Тараптардың уәкiлеттi органдарының арасында жасалатын, құпия ақпаратты беру және/немесе жасау соның шеңберiнде көзделетiн шарт немесе келiсiм-шарт;
      "уәкiлеттi орган" - Тараптардың ынтымақтастығы процесiнде берiлетiн және (немесе) пайда болған құпия ақпаратты алуға, беруге, сақтауға, қорғауға және пайдалануға Тараптар уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган немесе ұйым;
      "үйлестiрушi орган" - Тараптардың осы Келiсiмдi iске асыру жөнiндегi қызметтi үйлестiру үшiн жауапты мемлекеттiк органдары.

2-бап
Құпия ақпарат

       Мыналар құпия ақпарат болып табылады:
      Қазақстан Республикасында:
      тиiмдi әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлау, қарсы барлау, жедел iздестiру және жалпы қабылданған халықаралық құқық нормаларына қайшы келмейтiн өзге де қызметтi жүзеге асыру мақсатында таралуын мемлекет шектейтiн мемлекеттiк және қызметтiк құпияларды құрайтын, мемлекет қорғайтын мәлiметтер.
      Құпия ақпаратты рұқсатсыз тарату салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне немесе мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүдделерiне немесе ел экономикасының салаларына келтiрiлуi мүмкiн залалға қарай көрсетiлген құпия ақпаратты жеткiзгiштер үшiн оларға тиiстi құпиялылық белгiлерi белгiленедi:
      "аса маңызды" - олардың таралуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне санамаланған салалардың бiрiнде немесе бiрнешеуiнде залал келтiруi мүмкiн әскери, сыртқы саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, барлау, қарсы барлау және жедел iздестiру қызметi саласындағы мәлiметтерге;
      "өте құпия" - таралуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне, мемлекеттік органның мүдделерiне немесе ел экономикасының саласына санамаланған салалардың бiрiнде немесе бiрнешеуiнде залал келтiруi мүмкiн әскери, сыртқы саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, барлау, қарсы барлау және жедел iздестiру қызметi саласындағы мәлiметтерге;
      "құпия" - жеке деректер сипатындағы, мемлекеттiк құпияның құрамына кiруi мүмкiн, олардың жария етiлуi немесе жоғалуы әскери, сыртқы саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, барлау, қарсы барлау және жедел iздестiру қызметi саласында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделерiне залал келтiруi мүмкiн өзге де мәліметтерге.
      "Аса маңызды" және "өте құпия" деген белгілері бар құпия ақпарат мемлекеттiк құпияға, "құпия" деген белгiсi барлар қызметтік құпияға жатады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтер мемлекеттiк және қызметтiк құпияларға жатады.
      Өзбекстан Республикасында:
      тиiмдi әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы саяси, барлау, қарсы барлау, жедел iздестiру және жалпы қабылданған халықаралық құқық нормаларына қайшы келмейтiн өзге де қызметтi жүзеге асыру мақсатында таралуын мемлекет шектейтiн мемлекеттiк, қызметтiк және әскери құпияны құрайтын, мемлекет қорғайтын мәлiметтер. 
      Құпия ақпаратты рұқсатсыз тарату салдарынан Өзбекстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне немесе ұлттық мүдделерiне келтiрiлуi мүмкiн залалға қарай келтiрiлген немесе оларға тиiстi құпиялылық белгiлерi белгiленедi:
      "аса маңызды" - олардың таралуы Өзбекстан Республикасының ұлттық мүддесiне санамаланған салалардың бiрiнде немесе бiрнешеуiнде залал келтiруi мүмкiн әскери, сыртқы саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, барлау, қарсы барлау және жедел iздестiру қызметiнiң саласына жататын мәлiметтерге;
      "өте құпия" - олардың таралуы Өзбекстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне, Өзбекстан Республикасының мемлекеттiк органының мүдделерiне немесе экономикасының саласына санамаланған салалардың бiрiнде немесе бiрнешеуiнде залал келтiруi мүмкiн әскери, сыртқы саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, барлау, қарсы барлау және жедел iздестiру қызметi саласындағы мәлiметтерге;
      "құпия" - олардың таралуы Өзбекстан Республикасының мемлекеттiк органдарының мүдделерiне санамаланған салалардың бiрiнде немесе бiрнешеуiнде залал келтiруi мүмкiн әскери, сыртқы саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, барлау, қарсы барлау және жедел iздестiру қызметi саласына жататын мәлiметтерге.
      Өзбекстан Республикасының заңнамасына сәйкес "aca маңызды", "өте құпия" және "құпия" белгілерi бар құпия ақпарат мемлекеттiк құпияларға жатады.

3-бап
Құпиялылық дәрежелерiнiң салыстырмалылығы

       1. Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес құпиялылық дәрежелерi мынадай үлгiде салыстырылатындығын белгілейді:
Орыс тiлiнде           Қазақстан           Өзбекстан
                       Республикасында     Республикасында
 
"Особой важности"        "Aca маңызды"         "Ута мухим"
                                               "O'ta muhim"
"Совершенно секретно"    "Өте құпия"           "Ута махфий"
                                               "O'ta mahfiy"
"Секретно"               "Құпия"               "Махфий"
                                               "Mahfiy"

      2. Тараптар осы бапта көзделген құпиялылық белгiлерi олардың өндiрiсi, айналымы, экспорты мен импорты Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес реттелетiн заттарға, бұйымдарға, ғылыми-техникалық шешiмдерге және өзге де құралдарға да таралады деп келiстi.

4-бап
Құпия ақпаратты қорғау жөнiндегi шаралар

       1. Тараптар:
      1) екiншi Тарап берген немесе Тараптардың ынтымақтастығы процесiнде пайда болған құпия ақпаратты қорғауға; 
      2) берген Тарап қойған құпиялылық белгiсiн оның жазбаша келiсiмiнсiз өзгертпеуге;
      3) құпия ақпаратпен жұмыс iстеуде құпия ақпараттың осы Келiсiмнiң 3-бабына сәйкес салыстырылатын өзiнiң құпия ақпаратына қатысты пайдаланылатын дәл сондай қорғау шараларын қолдануға;
      4) екiншi Тараптың уәкiлеттi органынан алынған құпия ақпаратты тек оны беру кезiнде көзделген мақсаттарда пайдалануға;
      5) берген Тараптың алдын ала жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi Тарапқа құпия ақпаратқа қол жеткiзуiне рұқсат бермеуге мiндеттенедi.
      2. Құпия ақпаратқа қол жеткiзу осы ақпаратпен танысу оны беру кезiнде көзделген мақсаттарда қызметтiк мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi адамдарға ғана рұқсат етiледi. Құпия ақпаратқа қол жеткiзу тиiстi рұқсаты бар адамдарға ғана берiледi.
      3. Онда құпия ақпаратпен жұмыс iстеу жөнiндегi мiндеттемелер және оны қорғау жөнiндегi шаралар толығымен жазылатын құпия ақпаратты қорғау жөнiндегi қосымша талаптар уәкiлеттi органдар жасайтын шарттарда көзделуi мүмкiн.

5-бап
Құпия ақпаратты беру

       1. Тараптардың бiрiнiң үйлестiрушi органы екiншi Тараптың үйлестiрушi органынан екiншi Тараптың уәкiлеттi органында құпия ақпаратқа тиiстi рұқсатының, сондай-ақ оны тиiсiнше қорғауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi мүмкiндiгiнiң бар-жоқтығын жазбаша растауды сұратады.
      2. Нақты құпия ақпаратты беру туралы шешiмдi Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес әрбiр жеке жағдайда Тараптар қабылдайды.
      3. Бiр мемлекеттен екiншiсiне құпия ақпаратты беру дипломатиялық арналар бойынша, фельдъегерлiк қызмет немесе әскери-курьерлiк қызмет бойынша, сондай-ақ қолдануға рұқсат берiлген, ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып, байланыс арналары бойынша Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына және Тараптар қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Тиiстi уәкiлеттi орган құпия ақпараттың алынғанын растайды.
      4. Құпия ақпараттың iрi көлемдi жеткiзгiштерiн беру үшiн тиiстi уәкiлеттi органдар осы Келiсiмге сәйкес әрбiр жеке жағдайда тасымалдау тәсiлдерiн, бағытын және алып жүру нысанын белгiлейдi.
      Тараптардың уәкiлеттi органдары осындай әр тасымалдау жағдайы туралы тиiстi ақпаратпен алмасады.

6-бап
Құпия ақпаратпен жұмыс iстеу

       1. Берiлген құпия ақпаратқа оны алуға жауапты уәкiлеттi орган осы Келiсiмнiң 3-бабына сәйкес салыстырылатын құпиялылық белгiлерiн қосымша қояды.
      Құпиялылық белгiсiн белгiлеудiң мiндеттiлiгi Тараптардың ынтымақтастығы процесiнде, аудару, көшiру немесе тираждау нәтижесiнде пайда болған құпия ақпаратқа қолданылады. 
      Берiлген құпия ақпарат негiзiнде пайда болған құпия ақпаратқа берiлген құпия ақпараттың құпиялылық белгiсiнен кем болмайтын құпиялылық белгiсi қойылады.
      2. Тараптардың ынтымақтастығы процесiнде қалыптасқан және/немесе берiлген құпия ақпарат өзiнiң құпия ақпаратына қатысты қолданылатын талаптарға сәйкес есепке алынады және сақталады.
      3. Құпия ақпараттың құпиялылық дәрежесi құпия ақпаратқа ие мемлекеттiң ұлттық заңнамасымен айқындалған тәртiппен өзгертiледi немесе алып тасталады.
      Құпия ақпараттың құпиялылық белгiсiн өзгерту немесе оны алып тастау туралы оны берген Тараптың уәкiлеттi органы екiншi Тараптың тиiстi уәкiлеттi органына хабарлайды. 
      Тараптардың бiрiнiң уәкiлеттi органы осындай хабарламаны алғаннан кейiн 30 күн iшiнде екiншi Тараптың уәкiлеттi органынан алынған құпия ақпараттың жеткiзгiштерiндегi құпиялылық белгiсiн өзгерту жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттенедi. 
      Тараптардың ынтымақтастығы процесiнде пайда болған құпия ақпараттың құпиялылық дәрежесi Тараптардың уәкiлеттi органдарының өзара келiсiмi бойынша анықталады, өзгертiледi немесе алынып тасталады. 
      4. Құпия ақпараттың жеткiзгiштерi оны берген Тараптың уәкiлеттi органының жазбаша хабарламасы бойынша қайтарылады немесе жойылады. 
      Құпия ақпаратты және оның жеткiзгiштерiн көбейту (тираждау) оны берген Тараптың уәкiлеттi органының жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылады. 
      Құпия ақпаратты жою құжатталады, ал жою процесiнiң өзi оның кейiннен қайта шығарылмауына кепiлдiк беруге тиiс. 
      Құпия ақпараттың жеткiзгiштерiн қайтару немесе жою туралы оларды берген Тараптың уәкiлеттi органына жазбаша хабарланады. 

7-бап
Шарттар

       Уәкiлеттi органдар жасасатын шарттарға жеке бөлiм қосылады, онда:
      қалыптасқан және берiлетiн құпия ақпараттың тiзбесi және оның құпиялылық дәрежелерi; 
      қалыптасқан және берiлетiн құпия ақпаратты қорғау ерекшелiктерi; 
      даулы мәселелердi шешу және қалыптасқан және берiлетiн құпия ақпаратты рұқсатсыз таратудан болуы мүмкiн залалды өтеу тәртiбi айқындалады.

8-бап
Yйлестiрушi органдар

       1. Тараптардың үйлестiрушi органдары мыналар болып табылады:
      Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi; 
      Өзбекстан Республикасында - Өзбекстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк қызметi.
      2. Ынтымақтастық сипатына байланысты Тараптар осы Келiсiмдi iске асыру жөнiндегi қызметтi үйлестiруге жауапты өзге де мемлекеттiк органдарды тағайындауы мүмкiн, бұл туралы бiр-бiрi дипломатиялық каналдар арқылы хабардар етедi.

9-бап
Консультациялар

       1. Тараптардың үйлестiрушi органдары осы Келiсiмдi орындау үшiн қажеттi көлемде құпия ақпаратты қорғау саласындағы өз мемлекеттерiнiң тиiстi нормативтiк құқықтық, кесiмдерiмен алмасады және осы Келiсiмге қатысы бар және оған өзгерiстер енгiзудi талап ететiн өз мемлекеттерiнiң заңнамасының өзгеруi туралы бiр-бiрiн уақтылы хабардар етедi.
      2. Осы Келiсiмдi орындау кезiнде ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында Тараптардың үйлестiрушi органдары олардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша бiрлескен консультациялар өткiзедi.

10-бап
Сапарлар

       1. Бiр Тараптың уәкiлеттi органдары өкiлдерiнiң екiншi Тараптың құпия ақпаратына олардың қол жеткiзуiн көздейтiн сапарлары қабылдайтын Тарап мемлекетiнiң заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Мұндай сапарларға рұқсат осы Келiсiмнiң 4-бабының 2-тармағында көрсетiлген адамдарға ғана берiледi. 
      2. Осындай сапарлардың мүмкiндiгi туралы өтiнiштi жiберетiн Тараптың үйлестiрушi органы қабылдайтын Тараптың үйлестiрушi органына болжалды сапарға дейiн 30 күннен кешiктiрмей жiбередi. 
      Осындай сапарлардың мүмкiндігi туралы өтiнiш қабылдайтын Тарап мемлекетiнде қабылданған рәсiмге сәйкес жасалады және мынадай мәлiметтердi қамтиды: 
      уәкiлеттi орган өкiлiнiң тегi мен аты, туған күнi мен жерi, азаматтығы және паспортының нөмiрi;
      уәкiлеттi орган өкiлiнiң мамандығы мен лауазымы, ол жұмыс iстейтiн уәкiлеттi органның атауы;
      тиiстi құпиялылық дәрежесiндегi құпия ақпаратқа рұқсатының болуы;
      сапарға барудың ұсынылып отырған күнi және жоспарланып отырған ұзақтығы, оларда болу жоспарланып отырған уәкiлеттi органдардың атаулары, сапардың мақсаты және талқыланатын мәселелерге қатысты барлық пайдалы нұсқаулар, сондай-ақ танысу болжанатын құпия ақпараттың құпиялылық дәрежесi; 
      олармен кездесу болжанатын адамдардың лауазымдары, тектерi мен аттары.
      3. Бiр Тарап мемлекетi уәкiлеттi органдарының осы Келiсiмнiң шеңберiнде екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына келген өкiлдерi қабылдайтын Тарап мемлекетiнiң заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс. 
      4. Бiр Тараптың уәкiлеттi органдары өкiлдерiнiң екiншi Тараптың құпия ақпаратына тiкелей қол жеткiзуi қабылдайтын Тараптың мемлекетi заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

11-бап
Шығыстар

       Егер әрбiр нақты жағдайда өзгеше тәртiп келiсiлмеген болса, Тараптар ұлттық заңнамасында көзделген қаражат шегiнде олардың осы Келiсiмдi орындау барысында пайда болуы мүмкiн шығыстарды Тараптар жеке өтейдi.

12-бап
Тiлдер

       Тараптар осы Келiсiмнiң шеңберiнде орыс тiлiн қолданады. Бiр-бiрiне басқа тiлде орындалған құжаттарды жiберген жағдайда олармен бiрге ұлттық заңнамаға сәйкес куәландырылған, орыс тiлiндегi аударма iлесе жүруге тиiс. 

13-бап
Құпия ақпаратты қорғау ережесiн бұзу

      1. Айтарлықтай салдарларға әкеп соғатын немесе әкелуi мүмкiн құпия ақпаратты осы Келiсiмнiң шеңберiнде беру немесе пайдалану кезiнде оны қорғау ережелерiн бұзудың барлық жағдайлары туралы Тараптар бiр-бiрiне дереу хабарлайды.
      2. Тараптардың уәкiлеттi органдары осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайлардың керi салдарларын жою, Тараптардың мүдделерiне келтiрiлген нақты немесе ықтимал залалды барынша азайту жөнiндегi қажеттi келiсiлген шараларды қабылдайды.
      3. Уәкiлеттi орган қызметтiк тексеру жүргiзедi және кiнәлi адамдар аумағында бұзушылық орын алған Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
      4. Аумағында осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдай орын алған Тараптың уәкiлеттi органы өз Тарапының үйлестiрушi органына және құпия ақпаратты берген Тараптың уәкiлеттi органына бұзушылықтар туралы, сондай-ақ осындай факт бойынша тексеру нәтижелерi мен қабылданған шаралар туралы хабарлайды.
      5. Осы баптың ережелерi осы Келiсiмге сәйкес алынған құпия ақпаратты объективтi себептермен рұқсатсыз таратуға әкелген төтенше жағдайларда да қолданылады. 

14-бап
Даулы мәселелердi шешу

       Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды келiссөздер немесе консультациялар жолымен шешедi.

15-бап
Өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi.

16-бап
Келiсiмнiң күшiне енуi, қолданылу мерзiмi, қолданылуын тоқтату

       1. Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi. 
      2. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және Тараптардың бiрi екiншi Тараптың оның күшiне енуiн тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарламасын алған күнiнен бастап алты ай өткенге дейiн күшiнде болады. 
      3. Осы Келiсiмнiң қолданылуы тоқтатылған жағдайда Тараптардың ынтымақтастығы процесiнде берiлген немесе пайда болған құпия ақпаратқа қатысты құпиялылық белгiсi алынбайынша, осы Келiсiмнiң 4-бабында көзделген оны қорғау жөнiндегi шаралар қолданыла бередi.

      2006 жылғы "___" қыркүйекте Астана қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. 
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады. 

       Қазақстан Республикасының       Өзбекстан Республикасының
      Yкiметi үшiн                    Yкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады