Қазақстан Республикасында медициналық қызметтiң сапасын бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 қыркүйектегі N 874 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2296 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2296 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында медициналық қызметтiң сапасын бақылауды жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2006 жылғы 18 қыркүйектегі
N 874 қаулысымен   
бекiтiлген   

Қазақстан Республикасында медициналық қызметтiң сапасын бақылауды жүзеге асыру ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасында медициналық қызметтiң сапасын бақылауды жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасында медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның (бұдан әрi - мемлекеттiк орган) Қазақстан Республикасында көрсетiлетiн медициналық қызметтiң сапасын бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды. K090193
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      денсаулық сақтау субъектiлерi - денсаулық сақтау ұйымдары және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар;
      медициналық қызметтiң сапасын мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi мемлекеттiк бақылау) - денсаулық сақтау саласындағы нормативтiк құқықтық және құқықтық кесiмдердi орындау бойынша ведомстволық тиесiлiлiгiне және меншiк нысанына қарамастан, денсаулық сақтау субъектiлерiне медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган жүргiзетiн тексеру;
      медициналық қызметтер - нақты бiр адамға қатысты алдын алу, диагностикалық, емдеу немесе сауықтыру бағыты бар медицина қызметкерлерiнiң iс-әрекетi;
      медициналық қызмет сапасының сараптамасы - жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық қызмет сапасының деңгейi бойынша қорытынды шығару үшiн жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық iс-шаралардың жиынтығы.
      3. Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау субъектiлерi ұсынатын медициналық қызметтiң сапасын, қауiпсiздiгiн және қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырудың мақсаты болып табылады.
      4. Мыналарды қоса алғанда, медициналық қызмет көрсету жөнiндегi денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметi мемлекеттiк бақылаудың мәнi болып табылады:
      медициналық қызметтiң көлемi мен сапасын, медицина ұйымдарын қаржыландыру мөлшерiнiң негiздiлiгiн;
      денсаулық сақтау ұйымдарында тұрақты емделуге жатқан науқастарға дәрiлiк заттарды тағайындаудың ұтымдылығын;
      еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын, әскери-дәрiгерлiк, сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманы жүргiзудiң сапасын;
      медицина қызметкерлерiнiң бiлiктiлiк деңгейiн;
      көрсетiлетiн медициналық қызметтi ескере отырып, медициналық жабдықтармен жасақтауды;
      медициналық қызмет саласында бiлiктiлiк талаптары мен лицензиялау ережелерiн сақтауды;
      дәрiлiк заттарды қоспағанда, алдын алудың, диагностиканың, емдеу мен медициналық сауықтырудың құралдары мен жаңа әдiстерiн қолдану сапасын;
      жарнамаланатын медициналық қызметтiң көрсетiлетiн медициналық қызметтiң көлемi мен сапасына сәйкестiгiн;
      сапасыз медициналық қызмет көрсетудiң себептерiн анықтауды, оларды жою және медициналық көмек көрсетудi жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылдауды.
      5. Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттiк бақылау:
      1) жоспарлы тексерулер;
      2) жоспардан тыс тексерулер;
      3) қарсы тексерулер;
      4) рейдтiк тексерулер;
      5) бiрлескен тексерулер арқылы жүзеге асырылады.
      6. Тексеру түрiне қарамастан:
      1) мемлекеттiк органның басшысы не оның мiндетiн атқарушы тұлға жыл сайын бекiтетiн мемлекеттiк органның тексерулерiн жүргiзудiң жоспары (бұдан әрi - жоспар);
      2) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтiнiштерi;
      3) мемлекеттiк органдардың, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың ақпараты мен өтiнiштерi;
      4) бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлары;
      5) медицина ұйымдарының есептерiнен алынған ақпарат тексерудi жүргiзудiң негiзi болып табылады.
      7. Қажет болған кезде мемлекеттiк орган коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi жариялауға қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген талаптарды сақтай отырып, денсаулық сақтау субъектiлерiнен тиiстi ақпаратты және материалдарды сұрайды.
      8. Қажет болған жағдайда мемлекеттiк орган заңнамада   белгiленген тәртiппен, оның iшiнде тәуелсiз сарапшыларды тарта отырып, медициналық қызметтiң сапасына сараптама тағайындайды және жүргiзедi.
      9. Мемлекеттiк орган денсаулық сақтау субъектiсiн тексерудi жүргiзуге қатысу үшiн мүдделi мемлекеттiк органдардың мамандарын тартады.
      10. Медициналық қызметтiң сапасын тексеру және сараптау "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтай отырып жүргiзiледi. K090193

2. Мемлекеттiк бақылауды жүргiзу тәртiбi

      11. Денсаулық сақтау субъектiлерiн тексеру мемлекеттiк органның шешiмi бойынша (бұдан әрi - тексерудi тағайындау туралы акт) жүргiзiледi.
      12. Мемлекеттiк органның тексерудi тағайындау туралы актiсiнде:
      мемлекеттiк органның атауы мен орналасқан жерi;
      тексерудi жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың (бұдан әрi - лауазымды тұлғалар) тегi мен аты-жөнi;
      тексерудiң түрi;
      тексерудiң мәнi;
      тексерудi жүргiзудiң мерзiмi;
      тексерудi тағайындау негiзi;
      егер денсаулық сақтау субъектiлерiнiң құжаттарын белгiлi бiр уақыт кезеңiнде зерделеу талап етiлген жағдайда тексерiлетiн кезеңi көрсетiледi.
      13. Тексерудi тағайындау туралы aктіге мемлекеттiк органның басшысы не оның мiндетiн атқарушы тұлға қол қояды және мемлекеттiк органның мөрiмен куәландырылады.
      14. Өзiнiң құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органда тiркелген тексерудi тағайындау туралы акт оған қатысты тексеру тағайындалған денсаулық сақтау субъектiсiне берiледi.
      15. Тексерудi тағайындау туралы акт тексерiлетiн денсаулық сақтау субъектiсiне берiлген сәт тексерудi жүргiзудiң басталуы болып саналады.
      16. Денсаулық сақтау субъектiсiн тексерудi жүргiзу кезiнде мемлекеттiк органның лауазымды тұлғалары денсаулық сақтау субъектiсiнiң басшысына не оның мiндетiн атқарушы тұлғаға тексерудi тағайындау туралы актын және қызметтiк куәлiктi көрсетедi.
      17. Денсаулық сақтау субъектiсiн тексерудi жүргiзу мерзiмi алдағы жұмыстар мен алға қойылған мiндеттердiң көлемiн ескере отырып белгiленедi, бiрақ ол 30 күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс.
      Қажет болған жағдайда мемлекеттiк органның осы Ереженiң 14-тармағына сәйкес тiркелетiн және денсаулық сақтау субъектiсiне берiлетiн тексеру мерзiмiн ұзарту туралы мемлекеттiк органның қосымша актісiмен 30 күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс тексеру мерзiмiне ұзартуға жол берiледi.
      18. Тексерудi тағайындау туралы акт және тексеру мерзiмiн ұзарту туралы қосымша акт бiр ғана денсаулық сақтау субъектiсiне ресiмделедi.
      19. Тексерудi жүргiзу нәтижелерi бойынша осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi данада денсаулық сақтау субъектiсiн тексеру қорытындылары туралы акт (бұдан әрi - тексеру қорытындылары туралы акт) жасалады, оның бiр данасы субъектiдегi түпнұсқада бар құжаттардың көшiрмелерiн қоспағанда, қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмелерiмен денсаулық сақтау субъектiсiнiң басшысына не оның мiндетiн атқарушы тұлғаға берiледi, екiншi данасы лауазымды тұлғаларда қалады.
      20. Тексеру нәтижелерi туралы актiге медициналық қызметтiң сапасына жүргiзiлген сараптаманың қорытындысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасы нормаларының бұзылуына жол берген тұлғалардың түсiнiктемелерi және тексеру нәтижелерiне байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшiрмелерi бар болған жағдайда қоса берiледi.
      21. Тексерiлетiн денсаулық сақтау субъектiсiнiң басшысы не оның мiндетiн атқарушы тұлға тексеру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда жазбаша түрде айрықша пiкiрiн жазуы мүмкiн, ол тексеру қорытындылары туралы актiге қоса берiледi.
      22. Тексерiлетiн денсаулық сақтау субъектiсiнiң басшысы не оның мiндетiн атқарушы тұлға тексеру қорытындылары туралы актiге қол қоюдан бас тартқан жағдайда лауазымды тұлға тексеру қорытындылары туралы актiге тиiстi жазба енгiзедi.
      23. Тексеру барысында анықталған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасының нормаларын бұзушылықтар бойынша мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.
      24. Жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерi бойынша денсаулық сақтау субъектiлерi және денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқару жергiлiктi органдары анықталған бұзушылықтарды заңнамада белгiленген мерзiмде жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы ақпаратты мемлекеттiк органға ұсынады.
      25. Тексеру нәтижелерiне денсаулық сақтау субъектiлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдануы мүмкiн.

Қазақстан Республикасында  
медициналық қызметтің сапасын
бақылауды жүзеге асыру ережесіне
қосымша       

      Денсаулық сақтау субъектісінің қызметін тексеру актісі

      1. ___________________________________________________________
                (тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган)
 
2. Субъектінің атауы _______________________________________________
(орналасқан жері, медициналық қызметке арналған лицензиясының және
қосымшалардың нөмірлері, субъект басшысының тегі, аты, әкесінің
аты, салық төлеушінің тіркеу нөмірі)
3. Тексерудің басталған және аяқталған күні ________________________
4. Тексерілетін кезең ______________________________________________
5. Тексерудің мәні _________________________________________________
6. Тексеруді тағайындау туралы акт _________________________________
(тексеруді тағайындау туралы актінің нөмірі, күні, қол қойған адамның Т.А.Ә.)
ҚР БП ҚС және АЕКБ ______________________________ облысы бойынша
200 __ жылғы "___" ________________ N тіркелген
7. Медициналық қызметтің сапасын, тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шарттар

N

Көрсеткіштер

Көрсеткіш сәйкестігінің бағасы

Қосымша ақпарат

1

2

3

4

1

Медициналық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы мен оның қосымшасының болуы



2

Денсаулық сақтау субъектісі штатының жасақталуы



3

Мамандардың санаттарға бөліну деңгейі



4

Мамандардың біліктілігін көтеру курстарын 5 жылда 1 рет өтуі



5

Медициналық және медициналық емес жабдықтармен жарақтандыру деңгейінің белгіленген нормативтерге сәйкестігі



6

Үй-жайлар алаңының санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі



7

Есептік құжаттаманы жүргізудің сапасы



8

Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін дәрілік заттардың болуы



9

Өзгесі



  8. Медициналық қызметті реттейтін нормативтік құқықтық кесімдердің сақталуы     

N

Анықталған бұзушылықтар, емдеу-диагностикалық үдерістің кемшіліктері

Олардың негізінде бұзушылықтар анықталған нормативтік құқықтық кесімдер

Бұзушылықтар анықталған құжаттар (Мемлекеттік лицензия, стационарлық/амбулаторлық науқастың медициналық картасының N және т.б.)

1

2

3

4













  9. Тұжырымдар: ________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
10. Ұсынымдар: ________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________

Лауазымды тұлғалар _________________________________________
                                    Т.А.Ә. қолы

Денсаулық сақтау субъектісінің
басшысы ____________________________________________________
                      Т.А.Ә. қолы

                                 Күні 200___ жылғы "___" ______

Об утверждении Правил осуществления контроля за качеством медицинских услуг в Республике Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 сентября 2006 года N 874. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2296

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 30.12.2009 N 2296 (порядок введения в действие см. п. 3).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 4 июня 2003 года "О системе здравоохранения" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления контроля за качеством медицинских услуг в Республике Казахстан.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
   Республики Казахстан
 
 

  Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 18 сентября 2006 года N 874

  Правила осуществления контроля за качеством
медицинских услуг в Республике Казахстан

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления контроля за качеством медицинских услуг в Республике Казахстан (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 4 июня 2003 года "О системе здравоохранения" и определяют порядок организации и осуществления государственным органом по контролю в сфере оказания медицинских услуг в Республике Казахстан (далее - государственный орган) контроля за качеством медицинских услуг, оказываемых в Республике Казахстан. K090193

      2. В настоящих Правилах применяются следующие понятия:

      субъекты здравоохранения - организации здравоохранения и физические лица, занимающиеся частной медицинской практикой;

      государственный контроль за качеством медицинских услуг (далее - государственный контроль) - проверка, проводимая государственным органом по контролю в сфере оказания медицинских услуг, субъектов здравоохранения независимо от ведомственной принадлежности и форм собственности по исполнению ими нормативных правовых и правовых актов в области здравоохранения;

      медицинские услуги - действия медицинских работников, имеющих профилактическую, диагностическую, лечебную или реабилитационную направленность по отношению к конкретному человеку;

      экспертиза качества медицинских услуг - совокупность организационных, аналитических и практических мероприятий, осуществляемых для вынесения заключения по уровню качества медицинских услуг, предоставляемых физическими и юридическими лицами.

      3. Целью осуществления государственного контроля является защита прав граждан на охрану здоровья в Республике Казахстан, обеспечение качества, безопасности и доступности, предоставляемых субъектами здравоохранения медицинских услуг.

      4. Предметом государственного контроля является деятельность субъектов здравоохранения по оказанию медицинских услуг, включая:
      объем и качество медицинских услуг, обоснованность размеров финансирования медицинских организаций;
      рациональность за назначением лекарственных средств больным, находящимся на стационарном лечении в организациях здравоохранения;
      качество проведения экспертизы временной нетрудоспособности, военно-врачебной, судебно-медицинской, судебно-психиатрической и судебно-наркологической экспертизы;
      уровень квалификации медицинских работников;
      укомплектованность медицинским оборудованием с учетом оказываемых медицинских услуг;
      соблюдение квалификационных требований и правил лицензирования в сфере медицинской деятельности;
      качество применения средств и новых методов профилактики, диагностики, лечения и медицинской реабилитации, за исключением лекарственных средств;
      соответствие рекламируемых медицинских услуг объему и качеству оказываемых медицинских услуг;
      выявление причин оказания некачественных медицинских услуг, принятие мер по их устранению и совершенствованию оказания медицинской помощи.

      5. Государственный контроль за деятельностью субъектов здравоохранения осуществляется посредством:
      1) плановых проверок;
      2) внеплановых проверок;
      3) встречных проверок;
      4) рейдовых проверок;
      5) совместных проверок.

      6. В зависимости от вида проверки основанием дня ее проведения являются:
      1) план проведения проверок (далее - план) государственного органа, ежегодно утверждаемый руководителем государственного органа, либо лицом, исполняющим его обязанности;
      2) заявления физических и (или) юридических лиц;
      3) информация и обращения государственных органов, правоохранительных органов, общественных организаций;
      4) сообщения средств массовой информации;
      5) информация, полученная из отчетов медицинских организаций.

      7. При необходимости государственный орган запрашивает соответствующую информацию и материалы у субъектов здравоохранения с соблюдением установленных законодательными актами Республики Казахстан требований к разглашению сведений, составляющих коммерческую и иную охраняемую законом тайну.

      8. В случае необходимости государственный орган назначает и проводит, в установленном законодательством порядке, экспертизу качества медицинских услуг, в том числе с привлечением независимых экспертов.

      9. Для принятия участия в проведении проверок субъекта здравоохранения государственный орган привлекает специалистов заинтересованных государственных органов.

      10. Проверка и экспертиза качества медицинских услуг проводятся с соблюдением требований Закона Республики Казахстан "О системе здравоохранения". K090193

2. Порядок проведения государственного контроля

      11. Проверки субъектов здравоохранения проводятся по решению государственного органа (далее - акт о назначении проверки).

      12. В акте о назначении проверки государственного органа указываются:
      наименование и местонахождение государственного органа;
      фамилии и инициалы должностных лиц, осуществляющих проверку (далее - должностные лица);
      вид проверки;
      предмет проверки;
      срок проведения проверки;
      основание назначения проверки;
      проверяемый период в случае, если требуется изучение документов субъектов здравоохранения за определенный временной период.

      13. Акт о назначении проверки подписывается руководителем государственного органа, либо лицом, исполняющим его обязанности, и заверяется печатью государственного органа.

      14. Акт о назначении проверки, зарегистрированный в государственном органе, осуществляющем в пределах своей компетенции статистическую деятельность в области правовой статистики и специальных учетов, вручается субъекту здравоохранения, в отношении которого назначена проверка.

      15. Началом проведения проверки является момент вручения проверяемому субъекту здравоохранения акта о назначении проверки.

      16. При проведении проверки субъекта здравоохранении должностные лица государственного органа предъявляют руководителю субъекта здравоохранения либо лицу, исполняющему его обязанности, акт о назначении проверки и служебное удостоверение.

      17. Срок проведения проверки субъекта здравоохранения устанавливается с учетом объема предстоящих работ и поставленных задач, но не должен превышать более 30 календарных дней.
      В случае необходимости допускается продление проверки, не более чем на 30 календарных дней, дополнительным актом государственного органа о продлении проверки, который регистрируется и вручается субъекту здравоохранения в соответствии с пунктом 14 настоящих Правил.

      18. Акт о назначении проверки и дополнительный акт о продлении срока проверки оформляются на одного субъекта здравоохранения.

      19. По результатам проведения проверок составляется акт об итогах проверки субъекта здравоохранения по форме, согласно Приложению 1 к настоящим Правилам (далее - акт об итогах проверки) в двух экземплярах, один экземпляр которого, с копиями прилагаемых документов, за исключением копий документов, имеющихся в оригинале у субъекта, вручается руководителю субъекта здравоохранения либо лицу, исполняющему его обязанности, второй экземпляр остается у должностных лиц.

      20. К акту о результатах проверки прилагаются при их наличии заключение проведенной экспертизы качества медицинских услуг, а также объяснения лиц, допустивших нарушения норм законодательства Республики Казахстан о здравоохранении и другие документы или их копии, связанные с результатами проверки.

      21. В случае несогласия с результатами проверки руководитель проверяемого субъекта здравоохранения, либо лицо, исполняющее его обязанности, излагает в письменном виде особое мнение, которое прилагается к акту об итогах проверки.

      22. В случае отказа руководителя проверяемого субъекта здравоохранения, либо лица, исполняющего его обязанности, от подписания акта об итогах проверки должностным лицом в акт об итогах проверки вносится соответствующая запись.

      23. По выявленным в ходе проверки нарушениям норм законодательства Республики Казахстан в области здравоохранения государственным органом принимаются меры в соответствии с законодательством Республики Казахстан .

      24. По результатам проведенных проверок субъекты здравоохранения представляют в государственный орган информацию о мерах, принятых по устранению выявленных нарушений, в установленные законодательством сроки .

      25. Результаты проверки могут быть обжалованы субъектами здравоохранения в установленном законодательством Республики Казахстан порядке .

Приложение к   
Правилам осуществления
контроля за качеством
медицинских услуг 
в Республике Казахстан
 

АКТ
проверки деятельности субъекта здравоохранения

      1. ____________________________________________________
            (государственный орган, осуществляющий проверку)

2. Наименование субъекта ___________________________________________
                         (месторасположение, номера лицензии на
медицинскую деятельность и приложений, фамилия, имя, отчество
руководителя субъекта, регистрационный номер налогоплательщика).

3. Дата начала и окончания проверки ________________________________
4. Проверяемый период ______________________________________________
5. Предмет проверки ________________________________________________
6. Акт о назначении проверки _______________________________________
        (номер, дата, Ф.И.О. подписавшего акт о назначении проверки)

зарегистрированного в УКПС и СУ ГП РК по ___________________ области
N ____ от "__ " _________ 200_ г.
7. Условия, обеспечивающие качество, эффективность и безопасность
медицинских услуг

N

Показатели

Оценка
соответствия
показателя

Дополни-
тельная
информация

1

2

3

4

1

Наличие лицензии и приложения к
ней на право осуществления
медицинской деятельности



2

Укомплектованность штата субъекта
здравоохранения



3

Уровень категорированности
специалистов



4

Прохождение курсов повышения
квалификации специалистов 1 раз в
5 лет



5

Соответствие уровня оснащенности
медицинским и немедицинским
оборудованием установленным
нормативам



6

Соответствие площади помещений
санитарным правилам и нормам



7

Качество ведения учетной
документации



8

Наличие лекарственных средств для
оказания неотложной медицинской
помощи



9

Иное



  8. Соблюдение нормативных правовых актов, регулирующих медицинскую
деятельность

N

Выявленные
нарушения,
дефекты лечебно-
диагностического
процесса

Нормативные
правовые акты,
на основании
которых
выявлено
нарушение

Документы, в которых
выявлены нарушения
(Государственная
лицензия, N
медицинской карты
стационарного/
амбу латорного
больного и т.д.)

1

2

3

4













  9. Выводы __________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
10. Рекомендации ___________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Должностные лица ___________________________________________________
                                 подпись    Ф.И.О.

Руководитель субъекта
здравоохранения ____________________________________________________
                                 подпись    Ф.И.О.
 

                                     Дата "__" ________ 20__ год