"Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң мүлкiн сақтауды қамтамасыз ету мен ұтымды пайдаланылу жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қ А У Л Ы С Ы 1995 жылғы 11 шiлде N 946

      Ресей Федерациясы жалға алғандардың құрамына кiрмеген "Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң мүлкiн Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн сақтауды қамтамасыз ету мен ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Ресей Федерациясы жалға алғандардың құрамына кiрмеген "Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң мүлкiн сақтауды қамтамасыз ету мен ұтымды пайдалану жөнiндегi қоса берiлiп отырған шаралар бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық аэроғарыш агенттiгiне аталған объектiлердiң мүлкiн оперативтi басқару құқығын белгiленген тәртiппен берсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық аэроғарыш агенттiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып, мүлiктi сақтау, ғарыш айлағы объектiлерiн конверсиялау жобаларын әзiрлеу және жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi жүктеудi, сондай-ақ бұзылған ғимараттар мен үй-жайлардың элементтерiн, жарамсыз деп танылған техникалық жекелеген буындары мен бөлшектерiн, пайдаланылып бiткен ракета техникасы мен жерүстi жүйелерiнiң металл сынықтарын сату құқығын берудi көздей отырып, "Байқоңыр" кешенiндегi Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын құру туралы ұсыныс енгiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы

Қазақстан Республикасының Ұлттық аэроғарыш агенттiгiне аталған
мүлiктi сатудан түскен қаражатты объектiлердi күзету мен ұстауды
қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды конверсиялау жобаларын әзiрлеу
мен жүзеге асыруға пайдалануға рұқсат етiлсiн.
     5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Мемлекеттiк
мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр айлық мерзiмде
аталған қаражатты пайдалану тәртiбiн әзiрлеп бекiтсiн.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
                             Қазақстан Республикасы
                             Министрлер Кабинетiнiң
                             1995 жылғы 11 шiлдедегi
                             N 946 қаулысына
                                қосымша
     Ресей Федерациясы жалға алғандардың құрамына кiрмеген
     "Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң мүлкiн сақтауды
      қамтамасыз ету мен ұтымды пайдалану жөнiндегi
                    Ш А Р А Л А Р
________________________________________________________________
 Рет |                                     |  Жауапты  | Орындау
  N  |          Ш а р а л а р              |  атқарушы | мерзiмi
_____|_____________________________________|___________|________
  1    Ресей Федерациясы жалға алғандар.       ҰАҒА,     1995 ж.
       дың құрамына кiрмеген және құрамынан   Қорғаныс.  шiлде
       шығарылатын объектiлердiң тiзбесiн     минi
       ресей жағымен келiсу, нақтылау және
       келiсу олардың күзетiлуiн
       ұйымдастыру
  2    "Байқоңыр" кешенiнiң жанынан өтетiн  Iшкi iсминi, тұрақты
       Қызылорда облысының темiр және        ҰҚК         түрде
       автомобиль жолдарымен тасымалдана.
       тын жүктерге қатаң бақылау жасауды
       қамтамасыз ету
  3    1-тармақта көрсетiлген объектiлер.   ҰАҒА,        1995 ж.
       дiң мүлкiне, жарамсыз деп танылған   Меммүлiк.    шiлде
       техника мен металл сынықтарына       басқаруко.
       түгендеу жүргiзу                     мы Қорға.
                                            нысминi
  4    Конверсиялық пайдалануға жарайтын     ҰАҒА        1995 ж.
       объектiлердiң тiзбесiн айқындау                   тамыз
  5    Пайдаланылмайтын объектiлер негiзiн. ҰАҒА,        1995 ж.
       де кәсiпорындар мен жаңа жұмыс       Экономика.   қыркүйек
       орындарын құру жөнiнде Қазақстан     минi, Өнер.
       Республикасының Министрлер Кабинетi. кәсiпсауда.
       не ұсыныстар енгiзу                  минi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады