"Байқоңыр" кешенiнiң инфрақұрылымын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған "2007-2009 жылдарға арналған "Байқоңыр" кешенiнiң инфрақұрылымын дамыту" бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Бағдарламаның орындалуына жауапты орталық атқарушы органдар мен мүдделi ұйымдар:
1) Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) жыл сайын 10 шiлдеге және 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі жыл сайын 25 қаңтарға және 25 шiлдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.29. N 438 қаулысымен.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы А.А. Тiлеубердинге жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 30 қыркүйектегi
N 954 қаулысымен
бекiтiлген
"2007-2009 жылдарға арналған "Байқоңыр" кешенiнiң
инфрақұрылымын дамыту" бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы "2007-2009 жылдарға арналған "Байқоңыр"
кешенiнiң инфрақұрылымын дамыту" бағдарламасы.
Әзiрлеу үшiн негiз Қазақстан Республикасының Президентi
Н.Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы
"Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша
қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясы"
атты Қазақстан халқына Жолдауы;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
"Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму
стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi
шаралар туралы" 2006 жылғы 30 наурыздағы N 80
Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003
жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасының
Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015
жылдарға арналған стратегиясы;
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006
жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын
iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпы
ұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған
бағдарламасын орындаудың желiлiк кестесi
туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысы;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
2005 жылғы 12 қарашадағы N 24-5/007-335 және
2006 жылғы 31 наурыздағы N 24-5/007-385
тапсырмасы;
1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Ресей
Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр"
кешенiн жалға беру шарты;
"Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң мүлкiн
сақтауды қамтамасыз ету мен ұтымды пайдалану
жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 11
шiлдедегi N 946 қаулысы;
"Инфракос" республикалық мемлекеттiк
кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 қаңтардағы N 27
қаулысы;
Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясының арасындағы Ынтымақтастық
жөнiндегi үкiметаралық комиссияның "Байқоңыр"
кешенi бойынша кiшi комиссиясының 2005 жылғы
8 сәуiрдегi сегiзiншi отырысының Хаттамасы.
Әзiрлеушi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
министрлiгi
Мақсаты "Байқоңыр" кешенiнiң инфрақұрылымын дамыту.
Мiндеттерi "Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң техникалық
жағдайын және пайдалану перспективаларын
кешендi бағалау;
Қазақстан Республикасының меншiгi болып
табылатын "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерi мен
мүлiктерiнiң құнын қайта бағалау;
ұлттық заңнамаға және бухгалтерлiк есеп
саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес
"Байқоңыр" кешенiнiң активтерiн жүйелi есепке
алу және тиiмдi басқару;
"Байқоңыр" кешенiн ғарыш индустриясы
орталығы ретiнде дамытуға бағытталған iрi
индустриялық-инновациялық жоба әзiрлеу;
ғарыш индустриясы кластерiн қалыптастыру
және дамыту;
Ресей Федерациясы жалға алатын құрамға
кiрмеген және құрамнан шығарылатын "Байқоңыр"
кешенi объектiлерiн сақтауды және тиiмдi
пайдалануды қамтамасыз ету;
"Байқоңыр" кешенiндегi қазақстандық
мамандардың әлеуметтiк және коммуналдық-
тұрмыстық проблемаларын шешу.
Icкe асыру мерзiмi 2007 - 2009 жылдар
Қаржыландыру көлемi 2007-2009 жылдары Бағдарламаны iске
мен көздерi асыруға республикалық бюджеттен қаражат
жұмсалатын болады.
Бағдарламаны iске асыруға байланысты
қаржылық шығындар 1220,0 млн. теңгенi құрайды,
оның iшiнде: 2007 жылы - 1220,0 млн. теңге,
одан:
"Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң техникалық
жағдайы мен пайдалану перспективаларын кешендi
бағалау жөнiндегi зерттеу жұмыстарын аяқтауға
арналған қаржылай қаражат 420,0 млн. теңгенi
құрайды, оның iшiнде 2007 жылы - 420,0 млн.
теңге;
Қазақстан Республикасының меншiгi болып
табылатын "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерi мен
мүлiктерiне түгендеу мен қайта бағалау
жүргiзуге жұмсалатын қаржылай қаражат 2007
жылы 800 млн. теңгенi құрайды.
Бағдарламаны iске асыруға арналған шығыстар
көлемi тиiстi қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес
нақтыланатын болады.
Күтiлетiн нәтижелер Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде:
"Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң техникалық
жағдайы мен одан әрi пайдалану перспективалары
анықталады және оның дамуының техникалық
саясаты әзiрленедi;
нарықтық экономика жағдайында "Байқоңыр"
кешенiнiң негiзгi құралдарының құны
анықталады;
"Байқоңыр" кешенiндегi кәсiпорындар
ресурстарын (ЕRР) есепке алу мен жоспарлаудың
ақпараттық жүйесi құрылады;
"Байқоңыр" кешенiнде арнайы экономикалық
аймақ мәртебесi бар Ғарыш индустриясы
орталығын құру тұжырымдамасының жобасы мен
оның TЭH-i дайындалады (2007 жыл);
Ресей Федерациясы жалға алатын құрамға
кiрмеген және құрамнан шығарылатын "Байқоңыр"
кешенi объектiлерiн сақтау мен тиiмдi
пайдалануды қамтамасыз етудiң шарттары
қалыптастырылады;
ғарыш кешенi инфрақұрылымын дамыту мен
пайдалану жұмыстарына 2000-ға дейiн
қазақстандық мамандар тартылады;
Байқоңыр қаласында қазақстандық мамандар
үшiн екi тұрғын үй және 200 нөмiрлi қонақ үй
кешенi салынатын болады (2008 жыл)
2. Кiрiспе
Бағдарламаны әзiрлеу үшiн негiз болып табылатындар:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауы ;
"Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 30 наурыздағы N 80 Жарлығы ;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы;
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпы ұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желiлiк кестесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысы (42.5 т.);
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2005 жылғы 12 қарашадағы N 24-5/007-335 және 2006 жылғы 31 наурыздағы N 24-5/007-385 тапсырмасы;
1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға беру шарты;
"Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң мүлкiн сақтауды қамтамасыз ету мен ұтымды пайдалану жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 11 шiлдедегi N 946 қаулысы ;
"Инфракос" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 қаңтардағы N 27 қаулысы ;
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссияның "Байқоңыр" кешенi бойынша кiшi комиссиясының 2005 жылғы 8 сәуiрдегi сегiзiншi отырысының Хаттамасы.
"Байқоңыр" кешенi 1991 жылғы тамызға дейiн КСРО ғарыштық инфрақұрылымының негiзгi буыны болып табылады.
КСРО құлағаннан кейiн кешен объектiлерi Қазақстан Республикасының меншiгiне айналып, бұл одан әрi пайдалану мәселелерiне байланысты мемлекетаралық деңгейде заңды сипаттағы проблемаларды тудырды.
1994 жылы 28 наурызда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың негiзгi қағидаттары мен шарттары туралы келiсiмге қол қойылып, соған сәйкес "Байқоңыр" кешенi Ресей Федерациясына жалға берiлдi.
Қазақстан және Ресей Президенттерiнiң күш-жiгерiмен екi елдiң үкiметтерi ортақ мүдделерi үшiн "Байқоңыр" кешенiн сақтау және тиiмдi пайдалану үшiн барлық ықтимал шараларды қабылдады, бұл кешеннiң әлемдiк пайдалану үшін барлық ғарыш айлағы мәртебесiн қайтадан иеленуiне мүмкiндiк жасады. "Байқоңыр" кешенiнiң арқасында Қазақстан ғарыш кеңiстiгiн бейбiт мақсатта пайдалану мен зерттеу жөнiндегi халықаралық жобалардың толыққанды қатысушысы атанды.
Ғарыш - жоғары технологиялық саланың бiрi, көптеген ғылыми бағыттардың бiрiктiргiшi және қосылған құны жоғары өнiм игеру мен өндiру саласы болғандықтан, "Байқоңыр" кешенi Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму үдерiсiнде таяу арада және алыстағы болашақта ғарыш индустриясын құру және дамыту үшiн негiз болған және болып табылады да.
Бұл ретте, "Байқоңыр" кешенi базасында жерүстi инфрақұрылымынан бастап әр түрлi мақсаттағы ғарыш аппараттарына, оның iшiнде орбиталық станцияларды және Күн жүйесi планеталарын зерделеуге арналған аппараттарға дейiн ғарыш технологияларын игеру мен дамытуға, ғарыш техникасын жасау мен пайдалануға, ғарыш саласының кластерiн жасауға жағдай жасалатын болады.
Ғарыш индустриясын құру үдерiсi iлеспе мiндеттермен бiрге жүруi мүмкiн, оларды шешу және iске асыру "Байқоңыр" кешенiнде жүк терминалы бар "секiрiс" әуежайын құру, халықаралық ғылыми-техникалық немесе өндiрiстiк кооперациялар құру сияқты қызметтердiң жаңа бағыттарының дамуына мүмкiндiк бередi.
Осы Бағдарлама елiмiздiң Индустриалық-инновациялық даму стратегиясын одан әрi iске асыруға, ғарыш индустриясы кластерiн қалыптастыру мен дамытуға, халықаралық маңызы бар "серпiлiстiк" жобаларды iске асыруға және елiмiздiң әлемдiк экономикаға кiрiгуiне бағытталып отыр.
3. Проблемалардың қазiргi жағдайын талдау
Қазiргi уақытта "Байқоңыр" кешенi ұшырудың көп мөлшерi жүзеге асырылатын әлемдегi ең iрi ғарыш айлағы болып табылады. 2000 жылдан 2005 жылға дейiн "Байқоңыр" ғарыш айлағынан 109 ұшыру жүзеге асырылды.
2005 жылы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан 19, Кеннеди атындағы Ғарыш орталығы мен Канаверал мүйiсiнен - 7, "Куpу" ғарыш айлағынан - 5 және "Плесецк" ғарыш айлағынан - 6 ұшыру жүзеге асырылған болатын;
Сол уақытта коммерциялық ұшырудың саны жағынан "Байқоңыр" ғарыш айлағы 2000 жыл - 2005 жыл кезеңiнде жүзеге асырылған 30 ұшырумен 40 ұшыруды жүзеге асырып, әлемде тек "Куpу" ғарыш айлағынан кейiнгi екiншi орында тұр. Жоғарыда атап көрсетiлген американдық ғарыш айлақтары 20 жiберудi жүзеге асырды.
Басқаша сөзбен айтқанда, "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырудың едәуiр бөлiгi коммерциялық негiзде жүзеге асырылады және Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi мен Федералдық ғарыш агенттiгiнiң тапсырысы бойынша қаржыландырылады, бұл ретте коммерциялық ұшырулар үлесi тек 28 % құрайды.
Мұндай ахуал 30%-ды құрайтын коммерциялық ұшырулар үлесi бар жерде бүкiл әлемдегi ғарыштық ұшырулар нарығының жағдайын бейнелейдi және әлемнiң алдыңғы қатарлы державаларының ғарыш айлақтары үшiн дұрыс болып табылады.
Қалай болғанда да, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан "Байқоңыр" ғарыш айлағы үшiн Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi мен Федералдық ғарыш агенттiгiнiң тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын ұшырулардың коммерциялық ұшырудан басым болуы ғарыш айлағының болашағына қатысты мазасыздануға белгiлi бiр себеп туғызады.
Бiрiншiден Ресей қорғаныс және қауiпсiздiк мүддесiнде жүзеге асырылатын барлық ұшыруларды 2015 жылға дейiн "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Плесецк" ғарыш айлағына ауыстыруды Ресейдiң жоспарлап отырғанын ескеру қажет.
Екiншiден ұшыру қызметтерiн көрсететiн компаниялар арасындағы бәсекелестiктiң үнемi өсуi кезiндегi коммерциялық ұшырулар нарығындағы ұзақ мерзiмдi тұралауды назарға алу қажет.
"Байқоңыр" ғарыш айлағы космонавтиканы басқарып ұшудың әлемдiк орталығының бiрi болды және болып қала беретiндiгiн атап өту қажет. Ғарыш айлағының мұндай бағыт алуы космонавтиканы басқарып ұшудың жаңа даму кезеңiне арналған елеулi артықшылыққа жеткiзуi мүмкiн.
Қазiргi уақытта әлемдiк космонавтиканы басқарып ұшудың дамуы XҒС-ның дамуымен және ұзақ мерзiмдi перспективада - Айға және Марсқа халықаралық кооперация негiзiнде басқарып ұшумен түйiндес екендiгi белгiлi.
Бұдан басқа, бүгiнгi таңда қазақстандық мамандар "Байқоңыр" кешенi сияқты стратегиялық маңызды объектiнiң бар ғылыми-техникалық және өндiрiстiк әлеуетiн жеткiлiктi мөлшерде зерттемеген. "Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң жағдайына, арналымына және мүмкiн болатын бағыттарына жүргiзiлген талдау жаһандық халықаралық ғарыштық бағдарламалар мен жобаларға Қазақстанның кеңiнен қатысуына мүмкiндiк жасайтын ғарыш саласын дамыту үшiн ең маңызды инфрақұрылымдық элемент ретiнде "Байқоңыр" кешенiн қарауға негiз бередi.
"Байқоңыр" кешенiнiң осал буыны ғарыш индустриясы орталығы ретiндегi оның дамуына бағытталған iрi индустриялық-инновациялық жобаның жоқтығы, ғылыми-зерттеу және өнеркәсiптiк орталықтардан алшақтығы, халықаралық қатысу дәрежесiнiң төмендiгi, қазiргi заманғы отандық конструкторлық-технологиялық, тәжiрибелiк-экспериментальдық және зерттеушiлiк құрылымдарының жоқтығы болып табылады.
Қазақстанның қатысуымен "Байқоңыр" кешенiндегi алғашқы жобалар:
"Байқоңыр" ғарыш айлағынан экологиялық таза зымыран тасығыштардың жаңа түрiн ұшыру кезiнде бастапқы кешендi құру және пайдалану ("Бәйтерек") және "Ұлттық геостационарлық байланыс және хабар тарату серiгiн жасау және ұшыру" ("Каzsat") болып табылады.
"Байқоңыр" кешенi жерүстi инфрақұрылымының қазiргi жағдайы мынадай болып сипатталады:
1. Бухгалтерлiк есеп саласындағы ұлттық заңнама мен халықаралық стандарттарға сәйкес "Байқоңыр" кешенi мүлiктерi бағаланбаған және активтердiң жүйелiк есебi ұйымдастырылмаған.
2. Ресей Федерациясы жалға алған құрамға енбеген және құрамнан шығарылған "Байқоңыр" кешенiнiң 593 объектiсi 1997 жылдан қазiргi кезге дейiн "Инфракос" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының ("Инфракос" РМК) шаруашылық жүргiзуiне берiлген.
Есептен шығарылатын мүлiктердi сатуды талдау, бүгiнгi таңда мүлiктiң мұндай түрiн сатудан түсетiн кiрiстер оны күзетуге арналған шығыстарды жаба алмайтынын көрсетiп отыр. Бұл 1998-2002 жылдары объектiлердiң "Инфракос" РМК қызметiнiң бастапқы кезеңiнде өтiмдi материалдарды қамтитын қайта жөнделуiне байланысты.
"Байқоңыр" кешенiнiң жалға алынған мүлiктерiн түгендеудiң 2003 жылғы қорытындылары бойынша ресей тарапы 740 объектiнi жалдаудан шығарды, оларды одан әрi пайдалану жоспарланбайды.
"Инфракос" PMК өзiнiң жарғылық мiндеттерiне сәйкес олардың одан әрi пайдаланылу перспективаларын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органдары анықтағанға дейiн аталған объектiлердi өз теңгерiмiне алады.
"Инфракос" РМК объектiлердiң сақталуын тек кәсiпорын құрамында ведомстволық күзет бөлiмшесiн құру жағдайында ғана қамтамасыз ете алады, бұл ретте күзет бөлiмшесiн жарақтандыру мен ұстауды республикалық бюджет қаражатынан ғана қаржыландыру.
3. "Байқоңыр" кешенiне келетiн тауарларды жинау, сұрыптау және сақтау үшiн қазiргi заманғы жүк терминалы жоқ.
4. Байқоңыр қаласында тұрғын үйдiң тапшылығына байланысты қазақстандық компаниялардың филиалдарында жұмыс iстеу үшiн кешенге келетiн қазақстандық мамандардың жатын-орын проблемасы бар.
Бұдан басқа, Байқоңыр қаласындағы қонақ үйлердiң көпшiлiгi өткен ғасырдың 70-шi жылдарында салынған және монтаждаушы мамандардың орналасуына бағдарланған, соған байланысты олар жұмысшылар жатақханасы болып жiктелуге жатады.
Байқоңыр қаласында қонақ үйлiк кешен салу "Байқоңыр" кешенiне келетiн қазақстандық мамандарды орналастыру, оларға әр түрлi сервистiк және көлiктiк қызметтер көрсету проблемаларын шешуге мүмкiндiк бередi.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның негiзгi мақсаты:
"Байқоңыр" кешенiнiң инфрақұрылымын дамыту.
Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
"Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң техникалық жағдайын және пайдаланылу перспективаларын кешендi бағалау;
Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерi мен мүлiктерiнiң құнын қайта бағалау;
бухгалтерлiк есеп саласындағы ұлттық заңнама мен халықаралық стандарттарға сәйкес "Байқоңыр" кешенiнiң активтерiн жүйелiк есепке алу және тиiмдi басқару;
"Байқоңыр" кешенiн ғарыш индустриясы орталығы ретiнде дамытуға бағытталған iрi инновациялық-индустриялық жоба әзiрлеу;
ғарыш индустриясы кластерiн қалыптастыру және дамыту;
Ресей Федерациясы жалға алатын құрамға енбеген және құрамнан шығарылатын "Байқоңыр" кешенi объектiлерiн сақтауды және ұғымды пайдалануды қамтамасыз ету;
"Байқоңыр" кешенiндегi қазақстандық мамандардың әлеуметтiк және коммуналдық-тұрмыстық проблемаларын шешу.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi
Бағдарламаның алға қойылған мiндеттерiн iске асыру үшiн мынадай iс-шараларды жүзеге асыру болжанып отыр:
5.1 "Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң техникалық жағдайын және
пайдаланылу перспективаларын кешендi бағалау жөнiндегi зерттеу жұмыстарын аяқтау
Зерттеу жұмыстарын жүргiзу нәтижесiнде кешеннiң ғылыми-техникалық әлеуетi бағаланады, оның объектiлерiн одан әрi пайдалану мәселелерi жедел қаралатын болады.
Зерттеу жұмыстары мыналарды қамтиды:
объектiлердiң функционалдық мақсаты бойынша жалпы техникалық жағдайын бағалау;
"Байқоңыр" кешенi дамуының перспективаларын тұтастай алғанда және оның жекелеген элементтерiн болжамды маркетингтiк талдау;
"Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң инвестицияға тартылуын қаржылық талдау;
"Байқоңыр" кешенiн Қазақстан Республикасының ұлттық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және оның саяси мүдделерiн сақтау тұрғысынан талдау.
5.2. Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерi мен мүлiктерiн түгендеу
және қайта бағалау
2007 жылы Ресей Федерациясы жалға алған мүлiкке түгендеу жүргiзу барысында Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн қайта бағалау нарықтық экономика жағдайында "Байқоңыр" кешенi активтерiнiң құнын анықтауға, оларды Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң теңгерiмiне оларды кейiннен қоюды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
5.3. Кәсiпорын ресурстарын жоспарлаудың ақпараттық
жүйесiн (ЕRР) енгiзу
"Байқоңыр" кешенiнiң мүлiктерiн бағалау жөнiндегi жұмыс нәтижелерiн пайдалану және бухгалтерлiк есеп саласындағы ұлттық заңнама мен халықаралық стандарттарға сәйкес активтердi жүйелi есепке алу, ғарыштық инфрақұрылымды дамытуға инвестицияларды тарту үшiн кәсiпорын ресурстарын жоспарлаудың ақпараттық жүйесiн (ЕRР) енгiзу қажет.
Жүйе шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шаруашылық-экономикалық қызметiн тиiмдi басқаруды, оның iшiнде: бизнес-үдерiстердiң тиiмдiлiгiн арттыруды, шығасыны төмендетудi, жеткiзулердi оңтайландыруды, басқарма және қаржы есептiлiгiн жедел түрде алуды, өнiмнiң сапасын басқаруды және жабдықтың жөнделуiн қамтамасыз етедi.
Жүйенiң негiзiнде бүкiл корпоративтiк бизнес-ақпаратты қамтитын деректердiң бiрыңғай қоймасын құру қағидаты жатыр. Ақпараттық жүйенi енгiзу "Байқоңыр" кешенiн дамытудың неғұрлым басым мәселелерiне тоқталуға мүмкiндiк жасайды.
5.4. Ғарыш индустриясы орталығын құру
Ұлттық ғарыш саласын құруға бағытталған инвестициялық қызметтi ынталандыру мақсатында "Байқоңыр" кешенiнде арнайы экономикалық аймақ (АЭА) мәртебесi бар Ғарыш индустриясы орталығын (ҒИО) құру қажет.
ҒИО мыналар үшiн құрылады:
"Байқоңыр" кешенiнiң сынақтық, технологиялық, өндiрiстiк-техникалық объектiлерiн пайдалана отырып, ғарыш саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық қызметтi жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш техникасы өндiрiсiне өту жолымен жаңа технологияларды енгiзу;
халықаралық ғарыштық бағдарламалар мен жобаларға бiрiгу;
ғарыш қызметiн сүйемелдеудiң метеорология және сертификаттау жүйесiн құру;
ғарыш технологиялары саласындағы маркетингтiк зерттеулер;
ғарыш қызметiн ақпараттық сүйемелдеу жүйесiн құру.
ҒИО құру үшiн қазiргi уақытта Ресей Федерациясы жалға алатын құрамнан шығаруға ұсынылған 113 алаңның объектiлерi неғұрлым құптауға боларлық.
Алаң "Байқоңыр" кешенi орталығында орналасқан, жалдаудан шығарылғаннан кейiн қажеттi қамтамасыз етушi құрылымы бар. Қазақстан Республикасының оқшауланған аумағы болып табылмақ. Аумақтың жалпы алаңы 100 гектарға жуық.
Бұдан басқа 113 алаңнан 5 - 6 км қашықтықта Ресей тарапы жалдаудан шығаруға ұсынған Серпiндi сынақтар стендi (биiктiгi 105 м) мен Монтажды май құю корпусы (биiктiгi 80 м), алаңнан 15 км қашықтықта "Юбилейный" әуежай кешенi және 20 км қашықтықта келешектегi "Бәйтерек" зымыран ғарыш кешенiнiң жөнелту кешенi орналасқан.
5.5. Материалдық-техникалық жарақтандыру базасын құру
Материалдық техникалық жарақтандыру базасы Ресей Федерациясы жалға алатын құрамнан шығарған 3Б алаңында базаның негiзiнде құрылатын болады.
Болжанып отырған база халықаралық ғарыштық бағдарламалар мен коммерциялық жобаларды орындау шеңберiнде "Байқоңыр" кешенiне келетiн тауарларды жинау, сұрыптау және сақтау үшiн жүк терминалы функциясын орындайтын болады.
Осы Бағдарламада көрсетiлген базаны қайта жаңарту мен жабдықтау көзделген.
5.6. Ресей Федерациясы жалға алатын құрамға кірмеген және құрамнан шығарылған "Байқоңыр" кешені объектілерін қорғау
"Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсіпорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 қаңтардағы N 27 қаулысына сәйкес Иифракос РМК-нің негізгі міндеттерінің бірі Ресей Федерациясы жалға алатын құрамға кірмеген және құрамнан шығарылған Байқоңыр кешені объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Осы мақсат үшін "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы N 85-II Заңына сәйкес Инфракос РМК-нің құрамында 33 ведомостволық күзеттің бекеті құрылуда.
Инфракос РМК-нің құрамында ведомстволық күзет бөлімшесін құру Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары оларды одан әрі пайдалану перспективаларын анықтағанға дейін берілген объектілерді сақтауға, мүмкіндік жасайды.
5.7. Байқоңыр қаласында тұрғын үйлер мен қонақ үй кешенін салу
Қазақстандық мамандардың тұруы үшін Байқоңыр қаласында 50 пәтерлі екі тұрғын үй салынатын болады.
Көрсетілген үйлердегі пәтерлерді бөлу мынадай тәртіппен жүзеге асырылатын болады:
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі - 10 пәтер;
"Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ - 40 пәтер;
"Инфракос" РМК - 20 пәтерлер;
"Астрофизикалық зерттеу орталығы" РМК - 20 пәтер;
"Бәйтерек" бiрлескен кәсiпорны - 10 пәтер.
Iссапармен Байқоңыр қаласына келушi қазақстандық мамандарды орналастыру үшiн 200 нөмiрлiк қонақ үй кешенi салынатын болады.
Ескерту. 5.7.кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.29. N 438 , 2008.04.28 N 395 Қаулыларымен.
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
2007 - 2009 жылдарға арналған Бағдарламаны iске асыруға республикалық бюджеттен қаражат жұмсалатын болады.
Бағдарламаны iске асыруға байланысты қаржылық шығындар, 1220,0 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде: 2007 жылы - 1220,0 млн. теңге.
N |
Бағыттары |
Республикалық |
1. |
"Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң техникалық, жағдайын және пайдаланылу перспективаларын кешендi бағалау жөнiндегi зерттеу жұмыстарын аяқтау |
420,0, оның iшiнде 2007 жылы 420,0 |
2. |
Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерi мен мүлiктерiн түгендеу және қайта бағалау |
800,0, оның iшiнде 2007 жылы 800,0, |
Бағдарлама бойынша жиыны: |
1220,0 |
|
Бағдарламаны iске асыруға арналған шығыстар көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес нақтыланатын болады. |
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру аэроғарыш саласының негiзгi өндiрiстiк және ғылыми-техникалық үдерiстерiн қамтамасыз ететiн ғарыштық инфрақұрылымын құру және дамыту негiзiнде "Байқоңыр" кешенiнде Қазақстан Республикасының меншiгiн бекiтуге және жетiлдiруге ықпал етедi.
Мыналар:
"Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң техникалық жағдайы және одан әрi пайдаланылу перспективалары анықталады және оның дамуының техникалық саясаты әзiрленедi;
нарықтық экономика жағдайында "Байқоңыр" кешенi негiзгi қорларының құны анықталады;
"Байқоңыр" кешенiнде кәсiпорын ресурстарын есепке алу мен жоспарлаудың ақпараттық (ERP) жүйесi құрылады;
TЭH-i және "Байқоңыр" кешенiнде арнайы экономикалық аймақ мәртебесi бар Ғарыш индустриясы орталығын құру Тұжырымдамасы және оның TЭH-i әзiрленедi (2007 жыл);
Ресей Федерациясы жалға алғандардың құрамға енгiзiлмеген және құрамнан шығарылған "Байқоңыр" кешенi объектiлерiн сақтау және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшiн жағдай қалыптастырылады;
кешен инфрақұрылымын дамыту мен пайдалануға арналған жұмыстарға 2000 қазақстандық мамандар тартылады;
Байқоңыр қаласында екi тұрғын үй мен 200 нөмiрлi қонақ үй кешенi салынады (2008 жыл).
8. "2007-2009 жылдарға арналған "Байқоңыр" кешенiнiң инфрақұрылымын дамыту" бағдарламасын iске асыру
жөнiндегi iс-шаралар жоспары
Ескерту. 8-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.29. N 438 қаулысымен.
р/с |
Iс-шаралар |
Аяқталу нысаны |
Орындауға жауапт ылар |
Орындалу |
Болжанып |
Қаржыландыру |
1. "Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң техникалық жағдайын және пайдаланылу перспективаларын кешендi бағалау жөнiндегi зерттеу жұмыстарын жүргізу | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
1. |
Функционалдық мақсаты бойынша |
Қазақстан Республикасының Yкiметiне ақпарат |
БҒМ (жи- |
2007 |
250,0 |
РБ |
2. |
"Байқоңыр" кешенiнiң |
Қазақстан |
БҒМ (жинақтау), Қаржыминi, ЭБЖМ, ИСМ |
2007 жылдың III тоқсаны |
20,0 |
РБ |
3. |
"Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң инвестициялық тартымдылығын қаржылық талдау |
Қазақстан |
БҒМ (жинақтау), Қаржыминi |
2007 жылдың III тоқсаны |
20,0 |
РБ |
4. |
Қазақстан Республикасының ұлттық |
Қазақстан |
ҰҒА (жинақтау), Қорғанысминi, ҰҚК, СІМ |
2007 жылдың IV тоқсаны |
130,0 |
РБ |
БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНЫ: |
420,0 | РБ | ||||
2. Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерi мен мүлiктерiн түгендеу және қайта бағалау | ||||||
5. |
"Байқоңыр" кешенiндегі жалға берiлген мүлiктердi |
Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп |
БҒМ (жи- |
2007 жылдың IV |
800,0 |
РБ |
БӨЛІМ БОЙЫНША БАРЛЫҒЫ: |
800,0 | РБ | ||||
3. (ERP) кәсiпорындары ресурстарын жоспарлаудың ақпараттық жүйесiн енгiзу | ||||||
6. |
"Байқоңыр"кешенiнде ERP жүйесiн енгізудің |
ЭБЖМ-ге инвестициялық ұсыныс |
БҒМ |
2007 жылдың І |
- |
- |
4. "Байқоңыр" кешенiнде Ғарыш индустриясы орталығын құру | ||||||
7. |
Ғарыш |
ЭБЖМ-ге инвестициялық ұсыныс |
БҒМ (жинақтау), ИСМ |
2007 жылдың I тоқсаны |
- |
- |
8. |
Арнайы |
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар |
БҒМ (жинақтау), ЭБЖМ |
2007 жылдың II |
- |
- |
5. "Байқоңыр" кешенінде материалдық-техникалық жарақтандыру базасын құру | ||||||
9. |
"Байқоңыр" кешенiнде материалдық-техникалық жарақтандыру базасын құру ТЭН-ін әзірлеу жөнінде инвестициялық ұсыныс дайындау |
ЭБЖМ-ге |
БҒМ |
2007 |
- |
- |
6. Ресей Федерациясы жалға алатын құрамға кiрмеген және құрамнан шығарылатын "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн сақтауды қамтамасыз ету | ||||||
10. |
"Инфракос" |
БҒМ |
БҒМ |
2007 жылдың І тоқсаны |
- |
- |
7. Байқоңыр қаласында тұрғын үйлер және қонақ үй кешенiн салу | ||||||
11. |
Байқоңыр қаласында Қазақстандық мамандар үшiн екi тұрғын үй және 200 нөмiрлi қонақ үй кешенiн салу жөнiнде инвестициялық ұсыныс |
ЭБЖМ-ге инвестициялық ұсыныс |
БҒМ (жинақтау), |
2007 жылдың I тоқсаны |
||
БӨЛIМДЕР БОЙЫНША БАРЛЫҒЫ: |
1220,0 | РБ | ||||
оның ішінде 2007 жылы: |
1220,0 |
Ескертпе (әрiптiк аббревиатуралардың толық жазылуы):
ТЭН - техникалық-экономикалық негiздеме;
РБ - республикалық бюджет;
БҒМ - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi;
Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi;
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрлiгi;
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi;
Қорғанысминi - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс
агенттiгi
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
СIМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгi
Қоршағанортаминi - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
қорғау министрлiгi
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
ҰҒА - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі