Палестина Мемлекетiне ресми iзгiлiк көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 қарашадағы N 1068 Қаулысы

      Палестина Мемлекетiнде қалыптасқан ауыр экономикалық және әлеуметтiк ахуалға, сондай-ақ әскери iс-қимылдар аймағындағы бейбiт халықтың арасында қаза тапқандар, босқындар санының артуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне Палестина Мемлекетiне ресми iзгiлiк көмек көрсету үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң төтенше резервiнен 150000 (бiр жүз елу мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен көрсетiлген қаражатты мынадай арнайы банк шотына аударуды қамтамасыз етсiн: "OIC-Special Aссount, 2603322, Samba Financial Group, Маin Branch Al Andalus Street, Jeddah, Kingdom of Saudi Arabia", "Swift коды - SAMBSARI", "алушы - Палестина Мемлекетi".
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады