Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Армения Республикасының Yкiметi арасындағы Азаматтардың өзара сапарлары туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 қарашадағы N 1046 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Армения Республикасының Үкiметi арасындағы Азаматтардың өзара сапарлары туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Армения Республикасының Үкiметi арасындағы Азаматтардың өзара сапарлары туралы келiсiмге қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Жоба

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Армения Республикасының
Yкiметi арасындағы Азаматтардың өзара сапарлары туралы
келiсiм

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Армения Республикасының Үкiметi,
      екi мемлекет арасындағы достық қатынастарды одан әрi дамыту мақсатында,
      екi мемлекет азаматтарының өзара сапарлары режимiн тәртiпке келтiру ниетiн басшылыққа ала отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      1. Бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары, оның iшiнде үшiншi мемлекетте тұрақты тұратындар не уақытша жүргендер, шетелге жол жүру үшiн жарамды құжаттар негiзiнде баратын мемлекеттiң мемлекеттiк шекарасын кесiп өткен күннен бастап тоқсан күнге дейiнгi мерзiмде екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына визасыз келе алады, транзитпен өте алады, кете алады, және онда бола алады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген болу мерзiмi әрбiр Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес ұзартылуы мүмкiн.

2-бап

      1. Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтары осы Келiсiм ұғымында мынадай құжаттар бойынша Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарына келе алады, кете алады, жүре алады және транзитпен өте алады:
      а) Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн:
      дипломаттық паспорт;
      қызметтiк паспорт;
      Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
      теңiзшiнiң паспорты (кеме журналында жазба немесе одан көшiрме болған жағдайда);
      Қазақстан Республикасына қайта оралуына арналған куәлiк (Қазақстан Республикасына қайта оралу үшiн ғана).
      б) Армения Республикасының азаматтары үшiн.
      дипломаттық паспорт;
      Армения Республикасы азаматының паспорты (шет мемлекеттерде жарамдылық мерзiмi туралы белгiсi бар);
      Армения Республикасына қайта оралуына арналған куәлiк (Армения Республикасына қайта оралу үшiн ғана).
      2. Тараптар шетелге жол жүру үшiн жарамды жаңа құжаттардың енгiзiлуi туралы, сондай-ақ бұрыннан бар құжаттарға өзгерiстер енгiзу туралы бiр-бiрiне дипломатиялық арналар арқылы ноталар алмасу жолымен алдын ала хабарлайтын болады және олардың үлгiлерiмен алмасады.

3-бап

      1. Дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары бар және дипломатиялық миссияның немесе олардың өкiлдiктерiнiң мәртебесi бар және екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында орналасқан дипломатиялық өкiлдiктiң қызметкерлерi, консулдық мекеменiң қызметкерлерi немесе халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi болып табылатын бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары, өздерiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн орындаудың бүкiл мерзiмi iшiнде осы мемлекеттiң аумағына визасыз келе алады, кете алады және онда бола алады.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi аталған адамдармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне де, олар пайдаланып жүрген паспорттардың нысанына қарамастан қолданылады.

4-бап

      1. Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына тоқсан күннен артық мерзiмге келетiн бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары қабылдайтын мемлекеттiң визасын алуға мiндеттi.
      2. Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында тұрақты тұратын бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары олардың тұрақты тұратынын растайтын құжаттары болған жағдайда осы мемлекет аумағынан визасыз шыға алады және қайтып орала алады.
      3. Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында тұрақты тұратын бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары тұрып жатқан елiнiң заңнамасына сәйкес тұрақты тұру үшiн шетелге шыға алады.

5-бап

      Бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары халықаралық қатынастар үшiн ашық шекаралық өткiзу пункттерi арқылы екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына келе алады, кете алады, транзитпен өте алады.

6-бап

      Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының және Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының ережелерiне нұқсан келтiрместен бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары екiншi Тарап мемлекетiнiң шекарасын кесiп өткен кезде және оның аумағында болған уақытында осы Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасын сақтауға мiндеттi.

7-бап

      Осы Келiсiм басқа Тарап мемлекетiнiң өз аумағында болуы қажетсiз деп есептелетiн азаматтарының келуiнен бас тарту немесе олардың болу мерзiмiн қысқарту сияқты Тараптар мемлекеттерiнiң құқықтарын шектемейдi. Тараптардың әрқайсысы екiншi Тарап мемлекетiнен кетуi ұйғарылған өзi азаматтарын шарт қоймастан және кез келген уақытта қабылдайды.

8-бап

      1. Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетiлген құжаттарды жоғалтқан бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары бұл туралы өзi болатын мемлекеттiң құзыреттi органдарына кiдiрiссiз хабарлауға тиiс, олар құжаттардың жоғалғаны туралы өтiнiштi растайтын анықтама бередi.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тұлғаларға, олар азаматтығын алған мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiктерi немесе консулдық мекемелерi шетелге жол жүру үшiн жарамды жаңа құжат бередi.

9-бап

      Тараптар кем дегенде отыз күн бұрын келу, болу және кету шарттарының өзгерiстерi туралы дипломатиялық арналар арқылы бiр-бiрiн хабардар ететiн болады.

10-бап

      Тараптар өзара келiсiм бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзе алады, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi, және осы Келiсiмнiң 2-бабының 2 тармағында айтылған жағдайларды қоспағанда, осы Келiсiмнiң күшiне енгiзiлуi үшiн көзделген тәртiппен күшiне енедi.

11-бап

      Осы Келiсiмдi түсiндiруге және орындауға қатысты даулы мәселелер Тараптардың арасында консультациялар және келiссөздер арқылы реттеледi.

12-бап

      1. Тараптардың әрқайсысының, егер ол мемлекеттiң қауiпсiздiгiн, қоғамдық тәртiптi немесе өз мемлекетi халқының денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету үшiн қажет болса, осы Келiсiмнiң жекелеген ережелерiнiң қолданысын толық немесе iшiнара тоқтата тұруға құқығы бар.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шараларды қабылдау туралы және олардың күшiн жою туралы Тараптар бiр-бiрiне дипломатиялық арналар арқылы дереу хабарлайтын болады.
      3. Осы Келiсiмнiң әрекетiнiң толық немесе iшiнара тоқтатыла тұруы осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес бiр Тарап мемлекетiнiң аумағында жүрген Тараптар мемлекеттерi азаматтарының онда болу тәртiбiне қолданылмайды.

13-бап

      1. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішiлік рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнiнен бастап күшiне енедi.
      2. Тараптардың әрқайсысы бұл туралы екiншi Тарапқа жазбаша нысанда хабарлап, осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтата алады. Мұндай жағдайда осындай хабарлама күнiнен бастап тоқсан күн өткеннен кейiн Келiсiм күшiн жояды.

      200__жылғы "___"________ _________ қаласында әрқайсысы қазақ, армян және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiліндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

       ҚАЗАҚСТАН                                 АРМЕНИЯ
  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                          РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
    YКIМЕТI YШІН                             YКIМЕТI YШІН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады