Перспективалы халықаралық компанияларға Қазақстанның қатысуын іске асыру үшін қажетті жағдайлар мен құралдарды жасау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 желтоқсандағы N 1171 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы»"Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесінің 33-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Перспективалы халықаралық компанияларға Қазақстанның қатысуын іске асыру үшін қажетті жағдайлар мен құралдарды жасау жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдар Жоспарда көзделген іс-шараларды тиісінше және уақтылы орындауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2006 жылғы 30 қарашадағы
N 1157 қаулысымен  
бекітілген  

  Перспективалы халықаралық компанияларға Қазақстанның қатысуын іске асыру үшін қажетті жағдайлар мен құралдарды жасау жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с
N №
Іс-шаралардың атауы Аяқтау нысаны Орындауға  жауаптылар Орындау  мерзімі Болжамдышығыстар (млн. теңге) Қаржыландыру  көзі

1

2

3

4

5

6

7

1.

Талдау жүргізу және оларға қазақстандық заңды тұлғалардың немесе капиталдың қатысуы үшін жоғары технологиялы халықаралық компаниялардың тізбесін қалыптастыру

ИСМ, АШМ, ЭМРМ,     ККМ бірлескен бұйрығы

ИСМ       (жинақтау), ЭБЖМ,  СІМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, БҒМ, ҰҚК, "Қазына" АҚ

2007 жылғы II тоқсан

Талап етілмейді


2.

Қазақстандық заңды тұлғалардың қызметіне талдау жүргізу, оның қорытындылары бойынша олардың перспективалы халықаралық компанияларға мүмкін болатын қатысуына арналған өлшемдерге сәйкес келетін заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ИСМ (жинақтау), ЭМРМ, АШМ, ККМ, БҒМ,»"Қазына" АҚ

2007 жылғы II тоқсан

2007 жыл - 10,0

Даму институттарының қаражаты

3.

Тауарларға, жаңа технологиялар мен қызметтерге талдау жүргізу және олардың Қазақстан экономикасының дамуына ықпал ететін басым жобаларға жататындарының тізбесін қалыптастыру жөнінде ұсыныс дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ИСМ (жинақтау), СІМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, БҒМ, "Қазына" АҚ

2007 жылғы IIIтоқсан

2007 жыл - 14,0

Даму институттарының қаражаты

4.

Халықаралық компаниялардың акцияларын сатып алу, оларды қаржылық қамтамасыз ету схемасы бойынша ұсыныс дайындау және перспективалы халықаралық компанияларға Қазақстанның қатысуын іске асыру бойынша жағдай жасау үшін қажетті тетіктер мен құралдарды әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ИСМ (жинақтау), ЭМРМ, Қаржымині, АШМ, ККМ, БҒМ, "Қазына" АҚ

2007 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді


5.

Перспективалы халықаралық компанияларға Қазақстанның  қатысуы үшін жағдай жасау жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдеріне талдау жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ИСМ (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині, БҒМ, СІМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ,»"Қазына" АҚ

2007 жылғы II тоқсан

Талап етілмейді


6.

Қызметі отандық капиталдың жоғары технологиялы халықаралық компанияларға қатысуы жөніндегі жұмыстардың мониторингіне және оларды үйлестіруге бағытталатын   операторды айқындау жөнінде ұсыныс әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ИСМ (жинактау), ЭБЖМ, Қаржымині, ЭМРМ, АШМ, ККМ, БҒМ

2007 жылғы II тоқсан

Талап етілмейді


7.

Шетелдік жоғары технологиялы компаниялармен олардың акцияларының үлестерін сатып алу шарттары жөніндегі дайындық жұмысын жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ, "Қазына" АҚ

2007 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді


8.

Отандық капиталды салу көзделетін шет елдердің нормативтік құқықтық базасына талдау жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), ЭБЖМ, Әділетмині, Қаржымині, БҒМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ,»"Қазына" АҚ

2008 жылғы I-II тоқсан

Талап етілмейді



Жиыны:




2007 жылы - 24,0

Даму институттарының қаражаты

      Ескерту:
      ИСМ               - Қазақстан Республикасы Индустрия және
                          сауда министрлігі
      ЭБЖМ              - Қазақстан Республикасы Экономика және
                          бюджеттік жоспарлау министрлігі
      Қаржымині         - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      Әділетмині        - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      БҒМ               - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                          министрлігі
      АШМ               - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                          министрлігі
      ККМ               - Қазақстан Республикасы Көлік және
                          коммуникация министрлігі
      СІМ               - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
                          министрлігі
      ЭМРМ              - Қазақстан Республикасы Энергетика және
                          минералдық ресурстар министрлігі
      ҰҚК               - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
                          комитеті
      "Қазына" АҚ       - Қазақстан Республикасы "Қазына" орнықты
                          даму қоры" акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады