"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шарты бойынша ұйымының Дайындық комиссиясы арасындағы Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шартты қолдауға халықаралық мониторинг объектiлерiнде, сертификаттаудан кейiнгi iс-шараларды қоса алғанда, iс-шараларды өткiзу жөнiндегi келiсiмдi ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қарашадағы N 1052 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шарты бойынша ұйымының Дайындық комиссиясы арасындағы Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шартты қолдауға халықаралық мониторинг объектiлерiнде, сертификаттаудан кейiнгi iс-шараларды қоса алғанда, iс-шараларды өткiзу жөнiндегi келiсiмдi ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

  Қазақстан Республикасының
Заңы

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ядролық сынауларға
жан-жақты тыйым салу туралы шарты бойынша ұйымының
Дайындық комиссиясы арасындағы Ядролық сынауларға
жан-жақты тыйым салу туралы шартты қолдауға халықаралық
мониторинг объектiлерiнде, сертификаттаудан кейiнгi
iс-шараларды қоса алғанда, iс-шараларды өткiзу жөнiндегi
келiсiмдi ратификациялау туралы

      2004 жылғы 9 қыркүйекте Венада жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шарты бойынша ұйымының Дайындық комиссиясы арасындағы Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шартты қолдауға халықаралық мониторинг объектiлерiнде, сертификаттаудан кейiнгi iс-шараларды қоса алғанда, iс-шараларды өткiзу жөнiндегi келiсiм ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YKIMETІ МЕН ЯДРОЛЫҚ
СЫНАУЛАРҒА ЖАН-ЖАҚТЫ ТЫЙЫМ САЛУ ТУРАЛЫ ШАРТЫ
БОЙЫНША ҰЙЫМЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҚ КОМИССИЯСЫ
АРАСЫНДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ СЫНАУЛАРҒА ЖАН-ЖАҚТЫ ТЫЙЫМ
САЛУ ТУРАЛЫ ШАРТТЫ ҚОЛДАУҒА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
МОНИТОРИНГ ОБЪЕКТIЛЕРIНДЕ, СЕРТИФИКАТТАУДАН
КЕЙIНГI IС-ШАРАЛАРДЫ ҚОСА АЛҒАНДА, IС-ШАРАЛАРДЫ
ӨТКIЗУ ЖӨНIНДЕГI КЕЛIСIМ

      Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шартына (бұдан әрi - "ЯСЖТШ" аталатын) қол қойған мемлекеттер 1996 жылғы 19 қарашада Нью-Йорк қаласында қабылдаған Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шарты бойынша Ұйымының Дайындық комиссиясын (бұдан әрi "Комиссия" аталатын) құру туралы қарардың қосымшасындағы Дайындық комиссиясының Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың Ұйымын құру туралы мәтiннiң 12(b) тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкiметi (бұдан әрi - "Үкiмет" аталатын) және Комиссия (бұдан әрi "Тараптар" аталатын) Комиссияның а) мониторинг бойынша қолда бар объектiлерiнiң түгендеуiн жүргiзу; b) алаңдардың тексеруiн жүргiзу с) мониторинг объектiлерiн жаңғырту немесе жаңаларын құру және/немесе d) Халықаралық Мониторинг Жүйесiнiң (бұдан әрi - "ХМЖ") стандарттарына сәйкес объектiлердi (бұдан әрi "объектiлер" аталатын) сертификаттау бойынша iс-шараларын қолдау мақсатымен, сондай-ақ, керегiнде, уақытша пайдалануының сынауларын жүргiзе беруiн және ЯСЖТШ тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету мiндеттер шеңберiнде ХМЖ-не қызмет көрсету мақсатында төмендегi мыналар туралы келiстi:

1-бап

      Үкiмет және Комиссия осы Келiсiмнiң ережелерiнiң орындалуына жәрдем ету мақсатында ынтымақтасады. Қазақстан Республикасының аумағында Комиссия өткiзуге немесе Комиссияның атынан өткiзiлуге тиiстi iс-шаралар осы Келiсiмнiң I-қосымшасында баяндалған.

2-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес Комиссия өткiзуi немесе Комиссия атынан өткiзiлуi тиiстi iс-шаралар Комиссияның Қаржы Регламентiнiң ережелерiне сәйкес Комиссия жасаған келiсiм-шарттың немесе келiсiм-шарттардың шарттарына сәйкес өткiзiледi.

3-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес Комиссия өткiзетiн iс-шараларын, Үкiметпен консультациядан кейiн Комиссия тағайындайтын персоналдан тұратын, Комиссия тобы жүзеге асырады. Комиссияға ауыстыру үшiн топтың жаңа мүшелерiн ұсыну құқығы берiледi деп түсiнiлген жағдайда Үкiметтiң Комиссия тобының белгiлi бiр мүшелерiнен бас тарту құқығы болады. Комиссия өткiзетiн әрбiр iс-шара бойынша Комиссия топ жетекшiсiн тағайындайды, ал Үкiмет атқарушы өкiлiн тағайындайды, олар арқылы Комиссиямен Үкiмет арасындағы байланыс жүзеге асырылады.

4-бап

      Шекараны қиып өту пунктiне Комиссия тобының ұсынылған келуiне дейiн кемiнде 14 күн бұрын Комиссия тобының жетекшiсi мен атқарушы өкiл осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес iс-шараларды өткiзу үшiн Қазақстан Республикасының аумағына Комиссия тобы әкелген жабдықтарға қатысты консультацияларды қоса алғанда, жоспарланған iс-шараларды өткiзуiне жәрдем ету мақсатында консультация өткiзедi. Сертификаттаудан кейiнгi iс-шаралар үшiн жабдық, ЯСЖТШ II бабының 26(h) тармағына зиян келтiрмейтiндей Комиссия қабылдаған ХМЖ бойынша тиiстi Жедел басшылықтардың талаптарына сәйкес болуы тиiс. Осы консультациялар процесiнде Үкiмет Қазақстан Республикасының аумағына келуi мен қайтуында Комиссия тобы мен жабдық кiретiн және шығатын пункттерi туралы Комиссияны хабардар етедi.

5-бап

      Осы Келiсiмнiң 4-бабында айтылатын консультациялар кезiнде атқарушы өкiл, ЯСЖТШ II бабының 26(h) тармағына зиян келтiрмейтiндей Комиссия қабылдаған ХМЖ бойынша тиiстi Жедел басшылықтарына сәйкес, осы Келiсiмге I Қосымшада баяндалған iс-шаралар өткiзу мақсатымен Комиссия тобы Қазақстан Республикасына кiруiне және оның аумағында қала беруiне мүмкiндiк беретiн құжаттарды беру үшiн Қазақстан Республикасына қандай ақпараттың қажеттiлiгi туралы Комиссияны хабардар етедi. Комиссия бұл ақпаратты осы консультациялар аяқталысымен мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмдерде Yкiметке ұсынуы тиiс. Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес Комиссия тобына Қазақстан Республикасының аумағына кiру және онда осындай iс-шараларды жүргiзу үшiн қажеттi уақыт кезеңiне қалу құқығы берiледi. Комиссия мүшелерiне талап етiлген жағдайларда, Үкiмет тиiстi рұқсатнамаларды мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмдерде бередi және ұзартады.

6-бап

      Комиссия тобының iс-шаралары осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес, оның функциялары барынша мүмкiндiлiк дәрежесiнде дер кезiнде және тиiмдi орындалуын қамтамасыз ете және Қазақстан Республикасына мүмкiндiгiнше ең мейiлiнше аз қолайсыздық және олардың iшiнде өз қызметiн жүзеге асыратын объектiлерге немесе аудандарға Комиссия тобы мейiлiнше аз бөгет келтiре отырып Үкiметтiң қатысуымен ұйымдастырылады. Мұндай қызмет ХМЖ объектiлерi орналасқан алаңдардың экологиясына және/немесе қоршаған ортасына қауiп төндiрмеуге мiндеттi.

7-бап

      Үкiмет Қазақстан Республикасының аумағында болатын Комиссия тобы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi және оның қалыпты жұмысы iстеуi үшiн қажеттi жағдайлар жасайды. 1946 жылы 13 ақпанда Нью-Йорк қаласында қол қойылған БҰҰ-ның артықшылықтары және иммунитеттерi туралы Конвенцияның ережелерi осы Келiсiмнiң ережелерiн орындалуына байланысты Комиссияның қызметiне, оның лауазымды тұлғаларына және сарапшыларына mutatis mutandis қолданылады.

8-бап

      Үкiмет тиiстi органдардың Комиссия тобымен ынтымақтастығын қамтамасыз ету үшiн барлық тиiстi күш-жiгерiн салады. Комиссия осы Келiсiмнiң шеңберiнде өткiзiлетiн барлық жұмыстар туралы ақпаратты дер кезiнде атқарушы өкiлге берiлуiн қамтамасыз етуi үшiн барлық тиiстi iс-шараларын қабылдайды.

9-бап

      Үкiмет пен Комиссия жоғарыда 4-бапта көрсетiлген консультациялар барысында Комиссия тобының Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге арналған жабдықтарының тiзiмiн дайындайды. Үкiмет Комиссия тобы iс-шараларын орындау үшiн осы жабдықтың қажеттiлiгi мен жарамдылығына көз жеткiзу үшiн, Комиссия тобының Қазақстан Республикасына әкелген жабдықтарын тексерудi жүргiзуге құқығы бар. Үкiмет, егерде Комиссия тобының жетекшiсi оның қатысуы қажет деп санамаса, тексерудi Комиссия тобы жетекшiсiнiң қатысуынсыз жүргiзуге құқығы бар. Топ жетекшiсi, қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында ерекше қарауын немесе сақтауын талап ететiн жабдықты көрсетедi және ол туралы ақпарат атқарушы өкiлге Комиссия тобы кiру пунктiне келгенше дейiн берiледi. Үкiмет Комиссия тобы әкелген жабдықтың сенiмдi қауiпсiз орында сақталуын қамтамасыз етедi. Жабдықты тасымалдау кезiндегi ақтаусыз кiдiрiстердiң алдын алу мақсатында Үкiмет жабдықтың Қазақстан Республикасының аумағына әкелуіне қатысты iшкi ережелерi мен талаптарын орындауға, және тиiстi жағдайларда Қазақстан Республикасынан осындай жабдықтың әкетiлуiне Комиссия тобына жәрдемдеседi.

10-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасына әкелiнетiн Комиссияның жабдығы мен басқа мүлкi кеден бажынан босатылады. Атқарушы өкiл осы жабдық пен/немесе мүлiктiң кедендiк ресiмделуiне жәрдемдеседi. Мониторинг объектiлерiнде тұрақты орнату үшiн Қазақстан Республикасына берiлетiн жабдыққа арналған құқық, жабдықтың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген сәтiнен бастап дереу Үкiметке көшедi.

11-бап

      Комиссия, оның активтерi, түсiмдерi және осы Келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген өзге мүлкi Қазақстан Республикасының барлық тiкелей салықтарынан босатылады. Осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес қызмет көрсетуiне сатып алуын және келiсiм-шарттарын жасасу кезiнде Комиссия төлеген бағаның бөлiгiн құрайтын кез келген баждарын немесе салықтарын қайтару немесе олардан босату үшiн Yкiмет тиiстi әкiмшiлiк iс-шараларын қолданады.

12-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес өткiзiлген iс-шаралар бойынша бiр Тараптың даярлаған кез келген мәлiметтерi және ресми есептерi екiншi Тараптың қарамағына ұсынылады.

13-бап

      Осы Келiсiмнiң мақсаттарына ХМЖ объектiлерiнде сертификаттаудан кейiнгi iс-шаралар келесi екi талап орындалғаннан кейiн басталатын болады:
      i) Тиiстi рәсiмдерге және/немесе сертификаттау жөнiндегi басшылыққа сәйкес Комиссияның ХМЖ объектiлерiн сертификаттауы;
      ii) Егер де, Комиссия ХМЖ объектiлерiн пайдалану және қызмет көрсету үшiн қажет болса, егжей-тегжейлi қаржылық келiсiмдердi қоса алғанда, бюджеттi бекiтуi.

14-бап

      Сертификаттаудан кейiнгi iс-шаралар өткiзуiндегi ынтымақтастық мынаны қамтиды:
      1) Тараптар жасасқан рәсiмдер мен келiсiмдерге сәйкес, Yкiмет, қажет жағдайда, объектiлердi сынақтан өткiзедi, уақытша пайдаланады және қызмет көрсетедi. Халықаралық Деректер Орталығы (бұдан әрi "ХДО" аталатын) сапасы жоғары және сенiмдiлiгi жоғары дәрежедегi деректер алуын қамтамасыз ету үшiн бұл рәсiмдер, ЯСЖТШ II бабының 26(h) тармағы үшiн зиян келтiрмейтiндей Комиссия қабылдаған ХМЖ жөнiндегi тиiстi Жедел басшылықтармен келiсiледi;
      2) Үкiмет, ЯСЖТШ II бабының 26(h) тарабы үшiн зиян келтiрмей Комиссия қабылдаған ХМЖ жөнiндегi тиiстi Жедел басшылықтары бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сынауымен, уақытша пайдалануымен және қажет жағдайда қызмет көрсетуiмен байланысты барлық тиiстi коммуналдық қызметтерiн қамтамасыз етедi, және де шығындар, ЯСЖТШ-ның IV бабының 19-21-тармақтарына және Комиссияның тиiстi бюджеттiк шешiмдерiне сәйкес, Комиссиямен толтырылады;
      3) Үкімет, Комиссия сұрауы бойынша, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына және жиiлiктердi бөлудiң ұлттық жоспарына сәйкес, байланыстың қажеттi арналары үшiн талап етiлетiн қолайлы жиiлiктердi бөлуiн қамтамасыз етедi;
      4) Үкiмет, объект бойынша жедел басшылықта белгiленген форматтар мен қаптамаларды пайдалана отырып, объектiлердiң кез келгенiнен тiркелген немесе алынған деректердi ХДО-на тапсырады. Деректердiң осындай берiлуi неғұрлым тiкелей және үнемдi тәсiлмен тиiстi объектiден және Ұлттық деректер орталығынан жүргiзiледi. Комиссияға деректер берудiң барлық түрлерi, Үкiметтiң немесе Қазақстан Республикасының қандай да бiр құзыреттi органымен Қазақстан Республикасының үкiметтiк мекемелерi үшiн белгiленген ең аз тарифтердiң мiндеттi түрiнен аспайтын, көрсетiлген қызметтердiң құнымен тiкелей байланысты алымдардан басқа, баждардан және өзге төлемдерден бос болады;
      5) Үкiмет объектiлердiң кез келгенiмен байланысты, деректер беру желiлерiн, далалық жабдықтарды және датчиктерiн қоса алғанда, объектiлер мен жабдықтардың табиғи қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi, бұл ретте шығындар, ЯСЖТШ-ның IV бабының 19-21 тармақтарына және Комиссияның тиiстi бюджеттiк шешiмдерiне сәйкес анықталады;
      6) Үкiмет, ЯСЖТШ II бабының 26(h) тармағы үшiн зиян келтiрмейтiндей, Комиссия қабылдаған ХМЖ жөнiндегi тиiстi Жедел басшылықтарына сәйкес барлық объектiлердегi аспаптардың калибрлеуiн қамтамасыз етедi;
      7) Yкiмет проблемалар пайда болу туралы, проблема сипаты және оны жоюдың күтулi мерзiмi туралы ХДО-на ақпар берiп, Комиссияны хабардар етедi. Yкiмет, сондай-ақ Комиссияны қандай да болмасын объектiден түсетiн деректердiң сапасына әсер еткен қалыптан тыс құбылыстың пайда болған уақыты туралы хабардар етедi;
      8) Комиссия Yкiметпен, егер де Yкiмет сондай өзгерiстердiң жүзеге асыруын өз жауапкершiлiгiне алмаса, жабдықтар мен байланыс арналарын тексеру және жабдықтардың қажеттi өзгерiстерi мен басқа пайдалану рәсiмдерiн жүзеге асыру мақсатында, Комиссияның объектiлерге енуiне рұқсат беру рәсiмдерi бойынша консультациялар жүргiзедi. Осындай рәсiмдерге сәйкес Комиссияның 1-қосымшада көрсетiлген ХМЖ кез келген объектiлерiне eнугe мүмкiндiгi болады.

15-бап

      Үкiмет Комиссиядан түсетiн, қажет болғанда I Қосымшада көрсетiлген объектiлердiң кез келгенiн сынауына және қажеттiлiгiнде оның уақытша пайдалануына қатысты немесе ХДО-на деректер беруiне қатысты сұрақтарына, мониторинг бойынша объектiлерiнiң персоналы мүмкiншiлiгiне қарай жедел ақпарат беруiн қамтамасыз етедi. Бұл жауаптар тиiстi объектi бойынша жедел басшылықта көрсетiлген форматта берiледi.

16-бап

      Осы Келiсiмдi жүзеге асыруына қатысты құпиялық мәселелерi ЯСЖТШ және Комиссияның тиiстi шешiмдерiне сәйкес шешiледi.

17-бап

      Осы Келiсiмдi жүзеге асыру бойынша қызметiнiң шығындар Комиссия қабылдайтын тиiстi бюджеттiк шешiмдерiне сәйкес толтырылады. Соның iшiнде, тиiстi жағдайларда табиғи қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуiн, деректер ұқсастыруының келiсiлген рәсiмдерiн, үлгiлерiн беруiн және объектiлер мен Ұлттық деректер орталығынан ХДО-ға деректер беруiн қоса алғанда, объектiлердi сынауымен, қажет жағдайда уақытша пайдалануымен және қызмет көрсетуiмен байланысты шығындар ЯСЖТШ IV бабының 19-21 тармақтарында көзделгендей және Комиссияның тиiстi бюджеттiк шешiмдерiне сәйкес толтырылады.

18-бап

      Осы Келiсiмнiң 1-қосымшасында көрсетiлген әрбiр iс-шара аяқталысымен, Комиссия ХМЖ бiр бөлiгi ретiнде объектiнiң тиiстi жұмыс iстеуiне қажет деп табатын тиiстi техникалық көмектi Комиссия Қазақстан Республикасына көрсетедi. Сондай-ақ Комиссия, Yкiмет сондай көмек туралы сұрау салуында және Комиссияның бекiтiлген бюджеттiк ресурстар шегiнде, қажет жағдайда уақытша пайдалануына және мониторинг бойынша объектiлерi мен байланыс құралдарына қызмет көрсетуiне техникалық көмек көрсетедi және қолдау жасайды.

19-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындауымен байланысты Тараптар арасында кез келген қайшылықтар немесе дау болуы жағдайында, оларды тездетiп шешу мақсатында консультациялар өткiзедi. Егер Тараптар келiспеушiлiктердi немесе дауларды реттей алмаған жағдайда кез келген Тарап консультация және көмек алу үшiн бұл мәселенi Комиссияның жалпы отырысында көтере алады.

20-бап

      Осы Келiсiмнiң өзгертiлуi Тараптардың хат алмасу түрiндегi келiсiмiмен өткiзiледi. Тараптар өзара шешiмi бойынша қандай қажет деп тапса, сондай қосымша келiсiмдер жасасуы мүмкiн.

21-бап

      Осы Келiсiмге 1 Қосымша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады, және осы Келiсiмге кез келген сiлтеме I Қосымшаға кiргiзiлетiн сiлтеме болып түсiнiлуге тиiстi. I Қосымшасының қандай да бiр ережесiмен осы Келiсiмнiң мәтiнiндегi қандай да бiр ережесiмен келiспеушiлiк орын алған жағдайда, Келiсiмнiң ережелерi артықшылыққа ие болады.

22-бап

      Осы Келiсiм, күшiне енуi үшiн қажеттi барлық ұлттық талаптары орындалуы туралы Қазақстан Республикасының хабарын Комиссия алған күнiнен бастап күшiне енедi. Осы Келiсiм ЯСЖТШ күшiне енгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шарты жөнiндегi ұйымының арасында объектiлер бойынша жаңа Келiсiм жасалғанға дейiн күшiнде қалады.
      Екi мың төртiншi жылғы қыркүйектiң тоғызында Вена қаласында ағылшын, қазақ және орыс тiлiндегi үш данада қол қойылған, және де мәтiндердiң үшеуi де бiрдей тең түпнұсқалы. Осы Келiсiмнiң түсiндiрiлуiне байланысты кез келген дау болған жағдайда ағылшын тiлiндегi мәтiнi артықшылық күшке ие болады.

      Қазақстан Республикасының        Ядролық сынақтарға жан-жақты
          Yкiметi үшiн                  тыйым салу шарты ұйымының
                                        Дайындық комиссиясы үшiн
  __________________________________   _____________________________
             (қолы)                                (қолы)

      Қасымжомарт Тоқаев                     Вольфганг Хоффманн
    Сыртқы iстер министрi                      Атқарушы хатшы

 (аты-жөнi және лауазымы)                  (аты-жөнi және лауазымы)

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарты ұйымының Дайындық комиссиясы арасындағы Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты қолдауға халықаралық мониторинг объектiлерiнде сертификаттаудан кейiнгi iс-шараларын қоса алғанда, iс-шараларды өткiзу жөнiндегi Келiсiмге

I Қосымша

      I. Төменде көрсетiлген Халықаралық мониторинг бойынша объектiлерiнде iс-шаралардың бiреуiнiң немесе барлығының өткiзiлуi талап етiлуi мүмкiн:
      1. Түгендеу
      2. Алаңды зерттеу
      3. Жабдықты орнату
      4. Жаңғырту
      5. Тестiлеу және бағалау
      6. Сертификаттау
      7. Сертификаттаудан кейiнгi iс-шаралар
      II. Қазақстан Республикасының аумағындағы Халықаралық Мониторинг Жүйесiнiң шегiндегi мониторинг бойынша объектiлерi

1. Мақаншы
PS23 сейсмологиялық станциясы

тұрпаты

MKAR
сейсмикалық тобы

2. Бурабай
AS57 сейсмологиялық станциясы

тұрпаты

BYAR
сейсмикалық тобы

3. Курчатов
AS58 сейсмологиялық станциясы

тұрпаты

KURK
3-K>сейсмикалық тобы

4. Ақтөбе
AS59 сейсмологиялық станциясы

тұрпаты

АКТО
3-K

5. Ақтөбе
IS31 инфрадыбыс станциясы

  

  

ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАРҒА ЖАН-ЖАҚТЫ ТЫЙЫМ САЛУ ТУРАЛЫ
ШАРТ

КIРIСПЕ

      Осы Шартқа қатысушы мемлекеттер (төменде - "қатысушы мемлекеттер" деп аталады),
      ядролық қарусыздану саласындағы, ядролық қару арсеналдарын қысқартуды қоса алғанда, сондай-ақ оның барлық аспектiлерiнде ядролық таратуды болдырмау саласындағы соңғы жылдардағы халықаралық келiсiмдер мен басқа да оң шараларды  қолдай отырып,
      осындай келiсiмдер мен шараларды толық және дер кезiнде жүзеге асырудың маңыздылығын  атап көрсете отырып,
      қазiргi халықаралық жағдайдың бұдан әрi де ядролық қарусыздануға және ядролық қаруды оның барлық аспектiлерiнде таратуға қарсы тиiмдi шаралар қабылдау үшiн мүмкiндiк беретiндiгiне әуелде көз жеткiзген және осындай шараларды қабылдауға өздерiнiң ниетi туралы  мәлiмдей отырып,
      сондықтан осы қаруды жоюдың түпкiлiктi мақсатымен ядролық қаруды ғаламдық деңгейде қысқарту жөнiндегi жүйелi және дәйектi күш-жiгерлердi жалғастырудың, сондай-ақ қатаң және тиiмдi халықаралық бақылау арқылы жалпылама және толық қарусызданудың қажеттілiгiн  атап көрсете отырып,
      ядролық қаруды әзiрлеу мен сапалы жетiлдiрудi шектеу және ядролық қарудың неғұрлым жетiлдiрiлген жаңа тұрпаттарын әзiрлеудi тоқтату арқылы ядролық қарудың барлық сынақтық жарылыстарын және барлық басқа да ядролық жарылыстарды тоқтату өзiмен ядролық қарусыздану мен оны барлық аспектiлерде таратпаудың тиiмдi шараларын бiлдiретiндiгiн  мойындай отырып,
      сондай-ақ осындай барлық ядролық жарылыстарды тоқтату ядролық қарусыздануға қол жеткiзу мақсатымен жүйелi процестi iске асырудағы маңызды қадам болатындығын  мойындай отырып,
      ядролық сынақтарды тоқтатуға қол жеткiзудiң барынша тиiмдi тәсiлi - қарусыздану және таратпау саласында халықаралық қоғамдастықтың неғұрлым басымды ежелгi мақсаттарының бiрi болып табылатын ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы әмбебап және халықаралық тиiмдi бақылауға икемдi шарт жасасу болып табылатындығына әуелде  көз жеткiзе отырып,
      Атмосферадағы, ғарыш кеңiстiгiндегi және су астындағы ядролық сынақтарға тыйым салу туралы 1963 жылғы шартқа қатысушылар бiлдiрген ядролық қарудың барлық сынақтық жарылыстарын мүлде тоқтатуға қол жеткiзуге ұмтылысын  атай отырып,
      сондай-ақ осы Шарт қоршаған ортаны қорғауға көмектесетiндiгі туралы бiлдiрiлген пiкiрдi  атай отырып,
      барлық мемлекеттердiң осы Шартқа қосылуын қамтамасыз ету мақсатын және ядролық қаруды оның барлық аспектiлерiнде таралуын болдырмауға, ядролық қарусыздану процесiне тиiмдi көмектесу, сонымен халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi нығайту мақсатын  қуаттай отырып,
      төмендегілер туралы  келiстi:

I БАП
НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

      1. Әрбiр қатысушы мемлекеттер ешқандай ядролық сынақтарды немесе кез келген басқа да ядролық жарылысты жасамауға, сондай-ақ оның юрисдикциясына немесе бақылауына жататын кез келген жерде кез келген осындай ядролық жарылысқа тыйым салуға және болдырмауға мiндеттенедi.
      2. Әрбiр қатысушы мемлекеттер бұдан әрi кез келген ядролық қарудың жарылыстық сынағын және кез келген басқа да ядролық жарылысты жасау ниетiнен, ынталандырудан немесе қандай да бiр қатысудан тартынуға мiндеттенедi.

II БАП
ҰЙЫМ

А. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Қатысушы мемлекеттер осы Шарттың объектiсi мен мақсаттарына қол жеткiзу, оның сақталуына халықаралық бақылау жөнiндегi ережелердi қоса алғанда, оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ қатысушы мемлекеттер арасындағы консультациялар мен ынтымақтастық үшiн форумды қамтамасыз ету үшiн осымен ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт жөнiндегi Ұйымды (төменде - "Ұйым" деп аталады) құрады.
      2. Барлық қатысушы мемлекеттер Ұйым мүшесi болып табылады. Қатысушы мемлекет өзiнiң Ұйымға мүшелiгінен айырылмайды.
      3. Ұйымның орналасқан жерi - Вена, Австрия Республикасы болып табылады.
      4. Осымен Ұйымның органдары ретiнде мыналар құрылады: Қатысушы мемлекеттер конференциясы, Атқарушы кеңес және Халықаралық деректер орталығын қамтитын Техникалық хатшылық.
      5. Әрбiр қатысушы мемлекет осы Шартқа сәйкес өздерiнiң функцияларды орындауда Ұйыммен ынтымақтасады. Қатысушы мемлекеттер осы Шарттың объектiсi мен мақсатына немесе ережелерiнiң жүзеге асырылуына қатысты көтерiлуi мүмкiн кез келген мәселе бойынша тiкелей өзара немесе, Ұйым не Бiрiккен Ұлттар Ұйымы шеңберiндегi рәсiмдердi қоса алғанда және оның Жарғысына сәйкес, басқа да тиiстi халықаралық рәсiмдер арқылы консультациялар жүргiзедi.
      6. Ұйым осы Жарғыға сәйкес көзделген бақылау жөнiндегi өзiнiң қызметiн осындай қызметтiң мақсатына дер кезiнде және тиiмдi қол жеткiзуге сай мүмкiндiгiнше аз араласа отырып жүргiзедi. Ол тек осы Шарт жөнiндегi өз мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi ақпарат пен деректерге сұрау салады. Ол осы Шартты жүзеге асыру кезiнде оған белгілi болған азаматтық және әскери қызмет пен объект туралы ақпарат құпиялылығын қорғау үшiн барлық сақтық шараларын қолданады, және, атап айтқанда, осы Шартта мазмұндалған құпиялылық ережелерiн сақтайды.
      7. Әрбiр қатысушы мемлекет осы Шартты iске асыруға байланысты Ұйымнан сенiмдiлiк негiзiнде алынған ақпарат пен деректердi құпия сапасында қарастырады және осындай ақпаратпен және осындай деректермен айналысудың ерекше тәртiбiн белгiлейдi. Ол осындай ақпаратты және осындай деректi айрықша осы Шарт бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiне байланысты қарастырады.
      8. Ұйым дербес мекеме ретiнде тиiстi жағдайларда қолда бар арнайы бiлiмдердi, сондай-ақ құралдарды қолдануға және Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiк сияқты басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық негiзiнде уағдаластық жолымен шығын тұрғысынан қарағанда барынша жоғарғы тиiмдiлiкке жетуге талпынады. Мұндай уағдаластықтар, олардың елеусiз және әдеттегi коммерциялық және келiсiмшарттық сипаты барларын қоспағанда, қатысушы мемлекеттер Конференциясының мақұлдауына ұсынылатын келiсiмдерде мазмұндалады.
      9. Ұйымның қызметiне арналған шығыстарды қатысушы мемлекеттер жыл сайын Бiрiккен Ұлттар Ұйымы мен Ұйымның мүшелiк құрамындағы айырмашылықтарды есепке алумен түзетiлген Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жарналарының шкаласына сәйкес өтейдi.
      10. Қатысушы мемлекеттердiң Дайындық комиссиясына қаржылық жарналары тиiстi дәрежеде олардың тұрақты бюджеттегi жарналарынан шегерiледi.
      11. Өзiне есептелген жарнаны төлеу жөнiнде Ұйымға берешегi бар Ұйым мүшесi, егер оның берешегiнiң сомасы өткен толық екi жылдағы оған тиесiлi жарна сомасын құраса немесе асатын болса, Ұйымда дауыс құқығы болмайды. Дегенмен де қатысушы мемлекеттер Конференциясы, егер төлем осындай мүшеге тәуелдi емес жағдайларда төленбегенiне көз жеткiзсе, осындай мүшеге дауыс беруге қатысуға рұқсат ете алады.

В. ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Құрам, рәсiмдер және шешiмдердi қабылдау

      12. Қатысушы мемлекеттер Конференциясы (төменде "Конференция" деп аталады) барлық қатысушы мемлекеттерден тұрады. Әрбiр қатысушы мемлекеттiң Конференцияда орынбасарлары мен кеңесшiлерi ерiп жүретiн бiр өкiлi болды.
      13. Конференцияның алғашқы сессиясын депозитарий осы Шарт күшiне енгеннен кейiн 30 күннен соң кешiктiрмей шақырады.
      14. Конференция, егер ол тек өзге шешiм қабылдамаса, жыл сайын өткiзiлетiн кезектi сессияларына жиналады.
      15. Конференцияның арнайы сессиясы:
      а) Конференция шешiмi бойынша;
      b) Атқару кеңесiнiң сұрау салуымен; немесе
      с) қатысушы мемлекеттердiң көпшiлiгi қолдайтын кез келген қатысушы мемлекеттiң сұрау салуымен шақырылады.
      Арнайы сессия Конференция шешiмiнен, Атқару кеңесiнiң сұрау салуынан немесе, егер тек шешiмде немесе сұрау салуда өзгеше көрсетiлмесе, қажеттi қолдау алғаннан кейiн 30 күннен соң кешіктірiлмей шақырылады.
      16. Конференция, сондай-ақ VII бапқа сәйкес түзетулердi қарау жөнiндегi Конференция нысанында шақырылуы мүмкiн.
      17. Конференция, сондай-ақ VIII бапқа сәйкес Шарттың қолданылуын қарастыру жөнiндегi Конференция нысанында шақырылуы мүмкiн.
      18. Сессия, егер Конференция басқа шешiм қабылдамаса, Ұйымның орналасқан жерiнде өткiзiледi.
      19. Конференция өзiнiң рәсiм ережелерiн қабылдайды. Әрбiр сессияның алдында ол өзінiң Төрағасын және басқа да қажеттi лауазымдық адамдарды сайлайды. Олар лауазымында келесi сессияда жаңа Төраға мен басқа да лауазымдық адамдар сайланғанға дейiн болады.
      20. Қатысушы мемлекеттердiң көпшілігі кворумды құрайды.
      21. Әрбiр қатысушы мемлекет бiр дауысқа ие.
      22. Конференция рәсiмдiк мәселелер жөнiндегi шешiмдi мүшелерiнiң көпшiлiгiнiң қатысуымен және дауыс беруге қатысушылардың көпшiлiк дауысымен қабылдайды. Елеулi мәселелер жөнiндегi шешiмдер мүмкiндiгiнше ымыраға келу арқылы қабылданады. Егер проблеманы шешуге қою кезiнде ымыраға келу мүмкiн болмаса, Конференция Төрағасы кез келген дауыс берудi 24 сағатқа кейiнге қалдырады және осы мұрсат кезеңiнде ымыраға келуге көмектесу үшiн барлық күш-жiгерiн жұмсайды және осы кезеңнiң аяғына дейiн Конференцияға баяндама ұсынады. Егер 24 сағат өткеннен кейiн ымыраға келу мүмкiн болмаса, Конференция шешiмдi, егер осы Шартта өзгеше көрсетiлмесе, Конференцияға және дауыс беруге қатысушы мүшелердiң үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен қабылдайды. Егер осы немесе өзге мәселе мәселенiң менi болып табылатыны қатысында дау туындаған кезде, мәселенiң мәнi бойынша шешiм қабылдау үшiн қажеттi көпшiлiк дауыспен өзгеше шешiм қабылданбаса, осы мәселе мәселенiң мәнi болып саналады.
      23. Конференция 26 k) тармағы бойынша өзiнiң функциясын жүзеге асыру кезiнде 22-тармақта мазмұндалған мәселенiң мәнi жөнiнде шешiм қабылдау рәсiмiне сәйкес осы Шартқа I-қосымшада берiлген мемлекеттер тiзiмiне кез келген мемлекеттi қосуға шешiм қабылдайды. Конференция 22-тармаққа қарамастан осы Шарттың I-қосымшасына кез келген басқа өзгерiске қатысты шешiмдi ымыраға келу арқылы қабылдайды.

Өкiлеттiктер мен функциялар

      24. Конференция Ұйымның бас органы болып табылады. Ол осы Шарттың қолданылу аясы шеңберiндегi кез келген мәселелердi, тақырыптарды немесе проблемаларды, Атқару кеңесi мен Техникалық хатшылықтың өкiлеттiктерi мен функцияларына қатыстыларды қосқанда, осы Шартқа сәйкес қарастырады. Ол қайсыбiр қатысушы мемлекет көтеретiн немесе оның назарына Атқарушы кеңес жеткiзген осы Шарттың қолданылу аясы шеңберiндегi кез келген мәселелер, тақырыптар немесе проблемалар жөнiнде ұсыныстар берiп, шешiмдер қабылдай алады.
      25. Конференция осы Шарттың жүзеге асырылуын қадағалайды және сақталуын қарайды және оның объектiсi мен мақсатының iске асырылуына көмектесу үшiн шаралар қабылдайды. Ол, сондай-ақ Атқару кеңесi мен Техникалық хатшылықтың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады және олардың кез келгенi үшiн өздерiнiң функцияларын жүзеге асыруға қатысты басшылық принциптерiн белгiлей алады.
      26. Конференция:
      а) Атқару кеңесi ұсынатын Ұйымның осы Шарттың жүзеге асырылуы туралы баяндамасын және Ұйымның жыл сайынғы бағдарламасы мен жылдық бюджетiн қарайды және қабылдайды, сондай-ақ басқа да баяндамаларды қарайды;
      b) қатысушы мемлекеттердiң 9-тармаққа сәйкес төлейтiн қаржылық жарналарының шкаласына қатысты шешiмдер қабылдайды;
      с) Атқару кеңесi мүшелерiн сайлайды;
      d) Техникалық хатшылықтың бас директорын тағайындайды (төменде "Бас директор" деп аталады);
      e) Атқару кеңесiнiң соңғы ұсынған рәсiм ережелерiн қарайды және бекiтедi;
      f) осы Шарттың қолданылуына әсер етуi мүмкiн ғылыми-техникалық жетiстiктердi қарау мен шолуды жүзеге асырады. Осыған байланысты Конференция Бас директорға, ол өзiнiң функцияларын орындау кезiнде Конференцияға, Атқару кеңесiне немесе қатысушы мемлекеттерге осы Шартқа қатысы бар ғылым мен техника саласында арнайы консультациялар ұсыну мүмкiндiгiн беру үшiн ғылыми-консультативтiк кеңес құруды тапсыра алады. Мұндай жағдайда ғылыми-консультативтiк кеңес құрамына Шартты жүзеге асыруға қатысы бар нақты ғылыми салалардағы олардың құзыреттiлiгi мен тәжiрибесiне сүйене отырып, өзiнiң жеке сапасында көрiнетiн және Конференция қабылдаған жүргiзу шеңберiне сәйкес тағайындалатын тәуелсiз сарапшылар енедi;
      g) Осы Шарттың сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде және V бапқа сәйкес осы Шарттың ережелерiн бұзатын кез келген жағдайларды түзету және бағыттау жөнiнде қажеттi шараларды қабылдайды;
      h) өзiнiң алғашқы сессиясында Дайындық комиссиясы әзiрлеген және ұсынған кез келген келiсiмдердiң, уағдаластықтардың, ережелердiң, рәсiмдердiң, жедел басшылықтардың, басқарушы принциптердiң жобаларын және кез келген басқа құжаттарды қарайды және мақұлдайды;
      i) 38 h) тармағына сәйкес қатысушы мемлекеттермен, басқа да мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен Ұйым атынан Атқару кеңесiмен жасауға жататын Техникалық хатшылық әзiрлеген келiсiмдер мен уағдаластықтарды келiссөздер жолымен қарайды және мақұлдайды;
      j) ол осы Шартқа сәйкес өзiнiң функцияларын орындау үшiн қажет деп санайтын қосымша органдарды құрады; және
      k) 23-тармаққа сәйкес тиiстi жағдайларда осы Шарттың 1-шi қосымшасын жаңартады.

С. АТҚАРУ KEҢЕСІ

Құрам, рәсiмдер және шешiмдердi қабылдау

      27. Атқару кеңесi 51 мүшеден тұрады. Әрбiр қатысушы мемлекеттiң осы баптың ережелерiне сәйкес Атқару кеңесiнiң құрамына енуге құқығы бар.
      28. Әдiл географиялық бөлiсу қажеттiгін ескере отырып, Атқару құрамына:
      а) Африкадан он қатысушы мемлекет;
      b) Шығыс Еуропадан жетi қатысушы мемлекет;
      с) Латын Америкасы мен Кариб бассейнiнен тоғыз қатысушы мемлекет;
      d) Таяу Шығыс пен Оңтүстiк Азиядан жетi қатысушы мемлекет;
      е) Солтүстiк Америка мен Батыс Eуропадан он қатысушы мемлекет; және
      f) Оңтүстiк-Шығыс Азиядан, Тынық мұхит аймағы мен Қиыр Шығыстан сегiз қатысушы мемлекет енедi.
      Әрбiр жоғарыда аталған географиялық аймаққа жататын барлық мемлекеттер осы Шарттың I-қосымшасында санамаланған. Осы Шарттың I-қосымшасы тиiстi жағдайларда 23 пен 26 k) тармақтарына сәйкес Конференциямен жаңартылады. Ол VII бапта мазмұндалған рәсiмдерге сәйкес түзетулер мен өзгерiстерге жатпайды.
      29. Атқару кеңесiнiң мүшелерiн Конференция сайлайды. Осыған байланысты әрбiр географиялық аймақ осы аймақтан Атқару кеңесiнiң мүшесi ретiнде сайлау үшiн қатысушы мемлекеттердi келесiдегiдей ұсынады:
      а) әрбiр географиялық аймаққа бекiтiлген орындардың кем дегенде үштен бiрi, ядролық әлеуетiне, бұл әлеует халықаралық деректер негiзiнде анықталғандай, сүйенiп ұсынылатын осы аймақтың Шартқа қатысы бар қатысушы мемлекеттерiнiң саяси мүдделерi мен қауiпсiздiк мүдделерiн, сондай-ақ маңыздылық тәртiбiнде әрбiр аймақ анықтайтын келесi бағдарлық өлшемдердiң барлығын немесе қайсыбiрiн ескере отырып толтырылады:
      i) Халықаралық мониторинг жүйесi құрамындағы мониторинг бойынша объектiлер саны;
      ii) мониторинг технологиясы саласындағы арнайы бiлiмдер мен тәжiрибелер; және
      iii) Ұйымның жылдық бюджетiне жарнасы;
      b әрбiр географиялық аймаққа бекiтiлген орындардың бiрi, олар қатысушы мемлекеттер болған кезден берi неғұрлым ұзақ мерзiм iшiнде немесе олардың өкiлеттiк мерзiмiнiң соңғы уақытынан берi қайсысы қысқа, соған байланысты, Атқару кеңесiнiң мүшелiгiне енбеген осы аймақтың қатысушы мемлекеттерi арасында ағылшын алфавитi тәртiбiнде бiрiншi болып табылатын қатысушы мемлекеттердiң ротациясы негiзiнде толтырылады. Осындай негiзде ұсынылған қатысушы мемлекет өз орнынан бас тартуды шеше алады. Мұндай жағдайда қатысушы мемлекет Бас директорға бас тарту туралы хат ұсынады және орын осы тармақшаға сәйкес кезек бойынша келесi қатысушы мемлекетпен толтырылады; және
      с) әрбiр географиялық аймаққа бекiтiлген қалған орындар осы аймақтың барлық қатысушы мемлекеттерi қатарынан ротация немесе сайлау жолымен ұсынылатын қатысушы мемлекеттермен толтырылады.
      30. Атқару кеңесiнiң әрбiр мүшесiнiң Атқару кеңесiнде орынбасарлары мен кеңесшiлерi бiрге ерiп жүре алатын бiр өкiлi болады.
      31. Атқару кеңесiнiң әрбiр мүшесi өзiнiң қызметiнде, Конференцияның жыл сайынғы кезектi үшiншi сессиясының соңына дейiн болатын бiрiншi сайлау кезiнде Атқару кеңесiне 26 мүше сайланатындығын есепке алмағанда, осы мүше сайланған Конференция сессиясының соңынан осыдан кейiнгі Конференцияның жыл сайынғы кезектi екiншi сессиясының соңына дейiн болады, және де 28-тармақта көрсетiлген сандық үйлесiмдерге тиiсiнше назар аударылады.
      32. Атқару кеңесi өзiнiң рәсiм ережелерiн әзiрлейдi және оларды Конференцияның бекiтуiне ұсынады.
      33. Атқару кеңесi өзiнiң Төрағасын өз мyшелерiнiң қатарынан cайлайды.
      34. Атқару кеңесi кезектi сессияларына жиналады. Кезектi сессиялар арасындағы кезеңде ол өзiнiң өкiлеттiктерi мен функцияларын орындау үшiн мүмкiн қажеттi жиелiкте жиналады.
      35. Атқару кеңесiнiң әрбiр мүшесiнiң бiр дауысы болады.
      36. Атқару кеңесi рәсiмдiк мәселелер бойынша шешiмдi оның барлық мүшесiнiң көпшiлiк дауысымен қабылдайды. Атқару кеңесi, егер тек осы Шартта өзгеше көрсетiлмесе, мәселенiң мәнi бойынша шешiмдi оның барлық мүшелерiнiң үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен қабылдайды. Егер осы немесе өзге мәселе мәселенiң мәнi болып табылатыны қатысында дау туындаған кезде, мәселенiң мәнi бойынша шешiм қабылдау үшiн қажеттi көпшiлiк дауыспен өзгеше шешiм қабылданбаса, осы мәселе мәселенiң мәнi болып саналды.

Өкiлеттiлiктер мен функциялар

      37. Атқару кеңесi Ұйымның атқарушы органы болып табылады. Ол Конференцияға есеп бередi. Ол өзiне жүктелген өкiлеттiлiктер мен функцияларды осы Шартқа сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте ол Конференцияның пiкiрлерiне, шешiмдерiне және басшылық принциптерiне сәйкес iс-қимыл жасайды және олардың дәйектi және тиiсiнше орындалуын қамтамасыз етедi.
      38. Атқару кеңесi:
      а) Осы Шарттың тиiмдi жүзеге асуы мен сақталуына жәрдемдеседi;
      b) Техникалық хатшылықтың қызметiн қадағалайды;
      с) осы Шарттың объектiсi мен мақсаттарын жүзеге асыруға жәрдемдесу жөнiнде одан әрiдегi ұсыныстарды қарауға қатысты ұсынымдарды қажеттiлiк шамасына қарай Конференцияға ұсынады;
      d) әрбiр қатысушы мемлекеттiң Ұлттық органымен ынтымақтасады;
      е) Ұйымның жыл сайынғы бағдарламасы мен жылдық бюджетiнiң жобасын, осы Шартты жүзеге асыру туралы Ұйым баяндамасының жобасын, өзiнiң дербес қызметiнiң жүзеге асырылуы туралы баяндаманы және ол қажет деп табатын немесе Конференция сұратуы мүмкiн осындай басқа да баяндамаларды қарайды және Конференцияға ұсынады;
      f) күн тәртiбiнiң жобасын дайындауды қоса алғанда, Конференция сессиясын ұйымдастырады;
      g) Хаттамаға немесе оның қосымшасына VII бапқа сәйкес әкiмшiлiк немесе техникалық сипаттағы мәселелер бойынша өзгерiстер енгiзу туралы ұсыныстарды зерделейдi және қатысушы мемлекеттерге олардың қабылдануына қатысты ұсыныстар жасайды;
      h) Конференцияның алдын ала келiсiмiмен Ұйымның атынан қатысушы мемлекеттермен, басқа да мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен келiсiмдер немесе шарттар жасасады және, i) тармақшасында ескерiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды қоспағанда, олардың жүзеге асырылуын қадағалайды;
      i) қызметтiң жүзеге асуын қадағалауға қатысты қатысушы мемлекеттермен және басқа да мемлекеттермен келiсiмдердi немесе уағдаластықтарды мақұлдайды және олардың жүзеге асырылуын қадағалайды; және
      j) Техникалық хатшылық ұсынуы мүмкiн кез келген жаңа жедел басшылықтарды және қолда бар жедел басшылықтарға кез келген өзгерiстердi мақұлдайды.
      39. Атқару кеңесi Конференцияның арнайы сессиясын өткiзуге сұрау сала алады.
      40. Атқару кеңесi:
      а) Осы Шартты жүзеге асыруға байланысты қатысушы мемлекеттер арасындағы және қатысушы мемлекеттер мен Техникалық хатшылық арасындағы ынтымақтастыққа ақпараттармен алмасулар арқылы жәрдемдеседi;
      b) IV бапқа сәйкес қатысушы мемлекеттер арасында консультациялар мен түсiндiрмелердi жүргiзуге жәрдемдеседі; және
      с) Жергiлiктi жерлердегi инспекцияға қатысты сұрау салулар мен баяндамаларды алады және қарайды және осындай сұрау салулар мен баяндамалар бойынша IV бапқа сәйкес шаралар қабылдайды.
      41. Атқару кеңесi осы Шарттың болуы мүмкiн сақталмауына және осы Шарт белгiлеген құқықтарды терiс пайдалануға қатысты қатысушы мемлекет бiлдiрген кез келген алаңдаушылықты қарайды. Бұл ретте Атқару кеңесi қатысы бар қатысушы мемлекеттермен кеңеседi және тиiстi жағдайларда қатысушы мемлекетке нақты белгiленген мерзiмде жағдайды түзету жөнiнде шаралар қолдануды ұсынады. Атқару кеңесi бұдан әрi қажеттi деп санайтын iс-қимыл шамасында басқалардың қатарында келесi шаралардың бiреуiн немесе одан көбiн қолданады:
      а) барлық қатысушы мемлекеттердi проблема немесе мәселе туралы хабардар етедi;
      b) проблеманы немесе мәселенi Конференцияның назарына жеткiзедi;
      с) Конференцияға ұсыныстар жасайды немесе тиiстi жағдайларда ахуалды түнету және V бапқа сәйкес сақталуды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларға қатысты iс-қимылдар жасайды.

В. ТЕХНИКАЛЫҚ ХАТШЫЛЫҚ

      42. Техникалық хатшылық осы Шартты жүзеге асыруда қатысушы мемлекеттерге жәрдемдеседi. Техникалық хатшылық Конференция мен Атқару кеңесiне оларға өздерiнiң функцияларын орындауларына жәрдемдеседi. Техникалық хатшылық оған осы Шартпен жүктелген бақылау функциясы мен басқа да функцияларды, сондай-ақ осы Шартқа сәйкес Конференция немесе Атқару кеңесi табыстаған функцияларды жүзеге асырады. Техникалық хатшылықтың құрамына Халықаралық деректер орталығы оның ажырамас құрамы ретiнде кiредi.
      43. Осы Шарттың орындалуын бақылауға қатысты, IV бап пен Хаттамаға сәйкес Техникалық хатшылық функцияларына басқаларымен қатар мыналар кiредi:
      а) Халықаралық мониторинг жүйесiн пайдалануды және оны үйлестiрудi қадағалауға жауаптылық;
      b) Халықаралық деректер орталығын пайдалану;
      с) Халықаралық мониторинг жүйесiнiң деректерiн ағымдағы негiзде алуды, өңдеудi, талдауды жүзеге асыру және олар бойынша есеп беру;
      d) мониторинг жөнiндегi станцияларды орнатуда және пайдалануда техникалық жәрдем мен қолдау көрсету;
      е) қатысушы мемлекеттер арасындағы консультациялар мен түсiндiрулерге жәрдемдесуде Атқару кеңесiне көмек көрсету;
      f) жергiлiктi жерлердегi инспекцияларға қатысты сұрау салуларды алу және оларды өңдеу, осындай сұрау салуларды Атқару кеңесiнiң қарауына жәрдемдесу, жергiлiктi жерлердегі инспекцияны жүргiзуге дайындықтарды жүзеге асыру және оларды жүргiзу барысында техникалық қолдау көрсету және Атқару кеңесiне баяндамаларды ұсыну;
      g) қатысушы мемлекеттермен, басқа да мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен келiссөздер жолымен келiсiмдердi немесе уағдаластықтарды және Атқару кеңесiнiң алдын ала мақұлдауымен қатысушы мемлекеттермен немесе басқа да мемлекеттермен бақылау жөнiндегi қызметке қатысты кез келген осындай келiсiмдердi немесе уағдаластықтарды әзiрлеу; және
      h) осы Шарт арқылы бақылаудың басқа проблемалары бойынша қатысушы мемлекеттерге олардың ұлттық органдары арқылы жәрдемдесу.
      44. Техникалық хатшылық IV бап пен Хаттамаға сәйкес бақылау режимiнiң түрлi құрамаларының жұмыс iстеуiн, реттейтiн жедел басшылықтарды Атқару кеңесiнiң мақұлдауымен әзiрлейдi және жаңартады. Осы басшылықтар осы Шарттың немесе Хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылмайды және Атқару кеңесiнiң мақұлдауымен Техникалық хатшылықпен өзгертiле алады. Техникалық хатшылық қатысушы мемлекеттердi жедел басшылықтардағы кез келген өзгерiстер туралы шұғыл хабардар етедi.
      45. Техникалық хатшылықтың әкiмшiлiк мәселелерге қатысты функциялары:
      а) Ұйымның бағдарламалары мен бюджетiнiң жобасын дайындауды және Атқару кеңесiне ұсынуды;
      b) осы Шарттың жүзеге асырылуы туралы баяндаманы және Конференция немесе Атқару кеңесi сұратып алуы мүмкiн басқа да баяндамаларды дайындауды және Атқару кеңесiне ұсынуды;
      с) Конференцияға, Атқару кеңесi мен басқа да көмекшi органдарға әкiмшiлiк және техникалық қолдау көрсетудi;
      d) Ұйымның атынан осы Шарттың жүзеге асырылуына қатысты хабарларды жолдауды және алуды; және
      e) Ұйым мен басқа халықаралық ұйымдардың арасындағы кез келген келiсiмдерге қатысты әкiмшiлiк мiндеттердi жүзеге асыруды қамтиды.
      46. Қатысушы-мемлекеттердiң Ұйымға барлық сұрау салулары мен хабарламалары Бас директорға олардың ұлттық органдары арқылы берiледi. Сұрау салулар мен хабарламалар осы Шарттың ресми тiлдерiнiң бiрiнде жазылады. Бас директор жауапта берiлген сұрау салу немесе берiлген хабарлама жазылған тiлдi пайдаланады.
      47. Техникалық хатшылықтың Ұйымның бағдарламасы мен бюджетiн дайындау және Атқару кеңесiне ұсыну мiндеттерiне қатысында Техникалық хатшылық, Халықаралық мониторинг жүйесi құрамында құрылатын әрбiр объект бойынша барлық шығыстарды анықтайды және осындай шығыстардың нақты есебiн жүргiзедi. Бағдарлама мен бюджет тәсiлдемесiне ұқсас тәсiлдеме Ұйым қызметiнiң барлық басқа түрлерiне қатысты қолданылады.
      48. Техникалық хатшылық өзiнiң қызметiн жүзеге асыру кезiнде оған белгiлi болған және тиiстi қатысушы мемлекеттермен консультациялар жолымен шеше алмаған өзiнiң функцияларын орындауға байланысты туындаған кез келген проблемалар туралы Атқару кеңесiн дереу хабардар етедi.
      49. Техникалық хатшылық оның басшысы және бас әкiмшiлiк лауазымдық адамы болып табылатын Бас директордан, және сондай ғылыми, техникалық және қажет болатын өзге де қызметшiлерден тұрады. Бас директор Атқару кеңесiнiң ұсынысымен тағы да бiр ғана мерзiмге созылуы мүмкiн төрт жыл мерзiмге Конференцияда тағайындалады. Бiрiншi Бас директор Конференцияның алғашқы сессиясында Дайындық комиссиясының ұсынуымен тағайындалады.
      50. Бас директор қызметкерлердi тағайындау және Техникалық хатшылықтың ұйымдастырылуы мен жұмыс iстеуiне қатысты Конференция мен Атқару кеңесiне есеп бередi. Қызметкерлердi қызметке қабылдау мен қызмет жағдайларын белгілеуде, ең алдымен кәсiби бiлiктiлiктiң, тәжiрибенiң, жұмысқа қабiлеттiлiктiң, құзыреттілiк пен адалдықтың жоғары деңгейiн қамтамасыз ету басшылыққа алынғаны жөн. Бас директор, инспекторлар, сондай-ақ мамандар санатындағы қызметкерлер мен кеңсе қызметшiлерi тек қатысушы мемлекеттердiң азаматтары қатарынан тағайындалады. Қызметкерлердi кең ауқымдағы географиялық негiзде таңдаудың маңыздылығына тиiстi көңiл бөлiнгенi жөн. Қызметкерлердi алу Техникалық хатшылық мiндеттерiн тиiстi дәрежеде орындауға қажеттi қызметшiлердiң ең аз санын қамтамасыз ету принципiне сүйене отырып жүзеге асырылады.
      51. Бас директор тиiстi жағдайларда Атқару кеңесiмен консультациядан кейiн нақты проблемалар жөнiнде ұсынымдар жасау үшiн ғылыми сарапшылардың уақытша жұмыс топтарын құра алады.
      52. Бас директор, инспекторлар, инспекторлардың көмекшiлері мен қызметкерлер өз мiндеттерiн орындау кезiнде Ұйым үшiн бөгде қандай да болмасын үкiметтен немесе қайсыбiр өзге көздерге сұрау салуға немесе нұсқаулар алуға тиiс емес. Олар тек Ұйым алдында жауапты, халықаралық лауазымдық адамдар ретiндегi жағдайларына жағымсыз әсер етуi мүмкiн кез келген iс-қимылдардан тартынулары тиiс. Бас директор инспекциялық топ қызметi үшiн жауапкершiлiктi өзiне алады.
      53. Қатысушы мемлекеттердiң әрқайсысы Бас директордың, инспекторлардың, инспекторлардың көмекшiлерiмен қызметкерлердiң мiндеттерiнiң қатаң халықаралық сипатын сыйлайды және өздерiнiң мiндеттерiн орындау кезiнде оларға ықпал етуге әрекет жасамайды.

E. АРТЫҚШЫЛЫҚТАР МЕН ИММУНИТЕТТЕР

      54. Қатысушы мемлекеттер аумағында және оның юрисдикциясы мен бақылауына жататын кез келген басқа орында Ұйым өзiнiң функцияларын орындау үшiн қандайлары қажет болса, сондай құқықтық қабiлеттi және сондай артықшылықтарды және иммунитеттердi пайдаланады.
      55. Қатысушы мемлекеттердiң делегаттары, сондай-ақ олардың орынбасарлары мен кеңесшiлерi, Атқару кеңесiне сайланған мүшелердiң өкiлдерi, сондай-ақ олардың орынбасарлары мен кеңесшiлерi, Бас директор, инспекторлар, инспекторлардың көмекшiлерi мен Ұйымның қызметкерлерi Ұйымға қатысты өз функцияларын тәуелсiз жүзеге асыру үшiн қандайлары қажет болса, сондай артықшылықтарды және иммунитеттердi пайдаланады.
      56. Осы бапта көрсетiлген құқықтық қабiлеттiлiк, артықшылықтар мен иммунитеттер Ұйым мен қатысушы мемлекеттер арасындағы келiсiмдерде, сондай-ақ Ұйым мен Ұйым орналасқан мемлекет арасындағы келiсiмдерде белгіленедi. Осындай келiсiмдер 26 h) және і) тармақшаларына сәйкес қаралады және мақұлданады.
      57. Бас директор, инспектор, инспекторлардың көмекшiлерi мен Техникалық хатшылық қызметкерлерi тексеру бойынша қызметтi жүзеге асыру барысында 54 және 55-тармақтарға тәуелсiз, Хаттамада көрсетiлген артықшылықтарды және иммунитеттердi пайдаланады.

III БАП
ЖYЗЕГЕ АСЫРУ ЖӨНIНДЕГI ҰЛТТЫҚ ШАРАЛАР

      1. Әрбiр қатысушы мемлекет өздерiнiң конституциялық рәсiмдерiне сәйкес осы Шарт бойынша өздерiнiң мiндеттемелерiн орындауға қажеттi кез келген шараларды қолданады. Атап айтқанда ол:
      а) оның аумағының қай жерiнде болмасын немесе оның юрисдикциясына жататын кез келген жерде жеке және заңды тұлғаларға, халықаралық құқықпен танылғандай, осы Шарт бойынша қатысушы мемлекетке тыйым салынған кез келген қызметпен айналысуға тыйым салу;
      b) жеке адамдарға және заңды тұлғаларға оның бақылауындағы қай жерде болмасын осындай кез келген қызметпен айналысуға тыйым салу; және
      с) халықаралық құқыққа сәйкес, оның азаматтығы бар жеке адамдарға қай жерде болмасын осындай кез келген қызметпен айналысуға тыйым салу үшiн кез келген қажеттi шараларды қолданады.
      2. 1-тармақ бойынша мiндеттемелердi жүзеге асыруға көмектесу үшiн қатысушы мемлекеттердiң әрқайсысы басқа қатысушы мемлекеттермен ынтымақтасады және тиiстi нысанда құқықтық жәрдем көрсетедi.
      3. Әрбiр қатысушы мемлекет осы бапқа сәйкес қолданылған шаралар туралы Ұйымды хабардар етедi.
      4. Әрбiр қатысушы мемлекет Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындау үшiн Ұлттық органды тағайындайды немесе құрады және бұл туралы осы қатысушы мемлекет үшiн Шарттың күшiне енуi бойынша Ұйымды хабардар етедi. Ұлттық орган Ұйыммен және басқа қатысушы мемлекеттермен байланыс үшiн үйлестiру орталығы ретiнде бой көрсетедi.

IV БАП
БАҚЫЛАУ

А. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Осы Шарттың сақталуы үшiн бақылауды жүзеге асыру мақсатында келесi элементтерден тұратын бақылау режимi құрылады:
      а) Халықаралық мониторинг жүйесi;
      b) консультациялар мен түсiндiрулер;
      с) жергiлiктi жерлердегi инспекция; және
      d) сенiмдi нығайту шаралары.
      Осы Шарттың күшiне енуi кезiнде бақылау режимi осы Шартта белгiленген бақылауға қатыстағы талаптарға жауап беретiндей жағдайда болуы тиiс.
      2. Бақылау жөнiндегi қызмет объективтi ақпараттарға негiзделедi, осы Шарттың мәнiмен шектеледi және қатысушы мемлекеттердiң егемендiгiн толық сыйлау негiзiнде және оның мақсаттарына тиiмдi және дер кезiнде жетумен үйлесiмдi барынша аз араласу арқылы жүзеге асырылады. Қатысушы мемлекеттердiң әрқайсысы бақылау құқығын терiс пайдаланудан тартынады.
      3. Әрбiр қатысушы мемлекет осы Шартқа сәйкес III баптың 4-тармағына сәйкес құрылатын өзiнiң Ұлттық органы арқылы Ұйыммен және басқа қатысушы мемлекеттермен осы Шарттың сақталуын бақылауға жәрдемдесу үшiн басқалармен қатар:
      а) бақылаудың осы шараларына қатысу және қажеттi байланыстарды орнату үшiн қажеттi объектiлердi құру;
      b) Халықаралық мониторинг жүйесiнiң құрамына кiретiн ұлттық станциялардан алынатын деректердi ұсыну;
      с) тиiстi жағдайларда консультациялар мен түсiндiрулер процесiне қатысу;
      d) жергiлiктi жерлердегi инспекцияларды жүргiзуге арналған рұқсат өсіру; және
      e) тиiстi жағдайларда сенiмдi нығайту шараларына қатысу жолымен ынтымақтасуға мiндеттенедi.
      4. Барлық қатысушы мемлекеттер олардың техникалық және қаржылық мүмкiндiктерiне тәуелсiз бақылауға тең құқықтарды пайдаланады және өздерiне бақылауға келiсудiң тең мiндеттемесiн алады.
      5. Осы Шарттың мақсаттары үшiн қатысушы мемлекеттердiң ешқайсысына ұлттық техникалық құралдардан алынатын ақпараттарды, мемлекеттердiң егемендiгiн сыйлау принципiн қоса алғанда, жалпы танылған халықаралық құқық принциптерiне сәйкес түрде пайдалануға тыйым салынбайды.
      6. Қатысушы мемлекеттердiң құқықтарына залалсыз осы Шартқа қатысы жоқ сезiмтал қондырғыларды, қызмет түрлерiн немесе орындық жағдайларды қорғайды, қатысушы мемлекеттер осы Шартта бекiтiлген бақылау режимiнiң элементтерiне немесе өз функцияларын 5-тармаққа сәйкес орындайтын ұлттық техникалық бақылау құралдарына кедергi жасамайды.
      7. Қатысушы мемлекеттердiң әрқайсысының сезiмтал қондырғыларды қорғау жөнiнде және осы Шартқа қатысы жоқ ақпараттар мен деректердi жария етудi болдырмау жөнiнде шаралар қолдануға құқығы бар.
      8. Бұдан басқа, бақылау жөнiндегi қызмет барысында алынған азаматтық және әскери қызмет объектiлерiне қатысы бар кез келген ақпараттардың құпиялығын қорғау үшiн барлық қажеттi шаралар қолданылады.
      9. Осы Шартпен белгiленген бақылау режимi арқылы 8-тармақтың сақталуымен Ұйым алған ақпарат осы Шарттың және Хаттаманың тиiстi ережелерiне сәйкес барлық қатысушы мемлекеттерге ұсынылады.
      10. Осы Шарттың ережелерi ғылыми мақсаттардағы деректермен халықаралық алмасуларды шектеушi ретiнде түсiндiрiлмейдi.
      11. Қатысушы мемлекеттердiң әрқайсысы бақылау режимiн жетiлдiру және бақылау тұрғысынан, қосымша технологиялық мониторингтiң, электр-магнит импульстiк мониторинг немесе жерсерiктiк мониторинг секiлдi ықтимал мүмкiндiктердi зерделеуде, осы Шарттың сақталуын бақылаудың шығындары тұрғысынан, бұл орынды кезiнде, пәрмендiлiк пен тиiмдiлiктi көтеру жөнiндегi нақты шараларды әзiрлеу мақсатында Ұйыммен және басқа да қатысушы мемлекеттермен ынтымақтасуға міндеттенедi. Осындай шаралар оларды келiсу бойынша осы Шарттың, Хаттаманың iс жүзiнде бар ережелерiне немесе VII бапқа сәйкес Хаттамаға қосымша бөлiмдерi ретiнде енгiзiледi немесе тиiстi жағдайларда II баптың 44-тармағына сәйкес жедел басшылықтарда көрсетiледi.
      12. Қатысушы мемлекеттер осы Шарттың сақталуын бақылауда қолданылатын технологияға қатысты барынша неғұрлым толық алмасуға жәрдемдесу үшiн өзара ынтымақтастықты дамытуға және барлық қатысушы мемлекеттерге олардың бақылау шараларын ұлттық деңгейде жүзеге асыруды дамыту мүмкiндігiн қамтамасыз ету мақсатында осындай алмасуларға қатысуға және осындай технологияларды қолданудан түскен игiлiктердi бейбiт мақсаттарда пайдалануға мiндеттенедi.
      13. Осы Шарттың Ережелерi қатысушы мемлекеттердiң атом энергиясын бейбiт мақсаттарда пайдалануын одан әрi дамыту үшiн экономикалық және техникалық прогресiне бөгеттер жасауды болдырмайтындай түрде жүзеге асырылады.

Техникалық хатшылықтың бақылау саласындағы мiндеттерi

      14. Техникалық хатшылық осы Шарт пен Хаттамада көрсетiлген бақылау саласындағы өзiнiң мiндеттерiн орындау кезiнде осы Шарттың мақсаттары үшiн қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастықта:
      а) оның ережелерiне сәйкес осы Шарттың сақталуы үшiн бақылауға қатысы бар деректер мен есептiк өнiмдердi алу мен тарату үшiн және осы мiндетке сай ғаламдық байланыстың инфрақұрылымын қостау үшiн шаралар қолданады;
      b) ағымдағы негiзде деректердi сақтау және Техникалық хатшылық шеңберiнде деректердi өңдеу үшiн принципiнде реттеушi орталық болып табылатын өзiнiң Халықаралық деректер орталығы арқылы:
      i) Халықаралық мониторинг жүйесiнен алынған деректерге қатысты сұрау салуларды алады және бастамашылығын жасайды;
      ii) тиiстi жағдайларда жергiлiктi жерлердегi инспекцияларды жүргізу және сенiмдi нығайту шараларын жүзеге асыру процесс нәтижесiнде келiп түскен консультациялар мен түсiндiрулердi алады; және
      iii) осы Шарт пен Хаттамаға сәйкес қатысушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан басқа тиiстi деректердi алады;
      с) Халықаралық мониторинг жүйесi мен оның элементтерiн құрайтындарының, сондай-ақ Халықаралық деректер орталығының қызметiн қадағалайды, олардың тиiстi жедел басшылыққа сәйкес жұмыс iстеуiн үйлестiредi және қамтамасыз етедi;
      d) осы Шарттың сақталуына тиiмдi халықаралық бақылауды қамтамасыз ету үшiн және сақтауға қатысты алаңдаушылықтарды тездетiп жоюға ықпал ету үшiн ағымдағы негiзде Халықаралық мониторинг жүйесi деректерiне қатысты өңдеудi, талдауды және есеп берудi келiсiлген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырады;
      е) барлық қатысушы мемлекеттердiң қарамағына барлық деректердi алғашқыларын да өңделгендерiн де - және кез келген есептiк өнiмдердi ұсынады, және де қатысушы мемлекеттердiң әрқайсысы Халықаралық мониторинг жүйесi деректерiн пайдалануға II баптың 7-тармағы мен осы баптың 8 және 13-тармақтарына сәйкес жауапкершiлiкте болады;
      f) барлық қатысушы мемлекеттердiң сақтаулы деректердiң барлығына тең, ашық, қолайлы және дер кезiнде қол жеткiзуiн ұсынады;
      g) барлық деректердi - алғашқыларын да, өңделгендерiн де - және есептi құжаттарды сақтайды;
        h) Халықаралық мониторинг жүйесiнен қосымша деректерге қатысты сұрау салуларды үйлестiредi және осындай сұрау салуларға жәрдемдеседi;
      i) бiр қатысушы мемлекеттiң екiншi қатысушы мемлекетке қосымша деректерге қатысты сұрау салуларын үйлестiредi;
      j) осындай жәрдем мен осындай қолдау тиiстi мемлекетке қажет болған жерде мониторинг жөнiндегi объектiлер мен тиiстi байланыс құралдарын орналастыру мен пайдалануда техникалық жәрдем мен қолдауды көрсетеді;
      k) кез келген қатысушы мемлекеттiң қарамағына оның сұрау салуы бойынша бақылау режимiнен алынатын деректерге қатысты құранды еңбек, сақтау, өңдеу, талдау мен есептемесi үшiн Техникалық хатшылық пен Халықаралық деректер орталығы пайдаланатын әдiстердi ұсынады; және
      l) тұтас алғанда Халықаралық мониторинг жүйесi мен Халықаралық деректер орталығының қызметiне қатысты бақылау, бағалау, есеп берудi жүзеге асырады.
      15. Техникалық хатшылық өзiнiң мiндеттерiн орындау кезiнде пайдалануға жататын 14-тармақта көрсетiлген және Хаттамада егжей-тегжейленген келiсiлген рәсiмдер бақылау саласындағы тиiстi жедел басшылықтарда дамытылады.

В. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МОНИТОРИНГ ЖYЙЕСI

      16. Халықаралық мониторинг жүйесi сейсмологиялық мониторингтi, радионуклидтiк мониторингтi, сертификатталған зертханаларды қоса алғанда, гидроакустикалық мониторинг, инфрадыбыстық мониторинг үшiн объектiлердi және тиiстi байланыс құралдарын қамтиды және Техникалық хатшылықтың Халықаралық деректер орталығымен қосталады.
      17. Халықаралық мониторинг жүйесiне Техникалық хатшылықтың басшылығына берiледi. Халықаралық мониторинг жүйесi шеңберiндегi мониторинг жөнiндегi бүкiл объектiлер Хаттамаға сәйкес оларды қабылдайтын немесе олар үшiн өзгедей түрде жауапкершiлiк алатын мемлекеттердiң меншiгiне жатады және олармен пайдаланылады.
      18. Әрбiр қатысушы мемлекет деректермен халықаралық алмасуға қатысуға және Халықаралық деректер орталығының қарамағына ұсынылатын деректерге қол жеткiзуге құқығы бар. Қатысушы мемлекеттердiң әрқайсысы Халықаралық деректер орталығымен өздерiнiң Ұлттық орталығы арқылы ынтымақтасады.

Халықаралық мониторинг жүйесiн қаржыландыру

      19. Халықаралық мониторинг жүйесiне енгiзiлген және Хаттаманың 1-қосымшасының 1-А, 2-А, 3 және 4-кестелерiнде көрсетiлген объектiлерге қолданыста және Хаттама мен тиiстi жедел басшылықтың техникалық талаптарына сәйкес Халықаралық деректер орталығына деректердi ұсыну үшiн тиiстi мемлекеттермен және Ұйыммен осындай объектiлер қалай келiсiлсе, сондай шамада олардың қызметiне қолданыста Ұйым, Хаттаманың 1 бөлiмiнiң 4-тармағына сәйкес ол келiсiмдерде немесе уағдаластықтарда көрсетiлгенiндей:
      а) кез келген жаңа объектiлердi құру және қолда бар объектiлердi жаңғыртуға, егер тек осы шығыстарды осы объектiлерге жауапты мемлекеттердiң өздерi өтемесе;
      b) тиiстi жағдайларда объектiлердi физикалық қорғау мен деректердi түпнұсқалаудың келiсiлген рәсiмдерiн қолдануды қоса алғанда, Халықаралық мониторинг жүйесiнiң объектiлерiн пайдалану мен қолдауға;
      с) Халықаралық мониторинг жүйесiнiң деректерiн (алғашқыларын немесе өңделгендерiн) Халықаралық деректер орталығына, қолдағы бар қаражаттардың шығындары тұрғысынан неғұрлым тiкелейiнің және тиiмдiсiнiң көмегiмен, соның iшiнде қажет кезiнде тиiстi байланыс желiлерi арқылы, мониторинг станциясынан, зертханалардан, талдау объектiлерiнен немесе ұлттық деректер орталықтарынан, не осындай деректердi (тиiстi жағдайларда сынамаларды қоса алғанда) мониторинг станциясынан зертханалық және талдау объектiлерiне беруге; және
      d) Ұйым тапсырмасымен сынамаларды талдауға арналған шығыстарды өтейдi.
      20. Хаттаманың 1-қосымшасының 1-В кестесiнде көрсетiлген көмекшi желiлердiң сейсмикалық станцияларына қолданылатын, Ұйым, Хаттаманың I бөлiмiнiң 4-тармағына сәйкес келiсiмдерде немесе уағдаластықтарда көрсетiлгендей, тек мыналар жөнiндегі шығыстарды өтейдi:
      а) Халықаралық деректердің орталығына деректер беру;
      b) осындай станциялар деректерiн түпнұсқалау;
      с) станцияларды талап етiлетiн техникалық деңгейге дейiн жаңғырту, егер тек бұл шығыстарды осындай объектiлерге жауапты мемлекеттер өздерi өтемесе;
      d) осы Шарт мақсаты үшiн осы сәтте тиiстi объектiлер жоқ жерлерде жаңа станцияларды құру қажет кезiнде, егер тек бұл шығыстарды осындай объектiлерге жауапты мемлекеттер өздерi өтемесе; және
      e) тиiстi жедел басшылықтарда көрсетiлгендей, Ұйым талап ететiн деректердi ұсынумен байланысты кез келген басқа шығыстарды.
      21. Хаттаманың I бөлiмiнiң F бөлiгiнде көрсетiлгендей, сондай-ақ Ұйым қатысушы мемлекеттердiң әрқайсысына олар сұраған есептемелi өнiмдердiң стандартты жиынынан топтамаларды және Халықаралық деректер орталығының қызмет көрсетулерiн берумен байланысты шығыстарды өтейдi. Кез келген қосымша деректердi немесе өнiмдердi әзiрлеу мен беру жөнiндегi шығыстарды сұрау салушы қатысушы мемлекеттер өтейдi.
      22. Келiсiмдер немесе тиiстi жағдайларда қатысушы мемлекеттермен немесе Халықаралық мониторинг жүйесiнiң объектiлерiн қабылдайтын мемлекеттермен немесе оларға өзгеше түрде жауапты болуға уағдаластықтар осы шығыстарды өтеуге қатысты ережелердi қамтиды. Осындай ережелер соған сәйкес қатысушы мемлекет ол қабылдайтын немесе ол өзi жауапты объектiлерге қолданыста 19 а) және 20 с) мен d) тармақтарында ескерiлген кез келген шығыстарды өтеу шарттарын қамти алады және оның Ұйымға есептелген қаржылық жарнасынан тиiстi қысқарту жолымен өтемақы алады. Осындай қысқарту қатысушы мемлекеттiң жылдық есептелген қаржылық жарнасының 50 пайызынан аспауы керек, бiрақ бiрiнен соң бiрi келетiн жылдар қатарына үлестiрiлмеуге тиiс. Қатысушы мемлекет осындай қысқартуды басқа қатысушы мемлекетпен олардың арасындағы келiсiм немесе уағдаластықтар негiзiнде және Атқару кеңесiнiң келiсiмiмен бөлiсе алады. Осы бапта ескерiлген келiсiмдер мен уағдаластықтар II баптың h) және 38 i) тармақшаларына сәйкес мақұлданады.

Халықаралық мониторинг жүйесiндегi өзгертулер

      23. Халықаралық мониторинг жүйесiне мониторинг технологиясын қосу немесе шығару арқылы қозғайтын 11-тармақта ескерiлген кез келген шаралар, келiсiм бойынша VII баптың 1-6 тармақтарына сәйкес осы Шарт пен Хаттамаға енгiзiледi.
      24. Халықаралық мониторинг жүйесiне кез келген келесi өзгерістер:
      а) осы мониторинг технологиясы үшiн Хаттамада көрсетiлген объектілердiң санын өзгерту; және
      b) Хаттаманың 1-қосымшасындағы кестелерде көрсетiлген нақты объектiлер бойынша басқа бөлшектердi өзгерту (басқаларымен бiрге, объектiге жауапты мемлекеттi; орналасқан жерiн; объектiнiң атауын; объектiнiң түрiн; және объектiнi алғашқы және көмекшi сейсмикалық жүйелерге жатқызуды қоса алғанда) әкiмшiлiк немесе техникалық сипаттағы мәселе ретiнде тiкелей қатысты мемлекеттердiң келiсiмiмен VII баптың 7 және 8-тармақтарына сәйкес қаралады.
      Егер Атқару кеңесi VII баптың 8 b)-тармағына сәйкес осындай өзгертулердi қабылдауды ұсынса, ол, әдетте, сондай-ақ VII баптың 8 g)-тармағына сәйкес осындай өзгертулер олардың мақұлданғаны туралы Бас директордың хабардар етуiмен күшiне енуiн ұсынады.
      25. VII баптың 8 b)-тармағына сәйкес Атқару кеңесi мен қатысушы мемлекеттерге ақпараттарды ұсыну және бағалау кезiнде Бac директор 24-тармаққа сәйкес кез келген ұсыныстар жағдайында:
      а) ұсыныстарды техникалық бағалауын;
      b) ұсыныстарға әкiмшiлiк және қаржылық әсерiне қатысты өтiнiштi; және
      с) тiкелей қатысы бар мемлекеттермен, олардың келiсiмiн көрсетудi қоса алғанда, консультациялар туралы баяндама келтiредi.

Уақытша шаралар

      26. Хаттаманың I-қосымшасында көрсетiлген мониторинг бойынша объектiден елеулi немесе қайтарымсыз бас тарту жағдайында, немесе мониторингпен қамтылудың басқа қысқартуларын өтеу мақсатында Бас директор тiкелей қатысты мемлекеттермен консультацияларда немесе уағдаластық бойынша және Атқару кеңесiнiң мақұлдауымен ұзақтығы бiр жылдан аспайтын, қажет болған жағдайда Атқару кеңесiнiң және тiкелей қатысты мемлекеттердiң келiсiмiмен тағы бiр жылға созылатын уақытша шараларды жүзеге асыруды бастайды. Осындай шаралар, тиiстi желiлерге қолданыста көрсетiлген Халықаралық мониторинг жүйесiнiң жұмыс iстеп тұрған объектiлерiнiң санының өсуiне алып келмейдi; тиiстi желi бойынша жедел басшылықта көрсетiлген техникалық және пайдалану талаптарына мүмкiндігіне қарай сәйкес болады; және Ұйым бюджетi шегiнде жүргiзiледi. Бұдан басқа, Бас директор түзету бойынша қадамдар жасайды және оны ақырғы реттеу қатысында ұсыныс жасайды. Бас директор осы тармаққа сәйкес қабылданған кез келген шешiм туралы барлық қатысушы мемлекеттердi хабардар етедi.

Ынтымақтасатын ұлттық объектiлер

      27. Қатысушы мемлекеттер ынтымақтастық негiзiнде Халықаралық деректер орталығының қарамағына Халықаралық мониторинг жүйесiнiң құрамына ресми түрде енбейтiн мониторингтiң ұлттық орталығынан қосымша деректердi ұсыну үшiн Ұйыммен рәсiмдердi дербес белгiлей алады.
      28. Осындай тәртiптер ынтымақтастық негiзiнде мынадай түрде орнатыла алады:
      а) қатысушы мемлекеттiң сұрау салуы бойынша және осы мемлекет есебiнен Техникалық Хатшылық мониторинг бойынша осы объект Халықаралық мониторинг жүйесi бойынша тиiстi жедел басшылықтарда көрсетiлген техникалық және пайдалану талаптарына сай екенiн сертификациялау үшiн қажеттi қадамдар жасайды және оның деректерiн түпнұсқаландыру үшiн шаралар қолданады. Осыдан кейiн Техникалық хатшылық Атқару кеңесiнiң келiсiмiмен осындай объектiнi ынтымақтасатын ұлттық объект ретiнде ресми тағайындайды. Техникалық хатшылық тиiстi жағдайларда оның сертификациясын растау үшiн қажеттi қадамдарды жасайды;
      b) Техникалық хатшылық ынтымақтасатын ұлттық объектiлердiң ағымдағы тiзiлiмiн жүргiзедi және оны барлық қатысушы мемлекеттер арасында таратады; және
      с) Халықаралық деректер орталығы қатысушы мемлекеттердiң консультациялар мен түсiндiрулерге және жергiлiктi жердегi инспекцияға қатысты сұрау салуларды қарауға жәрдемдесу мақсатында тиiстi сұрау салумен өтiнiш жасаған жағдайда ынтымақтастықтағы ұлттық объектiлерден деректерге сұрау салады, және де деректердi беру жөнiндегi шығыстарды осы қатысушы мемлекет өтейдi.
      Осындай объектiлерден қосымша деректердi ұсыну және Халықаралық деректер орталығы қосымша немесе шұғыл хабарламаларға немесе түсiндiрмелерге сұрау сала алатын жағдайлар мониторингтің тиiстi желiсi бойынша Жедел басшылықта егжей-тегжейленедi.

С. КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР МЕН ТҮСIНДІРУЛЕР

      29. Кез келген қатысушы мемлекеттiң құқығы үшiн залалсыз қатысушы мемлекет кез келген уақытта, ол мүмкiн кезде, жергiлiктi жерлердегi инспекцияға сұрау салуда осы Шарт бойынша негiзгi мiндеттемелердiң болуы ықтимал сақталмауына қатысты алаңдаушылық тудыруы мүмкiн кез келген мәселенi алдымен өзара немесе Ұйыммен не Ұйым арқылы айқындау және реттеу үшiн барлық күш-жiгердi қолданады.
      30. 29-тармаққа сәйкес тiкелей басқа қатысушы мемлекеттен сұрау салу алған қатысушы мемлекет сұрау салған қатысушы мемлекетке түсiндiрулердi барынша тез, бiрақ кез келген жағдайда сұрау салудан кейiн 48 сағаттан кешiкпей ұсынады. Сұрау салған және сұрау салынған қатысушы мемлекет сұрау салу мен жауап туралы Атқару кеңесi мен Бас директорды хабардар ете алады.
      31. Қатысушы мемлекет Бас директорға осы Шарт бойынша негізгі мiндеттемелердiң болуы ықтимал орындалмауына қатысты алаңдаушылық тудыруы мүмкiн кез келген мәселе жөнiнде түсiндiруге жәрдемдесу туралы сұрау сала алады. Бас директор осындай алаңдаушылыққа қатысты Техникалық хатшылықтың қарамағындағы тиiстi ақпаратты ұсынады. Сұрау салушы қатысушы мемлекет тиiстi сұрау салуымен өтiнген жағдайда Бас директор сұрау салу туралы және ұсынылған жауап туралы Атқару кеңесiн хабардар етедi.
      32. Қатысушы мемлекеттiң басқа қатысушы мемлекеттен осы Шарттың болуы күдiк орындалмауына қатысты алаңдаушылық тудырған кез келген мәселе жөнiнде түсiндiру алуға қатысты Атқару кеңесiне сұрау салуға құқығы бар. Мұндай жағдайда келесiлер қолданылады:
      а) Атқару кеңесi сұрау салынған қатысушы мемлекетке түсiндiруге қатысты сұрау салуды оны алғаннан кейiн 24 сағаттан кешiктірмей Бас директор арқылы қайта жөнелтедi;
      b) сұрау салынған қатысушы мемлекет Атқару кеңесiне түсiндiрудi барынша тез, бiрақ кез келген жағдайда сұрау салуды алғаннан кейiн 48 сағаттан кешіктiрмей ұсынады;
      с) Атқару кеңесi түсiндiрудi назарға алады және сұрау салушы қатысушы мемлекетке оны алғаннан кейiн 24 сағаттан кешiктірмей қайта жөнелтедi;
      d) егер сұрау салушы қатысушы мемлекет түсiндiрудi жеткiлiксiз деп тапса, ол сұрау салынатын қатысушы мемлекеттен қосымша түсiндiрулердi алуға қатысты Атқару кеңесiне сұрау салуға құқығы бар.
      Атқару кеңесi барлық басқа мемлекеттердi осы тармаққа сәйкес кез келген түсiндiруге қатысты сұрау салу туралы, сонымен қатар сұрау салушы қатысушы мемлекеттерге ұсынылған кез келген жауап туралы шұғыл хабардар етедi.
      33. Егер сұрау салушы қатысушы мемлекет 32 d) тармақ бойынша алынған түсiндiрудi қанағаттанғысыз деп тапса, ол Атқару кеңесiнiң мүшесi болып табылмайтын қатысы бар қатысушы мемлекеттер қатысуға құқылы Атқару кеңесiнiң мәжiлiсiн шақыруға құқығы бар. Осындай мәжiлiсте Атқару кеңесi осы мәселенi қарайды және V бапқа сәйкес кез келген шараны ұсынады.

D. ЖЕРГIЛIКТI ЖЕРЛЕРДЕГI ИНСПЕКЦИЯЛАР

Жергiлiктi жерлердегi инспекцияға қатысты сұрау салу

      34. Әрбiр қатысушы мемлекеттiң осы баптың ережелерi мен Хаттаманың II бөлiмiне сәйкес аумақта немесе кез келген қатысушы мемлекеттiң юрисдикциясына және бақылауына жататын кез келген басқа жерде немесе кез келген мемлекеттiң юрисдикциясы мен бақылауынан тыс жердегi кез келген ауданда орнындағы инспекцияға сұрау салуға құқығы бар.
      35. Жергiлiктi жерлердегi инспекцияның жалғыз мақсаты I бапты бұзумен шындығында ядролық қарудың сынақ жарылысы немесе кез келген басқа ядролық жарылыс жүргiзiлгенiн анықтау және, бұл қанша мүмкiндiгi болғанша, кез келген ықтимал бұзушыны ұқсастыруға көмектесетiн кез келген фактiлердi жинау.
      36. Сұрау салушы қатысушы мемлекет жергiлiктi жерлердегi инспекцияға қатысты сұрау салуда осы Шарт қызметiнiң аясы шеңберiнен шықпауға және сұрау салуда 37-тармаққа сәйкес ақпаратты ұсынуға мiндеттi. Сұрау салушы қатысушы мемлекет инспекцияға қатысты негiзсiз немесе терiс пиғылды сұрау салулардан тартынады.
      37. Жергiлiктi жерлердегi инспекцияға қатысты сұрау салу жалпы танылған халықаралық құқық принциптерiне немесе олардың үйлесiмдiлiгiне сәйкес түрде Халықаралық мониторинг жүйесi жинаған ақпаратқа, ұлттық техникалық құралдарымен алынған кез келген тиiстi техникалық ақпаратқа негiзделедi. Сұрау салуда Хаттаманың II бөлiмiнiң 41-тармағына сәйкес ақпарат болады.
      38. Сұрау салушы қатысушы мемлекет жергiлiктi жерлердегi инспекцияға қатысты сұрау салуды Атқару кеңесiне және бiр мезгiлде соңғысы оны жедел өңдеудi бастауы үшiн Бас директорға ұсынады.

Жергiлiктi жерлердегi инспекцияға қатысты сұрау
салуды ұсынғаннан кейiн болатын iс-шаралар

      39. Атқару кеңесi жергiлiктi жерлердегi инспекцияға қатысты сұрау салуды алысымен өзiнiң қарауын бастайды.
      40. Бас директор жергiлiктi жерлердегi инспекцияға қатысты сұрау салуды алғаннан кейiн екi сағаттық мерзiмде сұрау салушы қатысушы мемлекетке сұрау салуды алғанын растайды және алты сағат мерзiмде осы сұрау салуды, оған қатысты инспекция сұралынған қатысушы мемлекетке жолдайды. Бас директор сұрау салудың Хаттаманың II бөлiмiнiң 41-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкес екендiгiне көз жеткiзедi және қажет кезiнде сұрау салушы қатысушы мемлекетке сұрау салуды тиiстi түрде ресiмдеуге көмектеседi, сондай-ақ сұрау салуды 24 сағаттық мерзiмде Атқарушы кеңеске және басқа қатысушы мемлекеттерге жолдайды.
      41. Жергiлiктi жерлердегi инспекциялауға қатысты сұрау салу талаптарға сай болған кезде Техникалық хатшылық жергiлiктi жерлердегi инспекцияға дайындауды дереу бастайды.
      42. Жергiлiктi жердегi инспекцияға қатысты, осы немесе басқа қатысушы мемлекеттiң юрисдикциясына және бақылауына жататын инспекция ауданы ескерiлген сұрау салуды алысымен Бас директор инспекциялауға сұрау салуда мазмұндалған алаңдаушылықты айқындау және жою үшiн сұрау салуға қатысты қатысушы мемлекеттен дереу түсiндiрме беруiн сұрайды.
      43. 42-тармаққа сәйкес түсiндiруге қатысты сұрау салуды алушы қатысушы мемлекет Бас директорға түсiндiрулер мен басқа да тиiстi ақпараттарды барынша тез, бiрақ түсiндiруге қатысты сұрау салуды алғаннан кейiн 72 сағаттан кешiктiрмей, ұсынады.
      44. Атқару кеңесi жергiлiктi жерлердегi инспекцияға қатысты сұрау салу жөнiнде шешiм қабылдаудан бұрын Бас директор Атқару кеңесiне дереу сұрау салуда көрсетiлген құбылысқа қатысты Халықаралық мониторинг жүйесiнен түскен кез келген қосымша ақпараттарды немесе кез келген қатысушы мемлекет 42 және 43-тармақтарға сәйкес ұсынылған түсiндiрулердi, сондай-ақ Бас директор орынды деп санайтын немесе Атқару кеңесi сұрау салған Техникалық хатшылықтағы кез келген басқа да ақпаратты бередi.
      45. Егер сұрау салушы қатысушы мемлекет сұрау салуда жергiлiктi жерлердегi инспекцияға қатысты мазмұндалған алаңдаушылық жойылды деп таппаса және сұрау салуды қайтарып алмаса, Атқару кеңесi осы сұрау салу бойынша 46-тармаққа сәйкес шешiм қабылдайды.

Атқару кеңесiнiң шешiмi.

      46. Сұрау салушы қатысушы мемлекеттен сұрау салуды алғаннан кейiн 96 сағаттан кешiктiрмей Атқару кеңесi жергiлiктi жерлердегi инспекцияға қатысты сұрау салу жөнiнде шешiм қабылдайды. Жергiлiктi жерлердегi инспекцияны мақұлдау туралы шешiм Атқару кеңесiнiң ең кем дегенде 30 "иә" деген дауысымен қабылдайды. Егер Атқару кеңесi инспекцияны мақұлдамаса, онда дайындық тоқтатылады және сұрау салу бойынша бұдан әрi iс-қимылдар жасалмайды.
      47. Жергiлiктi жерлердегi инспекцияны мақұлдағаннан кейiн 25 күннен кешiктiрмей 46-тармаққа сәйкес инспекциялық топ Атқару кеңесiне Бас директор арқылы инспекцияның барысы туралы баяндаманы табыс етедi. Атқару кеңесi инспекцияның барысы туралы баяндаманы алғаннан кейiн 72 сағаттан кешiктiрмей өзiнiң мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен инспекцияны жалғастырмау туралы шешiм қабылдамаса, инспекцияны жалғастыру мақұлданды деп саналады. Егер Атқару кеңесi инспекцияны жалғастырмау туралы шешiм қабылдаса, инспекция тоқтатылады және инспекциялық топ инспекция ауданы мен инспекцияланушы қатысушы мемлекеттiң аумағын II Хаттаманың 109 және 110 бөлiмiне сәйкес мүмкiндiгiне қарай тез арада тастап кетедi.
      48. Жергiлiктi жерлердегi инспекция барысында инспекциялық топ Бас директор арқылы бұрғылауды жалғастыру туралы Атқару кеңесiне ұсыныс жасай алады. Атқару кеңесi осындай ұсыныс бойынша шешiмдi ұсынысты алғаннан кейiн 72 сағаттан кешiктiрмей қабылдайды. Бұрғылауды мақұлдау туралы шешiм Атқару кеңесiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады.
      49. Инспекциялық топ инспекция уақытын Хаттаманың II бөлiмiнiң 4-тармағында көрсетiлген 60 күндiк мерзiмнен тыс әрi кеткенде 70 күнге ұзартуға қатысты, егер инспекциялық топ осы ұзарту өзiнiң мандатын орындауда елеулi мәнi бар деп санаса, Бас директор арқылы Атқару кеңесiне сұрау салумен жүгiне алады. Инспекциялық топ өзiнiң сұрау салуында ұзарту мерзiмiнде Хаттаманың II бөлiмiнiң 69-тармағында санамаланған қызметтiң қандай түрлерiн және әдiстерiнiң қайсысын ол жүзеге асыруға және пайдалануға ниеттi екендiгiн көрсетедi. Атқару кеңесi мерзiмдi ұзартуға қатысты сұрау салу бойынша шешiмдi осы сұрау салуды алғаннан кейiн 72 сағаттан кешiктiрмей қабылдайды. Инспекцияны ұзартуды мақұлдау туралы шешiм Атқару кеңесiнiң барлық мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады.
      50. Жергiлiктi жерлердегi инспекцияны ұзартуды мақұлдағаннан кейiн кез келген уақытта инспекциялық топ 47-тармаққа сәйкес инспекцияны тоқтату туралы Бас директор арқылы Атқару кеңесiне ұсыныс жасай алады. Осындай ұсыныс, егер Атқару кеңесi ұсынысты қабылдағаннан кейiн 72 сағаттан кешiктiрмей өз мүшелерiнiң үштен екi көпшiлiк дауысымен инспекцияны тоқтатуды мақұлдамау туралы шешiмдi қабылдамаса, мақұлданды деп саналады. Инспекцияны тоқтатқан жағдайда, Хаттаманың II бөлiмiнiң, 109 және 110-тармақтарына сәйкес барынша тез инспекциялық топ инспекция ауданы мен қатысушы мемлекеттiң инспекция аумағын тастап кетедi.
      51. Сұрау салушы қатысушы мемлекет және оған қатысты инспекцияға сұрау салынған қатысушы мемлекет дауыс беруге қатыспай Атқару кеңесiнiң жергiлiктi жерлердегi инспекцияға сұрау салуға қатысты пiкiрсайысына қатыса алады. Сұрау салушы қатысушы мемлекет және инспекцияланатын қатысушы мемлекет дауыс беруге қатыспай Атқару кеңесiнiң инспекциялауға қатысты кез келген келесi пiкiр-сайысына қатыса алады.
      52. Бас директор 46-50-тармақтарға сәйкес 24 сағаттық мерзiмде барлық қатысушы мемлекеттердi Атқару кеңесiнiң кез келген шешiмi туралы және Атқару кеңесiне ұсынылған баяндамалар, ұсыныстар, сұрау салулар мен ұсынымдар туралы хабардар етедi.

Атқару кеңесi жергiлiктi жерлердегi инспекцияны
мақұлдағаннан кейiн болатын iс-шаралар

      53. Атқару кеңесi мақұлдаған жергiлiктi жерлердегі инспекция Бас директор тағайындаған инспекциялық топпен және осы Шарт пен Хаттама ережелерiне сәйкес дереу жүргiзiледi. Сұрау салушы қатысушы мемлекеттен жергiлiктi жерлердегi инспекцияға қатысты сұрау салуды Атқару кеңесi алғаннан кейiн инспекциялық топ келу орнына алты күннен кешікпей жетедi.
      54. Бас директор жергiлiктi жерлердегi инспекцияны жүргiзу үшiн инспекцияға мандат бередi. Инспекция мандатында Хаттаманың II бөлiмiнiң 42-тармағында көрсетiлген ақпарат мазмұндалады.
      55. Бас директор Хаттаманың II бөлiмiнiң 43-тармағына сәйкес инспекция туралы инспекцияланатын қатысушы мемлекеттi инспекциялық топтың келу орнына жоспарлы жетуiне дейiн 24 сағаттан кешікпей хабардар етедi.

Жергiлiктi жерлердегi инспекцияны жүргiзу

      56. Әрбiр қатысушы мемлекет осы Шарттың ережелерi мен Хаттамаға сәйкес өзiнiң аумағында немесе оның юрисдикциясына және бақылауына жататын жерлерде жергiлiктi жерлердегi инспекцияны жүргiзуге Ұйымға рұқсат бередi. Бiрақ ешқандай қатысушы мемлекет бiр мезгiлде өзiнiң аумағында немесе оның юрисдикциясына немесе бақылауына жататын жергiлiктi жердегi инспекцияларды қабылдауға мiндеттi емес.
      57. Осы Шарт ережелерi мен Хаттамаға сәйкес инспекцияланушы қатысушы мемлекеттiң:
      а) оның осы Шарттың сақталуын жария ету үшiн ол барлық ақылға қонымды күш-жiгерлердi қолдануына және осы мақсатта инспекциялық топқа өз мандатын орындауға мүмкiндiк беру құқығы мен мiндеттемелерi;
      b) ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiн қорғау үшiн ол қажет деп санайтын және инспекция мақсатына қатысы жоқ құпия ақпараттардың жариялануын болдырмау үшiн шараларды қолдану құқығы;
      с) инспекциялау ауданы шегінде тек инспекция мақсатына қатысты фактiлердi айқындаудың бiр ғана мақсатында, b) тармақшасын ескерiп және меншiк құқығы немесе тiнтулер мен секвестрлерге қатысы бар кез келген конституциялық мiндеттерге қол жеткiзудi ұсыну мiндеттемелерi;
      d) осы тармақты немесе Хаттаманың II бөлiмiнiң 88-тармағын I бап бойынша өз мiндеттемелерiнiң кез келген бұзушылығын жасыру үшiн пайдаланбау мiндеттемесi; және
      e) инспекциялық топтың инспекция ауданы шектерiнде орын ауыстыру және инспекциялық қызметтi осы Шарт пен Хаттамаға сәйкес жүзеге асыру мүмкiндiгiн қиындатпау мiндеттемесi болады.
      Жергiлiктi жерлердегi инспекцияның толық мәнiне қол жеткiзу инспекциялық топтың және инспекциялық құрал жабдықтардың инспекция ауданына нақты қол жеткiзуiн, сол сияқты инспекциялық қызметтi оның шектерiнде жүргiзудi бiлдiредi.
      58. Жергiлiктi жерлердегi инспекция инспекция мандатын тиiмдi және дер кезiнде жүзеге асырумен үйлесiмдi барынша мүмкiн аз араласушылық түрiнде және Хаттамада мазмұндалған тәртiптерге сәйкес жүргiзiледi. Әр кезде, бұл мүмкiн болғанда, инспекциялық топ барынша аз араласушылық рәсiмiмен бастайды және одан кейiн ол осы Шарттың сақталмауына қатысты алаңдаушылықты анықтау мақсатында жеткiлiктi ақпарат жинау үшiн қажет деп санаған жағдайда көбiрек араласу рәсiмдерiне көшедi. Инспекторлар тек осы инспекциялау мақсаты үшiн қажеттi ақпараттар мен деректердi алуға тырысады және инспекцияланушы қатысушы мемлекеттердiң қалыпты операцияларына араласуды барынша болдырмауға тырысады.
      59. Инспекцияланушы қатысушы мемлекет жергiлiктi жерлердегi инспекцияның өн бойында инспекциялық топқа жәрдем көрсетедi және оның өз мiндетiн орындауына көмектеседi.
      60. Егер инспекцияланушы қатысушы мемлекет Хаттаманың II бөлiмiнiң 86-96-тармақтарына сәйкес әрекет ете отырып, инспекция ауданы шегiнде қол жеткiзудi шектесе, ол инспекциялық топпен консультацияда өзiнiң осы Шартты сақтауын баламалы құралдар көмегiмен көрсету үшiн барлық ақылға сыйымды күш-жігерлерді қолданады.

Бақылаушы

      61. Бақылаушыға қатысты келесiлер қолданылады:
      а) сұрау салушы қатысушы мемлекет инспекцияланушы қатысушы мемлекеттiң келiсiмiмен не қатысушы мемлекеттiң, не үшіншi қатысушы мемлекеттің, азаматы болып табылатын өкiлiн жергілікті жерлердегi инспекцияны жүргiзудi бақылау үшiн жiбере алады;
      b) Атқару кеңесi жергiлiктi жерлердегi инспекцияны мақұлдағаннан кейiн 12 сағаттық мерзiмде инспекцияланушы қатысушы мемлекет ұсынылған бақылаушыны қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы Бас директорды хабардар етедi;
      с) инспекцияланушы қатысушы мемлекет қабылдаған жағдайда бақылаушыға Хаттамаға сәйкес қол жеткiзудi ұсынады;
      d) инспекцияланушы қатысушы мемлекет, әдеттегiдей, ұсынылған бақылаушыны қабылдайды, бiрақ егер инспекцияланушы қатысушы мемлекет өзiнiң бас тарту құқығын пайдаланса, бұл фактi инспекция туралы баяндамада тiркеледi.
      Сұрау салушы қатысушы мемлекеттердiң жалпы санынан үшеуден артық емес бақылаушы жiберiледi.

Жергiлiктi жерлердегi инспекция туралы баяндамалар

      62. Инспекция туралы баяндамаларда мыналар мазмұндалады:
      а) инспекциялық топ жүргiзген қызметтiң сипаттамасы;
      b) инспекциялық топтың инспекцияның мақсатына қатысы бар фактологиялық тұжырымдары;
      с) жергiлiктi жерлердегi инспекция барысында көрсетiлген ынтымақтастық туралы есеп;
      d) жергiлiктi жерлердегi инспекция барысында, топқа ұсынылған баламалы құралдарды қоса алғанда, ұсынылған қол жеткiзу деңгейiнiң фактологиялық сипаттамасы; және
      е) инспекция мақсатына қатысты кез келген басқа да нақтылықтар.
      Баяндамаға инспекторлардың ерекше пiкiрлерi қосымша тiркелуi мүмкiн.
      63. Бас директор инспекцияланушы қатысушы мемлекеттiң қарамағына инспекция туралы баяндамалар жобаларын ұсынады. Инспекцияланушы қатысушы мемлекет Бас директорға 48 сағаттық мерзiмде өзiнiң ескертулерi мен түсiндiрулерiн беруге, сондай-ақ оның пiкiрiнше, инспекция мақсатына қатысы жоқ және Техникалық хатшылықтың шегiнен тыс таратылмауы тиiс кез келген деректер мен мәлiметтердi анықтауға құқылы. Бас директор инспекцияланушы қатысушы мемлекет ұсынған инспекциялау туралы баяндаманың жобасындағы өзгерiстер туралы ұсыныстарды қарайды және оларды, бұл мүмкiн болса, әр кезде қосып отырады. Бас директор сол сияқты инспекция туралы баяндамаға инспекцияланушы қатысушы мемлекет ұсынған ескертулер мен түсiндiрулердi қосымша тiркейдi.
      64. Бас директор инспекция туралы баяндаманы сұрау салушы қатысушы мемлекетке, инспекцияланушы қатысушы мемлекетке, Атқару кеңесiне және барлық басқа да қатысушы мемлекеттерге кешiктiрмей табыс етедi. Бас директор Атқару кеңесi мен барлық басқа да қатысушы мемлекеттерге Хаттаманың II бөлiмiнiң 104-тармағына сәйкес тағайындалған зертханаларда жүргiзiлген сынамалар талдауының кез келген нәтижелерiн, Халықаралық мониторинг жүйесiндегi тиiстi деректердi, сұрау салушы және инспекцияланушы қатысушы мемлекеттердiң бағаларын, сондай-ақ Бас директор орынды деп санаған кез келген басқа да ақпараттарды дереу табыс етедi. 47-тармақта аталған инспекция барысы туралы баяндамаға қатысты Бас директор оны Атқару кеңесiне осы тармақта көрсетiлген мерзiмдерде табыс етедi.
      65. Атқару кеңесi өзiнiң өкiлеттiктерi мен функцияларына сәйкес инспекция туралы баяндаманы және 64-тармаққа сәйкес ұсынылған кез келген материалды қарайды және келесiге қатысты кез келген алаңдаушылықтарды қарайды:
      а) осы Шартты қандай да бiр сақтамау орын алды ма; және
      b) жергiлiктi жерлердегi инспекцияға қатысты сұрау салу құқығын терiс пайдалану орын алды ма.
      66. Егер Атқару кеңесi өзiнiң өкiлеттiктерi мен функцияларына сәйкес, 65-тармаққа байланысты бұдан былайғы iс-қимылдар қажет деген тұжырымға келсе, ол V бапқа сәйкес тиiстi шараларды қолданады.

Жергiлiктi жерлердегi инспекциялауға қатысты ойдан
шығарылған немесе терiс пиғылды сұрау салулар

      67. Егер Атқару кеңесi жергiлiктi жерлердегi инспекцияны орнындағы инспекцияға қатысты сұрау салу ойдан шығарылған немесе терiс пиғылды болып табылған деген негiзде мақұлдамаса немесе егер инспекция осы себептермен тоқтатылса, Атқару кеңесi жағдайды түзету жөнiнде, келесiлердi қоса алғанда, тиiстi шараларды қолдану туралы мәселенi қарайды және шешедi:
      а) Техникалық хатшылық жүргiзген кез келген дайындықтарға байланысты шығыстарды сұрау салушы қатысушы мемлекеттiң төлеуiн талап ету;
      b) сұрау салушы қатысушы мемлекеттiң жергiлiктi жерлердегi инспекцияға сұрау салу құқығын Атқару кеңесi белгiлеген кезеңге тоқтата тұру; және
      с) сұрау салушы қатысушы мемлекеттiң белгiлi уақыт кезеңiнде Атқару кеңесi құрамына ену құқығын тоқтата тұру.

E. СЕНIМДI НЫҒАЙТУ ШАРАЛАРЫ

      68. Мыналар:
      а) химиялық жарылыстарға қатысы бар бақылау деректерiн терiс түсiндiру нәтижесiнде пайда болатын кез келген алаңдаушылықтарды дер кезiнде жоюға ықпал ету; және
      b) Халықаралық мониторинг жүйесiн құрайтын желiлер құрамына енетiн станцияларды калибрлеуге ықпал ету үшiн, әрбiр қатысушы мемлекет Хаттаманың III бөлiмiнде мазмұндалған тиiстi шараларды жүзеге асыруда Ұйыммен және басқа да қатысушы мемлекеттермен ынтымақтасуға мiндеттенедi.

V БАП
САНКЦИЯЛАРДЫ ҚОСА АЛҒАНДА АХУАЛДЫ ТYЗЕТУ ЖӘНЕ
САҚТАЛУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНIНДЕГI ШАРАЛАР

      1. Конференция, басқалардың қатарында, Атқару кеңесiнiң ұсынымдарын ескере отырып, олар 2 және 3-тармақтарда мазмұндалғандай, осы Шарттың сақталуын қамтамасыз ету және осы Шарттың ережесiн бұзатын кез келген ахуалды түзету және бағыттау жөнiнде қажеттi шараларды қабылдайды.
      2. Конференция немесе Атқару кеңесi қатысушы мемлекетке осы Шарттың сақталуына қатысты проблемалар тудыратын ахуалды түзеудi ұсынғанда, және қатысушы-мемлекет өтiнiштi белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда, Конференция, басқалардың қатарында, осы қатысушы мемлекеттiң осы Шарт бойынша құқықтары мен артықшылықтарын жүзеге асыруды Конференция басқа шешiм қабылдаған уақытқа дейiн шектеуге немесе тоқтата тұруға шешiм қабылдайды.
      3. Осы шарт жөнiндегi негiзгi мiндеттемелердiң сақталмауы нәтижесiнде осы Шарттың объектісi мен мақсаттарына залал келтiрiлуi мүмкiн жағдайларда, Конференция қатысушы мемлекеттерге халықаралық құқықтарға сәйкес ұжымдық шараларды ұсына алады.
      4. Конференция немесе жағдай шұғыл сипаттық болса, Атқару кеңесi, тиiстi ақпараттар мен тұжырымдарды қоса алғанда, проблеманы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының назарына жеткiзе алады.

VI БАП
ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ

      1. Осы Шартты қолдануға немесе түсiндiруге байланысты туындайтын даулар осы Шарттың осы мәселеге қатысты ережелерiне сәйкес және Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының ережелерiне сәйкес реттеледi.
      2. Екi немесе одан да көл қатысушы мемлекеттер арасында немесе одан да көп қатысушы мемлекеттер мен Ұйым арасында осы Шартты қолдану немесе түсiндiруге байланысты дау туындаған жағдайда, тиiстi қатысушылар дауды келiссөздер жолымен немесе қатысушылардың таңдауы бойынша басқа да бейбiт құралдармен, осы Шарттың тиiстi органдарына жүгiнудi және өзара келiсiм бойынша Сот мәртебесiне сәйкес Халықаралық сотқа жүгiнудi қоса алғанда, тез peттеу мақсатында бiрiккен консультациялар жүргiзедi. Осы дауға қатысы бар қатысушылар жасалып жатқан iс-қимылдар туралы Атқару кеңесiн хабардар етедi.
      3. Атқару кеңесi осы Шартты қолдануға және түсiндiруге байланысты туындауы ықтимал дауды, ол орынды деп тапқан кез келген құралдармен, жеке таңдауы бойынша өзiнiң ізгi қызметтерiн ұсынуды, дау тараптары болып табылатын қатысушы мемлекеттерге үндеудi, процесс көмегiмен реттеуге қол жеткiзудi, мәселенi Конференция назарына жеткiзу және кез келген келiсiлген рәсiм үшiн мерзiмдерге қатысты ұсыным жасауды қоса алғанда, реттеуге жәрдемдесе алады.
      4. Конференция қатысушы мемлекет көтерген немесе оның назарына Атқару кеңесi ұсынған дауларға қатысы бар мәселелердi қарайды. Конференция, егер ол осыны қажет деп тапса, органдарды құрады немесе оларға II баптың 26 i) тармағына сәйкес осы дауларды реттеуге байланысты мiндеттердi орындауды тапсырады.
      5. Конференцияға және Атқару кеңесiне Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының рұқсатымен Ұйым қызметiнiң аясы шеңберiнде туындайтын кез келген заңды мәселе бойынша консультациялық қорытынды беру туралы сұрау салумен Халықаралық сотқа дербес жүгiну құқығы берiледi. Осы мақсатта Ұйым мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы арасында II баптың 38 h) тармағына сәйкес келiсiм жасалынады.
      6. Осы бап IV және V баптарға залалын тигiзбейдi.

VIІ БАП
ТYЗЕТУЛЕР

      1. Осы Шарт күшiне енгеннен кейiн кез келген уақытта кез келген қатысушы мемлекет осы Шартқа, Хаттамаға немесе Хаттаманың қосымшасына түзетулердi ұсына алады. Сондай-ақ кез келген қатысушы мемлекет 7-тармаққа сәйкес Хаттамаға немесе оның қосымшасына өзгерiстердi ұсына алады. Түзетулер туралы ұсыныстар 2-6-тармақтарда мазмұндалған рәсiмдермен реттеледi. Өзгерiстер туралы ұсыныстар 7-тармаққа сәйкес 8-тармақта мазмұндалған рәсiмдермен реттеледi.
      2. Ұсынылған түзетулер тек Конференцияның түзетулердi қарауы бойынша қаралады және қабылданады.
      3. Түзетулер туралы кез келген ұсыныс Бас директорға хабарланады, ол оны барлық қатысушы мемлекеттер мен депозитарийлерге таратады және түзетулердi қарауы бойынша осы ұсынысты қарау үшiн Конференцияның шақырылуының орындылығына қатысты қатысушы мемлекеттердiң пiкiрлерiн анықтайды. Егер қатысушы мемлекеттердiң көпшiлiгi осы ұсынысты таратқаннан кейiн 30 күннен кешiктiрмей Бас директорға өздерiнiң осы ұсыныстың бұдан әрi қаралуын қолдайтындықтарын бiлдiрсе, Бас директор түзетулердi қарастыру жөнiндегi барлық қатысушы мемлекеттер шақырылатын Конференцияны шақырады.
      4. Түзетулердi қарастыру жөнiндегi Конференция, егер түзетулердi қарастыру жөнiндегi Конференцияны шақыруды қолдайтын барлық қатысушы мемлекеттер оны жақын арада өткiзу туралы сұрау салмаса, Конференцияның кезектегi сессиясынан кейiн бiрден өткiзiледi. Түзетулердi қарау жөнiндегi Конференция ұсынылған түзетулердi таратқаннан кейiн 60 күн өтпейiнше ешқандай жағдай да өткiзiлмейдi.
      5. Түзетулер түзетулердi қарау жөнiндегі Конференцияда оларды қабылдауға қатысушы мемлекеттердiң көпшiлiгiнiң оң дауыс беруiмен бiр де бiр қатысушы мемлекет терiс дауыс бермеген жағдайда қабылданады.
      6. Барлық қатысушы мемлекеттер үшiн түзетулер бекiту грамоталарын немесе түзетулердi қарау жөнiндегi Конференцияда оларды қабылдауға дауыс берген барлық қатысушы мемлекеттердiң қабылдауы туралы құжаттарды сақтауға бергеннен кейiн 30 күннен соң күшiне енедi.
      7. Осы Шарттың өмiршеңдiгiн қамтамасыз ету мақсатында, егер ұсынылған өзгерiстер тек әкiмшiлiк немесе техникалық сипаттағы мәселелерге қатысты болса, Хаттаманың I және II бөлiмi мен Хаттаманың 1 және 2-қосымшалары 8-тармаққа сәйкес өзгертiлуi тиiс. Хаттама мен оның Қосымшаларының барлық басқа ережелерi 8-тармаққа сәйкес өзгертiлмеуге тиiс.
      8. 7-тармақта ескерiлген ұсынылған өзгерiстер келесi рәсiмдерге сәйкес жүргізiледi:
      а) ұсынылған өзгерiстердiң мәтiнi қажеттi ақпараттармен бiрге Бас директорға табыс етiледi. Кез келген қатысушы мемлекет және Бас директор ұсынысты бағалау үшiн қосымша ақпаратты ұсына алады. Бас директор кез келген осындай ұсыныстар мен ақпараттарды барлық қатысушы мемлекеттерге, Атқару кеңесi мен депозитарийге кешiктірмей хабарлайды;
      b) Бас директор ұсынысты алғаннан кейiн 60 күннен кешiктiрмей оны осы Шарттың ережелерi мен жүзеге асуы үшiн барлық болуы күдiк салдарларын анықтау үшiн бағалайды және кез келген осындай ақпаратты барлық қатысушы мемлекеттерге, Атқару кеңесiне хабарлайды;
      с) Атқару кеңесi ұсынысты өзiнде бар барлық ақпараттар аясында, ұсыныс 7-тармақта мазмұндалған талаптарға сәйкес пе, жоқ па деген мәселенi қоса зерделейдi. Атқару кеңесi ұсынысты алғаннан кейiн 90 күннен кешiктiрмей тиiстi түсiндiрулермен өзiнiң ұсынымдары туралы қарау үшiн барлық қатысушы мемлекеттердi хабардар етедi. Қатысушы мемлекеттер 10 күндiк мерзiмде алуды растайды;
      d) егер Атқару кеңесi барлық қатысушы мемлекеттерге ұсынысты қабылдауды ұсынса, егер ұсынымды алғаннан кейiн 90 күндiк мерзiмде бiр де бiр қатысушы мемлекет қарсылық бiлдiрмесе, онда ол мақұлданды деп саналады. Егер Атқару кеңесi ұсынысты қабыл алмауды ұсынса, ұсынымды алғаннан кейiн 90 күндiк мерзiмде бiр де бiр қатысушы мемлекет осындай қабыл алмауға қарсылық бiлдiрмесе, онда ол қабыл алынбады деп саналады;
      е) егер Атқару кеңесiнiң ұсынымы сi) тармақшасында көзделген қабылдау жағдайларына сәйкес келмесе, онда ұсыныс жөнiндегi шешiм, 7-тармақта мазмұндалған талаптарға сай ма жоқ па деген мәселенi қоса алғанда, Конференцияның келесi сессиясында мәселенiң мәнi ретiндегiдей қабылданады;
      f) Бас директор барлық қатысушы мемлекеттер мен депозитарийлердi осы тармаққа сәйкес қабылданған кез келген шешiм туралы хабардар етедi;
      g) Осы тәртiп бойынша мақұлданған өзгерiстер, егер тек Атқару кеңесi ұсыным жасамаса немесе егер тек Конференция өзге мерзiмдi белгiлеудi шешпесе, барлық қатысушы мемлекеттер үшiн оның мақұлданғаны туралы Бас директор хабарлаған күннен 180 күн өткен соң күшiне енедi.

VIII БАП
ШAPTTЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫН ҚАРАУ

      1. Егер тек қатысушы мемлекеттердiң көпшiлiгi өзге шешiм қабылдамаса, осы Шарт күшiне енгеннен он жылдан кейiн қатысушы мемлекеттердiң Шарттың кiрiспесiнiң және ережелерiнiң мақсаттары мен мiндеттерiнiң iске асуына көз жеткiзу мақсатында осы Шарттың қолданылуы мен тиiмдiлiгiн қарау жөнiндегi Конференциясы өткiзiледi. Осындай қарау барысында осы Шартқа қатысы бар кез келген жаңа ғылыми-техникалық жетiстiктер ескерiледi. Шарттың қолданылуын қарау жөнiндегi Конференция кез келген қатысушы мемлекеттiң сұрау салуы негiзiнде, бейбiт мақсаттарда жер асты ядролық жарылыстарын жүргiзуге рұқсат ету мүмкiндiгiн қарастырады. Егер Шарттың қолданылуын қарау жөнiндегi Конференция осындай ядролық жарылыстарға рұқсат етiлуi мүмкiн деп ымыралықпен шешсе, онда ол қатысушы мемлекеттерге осы Шартқа осындай жарылыстардан кез келген әскери пайданы болдырмай тастайтын Тиiстi түзету енгiзуге ұсыным жасау мақсатындағы жұмысын тез арада бастайды. Кез келген осындай ұсынылған түзетудi Бас директорға кез келген қатысушы мемлекет хабарлайды және VII бап ережелерiне сәйкес қаралады.
      2. Егер өткен жылда Конференция бұл туралы рәсiмдiк мәселе ретiнде шешiм қабылдаса, кейiн осы мақсатпен он жылдық аралықтармен Шарттың қолданылуын қарау жөнiндегi бұдан кейiнгi конференциялар шақырылуы мүмкiн. Осындай конференциялар, егер Конференция бұл туралы мәселенiң мәнi бойынша шешiм қабылдаса, он жылдық аралықтармен шақырылуы мүмкiн.
      3. Әдетте, Шарттың қолданылуын қарау жөнiндегi кез келген Конференция II бапта көзделген Конференцияның жыл сайындық кезектi сессиясынан кейiн бiрден өткiзiледi.

IX БАП
ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗIМI ЖӘНЕ ОДАН ШЫҒУ

      1. Осы Шарттың қолданылуы мерзiмсiз болып табылады.
      2. Әрбiр қатысушы мемлекет, егер ол осы Шарттың мазмұнымен байланысты айрықша жағдайлар оның жоғары мүдделерiне қауiп төндiредi деп шешсе, өзiнiң мемлекеттiк егемендiгiн жүзеге асыру тәртiбiнде осы Шарттан шығуға құқығы бар.
      3. Шығу барлық басқа қатысушы мемлекеттердi, Атқару кеңесiн, депозитарий мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Қауiпсiздiк Кеңесiн алты ай бұрын дер кезiнде хабардар ету жолымен жүзеге асады. Шығу туралы хабарламада қатысушы мемлекет оның жоғары мүдделерiне қауiп төндiредi деп санайтын айрықша жағдай немесе айрықша жағдайлар туралы мәлiмдеме мазмұндалады.

X БАП
XATTAMAHЫҢ ЖӘНЕ ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ МӘРТЕБЕСI

      Осы Шарттың Қосымшасы, Хаттама мен Хаттаманың Қосымшасы Шарттың құрамды бөлiгi болып табылады. Осы Шартқа кез келген сiлтеме осы Шарттың Қосымшасын, Хаттама мен Хаттаманың Қосымшасын қамтиды.

XІ БАП
ҚОЛ ҚОЮ

      Осы Шарт ол күшiне енгенге дейiн барлық мемлекеттердiң қол қоюына ашық.

XІІ БАП
РАТИФИКАЦИЯЛАУ

      Осы Шартты Шартқа қол қойған мемлекеттер конституциялық рәсiмдерге сәйкес ратификациялауға тиiс.

ХIІІ БАП
ҚОСЫЛУ

      Осы Шартқа ол күшiне енгенге дейiн қол қоймаған кез келген мемлекет бұдан былай оған кез келген уақытта қосыла алады.

XIV БАП
КYШIНЕ ЕНУI

      1. Осы Шарт Осы Шарттың 2-қосымшасында аталған барлық мемлекеттер ратификациялау грамоталарын сақтауға тапсырған күнiнен бастап 180 күннен кейiн күшiне енедi, бiрақ ешқандай жағдайда да оған қол қою үшiн ашылғаннан кейiн екi жылдан ерте болмауға тиiс.
      2. Егер осы Шарт оның қол қою үшiн ашылған күнiне бiр жыл толғаннан кейiн үш жылдан кейiн күшiне енбесе, депозитарий өздерiнiң ратификациялау грамоталарын сақтауға тапсырған мемлекеттердiң, осы мемлекеттер көпшiлiгiнiң өтiнiшi бойынша, Конференциясын шақырады. Бұл Конференция 1-тармақта мазмұндалған талаптар қандай дәрежеде сақталғанын қарастырады және осы шарттың күшiне тез арада енуiне жәрдемдесу мақсатында ратификациялау процесiн жылдамдату үшiн халықаралық құқықпен үйлесiмдi қандай шаралар қабылдануы мүмкiн деген мәселенi ымыралықпен қарастырады және шешедi.
      3. Егер 2-тармақта ескерiлген Конференция немесе басқа осындай конференциялар өзге шешiм қабылдамаса, осы Шарттың күшiне енуiнен бұрын қол қою үшiн ашылған келесi жылдықтарында бұл процесс қайталанады.
      4. Шартқа қол қойған барлық мемлекеттер 2-тармақта аталған Конференцияға және 3-тармақта аталған кез келген келесi конференцияларға бақылаушы ретінде қатысуға шақырылады.
      5. Осы Шарт күшiне енгеннен кейiн ратификациялау грамоталарын немесе қосылу туралы құжаттарын сақтауға өткiзген мемлекеттер үшiн, олардың ратификациялау грамоталары немесе қосылу туралы құжаттары сақтауға өткiзiлген күнiнен бастап 30-шы күнi күшiне енеді.

XV БАП
ЕСКЕРТПЕЛЕР

      Осы Шарт пен оның Қосымшалары ескертпелерге жатпайды. Осы Шарттың объектісi мен мақсатына сай емес осы Шартқа Хаттаманың және Хаттамаға қосымшалардың ережелерi ескертпелерге жатпайды.

XVI БАП
ДЕПОЗИТАРИЙ

      1. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Шарттың депозитарийi болып табылады және қол қоюларды, бекiту грамоталарын және қосылу туралы құжаттарды алады.
      2. Депозитарий тез арада барлық қол қойған мемлекеттер мен қосылған мемлекеттердi әрбiр қол қойған күндер, әpбip ратификациялау грамоталарын немесе қосылу туралы құжаттарды сақтауға берген күндер, Осы Шарттың күшiне енген күнiн және оған кез келген түзетулер мен өзгерiстер туралы, сондай-ақ басқа хабарламаларды алғаны туралы хабардар етедi.
      3. Депозитарий тиiстi дәрежеде осы Шарттың расталған көшiрмелерiн қол қойған мемлекеттердiң және қосылған мемлекеттердiң үкiметтерiне жiбередi.
      4 Осы Шартты депозитарий Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес тiркейдi.

XVIІ БАП
ТҮПНҰСҚАЛЫҚ МӘТІНДЕР

      Осы Шарттың ағылшын, apaб, испан, қытай, орыс және француз тiлдерiндегi мәтiнi түпнұсқамен тең болып табылады, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға өткiзiледi.

ШАРТҚА 1-ҚОСЫМША
II БАПТЫҢ 28-ТАРМАҒЫНА СӘЙКЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ТІЗІМІ

       Африка

      Алжир, Ангола, Бенин, Ботсвана, Буркина-Фасо, Бурунди, Габон, Гамбия, Гана, Гвинея, Гвинея-Бисау, Джибути, Египет, Заир, Замбия, Зимбабве, Кобо-Верде, Камерун, Кения, Комор Аралдары, Конго, Кот-д' Ивуар, Лесото, Либерия, Ливия Араб Джамахириясы, Маврикий, Мавритания, Мадагаскар, Малави, Мали, Марокко, Мозамбик, Намибия, Нигер, Нигерия, Танзания Бiрiккен Республикасы, Руанда, Сан-Томе және Принсипи, Свазиленд, Сейшель Аралдары, Сенегал, Сомали, Судан, Сьерра-Леоне, Того, Тунис, Уганда, Орталық Африка Республикасы, Чад, Экваториалды Гвинея, Эритрея, Эфиопия, Оңтүстiк Африка.

       Шығыс Еуропа

      Әзiрбайжан, Албания, Армения, Беларусь, Болгария, Босния мен Герцеговина, Македония Республикасы (бұрынғы югаславиялық), Венгрия, Грузия, Латвия, Литва, Польша, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Румыния, Словакия, Словения, Украина, Хорватия, Чехия Республикасы, Эстония, Югославия.

       Латын Америкасы мен Кариб бассейнi

      Антигуа мен Барбуда, Аргентина, Багам Аралдары, Барбадос, Белиз, Боливия, Бразилия, Венесуэла, Гаити, Гайана, Гватемала, Гондурас, Гренада, Доминика Доминикан Республикасы, Колумбия, Коста-Рика, Куба, Мексика, Никарагуа, Панама, Парагвай, Перу Сальвадор, Сент-Винсент және Гренадин, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Суринам, Тринидад және Тобаго, Уругвай, Чили, Эквадор, Ямайка.

       Таяу Шығыс пен Оңтүстiк Азия

      Ауғанстан, Бангладеш, Бахрейн, Бутан, Израиль, Үндiстан, Иордания, Ирак, Иран (Ислам Республикасы), Иемен, Қазақстан, Катар, Кувейт, Қырғызстан, Ливан, Мальдив Аралдары, Непал, Бiрiккен Apaб Эмираттары, Оман, Пәкiстан, Сауд Аравиясы, Сирия Apaб Республикасы, Тәжiкстан, Түркменстан, Өзбекстан, Шри-Ланка.

       Солтүстік Америка және Батыс Еуропа

      Австрия, Андорра, Бельгия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Кипр, Лихтенштейн, Люксембург, Мальта, Монако, Нидерланд, Норвегия, Португалия, Сан-Марино, Святейший Престол, Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Бiрiккен Корольдiгi, Америка Құрама Штаттары, Түркия, Финляндия, Франция, Швейцария, Швеция.

       Оңтүстiк Шығыс Азия, Тынық мұхит аймағы мен Қиыр Шығыс

      Австралия, Бруней-Даруссалам, Вануату Вьетнам, Индонезия, Камбоджа, Кирибати, Қытай, Корей Халық-Демократиялық Республикасы, Лаос Халық-Демократиялық Республикасы, Малайзия, Маршалл Аралдары, Микронезия (Федерациялық Штаттар), Монғолия, Мьянма, Науру, Ниуэ, Жаңа Зеландия, Кук Аралдары, Палау, Папуа-Жаңа Гвинея, Корей Республикасы, Самоа, Сингапур, Соломон Аралдары, Тайланд, Тонга, Тувалу, Фиджи Филиппин Жапония.

ШАРТҚА 2-ҚОСЫМША
XIV БАПҚА СӘЙКЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ТІЗІМІ

      1996 жылғы Конференция сессиясының жұмысына ресми қатысқан және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттiгiнiң "Әлемдегi ядролық зерттеу реакторлары" атты 1996 жылғы сәуiрдегi басылымының I-кестесiнде көрсетілген қарусыздану жөнiндегi Конференцияның мүше мемлекеттерiнiң 1996 жылғы 18 маусымдағы және 1996 Конференция сессиясының жұмысына ресми қатысқан және Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттігінің "Әлемдегі ядролық энергетикалық реакторлар" атты 1995 жылғы желтоқсандағы басылымының 1-кестесiнде көрсетiлген қарусыздану жөнiндегi Конференцияның мүше мемлекеттерiнiң 1996 жылғы 18 маусымдағы тiзiмi:
      Австралия, Австрия, Алжир, Аргентина, Бангладеш, Бельгия, Болгария, Бразилия, Венгрия, Вьетнам, Германия, Египет, Заир, Израиль, Yндiстан, Индонезия, Иран (Ислам Республикасы), Испания, Италия, Канада, Қытай, Колумбия, Корей  Халық-Демократиялық Республикасы, Мексика, Нидерланд, Норвегия, Пәкiстан, Перу, Польша, Корей Республикасы, Ресей Федерациясы, Румыния, Словакия, Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдігі, Америка Құрама Штаттары, Түркия, Украина, Финляндия, Франция, Чили, Швейцария, Швеция, Оңтүстiк Африка, Жапония.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады