Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Армения Республикасының Yкiметi арасындағы Табыс пен мүлiкке салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және оған Хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 қарашадағы N 1045 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Армения Республикасының Үкiметi арасындағы Табыс пен мүлiкке салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияның және оған Хаттаманың жобалары мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Наталья Артемовна Коржоваға Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Армения Республикасының Үкiметi арасындағы Табыс пен мүлiкке салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және оған Хаттамаға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Армения Республикасының Yкiметi арасындағы Табыс пен мүлiкке салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция

      Қазақстан Республикасының Yкiмeтi мен Армения Республикасының Үкiметi, Табыс пен мүлiкке салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция жасасуға ниет бiлдiре отырып,
      мыналар туралы келiстi:

1-бап
Конвенция қолданылатын тұлғалар

      Осы Конвенция Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де резиденттерi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.

2-бап
Конвенция қолданылатын салықтар

      1. Осы Конвенция алу әдiстерiне қарамастан, Мемлекеттiң, оның орталық немесе жергiлiктi билiк органдарының атынан алынатын табыс пен мүлiкке салынатын салықтарға қолданылады.
      2. Табыс пен мүлiкке салынатын салықтар деп жылжитын және жылжымайтын мүлiктi шеттетуден алынған табыстарға салынатын салықтарды, кәсiпорындар төлейтiн қызметақының немесе жалақының жалпы сомасынан алынатын салықтарды, сондай-ақ мүлiк құнының өсiмiнен алынатын салықтарды қоса алғанда, табыстың жалпы сомасынан, мүлiктiң жалпы сомасынан немесе табыстың не мүлiктiң жекелеген элементтерiнен алынатын барлық салықтың түрлерi есептеледi.
      3. Атап айтқанда, осы Конвенция қолданылып жүрген салықтар мыналар болып табылады:
      Қазақстан Республикасында:
      а) корпорациялық табыс салығы;
      b) жеке табыс салығы;
      с) мүлікке салынатын салық;
      (бұдан әрi - "қазақстан салықтары" деп аталатын);
      Армения Республикасында:
      а) пайдаға салынатын салық;
      b) табыс салығы;
      с) мүлiкке салынатын салық;
      (бұдан әрi - "армения салықтары" деп аталатын).
      4. Осы Конвенция сондай-ақ осы Конвенция күшiне енген күннен кейiн осы баптың 3-тармағында көрсетiлген қолданыстағы салықтарға қосымша немесе олардың орнына алынатын бiрдей немесе мәнi бойынша ұқсас кез келген салықтарға қолданылады. Мемлекеттердiң құзыреттi органдары өздерiнiң салық салуға қатысты ұлттық заңнамаларында болатын кез келген елеулi өзгерiстер туралы бiр-бiрiне хабардар етiп отырады. 

3-бап
Жалпы анықтамалар

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн мынадай терминдер қолданылады:
      а) "Қазақстан" - Қазақстан Республикасын бiлдiредi және географиялық мағынада қолданған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аумағын және Қазақстан Республикасы өзiнiң ұлттық заңнамасына және өзi қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес өзiнiң егемендiк құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыратын аймақты қамтиды;
      b) "Армения" - Армения Республикасын бiлдiредi және географиялық мағынада қолданған кезде Армения Республикасы өзiнiң ұлттық заңнамасына және халықаралық шарттарға сәйкес өзiнiң егемендiк құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыратын жердi, суды, жер қойнауын және әуе кеңiстiгiн қоса алғандағы аумақты бiлдiредi;
      с) "Мемлекет" - түпмәтiнге байланысты Қазақстанды немесе Арменияны бiлдiредi;
      d) "тұлға" - жеке тұлғаны, компанияны және тұлғалардың кез келген басқа да бiрлестiгiн бiлдiредi;
      е) "компания" - салық салу мақсаттары үшiн корпорациялық құрама ретiнде қарастырылатын кез келген корпорациялық құраманы немесе кез келген басқа экономикалық бiрлiктi бiлдiредi;
      f) "кәсiпорын" - кез келген кәсiпкерлiк қызмет түрiн жүзеге асыруға қолданылады;
      g) "мемлекеттiң кәсiпорны" және "екiншi Мемлекеттiң кәсiпорны" - тиiсiнше Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды және екiншi Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды бiлдiредi;
      h) "халықаралық тасымал" - теңiз, әуе кемесi немесе автомобиль көлiгi екiншi Мемлекеттiң пункттерi арасында ғана пайдаланылатын жағдайлардан басқа, Мемлекеттiң кәсiпорыны пайдаланатын теңiз, әуе кемесiмен, автомобиль көлiгiмен кез келген тасымалды бiлдiредi;
      i) "құзыреттi орган" мыналарды:
      (i) Қазақстанда: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнің немесе оның уәкiлеттi өкiлiн;
      (іі) Арменияда: Армения Республикасының Қаржы және экономика министрiн және Армения Республикасының Үкiметi жанындағы Мемлекеттiк салық қызметiнiң бастығын немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiн бiлдiредi;
      j) "ұлттық тұлға" мыналарды:
      (i) Мемлекетте азаматтығы бар кез келген жеке тұлғаны; 
      (іі) Мемлекеттiң ұлттық заңнамасына сәйкес өз мәртебесiн алған кез келген заңды тұлғаны, cepiктecтіктi немесе қауымдастықты бiлдiредi;
      k) "кәсiпкерлiк қызмет" кәсiби көрсетiлетiн қызметтi және тәуелсiз сипаттағы басқа да қызметтi жүзеге асыруды қамтиды;
      l) "тиiмдi басқару орны" - заңды тұлғаның кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу үшiн қажеттi негiзгi басқаруды жүзеге асырудың және стратегиялық коммерциялық шешiмдер қабылдаудың орнын бiлдiредi.
      2. Осы Конвенцияны қолданған кезде, онда айқындалмаған кез келген термин, егер түпмәтiннен өзге мағына туындамаса, осы Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты осы Мемлекеттiң ұлттық заңнамасы бойынша осы кезде қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаны иеленедi. Мемлекеттiң қолданыстағы салық заңнамасы бойынша терминнiң кез келген мағынасы осы Мемлекеттiң басқа заңдары бойынша терминге берiлетiн мәннен көрi басымдыққа ие болады.

4-бап
Резидент

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "Мемлекеттiң резидентi" терминi осы Мемлекеттiң заңнамасы бойынша оның тұратын жерi, резиденттiгi, құру орны, басқару орны немесе осындай сипаттағы кез келген басқа өлшем негiзiнде онда салық салынуға жататын кез келген тұлғаны бiлдiредi.
      "Мемлекеттiң резидентi" терминi Мемлекеттiң өзiн, оның орталық немесе жергiлiктi билiк органдарын немесе Мемлекеттiң Орталық (Ұлттық) Банкiн де қамтиды.
      Мемлекетте осы Мемлекеттегi көздерден алынатын табысқа қатысты ғана немесе онда орналасқан мүлiкке қатысты салық салынуға жататын тұлғалар резиденттер болып табылмайды.
      2. Егер осы баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес жеке тұлға Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болып табылса, онда оның мәртебесi мынадай түрде айқындалады:
      а) ол өзi пайдаланатын, меншiгiне жататын тұрақты баспанасы бар Мемлекеттiң ғана резидентi болып есептеледi; егер оның Мемлекеттердiң екеуiнде де өзi пайдаланатын, меншiгiне жататын тұрақты баспанасы болса, ол неғұрлым тығыз жеке және экономикалық қатынастары (өмiрлiк мүдделер орталығы) бар жердегi Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
      b) егер оның өмiрлiк мүдделер орталығы бар Мемлекеттi айқындау мүмкiн болмаса немесе Мемлекеттердiң бiреуiнде де өзi пайдаланатын, меншiгiне жататын тұрақты баспанасы болмаса, ол өзi әдетте тұрып жатқан жердегi Мемлекеттiң ғана резидентi болып есептеледi;
      с) егер ол әдетте Мемлекеттердiң екеуiнде де тұратын болса немесе олардың бiреуiнде де тұрмаса, ол азаматы болып табылатын Мемлекеттiң ғана резидентi болып есептеледi;
      d) егер резиденттiң мәртебесi а)-с) тармақшаларына сәйкес айқындалмаған болса, Мемлекеттердiң құзыреттi органдары өзара келiсе отырып, осы мәселе бойынша шешiм қабылдайды.
      3. Егер осы баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес жеке тұлғадан өзге тұлға Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болса, ол тиiмдi басқару орны орналасқан Мемлекеттiң ғана резидентi болып есептеледi.

5-бап
Тұрақты мекеме

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "тұрақты мекеме" терминi кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi толық немесе iшiнара жүзеге асырылатын тұрақты қызмет орнын бiлдiредi.
      2. Атап айтқанда, "тұрақты мекеме" терминi мыналарды қамтиды:
      а) басқару орнын;
      b) бөлiмшенi;
      с) кеңсенi;
      d) фабриканы;
      е) шеберхананы;
      f) шахтаны, мұнай немесе газ ұңғымасын, кенiштi, қондырғыны, ғимаратты немесе табиғи ресурстарды барлайтын (кеменi қоса алғанда) немесе өндiретiн басқа да кез келген кен орнын қамтиды.
      3. Егер мұндай алаң немесе объектi кез келген он екi айлық кезеңде 6 айдан астам уақыт бойы жұмыс iстеп тұрған болса ғана, құрылыс алаңы немесе құрылыс немесе монтаждау немесе құрастыру объектiсi тұрақты мекеменi құрайды.
      4. Осы баптың алдыңғы ережелерiне қарамастан "тұрақты мекеме" терминi мыналарды:
      а) құрылыстарды кәсiпорынға тиесiлi тауарларды немесе бұйымдарды сақтау, жеткiзу немесе көрсету мақсаттары үшiн ғана пайдалануды;
      b) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын сақтау, жеткiзу немесе көрсету мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
      с) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын өзге кәсiпорынның қайта өңдеу мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
      d) тұрақты қызмет орнын тауарлар немесе бұйымдар сатып алу мақсаттары үшiн немесе кәсiпорынға арналған ақпарат жинау үшiн ғана ұстауды;
      е) тұрақты қызмет орнын кәсiпорын үшiн дайындық немесе көмекшi сипаттағы кез келген басқа қызметтi жүзеге асыру мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
      f) тұрақты қызмет орнының осындай тәсiлдеменiң нәтижесiнде туындаған жиынтық қызметi дайындық немесе көмекшi сипатта болған жағдайда тұрақты қызмет орнын осы тармақтың а) тармақшасынан е) тармақшасына дейiн көрсетiлген қызмет түрлерiнiң кез-келген тәсiлдемесiн жүзеге асыру үшiн ғана ұстауды қамтитын сияқты қарастырылмайды.
      5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан, егер оған осы баптың 6-тармағы қолданылатын тәуелсiз мәртебесi бар агенттен өзге тұлға кәсiпорын атынан әрекет етсе және Мемлекетте кәсiпорын атынан келiсiм-шарттар жасауға өкiлеттiгi болса және оны әдетте пайдаланып жүрсе, тек егер осындай тұлғаның қызметi осы баптың 4-тармағында айтылған қызмет түрлерiмен шектелмесе, ол егер кәсiпкерлiк қызметтiң тұрақты орны арқылы жүзеге асырылса да, осы кәсiпкерлiк қызметтiң тұрақты орны осы тармақтың ережелерiне сәйкес тұрақты мекемеге айналдырылмаса, онда кәсiпорын осы тұлғаның кәсiпорын үшiн қолға алатын кез келген қызметiне қатысты осы мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылады.
      6. Кәсiпорын осы Мемлекеттегi кәсiпкерлiк қызметiн делдал, комиссионер немесе тәуелсiз мәртебесi бар кез келген басқа агент арқылы жүзеге асырғаны үшiн ғана, егер осындай тұлғалар өздерiнiң әдеттегi қызметi шеңберiнде әрекет жасаған жағдайда, Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылмайды. 
      7. Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның екiншi Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияны бақылауы немесе оның бақылауында болуы немесе осы екiншi мемлекетте кәсiпкерлiк қызметпен айналысуы (не болмаса тұрақты мекеме арқылы немесе өзге жолмен айналысуы) фактiсiнiң өзi-ақ осы компаниялардың бiрiн екiншiсiнiң тұрақты мекемесiне айналдырмайды.

6-бап
Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыс

      1. Мемлекеттiң резидентi екiншi Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен алған табысына (ауыл немесе орман шаруашылығынан алынатын табысты қоса алғанда) осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. "Жылжымайтын мүлiк" терминi қаралып отырған мүлiк орналасқан Мемлекеттiң ұлттық заңнамасына сәйкес ие мағынаға ие болады. Термин кез-келген жағдайда ғимаратты, жылжымайтын мүлiкке қатысты қосалқы мүлiктi, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен жабдықтарды, жердi пайдалану және жер меншiгi құқықтарын, жылжымайтын мүлiк узуфруктың және минералдық ресурстарды, кен көздерiн және басқа табиғи қазбаларды игеру үшiн берiлетiн өтемақы ретiндегi өзгермелi немесе кесiмдi төлемдерге арналған құқықтарды қамтиды. Теңiз және әуе кемелерi немесе автомобиль көлiгi жылжымайтын мүлiк ретiнде қарастырылмайды.
      3. Осы баптың 1-тармағының ережелерi жылжымайтын мүлiктi тiкелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез келген басқа нысанда пайдаланудан алынған табысқа қолданылады.
      4. Осы баптың 1 және 3-тармақтарының ережелерi кәсiпорынның жылжымайтын мүлкiнен алынатын табысқа да қолданылады. 

7-бап
Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда

      1. Егер кәсiпорын екiншi мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекемесi арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырмаса немесе жүзеге асырмаған болса, мемлекет кәсiпорнының пайдасына тек осы мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсiпорын, екiншi мемлекетте кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса немесе жүзеге асырған болса, онда кәсiпорынның пайдасына екiншi Мемлекетте салық салынуы, бiрақ мыналарға:
      а) осындай тұрақты мекемеге;
      b) тұрақты мекеме арқылы сатылатын тауарлармен немесе бұйымдармен бiрдей немесе ұқсас тауарларды немесе бұйымдарды осы екiншi Мемлекетте сатуға; немесе
      с) өзiнiң сипаты жөнiнен осындай тұрақты мекеме (өкiлдiгi) арқылы жүзеге асырылатын кәсiпкерлiк қызметпен сәйкес келетiн осы екiншi Мемлекетте жүзеге асырылатын басқа кәсiпкерлiк қызметке қатысты бөлiгiнде ғана салынуы мүмкiн.
      2. Осы баптың 3-тармағының ережелерiн ескере отырып, егер Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асырса, онда осы тұрақты мекеме нақ осындай немесе осыған ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе оған ұқсас қызметпен айналысатын оқшауланған және жеке кәсiпорын болған болса, өзi тұрақты мекемесi болып табылатын кәсiпорыннан мүлдем дербес әрекет жасағанда алуы мүмкiн пайда әрбiр Мемлекетте осы тұрақты мекемеге жатқызылады.
      3. Тұрақты мекеменiң пайдасын айқындау кезiнде басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарын қоса алғанда, тұрақты мекеме орналасқан Мемлекетте немесе басқа жерде жұмсалмағанына қарамастан тұрақты мекеменiң мақсаттары үшiн жұмсалған құжаттық расталған шығыстарды шегерiп тастауға жол берiледi.
      Тұрақты мекеменiң кәсiпорынға:
      а) патенттердi немесе басқа құқықтарды пайдаланғаны үшiн роялти, қаламақы және басқа да төлемдер түрiнде;
      b) көрсетiлетiн қызметтер үшiн немесе менеджмент үшiн комиссиялық түрiнде;
      с) кәсiпорын (банктердi қоспағанда) оған берген қарыз үшiн пайыздар түрiнде төлеген сомасының (жұмсалған шығыстардың өтемақысына қарағанда өзге) салық салынатын базасынан шегерiм жасауға тұрақты мекеменiң құқығы жоқ.
      Тұрақты мекеменiң пайдасы кәсiпорындардан:
      а) патенттердi немесе басқа құқықтарды пайдаланғаны үшiн роялти, қаламақы және басқа да төлемдер түрiнде;
      b) көрсетiлген қызметтер үшiн немесе менеджмент үшiн комиссиялық түрiнде;
      с) кәсiпорынға (банктердi қоспағанда) өзi берген қарыз үшiн пайыздар түрiнде алынған (жұмсалған шығыстардың өтемақысына қарағанда өзге) соманы қоспауы тиiс.
      4. Осы тұрақты мекеменiң кәсiпорын үшiн тауарлар немесе бұйымдар сатып алуы негiзiнде ғана тұрақты мекемеге қандай да болмасын пайда есептелмейдi.
      5. Егер пайда осы Конвенцияның басқа баптарында олар туралы жеке айтылатын табыс түрлерiн қамтитын болса, онда ол баптардың ережелерi осы баптың ережелерiн қозғамайды.
      6. Егер осындай тәртiптi өзгерту үшiн жеткiлiктi және дәлелдi себептер болмаса, осы баптың алдындағы тармақтарының мақсаттары үшiн тұрақты мекемеге жататын пайда жыл сайын бiркелкi тәсiлмен айқындалады.

8-бап
Халықаралық тасымалдардан алынатын табыстар

      1. Мемлекеттiң резидентi халықаралық тасымалдарда осы Конвенцияның 3-бабы 1-тармағының h) тармақшасында көрсетiлген көлiк құралдарын пайдаланудан алған табысына осы мемлекетте ғана салық салынады.
      2. Мемлекеттiң резидентi осы Конвенцияның 3-бабы 1-тармағының h) тармақшасында көрсетiлген көлiк құралдарын, сондай-ақ контейнерлер мен оларға қатысты жабдықтарды халықаралық тасымалдарда пайдалану үшiн оларды жалға беруден алынатын табысқа осы Мемлекетте ғана салық салынады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi Мемлекет резидентi көлiк құралдарын пайдалану бойынша бiрлескен қызметке қатысудан алынған табысқа да, бiрақ бiрлескен қызметтегi оның үлесiне жататын табыстың бөлiгiне ғана қатысты қолданылады.

9-бап
Қауымдасқан кәсiпорындар

      1. Егер:
      а) мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса, немесе
      b) сол бiр ғана тұлғалар Мемлекеттiң кәсiпорнын және екiншi Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса,
      және әр жағдайда екi кәсiпорынның арасында олардың коммерциялық немесе қаржы өзара қатынастарында тәуелсiз екi кәсiпорынның арасында орын алуы мүмкiн жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе орнықса онда солардың бiрiне есептелуi мүмкiн, бiрақ осы жағдайлардың орын алуына байланысты оған есептелмеген кез келген пайда осы кәсiпорынның пайдасына қосылып, оған тиiсiнше салық салынуы мүмкiн.
      2. Егер Мемлекет екiншi Мемлекеттiң кәсiпорыны осы екiншi Мемлекетте салық салынатын пайданы осы Мемлекет кәсiпорынның пайдасына қосып, тиiсiнше салық салса және осылай қосылған пайда алғашқы аталған мемлекеттiң кәсiпорынына есептелуi мүмкiн пайда болса, егер екi кәсiпорынның арасындағы өзара қатынастар тәуелсiз кәсiпорындардың арасындағыдай болса, онда осы екiншi Мемлекет осы пайдадан алынатын салық сомасына тиiстi түзету жасауға тиiс. Осындай түзетудi айқындау кезiнде осы Конвенцияның басқа ережелерi қаралуға тиiс және мемлекеттердiң құзыреттi органдары қажет болған жағдайда бiр-бiрiне консультация беруi тиiс.

10-бап
Дивидендтер

      1. Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның екiншi Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн дивидендтерiне осы екiншi мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Алайда резидентi дивидендтер төлейтiн компания болып табылатын мемлекетте және осы мемлекеттiң заңнамасына сәйкес мұндай дивидендтерге де салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер дивидендтердiң iс жүзiндегi иесi екiншi мемлекеттiң резидентi болып табылса, онда осылайша алынатын салық дивидендтердiң жалпы сомасының 10 пайызынан аспауы тиiс.
      Осы тармақтың ережелерi компанияның дивидендтер төленетiн пайдаға қатысты салық салуын қозғамайды.
      3. "Дивидендтер" терминi осы Конвенцияда пайдаланылғанда акциялардан немесе борыш талаптары болып табылмайтын басқа да құқықтардан алынатын табысты, пайдаға қатысудан алынатын табысты, сондай-ақ пайданы бөлетiн компанияның резидентi болып табылатын мемлекеттiң ұлттық заңнамасына сәйкес акциялардан алынатын табыс сияқты салық реттеуiне жататын басқа да корпорациялық құқықтарынан алынатын табысты бiлдiредi.
      4. Егер Мемлекеттiң резидентi болып табылатын дивидендтердiң iс жүзiндегi иесi дивидендтердi төлейтiн компания резидентi болып отырған екiншi мемлекетте орналасқан тұрақты мекемесi арқылы онда кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса және төленетiн дивидендтерге қатысы бар, шын мәнiнде осындай тұрақты мекемемен байланыста болса, осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы Конвенцияның 7-бабының ережелерi қолданылады. 
      5. Егер мемлекеттiң резидентi болып табылатын компания екiншi Мемлекеттен пайда немесе табыс алып тұрған болса, осы екiншi Мемлекеттiң резидентiне төленетiн мұндай дивидендтер шын мәнiнде осы екiншi мемлекетте орналасқан тұрақты мекемемен байланыста болатын жағдайдан басқа, екiншi Мемлекет осы компания төлейтiн дивидендтерден кез келген салықты алмауы тиiс және де бөлiнбеген пайдадан, тiптi егер төленетiн дивидендтер немесе бөлiнбеген пайда толығымен не iшiнара осы екiншi Мемлекетте пайда болған табыстан тұрса да, компанияның бөлiнбеген пайдасынан бөлiнбеген пайдаға салынатын салықты ала алмайды.
      6. Осы Конвенция ережелерiнiң ешқайсысы да Мемлекетке осы Мемлекеттiң тұрақты мекемесiне жататын резидент - компанияның пайдасына осы Мемлекеттiң ұлттық тұлғасы болып отырған компанияның пайдасына есептелген салыққа, егер осылай есептелген кез келген қосымша салық бұрынғы салық салынатын жылдары мұндай қосымша салық салынбаған мұндай табыс сомасының 5 пайызынан аспаса қосымша салық салуға бөгет жасай алмайды. Осы тармақтың мақсаттары үшiн пайда тұрақты мекеме орналасқан Мемлекетте өндiрiп алынатын осы тармақта айтылған қосымша салықтан өзгеше барлық салықтар пайдадан шегерiлгеннен кейiн айқындалады.

11-бап
Пайыздар

      1. Мемлекетте пайда болатын және екiншi мемлекеттiң резидентiне төленетiн пайыздарға осы екiншi мемлекетте салық салына алады. 
      2. Алайда мұндай пайыздарға олар пайда болатын мемлекетте осы Мемлекеттiң ұлттық заңнамасына сәйкес салық салынуы да мүмкiн, бiрақ егер алушы пайыздардың iс жүзiндегi иесi бола тұрып, екiншi Мемлекеттiң резидентi болып табылса, онда осылай алынған салық пайыздардың жалпы сомасының 10 пайызынан аспауы тиiс.
      3. Осы баптың 2-тармағының ережелерiне қарамастан бiр Мемлекетте туындаған пайыздар осы Мемлекетте салық салудан босатылады, егер олар екiншi Мемлекетке, оның орталық немесе жергiлiктi билiк органдарына немесе осы екiншi Мемлекеттiң Орталық (Ұлттық) Банкiсiне немесе осы сияқты кез-келген басқа ұйымдарына алынып және соларға жататын болса соңынан мемлекеттердiң құзыреттi органдары арасында келiсiмге жетуi мүмкiн.
      4. "Пайыздар" терминi осы Конвенцияда пайдаланылған кезде кепiлмен қамтамасыз етiлген немесе қамтамасыз етiлмеген, борышкерлердiң пайдасына қатысу құқығын беретiн немесе бермейтiн қандай да болсын борыш талаптарынан алынатын табысты және атап айтқанда, мемлекеттiк бағалы қағаздардан алынатын табысты және осы бағалы қағаздар, облигациялар және борыштық мiндеттемелер бойынша төленетiн сыйлықтар мен ұтыстарды қоса алғанда, облигациялардан немесе борыштық мiндеттемелерден алынатын табысты бiлдiредi. Дер кезiнде төленбеген айыппұлдар осы баптың мақсаттары үшiн пайыздар ретiнде қарастырылмайды.
      5. Егер Мемлекеттiң резидентi болып табылатын пайыздардың iс жүзiндегi иесi пайыздар пайда болатын екiншi Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса және пайыздар төленетiн борыш талабы шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге қатысты болса, осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы Конвенцияның 7-бабының ережелерi қолданылады.
      6. Егер төлеушi осы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, пайыздар Мемлекетте пайда болады деп есептеледi. Алайда, егер пайыздар төлеушi тұлға Мемлекеттiң резидентi болып табыла ма, жоқ па - оған қарамастан Мемлекетте пайыздар төленетiн қарыз пайда болған тұрақты мекемесi болса және мұндай пайыздарды осындай тұрақты мекеме төлейтiн болса, онда мұндай пайыздар тұрақты мекеме орналасқан Мемлекетте пайда болады деп есептеледi.
      7. Егер төлеушi мен пайыздардың iс жүзiндегi иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасында арнайы қатынастар болуы себептi төленетiн борыш талабына қатысты пайыздардың сомасы мұндай қатынастар болмаған кезде, төлеушi мен пайыздардың iс жүзiндегi иесi арасында келiсiле алатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi тек соңғы айтылған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнiң басы артық бөлiгiне осы Конвенцияның басқа ережелерiн ескере отырып, әрбiр Мемлекеттiң ұлттық заңнамасына сәйкес салық салынады.
      8. Егер өзiне қатысты пайыздар төленетiн борыш талаптарының жасалуына немесе берiлуiне байланысты кез келген тұлғаның негiзгi мақсаты немесе негiзгi мақсаттарының бiрi осы борыш талаптарын жасау немесе беру арқылы осы баптан пайда табу болса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.

12-бап
Роялти

      1. Мемлекетте пайда болатын және екiншi Мемлекеттiң резидентiне төленетiн роялтиге осы екiншi Мемлекетте салық салына алады. 
      2. Алайда, мұндай роялтиге, сондай-ақ ол пайда болатын және осы Мемлекеттiң ұлттық заңнамасына сәйкес мемлекетте салық салынуы мүмкiн, бiрақ алушы роялтидiң iс жүзiндегi иесi бола тұра, екiншi Мемлекеттiң резидентi болып табылса, онда осылайша алынатын салық роялтидiң жалпы сомасының 10 пайызынан аспауы тиiс.
      3. "Роялти" терминi осы бапта пайдаланылған кезде бағдарламалық жасақтауды, кинематографиялық фильмдердi, сондай-ақ радиомен хабар тарату, теледидар немесе жаппай тұтыну үшiн пайдаланылатын кез келген өнiмдi қоса алғанда, әдебиет, өнер немесе ғылым шығармаларына, кинематографиялық фильмдерге, кез-келген патентке, сауда маркасына, дизайнға немесе модельге, жоспарға, құпия формулаға немесе процеске кез-келген авторлық құқықты пайдаланғаны үшiн немесе пайдалану құқығын бергенi үшiн немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми тәжiрибеге қатысты ақпарат үшiн сыйақы ретiнде алынатын төлемдердiң кез-келген түрiн және өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергенi үшiн төленетiн төлемдердi бiлдiредi.
      4. Егер Мемлекеттiң резидентi болып табылатын роялтидiң iс жүзiндегi иесi роялти пайда болған екiншi Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса және роялти өздерiне қатысты төленетiн құқық немесе мүлiк шын мәнiнде осындай тұрақты мекемемен байланысты болса, осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы Конвенцияның 7-бабының ережелерi қолданылады.
      5. Егер төлеушi осы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, роялти Мемлекетте пайда болды деп есептеледi. Алайда, егер роялти төлеушi тұлға Мемлекеттiң резидентi болып табыла ма, немесе табылмай ма оған қарамастан Мемлекетте роялти төлеу мiндеттемесi пайда болуына байланысты тұрақты мекемесi болса және осындай роялтилердi тұрақты мекеме төлесе, онда мұндай роялтилер тұрақты мекеме орналасқан Мемлекетте пайда болды деп есептеледi.
      6. Егер роялти төлеушi мен оның iс жүзiндегi иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасында ерекше қатынастар болу салдары негiзiнде төленетiн құқықты немесе ақпаратты пайдалануға тиiстi роялтидiң сомасы мұндай қатынастар болмаған кезде роялти төлеушi мен оның iс жүзiндегi иесi арасында келiсуге болатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi тек соңғы айтылған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда, төлемнiң басы артық бөлiгiне осы Конвенцияның басқа ережелерiн  нақты ескере отырып, әрбір Мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес салық салынады.
      7. Егер өзiне қатысты роялти төленетiн құқықты жасауға немесе беруге байланысты кез келген тұлғаның негiзгi мақсаты немесе негiзгi мақсаттарының бiрi құқықтарды жасау немесе беру арқылы осы баптан пайда табу болса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.

13-бап
Мүлiктi иелiктен айырудан алынатын табыстар

      1. Мемлекеттiң резидентi осы Конвенцияның 6-бабында анықталған және екiншi Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктi иелiктен айырудан алатын табыстарға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Мемлекеттiң резидентi өз құнынан 50 пайызынан асатын екiншi Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен төте немесе жанама алынатын акцияларды иелiктен айырудан алынатын табыстарға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      3. Мемлекеттiң резидентi Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Мемлекетте иеленiп отырған тұрақты мекеменiң кәсiпкерлiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiктi иелiктен айырудан алған табыстарға, мұндай тұрақты мекеменi (жеке өзiн немесе бүкiл кәсiпорнымен қоса) иелiктен айырудан алынатын табыстарды қоса алғанда, осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      4. Мемлекеттiң резидентi халықаралық тасымалдарда пайдаланатын теңiз, әуе кемелерiн, автомобиль көлiгiн немесе мұндай теңiз, әуе кемелерiн, автомобиль көлiгiн пайдалануға байланысты жылжымалы мүлiктi иелiктен айырудан алынған табыстарға тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
      5. Осы баптың бұрынғы тармақтарында айтылғаннан өзге кез келген мүлiктi иелiктен айырудан алынған табыстарға резидентi мүлiктi иелiктен айырушы тұлға болып табылатын тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.

14-бап
Жалданып iстейтiн жұмыстан алынатын табыстар

      1. Осы Конвенцияның 15, 17, 18-баптарының ережелерiн ескере отырып, Мемлекеттiң резидентi жалданып iстеген жұмысына байланысты алған жалақыға және басқа да осындай сыйақыға егер жалданып жұмыс iстеу екiншi Мемлекетте орындалатынын қоспағанда, тек осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер жалданып iстейтiн жұмыс екiншi Мемлекетте орындалса, онда осыған байланысты алынған сыйақыға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерiне қарамастан, екiншi Мемлекетте жалданып жұмыс iстеуiне байланысты Мемлекеттiң резидентi болып алған сыйақыға салық тек алғашқы айтылған Мемлекетте салынады, егер:
      а) алушы тиiстi салық жылы басталатын немесе аяқталатын кез келген он екi айлық кезеңде жалпы алғанда 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер бойы екiншi Мемлекетте болса; және
      b) сыйақыны екiншi Мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын жалдаушы төлесе немесе жалдаушының атынан төленсе; және
      с) сыйақы төлеу бойынша шығыстарды жалдаушының екiншi Мемлекеттегi тұрақты мекемесi жүргiзбесе тек алғашқы айтылған Мемлекетте салынады.
      3. Осы баптың бұның алдындағы ережелерiне қарамастан Мемлекеттiң резидентi халықаралық тасымалдарда пайдаланатын теңiз, әуе кемесiнiң немесе автомобиль көлiгiнiң бортында орындалатын жалданып iстейтiн жұмысқа қатысты алынған сыйақыға салық осы Мемлекетте салынуы мүмкiн.

15-бап
Директорлардың қаламақылары

      Екiншi Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның директорлар кеңесiнiң немесе оған ұқсас органның мүшесi ретiнде Мемлекеттiң резидентi алған директорлардың қаламақыларына және басқа да осыған ұқсас төлемдерге осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.

16-бап
Артистер мен спортшылар

      1. Осы Конвенцияның 14-бабының ережелерiне қарамастан, Мемлекеттiң резидентi театр, кино, радио немесе теледидар артисi немесе сазгер сияқты өнер қызметкерi ретiнде немесе спортшы ретiнде екiншi Мемлекетте осындай түрде жүзеге асыратын өзiнiң жеке қызметiнен алған табысына осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн. 
      2. Егер өнер қызметкерi немесе спортшы өзiнiң осы сипатында жүзеге асыратын жеке қызметiнен алатын табысы өнер қызметкерiнiң немесе спортшының өзiне емес басқа тұлғаға есептелсе, онда бұл табысқа осы Конвенцияның 7 және 15-баптарының ережелерiне қарамастан, өнер қызметкерiнiң немесе спортшының қызметi жүзеге асырылатын Мемлекетте салық салынады. 

17-бап
Зейнетақылар мен басқа да осыған ұқсас төлемдер

      Осы Конвенцияның 18-бабының 2-тармағының ережелерiне сәйкес бұрын жүзеге асырған жұмысы үшiн Мемлекеттiң резидентiне төленетiн зейнетақылар мен басқа да осыған ұқсас төлемдерге осы Мемлекетте ғана салық салынады.

18-бап
Мемлекеттiк қызмет

      1. Жеке тұлғаға осы Мемлекет немесе оның орталық немесе жергiлiктi билiк органдары үшiн жүзеге асырған қызметiне Мемлекет немесе оның орталық немесе жергiлiктi билiк органдары төлейтiн зейнетақыға қарағанда өзге жалақыға және басқа осыған ұқсас сыйақыға тек осы Мемлекетте салық салынады.
      Алайда мұндай жалақыға және басқа да осыған ұқсас сыйақыға, егер қызмет осы екiншi Мемлекетте жүзеге асырылса және:
      а) осы Мемлекеттiң азаматы болып табылатын; немесе 
      b) қызметтi жүзеге асыру мақсаты үшiн ғана осы мемлекеттiң резидентi болмаған жеке тұлға осы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, тек екiншi Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. Жеке тұлғаға осы Мемлекет немесе оның орталық немесе жергiлiктi билiк органдары үшiн жүзеге асырған қызметтерiне Мемлекет немесе оның орталық немесе жергiлiктi билiк органы немесе олар құрған қордан төленетiн кез келген зейнетақыға тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
      Алайда мұндай зейнетақыға егер жеке тұлға осы Мемлекеттiң резидентi және азаматы болып табылса, тек екiншi Мемлекетте ғана салық салынады.
      3. Осы Конвенцияның 14, 15, 16, және 17-баптарының ережелерi Мемлекет немесе оның орталық және жергiлiктi билiк органдары жүзеге асыратын кәсiпкерлiк қызметке байланысты қызметке қатысты қызметақыға, жалақыға және басқа да осыған ұқсас сыйақылар мен зейнетақыларға қолданылады.

19-бап
Студенттер

      Мемлекетке келер алдында тiкелей екiншi Мемлекеттiң резидентi болып табылатын және тек бiлiм алу немесе практикадан өту мақсатында бiрiншi айтылған Мемлекетте болған студент немесе практикант өзiн ұстау, бiлiм алу немесе практикадан өту мақсаты үшiн алатын төлемдерге осы сома көздерi осы Мемлекеттен тысқары жерде болған жағдайда, салық салынбайды.

20-бап
Басқа да табыстар

      1. Пайда болу көздерi туралы осы Конвенцияның бұның алдындағы баптарында айтылмайтын Мемлекет резидентiнiң табыс түрлерiне қарамастан оларға тек осы Мемлекетте ғана салық салынады. 
      2. Егер Мемлекеттiң резидентi бола тұра мұндай табыстарды алушы екiншi Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса және табыстар төленiп отырған құқық немесе мүлiк осындай тұрақты мекемемен байланысты болса, осы Конвенцияның 6-бабының 2-тармағында айқындалғандай, жылжымайтын мүлiктен алынған табыстардан өзге табыстарға осы баптың 1-тармағының ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы Конвенцияның 7-бабының ережелерi қолданылады.

21-бап
Мүлік

      1. Мемлекеттiң резидентiне жататын және екiншi Мемлекетте орналасқан осы Конвенцияның 6-бабында айтылған жылжымайтын мүлiк ретiнде ұсынылған мүлiкке тек осы екiншi Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. Мемлекеттiң кәсiпорыны екiншi Мемлекетте иеленiп отырған тұрақты мекеменiң кәсiпкерлiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiк ретiнде ұсынылған мүлiкке осы екiншi Мемлекетте салық салынады.
      3. Мемлекет резидентiнiң халықаралық тасымалдарда пайдаланатын теңiз, әуе кемелерi немесе автомобиль көлiгi түрiндегi мүлiкке және осындай теңiз, әуе кемелерiн, автомобиль көлiгiн пайдалануға байланысты жылжымалы мүлiк түрiнде ұсынылған мүлiкке тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
      4. Мемлекеттiң резидентi мүлiгiнiң барлық басқа элементтерiне тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.

22-бап
Қосарланған салық салуды жою

      1. Егер Мемлекеттiң резидентi осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн табыс тапса немесе мүлiк иеленсе алғашқы аталған Мемлекет:
      а) осы резиденттiң табысына салынатын салықтан екiншi Мемлекетте төленетiн табыс салығына тең соманы шегерiп тастауға;
      b) осы резиденттiң мүлiгiне салынған салықтан осы екiншi Мемлекетте төленген мүлiкке салынған салыққа тең соманы шегерiп тастауға мүмкiндiк бередi.
      Осылай шегерiмдер кез келген жағдайда осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн табысқа немесе мүлiкке қатысты шегерiм жасалғанға дейiн есептелген табыс салығының немесе мүлiкке салынатын салықтың бөлiгiнен аспауы керек.
      2. Егер осы Конвенцияның қандай да болсын ережесiне сәйкес Мемлекет резидентiнiң алатын табысы және мүлiгi осы Мемлекетте салықтан босатылған болса, осы Мемлекет соған қарамастан осы резиденттiң табысы мен мүлiгiнiң қалған бөлiгiне соманы есептеген кезде табыс немесе мүлiк салығынан босатылғанын назарға алады.

23-бап
Кемсiтпеу

      1. Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары нақ осындай жағдайларда осы екiншi Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салуға қарағанда анағұрлым ауыртпалықты кез келген салық салуға, атап айтқанда резиденттiкке қатысты екiншi Мемлекетте ұшырамайды. Бұл ереже осы Конвенцияның 2-бабының ережелерiне қарамастан, Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де резиденттерi болып табылмайтын тұлғаларға да қолданылады.
      2. Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекемеге салық салу осындай қызметтi жүзеге асыратын осы екiншi Мемлекеттiң кәсiпорнына салық салуға қарағанда осы екiншi Мемлекетте неғұрлым қолайлы болуы тиiс. Осы ереже Мемлекеттi екiншi Мемлекеттiң резидентiне оларды салық төлеуден және азаматтық мәртебе немесе өзiнiң резидентiне беретiн отбасы жағдайлары негiзiнде салық салу мақсаттары үшiн кез келген жеке салық жеңiлдiктерi мен шегерiмдер беруге мiндеттейтiн болып түсiндiрiлмеуi тиiс.
      3. Осы Конвенцияның 9-бабының 1-тармағының, 11-бабының 7-тармағының, 12-бабының 6-тармағының ережелерi қолданылатын жағдайларды қоспағанда Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн пайыздар, роялти және басқа да төлемдер осындай кәсiпорынның пайдасын айқындау мақсаты үшiн алғашқы аталған Мемлекеттің резидентiне олар қалай төленсе, нақ сондай жағдайларда шегерiлiп тасталуы тиiс. Осы секiлдi Мемлекет кәсiпорнының екiншi Мемлекеттiң резидентiне кез келген қарызы осындай кәсiпорынның салық салынатын капиталын айқындау мақсаттары үшiн алғашқы аталған Мемлекеттiң резидентiнiң қарызы қалай шегерiлсе, нақ сондай жағдайларда шегерiлiп тасталуға тиiс.
      4. Капитал екiншi Мемлекеттiң бiр немесе бiрнеше резидентiне толық немесе iшiнара тиесiлi немесе олардың тiкелей немесе жанама түрде бақылауында болатын Мемлекеттiң кәсiпорындары алғашқы аталған Мемлекеттiң басқа ұқсас кәсiпорындары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салуға қарағанда анағұрлым ауыртпалықты салық салуға алғашқы аталған Мемлекетте ұшырамауы тиiс.
      5. Осы баптың ережелерi, 2-баптың ережелерiне қарамастан, барлық салықтың түрiне қолданылады. 

24-бап
Өзара келiсiп алу рәсiмi

      1. Егер тұлға Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де iс-әрекеттерi өзiн осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар етiп отыр немесе душар ететiн болады деп есептесе, ол осы Мемлекеттердiң ұлттық заңнамасында көзделген қорғану құралдарына қарамастан, өзiнiң iсiн өзi резидент болып табылатын сол Мемлекеттiң немесе оның бастан кешiрген жағдайы 24-баптың 1-тармағына қатысты болса, өзi ұлттық тұлғасы болып табылатын Мемлекеттiң құзырлы органдарының қарауы үшiн бере алады. Өтiнiш осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар еткен iс-әрекеттер туралы бiрiншi хабарлама берiлген сәттен бастап үш жыл iшiнде берiлуi тиiс.
      2. Құзыреттi орган, егер ол өтiнiштi негiздi деп есептесе және егер өзi қанағаттандырарлық шешiмге келе алмаса, осы Конвенцияға сәйкес келмейтiн салық салуды болдырмау мақсатында iстi екiншi Мемлекеттiң құзыреттi органымен өзара келiсiм бойынша шешуге ұмтылады. Кез келген қол жеткiзiлген келiсiм Мемлекеттердiң ұлттық заңнамаларында көзделген уақыттағы кез келген шектеуге байланыссыз орындалатын болады. 
      3. Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы Конвенцияны түсiндiру немесе қолдану кезiнде туындайтын кез келген қиындықтарды немесе күмәнді өзара келiсiм бойынша шешуге ұмтылады. Олар Конвенцияда көзделмеген жағдайларда, қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында бiр-бiрiне консультация да бере алады.
      4. Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы Конвенцияның алдындағы тармақтарын түсiнуде келiсiмге қол жеткiзу мақсатында бiр-бiрiмен тiкелей байланысқа түсе алады. Егер Конвенцияға қол жеткiзу yшiн ауызша пiкiр алысуды ұйымдастыру қажет болса, осындай пiкiр алысу Мемлекеттердiң құзыреттi органдарының өкiлдерiнен тұратын арнайы комиссияның отырысы шеңберiнде өткiзiлуi мүмкiн.

25-бап
Ақпарат алмасу

      1. Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы Конвенцияның ережелерiн немесе салық салу әзiрше Конвенцияға қайшы келмейтiндей дәрежеде Мемлекеттiң немесе оның орталық немесе жергiлiктi билiк органдарының атынан салынатын салықтың кез келген түрiне қатысты iшкi заңдарын орындау үшiн қажеттi ақпаратпен алмасады. Ақпаратпен алмасу 1 және 2-баптармен шектелмейдi.
      2. Мемлекет 1-тармаққа сәйкес алған кез келген ақпарат осы Мемлекеттiң iшкi заңнамасы шеңберiнде алынған ақпарат сияқты құпия болып саналады және осы баптың 1-тармағында көрсетiлген салықтарға қатысты бағалаумен немесе мәжбүрлеп өндiрiп алумен, сот бойынша қудалаумен немесе аппеляцияларды қараумен байланысты тұлғаларға немесе органдарға (соттарды және әкiмшiлiк органдарды қоса алғанда) ғана хабарланады. Осындай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осы мақсаттар үшiн ғана пайдаланады. Олар осы ақпаратты ашық сот отырысы барысында не сот шешiмдерiн қабылдаған кезде ашуы мүмкiн.
      3. Ешқандай жағдайда 1 және 2-тармақтардың ережелерi Мемлекеттерге: 
      а) осы немесе екiншi Мемлекеттiң заңнамасына және әкiмшiлiк iс-тәжiрибесiне қайшы келетiн әкiмшiлiк шараларын қолға алу; 
      b) осы немесе екiншi Мемлекеттiң заңнамасы бойынша немесе әдеттегi әкiмшiлiк iс-тәжiрибесi барысында алуға болмайтын ақпарат беру;
      с) сауда, кәсiпкерлiк, өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе кәсiби құпияны немесе сауда процесiн ашуы мүмкiн ақпаратты немесе ашылуы мемлекеттiк саясатқа (қоғамдық тәртiпке) қайшы келуi мүмкiн ақпаратты беру мiндеттемесiн жүктейтiндей мағынада түсiндiрiлмейдi.
      4. Егер Мемлекет осы бапқа сәйкес ақпаратты талап ететiн болса, тiптi егер осы екiншi Мемлекет өзiнiң жеке салық мақсаттары үшiн мұндай ақпаратқа мұқтаж болмаса да, екiншi Мемлекет өзiнiң иелiгiндегi талап етiлетiн ақпаратты алу үшiн ақпаратты жинау жөнiндегi құралдарды пайдаланады.
      Алдыңғы сөйлемде қамтылған мiндеттеме 3-тармақтың шектеулерiне бағынады, бiрақ ешқандай жағдайда осындай шектеу мұндай ақпаратқа деген iшкi мүдде болмағандықтан ғана Мемлекетке ақпаратты беруден бас тартуға рұқсат беру ретiнде қарастырылмайды.
      5. Ешқандай жағдайда 3-тармақтың ережелерi банкте, басқа қаржы мекемелерiнде, атаулы меншiк иесiнде немесе агенттiкте немесе сенiмдi тұлға ережелерiнде әрекет ететiн тұлғада бар ақпарат немесе мұндай ақпарат қандайда бiр тұлғаның жеке меншiк мүдделерiн қозғайтын болса, Мемлекетке ақпарат беруден бас тартуға рұқсат беру ретiнде қарастырылмайды.

26-бап
Салықтарды жинауға көмектесу

      1. Мемлекеттердiң құзыреттi органдары табыс талаптарын жинауға бiр-бiрiне көмек көрсетедi. Мұндай көмек 1 және 2-баптардың қолданылуымен шектелмейдi. Мемлекеттердiң құзыреттi органдары өзара келiсiм бойынша осы баптың қолданылу рәсiмдерiн белгiлей алады. 
      2. Осы бапта қолданылатын "табыс талабы" терминi салық салу осы Конвенцияға немесе қатысушылары Мемлекеттер немесе олардың орталық немесе жергiлiктi билiк органдары болып табылатын кез келген халықаралық шартқа қайшы келмейтiндей дәрежеде олардың атынан салынатын салықтың кез келген түрiне қатысты тиесiлi соманы, сондай-ақ осы сомаға қатысты пайыздарды, әкiмшiлiк айыппұлдарды және оларды жинау мен сақтауға арналған шығындарды бiлдiредi.
      3. Егер Мемлекеттiң табыс талабы осы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес орындалуы тиiс болатын және осы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес оны жинауға сол сәтте кедергi келтiре алмайтын тұлға iске асыратын жағдайда, мұндай табыс талабы екiншi Мемлекеттiң құзыреттi органының сұрау салуы бойынша екiншi Мемлекеттiң құзыреттi органы ретiнде жинау мақсатында танылатын болады. Мұндай табыс талабын осы екiншi Мемлекеттiң табыс талабы болып табылатындай табыс талабы сияқты өзiнiң салықтарын жинауға қатысты қолданылатын оның заңнамасының ережелерiне сәйкес екiншi Мемлекет жинауға тиiс.
      4. Егер Мемлекеттiң табыс талабы, жинауды қамтамасыз ету мақсатында оған қатысты осы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес сақтау жөнiндегi шараларды қолданатын табыс талабы болып табылатын жағдайда, мұндай табыс талабы осы Мемлекеттiң құзыреттi органының сұрау салуы бойынша екiншi Мемлекеттiң құзыреттi органының сақтауы жөнiндегi шараларды қолдану мақсатында танылады. Бұл екiншi Мемлекет өз заңнамасының ережелерiне сәйкес осы табыс талабына қатысты сақтау жөнiндегi шараларды, егер де осындай шараларды қолдану сәтiнде табыс талабы алғашқы аталған Мемлекетте жүзеге асырылмаса да немесе оны жинауға кедергi келтiре алатын тұлғаға тиесiлi болса да осы табыс талабы осы екiншi Мемлекеттiң табыс талабы болатыны сияқты қолданады.
      5. 3 және 4-тармақтардың ережелерiне қарамастан, 3 және 4-тармақтардың мақсаттары үшiн Мемлекет таныған табыс талабына осы Мемлекетте уақытша шектеулер қойылуға немесе талаптың сипатына қатысты осы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес табыс талаптарына қолданылатын оның басымдылығын айқындауға жатпайды. Осыған қосымша ретiнде, 3 және 4-тармақтардың мақсаттары үшiн Мемлекет қабылдаған табыс талабының осы Мемлекетте екiншi Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес осы табыс талабына қолданылатын басымдылығы болмайды. 
      6. Мемлекеттiң табыс талабының болуына, заңдылығына немесе сомасына қатысты сот iстерi екiншi Мемлекеттiң соттарына немесе әкiмшiлiк органдарына берiлмейдi.
      7. Егер Мемлекет 3 немесе 4-тармақтарға сәйкес сұрау салу жiбергеннен кейiн және екiншi Мемлекет тиiстi табыс талабын өндiрiп алып, алғашқы аталған Мемлекетке бергенге дейiнгi жағдайда, тиiстi табыс талабының:
      а) алғашқы аталған Мемлекеттiң табыс талабы осы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес орындала алатын және осы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес оны жинауға сол сәтте кедергi келтiре алмайтын тұлғаға тиесiлi болатын кезде 3-тармаққа сәйкес келетiн сұрау салынатын жағдайда немесе
      b) табыс талабы, жинауды қамтамасыз ету мақсатында оған қатысты осы Мемлекет өзiнiң заңнамасына сәйкес табыс талабы сомасының сақталуы жөнiндегi шараларды қолданыла алтын кезде 4-тармаққа сәйкес келетiн сұрау салынатын жағдайда қолданылуы тоқтатылады, алғашқы аталған Мемлекеттiң құзыреттi органдары екiншi Мемлекеттiң құзыреттi органдарына осы фактi туралы дереу хабарлайды және екiншi Мемлекеттiң таңдауы бойынша алғашқы аталған Мемлекет өзiнiң сұрау салуын тоқтата немесе керi қайтарып алады.
      8. Осы баптың ережелерiндегi ешқандай жағдайда да Мемлекеттерге мынадай мiндеттемелердi жүктеу:
      а) осы немесе екiншi Мемлекеттiң заңнамасына және әкiмшiлiк практикасына қайшы келетiн әкiмшiлiк шараларды қолдану; 
      b) мемлекеттiк саясатқа (қоғамдық тәртiпке) қайшы келетiн шараларды қолдану;
      с) егер екiншi Мемлекет нақты жағдайға байланысты Мемлекеттердiң заңнамаларына немесе әкiмшiлiк практикасына сәйкес табыс талабын жинау мен сақтау жөнiндегi барлық тиiстi шараларды қолданбаса, көмек көрсету;
      d) осы Мемлекетке жүктелетiн әкiмшiлiк ауыртпалық екiншi Мемлекет табатын пайдаға мөлшерi жағынан сәйкес келмеген жағдайларда көмек көрсету ретiнде түсiндiрiлмейдi.

27-бап
Дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелердiң қызметкерлерi

      Осы Конвенциядағы ештеңе де дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелер қызметкерлерiнiң халықаралық құқықтың жалпы нормалары беретiн немесе қатысушылары Мемлекеттер болып табылатын халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес берiлетiн артықшылықтар сияқты салық артықшылықтарын қозғамайды.

28-бап
Күшiне енуi

      1. Осы Конвенция ратификациялануы тиiс және Мемлекеттердiң оның күшiне енуi yшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдердi орындауы туралы соңғы хабарламаны алған күннен бастап күшiне енедi. 
      2. Осы Конвенция: 
      а) осы Конвенция күшiне енген жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе 1 қаңтардан кейiн төленетiн немесе есепке алынатын сомаға қатысты төлем көзiнен ұсталатын салықтарға;
      b) осы Конвенция күшiне енген жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан немесе 1 қаңтардан кейiн басталатын салық кезеңiне қатысты басқа да салықтарға қатысты қолданылады.

29-бап
Өзгерiстер мен толықтырулар

      Мемлекеттердiң өзара келiсiмi бойынша осы Конвенцияға осы Конвенцияның ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiле алады. Хаттамалар ратификациялануы тиiс және Мемлекеттердiң оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдердi орындауы туралы соңғы хабарламаны алған күннен бастап күшiне енедi.

30-бап
Қолданылуын тоқтату

      Осы Конвенция Мемлекеттердiң бiрi оның қолданылуын тоқтатпайынша күшiнде қала бередi. Кез келген Мемлекет Конвенция күшiне енген күннен бастап бес жылдық кезең өткеннен кейiнгi кез келген күнтiзбелiк жылдың аяқталуына кемiнде алты ай қалғанда қолданылуын тоқтату туралы дипломатиялық арналар арқылы хабарлама жiбере отырып, Конвенцияның қолданылуын тоқтата алады. Мұндай жағдайда, Конвенция:
      а) қолданылуын тоқтату туралы хабарлама берiлген жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе 1 қаңтардан кейiн төленетiн немесе есепке алынатын сома бойынша төлем көзiнен ұсталатын салықтарға қатысты;
      b) қолданылуын тоқтату туралы хабарлама берiлген жылдан кейiнгi екiншi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе 1 қаңтардан кейiн басталатын салық кезеңi үшiн басқа да салықтарға қатысты өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
      ______________ қаласында 200 жылғы __________ айының _______ күнi қазақ, армян және орыс тiлдерiнде әрқайсысы екi дана етiп жасалды. Барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Конвенцияның ережелерiн түсiндiруде алшақтықтар пайда болған жағдайда, Мемлекеттер орыс тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алады.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ       АРМЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
           ҮКIМЕТI ҮШIН                    ҮКIМЕТI ҮШIН

Жоба

  Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Армения Республикасының Yкiметi арасындағы табыс пен мүлiкке салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға хаттама

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Армения Республикасының Үкiметi арасындағы Табыс пен мүлiкке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға (бұдан әрi - Конвенция) қол қойған кезде екi Үкiмет мынадай ережелер осы Конвенцияның ажырамас бөлiгi болып табылатынына уағдаласты.

       Конвенцияның 5-бабының 4-тармағына қатысты :
      Осы Конвенцияның 5-бабының 4-тармағының ережелерi кәсiпорынның тауарлар мен бұйымдарды сату жағдайларын қамтымайды.

       Конвенцияның 8-бабының 2-тармағына қатысты :
      Осы Конвенцияның 8-бабының 2-тармағының мақсаттары үшiн көлiк құралдарын жалға беруден түсетiн табыс халықаралық тасымалдауда экипажымен қоса теңiз немесе әуе кемелерiн және автомобиль көлiгiн жалға беруден түсетiн табысты қамтиды.

      ___________ қаласында 200__жылғы _______ айының ______ күнi қазақ, армян және орыс тiлдерiнде әрқайсысы екi дана етiп жасалды. Барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiруде алшақтықтар пайда болған жағдайда, Мемлекеттер орыс тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алады.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ        АРМЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
           ҮКIМЕТI YШIН                       ҮКIМЕТI ҮШIН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады