Үшінші елдерден әкелінетін тауарлардың шығарылған елін айқындаудың бірыңғай ережесін қабылдау туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі N 918 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Yшiншi елдерден әкелiнетiн тауарлардың шығарылған елiн айқындаудың бiрыңғай ережесiн қабылдау туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Үшiншi елдерден әкелiнетiн тауарлардың шығарылған елiн айқындаудың бiрыңғай ережесiн қабылдау туралы келiсiмге қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 25 қыркүйектегi  
  N 918 қаулысымен      
мақұлданған        

Жоба

  Yшiншi елдерден әкелiнетiн тауарлардың шығарылған елiн
айқындаудың бiрыңғай ережесiн қабылдау туралы
келiсiм

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, 2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң үкiметтерi,
      үшiншi елдермен саудада кедендiк рәсiмдердi оңайлату мен үйлестiру мақсатында,
      ынтымақтастыққа және осы процестi жылдамдату жолдары мен құралдарын iздестiруге дайын бола тұрып, әлемдiк экономикалық процестерге белсендi қатысуға ниет ете отырып,
      өзара пайда мен халықаралық құқық негiзiнде елдер арасындағы сауданы дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасауға тiлек бiлдiре отырып,
      көпжақты сауда жүйесiн нығайтуға жәрдем көрсету және сауда саласындағы қатынастарды дамыту шешiмiне ие бола отырып, Тарифтер мен сауда жөнiндегi бас келiсiмдi (ТСБК/ДСҰ) назарға ала отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

       1-бап. Келiсiмнiң мақсаттары

      Тараптар осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес Үшiншi елдерден әкелiнетiн тауарлардың шығарылған елiн айқындаудың бiрыңғай ережесiн қабылдайды.
      Үшiншi елдерден әкелiнетiн тауарлардың шығарылған елiн айқындаудың бiрыңғай ережесiн, Тараптар мемлекеттерiнiң аумағына үшiншi елдерден тауарлар әкелу үшiн шығарылған елдi айқындауға бiрыңғай тәсiлдердi қолдану тәртiбiн белгiлеу осы Келiсiмнiң мақсаты болып табылады.

       2-бап. Келiсiмнiң қолданылу аясы

      Осы Келiсiм тауарлардың үшiншi елдерден шығарылуын айқындау үшiн Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында қолданылады.
      Осы Келiсiмнiң әрекетi әкелу елiндегi преференциалдық тауарларға қатысты қолданылатын, шығарылған елдi айқындау ережесiне сәйкес әкелу елiнiң ұлттық преференциялар жүйесiн пайдаланушы елдерден шығарылатын тауарларға, сондай-ақ халықаралық шарттарда белгiленген шығарылған елдi айқындау ережесiне сәйкес Тараптардың мемлекеттерi олармен тауарлардың шығарылған елiн айқындаудың өзге ережесiн қамтитын еркiн сауда аймағын құру туралы халықаралық шарттар мен еркiн сауда туралы шарттар жасасқан елдерден шығарылатын тауарларға қолданылмайды.

   3-бап. Тауарлардың шығарылған елiн айқындау ережесi және кедендiк реттеу саласындағы ынтымақтастық

      Осы Келiсiмге қосымша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгiн бiлдiретiн Үшiншi елдерден әкелiнетiн тауарлардың шығарылған елiн айқындаудың бiрыңғай ережесiн қамтиды.
      Тараптар осы келiсiмдi пәрмендi қолдануды, саудаға байланысты формалдылықтарды мүмкiндiгiнше қысқартуды қамтамасыз ету, осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыруға байланысты туындайтын кез-келген келiспеушiлiктердiң өзара қолайлы шешiмiне қол жеткiзу мақсатында барлық қажеттi шараларды қабылдайды.

  4-бап. Келiсiмге өзгерiстер

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге хаттамамен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

    5-бап. Дауларды шешу

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және/немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасында консультациялар және келiссөздер жүргiзу жолымен шешiледi.
      Келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда Тараптардың кез келгенi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк шеңберiндегi Дауларды шешу жөнiндегi органға дауды шешуге бере алады.

  6-бап. Келiсiмге қосылу туралы

      Кез келген мемлекет осы Келiсiмнiң қатысушысы бола алады.
      Осы Келiсiмге қосылудың шарттары осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер мен қосылатын мемлекет арасында жасалған халықаралық шартта белгiленедi.

  7-бап. Ескертпелер

      Осы келiсiмге ескертпелер жасауға жол берiлмейдi

  8-бап. Қорытынды ережелер

      Осы Келiсiмнiң күшiне ену және одан шығу тәртiбi Бiртұтас экономикалық кеңiстiктi құру жөнiндегi халықаралық шарттардың күшiне ену және олардан шығу тәртiбi туралы хаттамада белгiленедi.
      200_ жылғы__ _________ ___________ қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана Депозитарийде сақталады. Депозитарийдiң функциялары Бiртұтас экономикалық кеңiстiк комиссиясына берiлгенге дейiн осы Келiсiмнiң Депозитарийi Қазақстан Республикасы болып табылады.
      Депозитарий осы Келiсiмге қол қойған Тараптардың әрқайсысына оның расталған көшiрмесiн жiбередi.

       Беларусь Республикасының
      Үкiметi үшiн

      Қазақстан Республикасының
      Үкiметi үшiн

      Ресей Федерациясының
      Үкiметi үшiн  

      Украина Министрлер
      Кабинетi үшiн

Үшiншi елдерден әкелiнетiн  
тауарлардың шығарылған елiн 
айқындаудың бiрыңғай    
ережесiн қабылдау туралы  
келiсiмге қосымша     

      Үшiншi елдерден әкелiнетiн тауарлардың шығарылған елiн айқындаудың бiрыңғай ережесi Үшiншi елдерден әкелiнетiн тауарлардың шығарылған елiн айқындаудың бiрыңғай ережесiн қабылдау туралы келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) ажырамас бөлiгi болып табылатын Үшiншi елдерден әкелiнетiн тауарлардың шығарылған елiн айқындау ережесi (бұдан әрi - Ереже) үшiншi елдерден шығарылатын және Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк аумақтарына әкелiнетiн тауарларға қатысты қолданылады.

1-бап. Айқындамалар мен терминдер

      Осы Ереженiң мақсаттары үшiн онда пайдаланылатын терминдердiң мынадай мәндерi бар:
      "тауардың шығарылған елi" - тауар толық өндiрiлген немесе осы Ережеде белгiленген өлшемдерге сәйкес жеткiлiктi қайта өңдеуге ұшыраған ел, бұл ретте, егер оларды тауардың шығарылған елiн айқындау мақсаттары үшiн болу қажеттiлiгi бар болса, тауардың шығарылған елi деп елдердiң топтары, не елдердiң кедендiк одақтары, не елдiң өңiрi немесе бөлiгi түсiнiлуi мүмкiн;
 

      "үшiншi елдер" - әкелу елiнiң ұлттық преференциялар жүйесiн пайдаланушы болып табылмайтын елдер, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнде олармен тауарлардың шығарылған елiн айқындаудың өзге ережелерiн қамтитын еркiн сауда аймағын құру туралы халықаралық шарттары және еркiн сауда туралы шарттары жоқ елдер;
 

      "жеткiлiктi қайта өңдеу өлшемi" - оған сәйкес тауар, егер оны өндiруге екi немесе одан да көп ел қатысатын болса, тауарға өзiне тән қасиеттердi беру үшiн жеткiлiктi соңғы елеулi қайта өңдеуге ұшыраған елден шығарылған болып саналатын тауарлардың шығарылған елiн айқындау қағидаттарының бiрi;
 

      "тауар" - кедендiк шекара арқылы өткiзiлетiн кез келген жылжымалы мүлiк, оның iшiнде жылу, электр және энергияның өзге де түрлерi мен көлiк құралдары (жолаушылар мен тауарларды халықаралық тасымалдары үшiн пайдаланылатын көлiк құралдарын қоспағанда);
 

      "тауар номенклатурасы" - Тараптар мемлекеттерiнде қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН);
 

      "қосылған құн" - франко-зауыт тауарының бағасы мен оны өндiру үшiн пайдаланылатын импорттық шикiзаттар мен материалдар құнының арасындағы айырма;
 

      "тауардың шығарылуы туралы сертификат" - тауар шығарылған ел туралы куәландыратын және тауар шығарылған елдiң немесе егер әкетiлетiн елде сертификат тауар шығарылған елден алынған мәлiметтер негiзiнде берiлсе, әкетiлетiн елдiң уәкiлеттi органы берген құжат;
 

      "франко-зауыт бағасы" ("франко-қойма") - оның экспорты кезiнде төленетiн немесе төленуi мүмкiн барлық iшкi салықтарды есептемегенде, өндiрiсiнде тауарды соңғы елеулi қайта өңдеу жүзеге асырылған өндiрушiге төленген баға;
 

      "тауар легi" - бiр көлiктiк құжат бойынша бiр жүктi алушының атына бiр жүктi жөнелтушiден жiберiлетiн тауарлар, сондай-ақ бiр почталық жүкқұжат бойынша жiберiлетiн не кедендiк шекарадан өтетiн бiр тұлға қол жүгi ретiнде өткiзетiн тауарлар;
 

      "тауардың шығарылуы туралы декларация" - оларды әкетуге байланысты дайындаушы, жөнелтушi, экспорттаушы немесе өзге де құзыреттi тұлға көрсетiлген тауарларға қатысы бар кез келген құжатта жасаған тауарлардың шығарылуы туралы мәлiмдеме.

2-бап. Елде толық өндiрiлген тауарлар

      Мыналар белгiлi бiр елде толық өндiрiлген тауарлар болып есептеледi:
      а) елдiң жер қойнауынан (оның аумағында), оның аумақтық теңiзiнен (суларынан) немесе осы теңiздiң түбiнен өндiрiп алынған пайдалы қазбалар;
 

      б) белгiлi бiр елде өсiрiлген немесе жиналған өсiмдiк тектес өнiм;
 

      в) белгiлi бiр елде туған және өсiрiлген тiрi жануарлар;
 

      г) белгiлi бiр елде өсiрiлген жануарлардан алынған өнiм;
 

      д) белгiлi бiр елде аңшылық және балық аулау кәсiпшiлiгiнiң нәтижесiнде алынған өнiм;
 

      e) белгiлi бiр елдiң кемесiмен алынған теңiз балық аулау кәсiпшiлiгi өнiмi мен теңiз кәсiпшiлiгiнiң басқа да өнiмi;
 

      ж) белгiлi бiр елдiң қайта өңдеушi кемесiнiң бортында "e" тармақшасында көрсетiлген өнiмнен ғана алынған өнiм;
 

      з) белгiлi бiр елдiң, сол теңiз түбiн немесе сол теңiздiң қойнауын игеруге арналған ерекше құқықтары болған жағдайда, осы елдiң аумақтық теңiзiнен (суларынан) тыс жерлердегi теңiз түбiнен немесе теңiз қойнауынан алынған өнiм;
 

      и) белгiлi бiр елде өндiрiстiк немесе қайта өңдеу жөнiндегi өзге деоперациялар нәтижесiнде алынған қалдықтар мен металл сынықтары (қайталама шикiзат), сондай-ақ сол елде жиналған және тек шикiзат күйiнде қайта өңдеу үшiн ғана жарамды, пайдалануда болған бұйымдар;
 

      к) егер осы ел тиiстi ғарыш объектiсi тiркелген мемлекет болса, ғарыш объектiлерiнде ашық ғарышта алынған жоғары технологиялар өнiмi;
 

      л) белгiлi бiр елде осы баптың "a" - "к" тармақшаларында көрсетiлген өнiмнен ғана дайындалған тауарлар.

3-бап. Тауарларды жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерi

      1. Егер тауарды өндiруге екi және одан көп елдер қатысатын болса, осы баптың ережелерiне сәйкес жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерiне сай келетiн тауарды қайта өңдеу немесе дайындау жөнiндегi соңғы операциялар жүзеге асырылған ел тауардың шығарылған елi болып есептеледi.
 

      2. Егер тауарлардың жекелеген түрлерiне немесе қандай да бiр елге қатысты Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлардың шығарылған елiн айқындаудың ерекшелiктерi осы баптың 4-тармағына сәйкес өзгеше ескертiлмесе, жалпы тәртiп қолданылады: егер тауарды қайта өңдеу немесе дайындау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру нәтижесiнде СЭҚ ТН бойынша жiктеу коды кез келген алғашқы төрт белгiнiң деңгейiнде өзгерген болса, тауар сол елден шығарылған болып есептеледi.
 

      3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген ережелерге қарамастан жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерiне:
 

      1) тауарды сақтау немесе тасымалдау кезiнде оның сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi операциялар;
 

      2) тауарды сатуға және тасымалдауға дайындау жөнiндегi операциялар (лектi бөлу, жөнелтудi қалыптастыру, сұрыптау, қайта орау);
 

      3) оларды жүзеге асыру Бiртұтас экономикалық кеңiстiк комиссиясы (бұдан әрi - БЭК комиссиясы) белгiлеген тiзбе бойынша тауардың жай-күйiн елеулi өзгертпейтiн қарапайым құрастыру операциялары және өзге де операциялар;
 

      4) егер түпкi өнiмнiң сипаттамалары араластырылатын тауарлардың сипаттамаларынан елеулi түрде ерекшеленбейтiн болса, әр түрлi елдерде шығарылатын тауарларды араластыру;
 

      5) мал сою сәйкес келмейдi.
 

      4. Тауардың шығарылған елiн айқындау үшiн сондай-ақ, БЭК комиссиясы белгiлейтiн тәртiппен жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеудiң мынадай өлшемдерi пайдаланылады:
 

      1) бұл операциялар орын алған ел тауарлардың шығарылған елi болып есептелуi үшiн жеткiлiктi белгiлi бiр өндiрiстiк немесе технологиялық операцияларды орындау;
 

      2) қосылған құн түпкi өнiмнiң бағасында тiркелген пайыздық үлеске жеткен кездегi тауар құнының өзгеруi (адвалорлық үлес ережесi). Егер адвалорлық үлес ережесі қолданылған жағдайда құн көрсеткіштері:
     импорттық материалдар үшін - бұл материалдардың оларды түпкі өнім өндiру жүзеге асырылатын елге әкелу кезiндегi кедендiк құны бойынша немесе импорттық материалдардың шығу тегi белгiсiз болған кезде олардың түпкi өнiм өндiру жүзеге асырылатын елдiң аумағында алғашқы сатылуының құжаттамалық расталған бағасы бойынша;
      түпкi өнiм үшiн - сатушының "франко-зауыт" ("франко-қойма") шарттарындағы баға бойынша есептеп шығарылады.

       4-бап. Тауарды легiмен жөнелту

      Бiрнеше лекпен жеткiзiлетiн бөлшектелген немесе құрастырылмаған түрдегi тауарлардың шығарылған елiн айқындау кезiнде, егер өндiрiстiк немесе көлiктiк жағдайлары бойынша оларды бiр лекпен жөнелту мүмкiн болмаса, сондай-ақ егер тауарлар легi қателiк немесе мекен-жайына дұрыс жолданбау салдарынан бiрнеше лекке бөлiнген болса, декларанттың қалауы бойынша бiртұтас тауар ретiнде қарастырылады.
      Осы ереже мынадай шарттар бiр уақытта орындалған кезде қолданылады:
      мұндай бөлшектеудiң себептерiн көрсете отырып, бөлшектелген немесе құрастырылмаған тауарларды бөлшектеу туралы әкелу елiнiң кеден органын алдын ала хабардар ету, СЭҚ ТН-ға сәйкес тауарлардың кодтарын, әр лекке кiретiн тауарлардың құны мен шығарылған елiн көрсете отырып әр лектiң толық сипаттамасын қоса беру, не тауарды бiрнеше лекке бөлу немесе мекен-жайына дұрыс жолдамау қателiгiн құжатпен растау;
      барлық лектердi бiр елден бiр жеткiзушiнiң беруi;
      тауардың барлық легiн бiр кеден органында кедендiк ресiмдеу;
      барлық лектердi бiр келiсiм-шарт шеңберiнде жеткiзу;
      тауардың барлық легiн кеден декларациясы қабылданған күнiнен бастап бiр жылдан аспайтын мерзiмде не бiрiншi лекке қатысты оны беру мерзiмi өтiп кеткен кезде жеткiзу. Тауар алушыға байланысты емес себептер бойынша тауарды жеткiзiп беру мүмкiн болмаған жағдайда кеден органы Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасында белгiленген мерзiмде декларанттың дәлелдi өтiнiшi бойынша тауардың қалған легiн әкелу мерзiмiн ұзартуы мүмкiн. 

5-бап. Тауарлардың шығарылған елiн айқындау ерекшелiктерi

      1. Тауардың шығарылған елiн айқындау үшiн оларды өндiру немесе қайта өңдеу үшiн пайдаланылатын жылу және электр энергиясы, машиналар, жабдықтар мен аспаптардың шыққан тегi есепке алынбайды.
 

      2. Машиналарға, жабдықтарға, аппараттарға немесе көлiк құралдарына пайдалануға арналған құрал-саймандар, керек-жарақтар, қосалқы бөлшектер мен аспаптар, егер осы құрал-саймандар, керек-жарақтар, қосалқы бөлшектер мен аспаптар, техникалық құжаттарға сәйкес әдетте осы құрылғылармен бiрге жеткiзiлетiн және мөлшердегi жоғарыда көрсетiлген машиналармен, жабдықтармен, аппараттармен немесе көлiк құралдарымен бiрге әкелiнсе және пайдаланылса, сол машиналар, жабдық, аппараттар немесе көлiк құралдары әкелiнген елде шығарылған болып есептеледi.
 

      3. Орама СЭҚ ТН-ға сәйкес тауардан бөлек қаралатын жағдайларды қоспағанда, кедендiк аумаққа тауар әкелiнетiн орама сол тауардың өзi шығарылған елде шығарылған болып есептеледi. Мұндай жағдайда орама шығарылған ел бөлек айқындалады. 
      Егер тауар кедендiк аумаққа әкелiнетiн орама, тауардың өзi шығарылған елде шығарылған болып есептелсе, тауардың шығарылған елiн айқындау үшiн тауар, әдетте бөлшек саудада сатылатын орама ғана, оның iшiнде адвалорлық үлес ережесiн қолдану кезiнде ескерiледi (3-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы).
 

      4. Егер оның шығарылуы осы Ереженiң шарттарына жауап беретiн тауар басқа соңғы тауар өндiрiсiнде пайдаланылатын болса, осы тауарды өндiру үшiн пайдаланылған шикiзатқа, материалдарға, жинақталымдарға қолданылатын шығарылу талаптары соңғы тауардың шығарылған елiн айқындау кезiнде назарға алынбайды.

       6-бап. Тауардың шығарылған елiн растау

      1. Тауардың шығарылған елiн растау үшiн кеден органы тауардың шығарылуы туралы декларацияны, ал Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасында белгiленген жағдайда, тауардың шығарылуы туралы сертификаттың (бұдан әрi - сертификат) ұсынылуын талап етуге құқылы.
 

      2. Әдетте, бiр немесе бiрнеше көлiк құралымен бiр жүк алушыдан және сол бiр жүктi жөнелтушiге жүзеге асырылатын тауардың әрбiр жекелеген жеткiзiлiмiне сертификат ресiмделедi.
 

      3. Тауардың шығарылуы туралы декларация дайындаушы, сатушы немесе экспорттаушы тауарлардың әкетiлуiне байланысты, тауарға қатысы бар қандай да бip құжатта еркiн нысанда тауардың шығарылған елi туралы жасаған мәлiмдемесiн бiлдiредi. Мұндай құжаттарға: тауар көлiк құжаттары (темiр жол, автокөлiк және әуе жүк-құжаттары, коносамент); шот-фактура (инвойс), шот - проформа (инвойс - проформа); орау парақтары, түсiру ерекшелiктерi, сертификаттар (сәйкестiк, сапа, фитосанитарлық, ветеринарлық және басқалар) жатады.
 

      4. Егер тауардың шығарылуы туралы декларацияда тауарлардың шығарылған елi туралы мәлiметтер осы Ережеге сәйкес қолданылатын өлшемдерден өзгеше өлшемдерге негiзделген болса, тауардың шығарылған елi осы Ережеге сәйкес қолданылатын өлшемдерге сай белгiленедi.

7-бап. Сертификатты ресiмдеу

      Сертификаттың бланкiсi баспаханалық тәсiлмен басылуға және ағылшын, француз, испан немесе орыс тiлдерiнде толтырылуға тиiс.
      Сертификаттың қолданылу мерзiмi берiлген күнiнен бастап 12 айды құрайды.
      Сертификатта тазартулардың болуына жол берiлмейдi. Сертификатқа түзетулер қате ақпаратты сызу және сертификатты беретiн уәкiлеттi органның қолымен және мөрiмен расталатын түзетiлген мәлiметтердi енгiзу жолымен енгiзiледi.
      Егер сертификатта тауарлардың шығарылған елi туралы мәлiметтер осы Ережеге сәйкес қолданылатын өлшемдерден өзгеше өлшемдерге негiзделген болса, тауардың шығарылған елi осы Ережеге сәйкес қолданылатын өлшемдерге сәйкес анықталады.

       8-бап. Сертификатты толтыру

      Сертификатта мыналар қамтылуға тиiс:
      тауарды жөнелтушi/экспорттаушы/жеткiзушi туралы мәлiметтер (атауы, мекен-жайы, елi);
      бланктiң реттiк нөмiрi; сертификаттың тiркеу нөмiрi, сертификатты беретiн уәкiлеттi органның логотипi, эмблемасы;
      тауарды экспорттаушы, транзит және/немесе алушы елдiң бақылаушы органдарының қызметтiк белгiлерiн, сондай-ақ қажет болған кезде мынадай "Көшiрме", "Сертификаттың орнына берiлдi", "Соңынан берiлдi" деген жазбаларды қамтуы мүмкiн;
      тауарды алушы/импорттаушы туралы мәлiметтер (атауы, елi, мекен-жайы) немесе "Мақсаты бойынша" деген жазба;
      көлiк құралдары және жүру бағыты туралы мәлiметтер (барынша белгiлi мәлiметтер бойынша);
      тауардың нөмiрi, орындардың саны мен орамның түрi, тауардың сипаттамасы;
      тауардың атауы және кедендiк ресiмдеу мақсаттары үшiн мәлiмделгенге қатысты бiр мәндi сәйкестендiру жүргiзуге мүмкiндiк беретiн басқа да мәлiметтер;
      тауардың салмақтық не сандық сипаттамалары (тауардың iс жүзiндегi мөлшерi сертификатта көрсетiлген тауардың мөлшерiнен 5%-дан аспауға тиiс);
      шот-фактура немесе шот-проформа, немесе тауардың қаржылық-мөлшерлiк параметрлерi көрсетiлген өзге де құжат туралы мәлiметтер (жүк бiр жүктi жөнелтушiден және сол бiр жүктi алушыға жiберiлген кезде ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарттарды жүзеге асыру кезiнде мiндеттi емес);
      қажет болған кезде тауарды сәйкестендiру мақсаттары үшiн өзге де мөлшерлiк көрсеткiштер;
      уәкiлеттi органның атауы мен мекен-жайы, мөрi мен сертификатта көрсетiлген мәлiметтердiң куәландырылған күнi, сондай-ақ сертификатты растауға өкiлеттiк берiлген тұлғаның қолы мен тегi;
      тауар толық өндiрiлген не жеткiлiктi қайта өңдеуге ұшыраған ел туралы мәлiметтер, тауардың шығарылған елi туралы мәлiметтердi декларациялау күнi, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң қолы мен тегi.

       9-бап. Сертификатты берудiң ерекше жағдайлары

      1. Сертификат жоғалған немесе бүлiнген жағдайда оның ресми расталған телнұсқасы ұсынылады. Телнұсқа берiлген кезде, онда "Телнұсқа" деген сөз, жоғалған түпнұсқаның нөмiрi мен күнi көрсетiледi, сондай-ақ телнұсқа берiлген күнi қойылады. Сертификаттың телнұсқасы түпнұсқа берiлген күнiнен бастап күшiне енедi.
 

      2. Сертификат тауар жөнелтiлгеннен кейiн де, тапсырыс берушiнiң жазбаша негiзделген өтiнiшiнiң негiзiнде берiлуi мүмкiн, бұл ретте тапсырыс берушi көзделген құжаттар пакетiмен қоса сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органға тауардың iс жүзiнде жөнелтiлгенiн растауды ұсынады. Бұл жағдайда сертификатта: "Соңынан берiлдi" деп көрсетiледi.
 

      3. Қандай-да бiр себептер бойынша бұрын берiлген сертификаттың күшi жойылған және күшi жойылған сертификаттың орнына жаңа сертификат берiлген кезде жаңа сертификатқа, күшi жойылған сертификаттың нөмiрi мен күнi көрсетiле отырып "Сертификаттың орнына берiлдi" (орнына берiлген сертификатқа жаңа нөмiр берiледi) деген жазба енгiзiлуге тиiс.

       10-бап. Кеден органдарына шыққан елдi растауды ұсыну

      1. Сертификаттың түпнұсқасы кеден декларациясымен және кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыру үшiн қажеттi басқа да құжаттармен бiрге табыс етiледi.
 

      2. Егер сертификат тиiсiнше ресiмделген болып табылмаса (тазартулар, бояулар немесе расталмаған түзетулер болса, қажеттi қолдар мен мөрлер болмаса, сертификаттағы мәлiметтер олардың декларацияланатын тауарларға қатысын анықтауға мүмкiндiк бермесе, сертификатта тауарлардың шығарылған елi не олардың негiзінде тауарлардың шығарылған елi туралы қорытынды жасалған өлшемдер нақты көрсетiлмеген болса, егер осындай өлшемдер халықаралық шарттарға немесе Тараптар заңнамасына сәйкес мiндеттi түрде көрсетiлу керек болса) тауарды әкелу елiнiң кеден органы сертификатты куәландырған уәкiлеттi органға немесе тауар шығарылған елдiң құзыреттi органдарына сертификаттарды жай тексеруге байланысты өтiнiштердi қоса алғанда, қосымша не нақтылаушы мәлiметтердi хабарлау жөнiнде дәлелдi өтiнiшпен жүгiне алады.
      Тауардың шығарылуын растайтын құжаттар және/немесе мәлiметтер табыс етiлгенге дейiн тауар сол тиiстi елде шығарылған болып есептелмейдi.
 

      3. Сертификатты немесе тауардың шығарылуы туралы мәлiметтердi табыс етпеу кеден органдарына оны ұстау үшiн негiздеме болып табылмайды.
 

      4. Шыққан тегi анықталмаған тауарларға Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес әкелу баждарының ставкалары қолданылады. Осы тауарларға қатысты кеден органы кедендiк декларацияны қабылдаған күнiнен бастап бiр жыл өткенге дейiн сол тауарлардың шығарылған елiн растауды алған жағдайда ұлттың ең қолайлы режимi қолданылуы (қалпына келтiрiлуi) мүмкiн.
 

      5. Тараптар мемлекеттерiнiң кеден органдары тауар осы мемлекет үшiн қолданылатын халықаралық келiсiмдерге және/немесе оның заңнамасына сәйкес тауарлары әкелу елiне өткiзуге жатпайтын елден шығарылған деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде ғана тауарды өткiзуден бас тартуы мүмкін.

11-бап. Шыққан елiн растауды ұсыну талап 
етiлмейтiн жағдайлар

      Егер:
      Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк аумақтарына әкелiнетiн тауарлар кеден органы тауарларын Тараптардың бiрiнiң тиiстi мемлекетiне әкелуге немесе осы мемлекеттiң халықаралық шарттарына немесе заңнамасына сәйкес оның аумағы арқылы транзитiн тыйым салынған ел тауарлардың шығарылған елi болып табылатындығының белгiлерiн анықтаған жағдайларды қоспағанда, халықаралық кедендiк транзит кедендiк режимiне немесе кедендiк баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босата отырып уақытша әкелу кедендiк режимiне сәйкес әкелiнетiн болса;
      егер бiр жөнелтушi бiр уақытта бiр алушының мекен-жайына жөнелткен, кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлардың жалпы кедендiк құны Тараптардың бiрiнiң тиiстi мемлекетiнiң заңнамасында белгiленген сомадан аспайтын болса;
      егер жеке тұлғалар тауарларды жеке және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға байланысты емес өзге де мақсаттар үшiн кедендiк шекара арқылы өткiзетiн болса;
      Тараптар мемлекеттерiнiң халықаралық шарттарында және/немесе заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда шыққан тегiн растауды ұсыну талап етiлмейдi. 

       12-бап. Қорытынды ережелер

      Шығарылған елiн айқындау ережесi Тараптар мемлекеттерiнiң экономикалық және сауда қызметi жағдайындағы өзгерiстер аясында олардың баламалық дәрежесiн айқындау мақсатында кемiнде үш жылда бiр рет қайта қаралуға тиiс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады