"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 7 мамырдағы N 865 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 қарашадағы N 1040 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 7 мамырдағы N 865 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы
7 мамырдағы N 865 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң медальдары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 7 мамырдағы N 865  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 14, 136-құжат; 2004 ж., N 26, 331-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) I, II, III дәрежелi "Әскери қызметтегi ерекшелiгi үшiн" 7) "Қару-жарақ пен әскери техниканы үлгiлi ұстағаны және пайдаланғаны үшін".";
      2) 2-тармақ "3-2" деген цифрлардан кейiн ", 3-3, 3-4" деген цифрлармен толықтырылсын;
      3) 3-тармақ "6-2" деген цифрлардан кейiн ", 6-3, 6-4" деген цифрлармен толықтырылсын;
      4) осы Жарлыққа 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда 3-3, 3-4, 6-3, 6-4-қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң   
2006 жылғы "__"________
N___ Жарлығына  
1-қосымша    

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң   
2002 жылғы 7 мамырдағы
N 865 Жарлығына 
3-3-қосымша   

I, II, III дәрежелi "Әскери қызметтегi ерекшелiгi үшiн"
медалiнiң сипаттамасы

      I дәрежелi "Әскери қызметтегi ерекшелiгi үшiн" медалi жезден жасалады және сегiзбұрышты жұлдыз пiшiнiнде болады. Медальдiң қарама-қарсы жатқан жұлдыз ұштарының арасындағы көлемi - 36 мм.
      Медальдiң алдыңғы бетiнде жұлдыз сәулелерiнде Қарулы Күштердiң негiзгi әскер тектерiнiң эмблемалары бар қалқандар орналасқан. Медальдiң ортасында - сарбаздың, матростың және ұшқыштың бедерлi бейнесi, жоғары жағында қызыл түстi бес бұрышты жұлдыз және алтын түстес шарықтай ұшқан бүркiт, төменiрек емен мен лавр бұтақтарының өрiмiнде қызыл түстi "1" деген рим цифры орналасқан, барлығы айналдыра "Әскери қызметтегi ерекшелiгi үшiн" деген бедерлi жазуы бар шеңбермен көмкерiлген.
      Медальдiң сыртқы жағының ортасында шеңбермен көмкерiлген "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi" деген жазу орналасқан. Медальдағы барлық бейнелер, жазулар дөңестеу түрде орындалған.
      Медаль құлақшаның және шығыршықтың көмегiмен муар лентамен қапталған енi 32 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрыш пiшiндес тағанға жалғанады. Лентаның шеттерiнде енi 8 мм көгiлдiр түстi жолақтар орналасады, лентаның ортасында енi 7 мм сары түстi екi жолақ, олардың арасында енi 2 мм көк түстi жолақ орналасады. Тағанның жоғары бөлiгiнде муар лентаның үстiне биiктiгi
5 мм сары түстi металл планка бекiтiледi.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге бекiтiледi.
      II дәрежелi "Әскери қызметтегi ерекшелiгi үшiн" медалi мельхиордан жасалады және сегiз бұрышты жұлдыз пiшiнiнде болады. Медальдiң қарама-қарсы жатқан жұлдыз ұштарының арасындағы көлемi - 36 мм.
      Медальдiң алдыңғы бетiнде жұлдыз сәулелерiнде Қарулы Күштердiң негiзгi әскер тектерiнiң эмблемалары бар қалқандар орналасқан. Медальдiң ортасында - сарбаздың, матростың және ұшқыштың бедерлi бейнесi, жоғары жағында қызыл түстi бес бұрышты жұлдыз және алтын түстес шарықтай ұшқан бүркiт, төменiрек емен мен лавр бұтақтарының өрiмiнде қызыл түстi "II" деген рим цифры орналасқан, барлығы айналдыра "Әскери қызметтегi ерекшелiгi үшiн" деген бедерлi жазуы бар шеңбермен көмкерiлген.
      Медальдiң сыртқы жағының ортасында шеңбермен көмкерiлген "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi" деген жазу орналасқан. Медальдағы барлық бейнелер, жазулар дөңестеу түрде орындалған.
      Медаль құлақшаның және шығыршықтың көмегiмен муар лентамен қапталған енi 32 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрыш пiшiндес тағанға жалғанады. Лентаның шеттерiнде ендерi 8 мм көгiлдiр түстi жолақтар, лентаның ортасында ендерi 2 мм екi көк түстi жолақ, шеткiлерiнiң ендерi 5 мм, ортасындағынiкi 2 мм үш сары түстi жолақ кезек орналасады. Тағанның жоғары бөлiгiнде муар лентаның үстiңгi жағына биiктiгi 5 мм күмiс түстес металл планка бекiтiледi.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге бекiтiледi.
      III дәрежелi "Әскери қызметтегi ерекшелiгi үшiн" медалi мельхиордан жасалады және сегiз бұрышты жұлдыз пiшiндес болады. Медальдiң қарама-қарсы жатқан жұлдыз ұштарының арасындағы көлемi 36 мм.
      Медальдiң алдыңғы бетiнде жұлдыз сәулелерiнде Қарулы Күштердiң негiзгi әскер тектерiнiң эмблемалары бар қалқандар орналасқан. Медальдiң ортасында - сарбаздың, матростың және ұшқыштың бедерлi бейнесi, жоғары жағында қызыл түстi бес бұрышты жұлдыз және алтын түстес шарықтай ұшқан бүркiт, төменiрек емен мен лавр бұтақтарының өрiмiнде қызыл түстi "III" деген рим цифры орналасқан, барлығы айналдыра "Әскери қызметтегi ерекшелiгi үшiн" деген бедерлi жазуы бар шеңбермен көмкерiлген.
      Медальдiң сыртқы жағының ортасында шеңбермен көмкерiлген "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi" деген жазу орналасқан. Медальдағы барлық бейнелер, жазулар дөңестеу түрде орындалған.
      Медаль құлақшаның және шығыршықтың көмегiмен муар лентамен қапталған енi 32 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрыш пiшiндес тағанға жалғанады. Лентаның шеттерiнде ендерi 8 мм көгiлдiр түстi жолақтар, лентаның ортасында ендерi 2 мм үш көк түстi жолақ, шеткiлерiнiң ендерi 3 мм, ортасындағы 2 мм төрт сары түстi жолақ кезек орналасады.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге бекiтiледi.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң   
2006 жылғы "__"________
N___ Жарлығына  
2-қосымша    

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң   
2002 жылғы 7 мамырдағы
N 865 Жарлығына 
3-4-қосымша   

"Қару-жарақ пен әскери техниканы үлгiлi ұстағаны
және пайдаланғаны үшін" медалiнiң сипаттамасы

      "Қару-жарақ пен әскери техниканы үлгiлi ұстағаны және пайдаланғаны үшiн" медалi мельхиордан жасалады және енi 34 мм дөңес дұрыс сегiз бұрыш пiшiндес болады.
      Медальдiң алдыңғы бетiнде орталық бөлiгiнде "Қару-жарақ пен әскери техниканы үлгiлi ұстағаны және пайдаланғаны үшiн" деген айнала жазуы бар тiстегершiк бейнесi орналасқан. Тiстегершiктiң ортасында Қарулы Күштер жарақтандырылған әскери техниканың - ұшақтың, танктiң және кеменiң айшықталған бейнесi бар сары түстi бес бұрышты жұлдыз орналасқан.
      Медальдiң сыртқы жағының ортасында шеңбермен көмкерiлген "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi" деген жазу орналасқан. Медальдағы барлық бейнелер, жазулар дөңестеу түрде орындалған.
      Медаль құлақшаның және шығыршықтың көмегiмен муар лентамен қапталған енi 32 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрыш пiшiндес тағанға жалғанады. Лентаның шеттерiнде енi 8 мм көгiлдiр жолақтар, лентаның ортасында енi 6 мм екi сұр түстi жолақ, олардың арасында енi 4 мм қара түстi жолақ орналасады.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге бекiтiледi.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң   
2006 жылғы "__"________
N___ Жарлығына  
3-қосымша    

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң   
2002 жылғы 7 мамырдағы
N 865 Жарлығына 
6-3-қосымша   

"Әскери қызметтегi ерекшелiгi үшiн" медалiмен
марапаттау ережесi

      1. "Әскери қызметтегi ерекшелiгi үшiн" медалi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады.
      2. "Әскери қызметтегi ерекшелiгi үшiн" медалi үш дәрежеден тұрады:
      I дәрежелi "Әскери қызметтегi ерекшелiгi үшiн" медалi;
      II дәрежелi "Әскери қызметтегi ерекшелiгi үшiн" медалi;
      III дәрежелi "Әскери қызметтегi ерекшелiгi үшiн" медалi.
      I және II дәрежелi "Әскери қызметтегi ерекшелiгi үшiн" медалiмен офицерлер құрамындағы адамдар марапатталады. Медальдiң жоғары дәрежесi - I дәрежелi болып табылады. Марапаттау дәйектi түрде жүргiзiледi: II дәрежелi және I дәрежелi.
      III дәрежелi "Әскери қызметтегi ерекшелiгi үшiн" медалiмен сарбаздар мен матростар, сержанттар мен старшиналар марапатталады.
      3. Медальмен жауынгерлiк және кәсiби даярлықтағы, жауынгерлiк кезекшiлiктi атқару, оқу-жаттығуларға қатысу кезiндегi үздiк көрсеткiштерi үшiн, сондай-ақ қызмет өткеру уақытында әскери және қызметтiк борышын атқару кезiнде сiңiрген еңбегi үшiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшiлерi марапатталады.
      4. "Әскери қызметтегi ерекшелiгi үшiн" медалiмен марапаттау туралы қолдаухаттарды ұсыну және қарау тәртiбiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының бiрiншi басшылары айқындайды.
      5. "Әскери қызметтегi ерекшелiгi үшiн" медалiн берудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының бiрiншi басшылары, әскери бөлiмдердiң командирлерi, оның iшiнде мекемелердiң, әскери оқу орындарының және жергiлiктi әскери басқару органдарының бастықтары жүргiзедi.
      6. Әрбiр наградталған адамға медальдi берген кезде бiр уақытта тиiстi куәлiк берiледi.
      7. "Әскери қызметтегi ерекшелiгi үшiн" медалi кеуденiң сол жақ өңiрiне "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне 10 жыл" медалiнен кейiн тағылады, аталған медальға лента жалпы планкада "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне 10 жыл" медалiнiң лентасынан кейiн орналасады.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң   
2006 жылғы "__"________
N___ Жарлығына  
4-қосымша    

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң   
2002 жылғы 7 мамырдағы
N 865 Жарлығына 
6-4-қосымша   

"Қару-жарақ пен әскери техниканы үлгiлi ұстағаны
және пайдаланғаны үшiн" медалiмен марапаттау
ережесi

      1. "Қару-жарақ пен әскери техниканы үлгiлi ұстағаны және пайдаланғаны үшiн" медалi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады.
      2. "Қару-жарақ пен әскери техниканы үлгiлi ұстағаны және пайдаланғаны үшiн" медалiмен қару-жарақ пен әскери техниканы ұдайы жауынгерлiк әзiрлiк күйiнде үлгiлi ұстағаны үшiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшiлерi, сондай-ақ басқа да адамдар марапатталады.
      3. "Қару-жарақ пен әскери техниканы үлгiлi ұстағаны және пайдаланғаны үшiн" медалiмен марапаттау туралы қолдаухаттарды ұсыну және қарау тәртiбiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының бiрiншi басшылары айқындайды. Медальмен қайтадан марапаттау жүргiзiлмейдi.
      4. "Қару-жарақ пен әскери техниканы үлгiлi ұстағаны және пайдаланғаны үшiн" медалiн берудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының бiрiншi басшылары, әскери бөлiмдердiң командирлерi, оның iшiнде мекемелердiң, әскери оқу орындарының және жергiлiктi әскери басқару органдарының бастықтары жүргiзедi.
      5. Әрбiр марапатталған адамға медальдi берген кезде бiр уақытта тиiстi куәлiк берiледi.
      6. "Қару-жарақ пен әскери техниканы үлгiлi ұстағаны және пайдаланғаны үшiн" медалi кеуденiң сол жақ өңiрiне "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн" медалiнен кейiн тағылады, аталған медальға лента жалпы планкада "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн" медалiнiң лентасынан кейiн орналасады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады