Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 желтоқсандағы N 1164 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2015 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң       
2006 жылғы 4 желтоқсандағы 
N 1164 қаулысымен    
бекiтiлген    

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер 

      1. "Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 тамыздағы N 1298 қаулысында:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы ережеде:
      14-тармақта:
      алтыншы және жиырма екiншi абзацтарда "Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет", "Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң" деген сөздер "өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетiншi абзацта "Төтенше жағдайларды мемлекеттiк қадағалау техникалық және тау-кен қадағалау" деген сөздер "төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15-тармақтың бiрiншi абзацында және 21-тармақтың екiншi абзацында "Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк өрт сөндiру қызметiнiң" деген сөздер тиiсiнше "өртке қарсы қызмет органдары", "өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16-тармақтың бесiншi және сегiзiншi абзацтарында "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң республикалық дағдарыс орталығы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң республикалық дағдарыс орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      16-тармақта "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.08.23 N 733 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.30 № 1456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5 - 6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2006 жылғы 4 желтоқсандағы
N 1164 қаулысына     
қосымша         

Қазақстан Республикасы Үкiметінiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 1068 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 30, 275-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Республикалық ақпараттық-техникалық орталығын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, ақпараттама және жағдайлық талдау жөнiндегi республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны етіп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 30 қыркүйектегi N 1390 қаулысының 6-тармағы.
      3. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 17 қарашадағы N 1593 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 49, 458-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 651 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 12-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 22, 190-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 және 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 1068 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 9 тамыздағы N 1119 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 348-құжат).

О внесении изменений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2006 года № 1164. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2015 года № 821

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 12.10.2015 № 821 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации  Закона Республики Казахстан от 31 января 2006 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам предпринимательства" Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
   Республики Казахстан

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 4 декабря 2006 года N 1164

  Изменения, которые вносятся в некоторые решения
Правительства Республики Казахстан

      1. В  постановлении Правительства Республики Казахстан от 28 августа 1997 года N 1298 "О государственной системе предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций":
      в  Положении о Государственной системе предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций, утвержденном указанным постановлением:
      в пункте 14:
      в абзацах шестом и двадцать втором слова "Государственной противопожарной службы" заменить словами "органов противопожарной службы";
      в абзаце седьмом слова "Государственного надзора за чрезвычайными ситуациями, технического и горного надзора" заменить словами "центрального исполнительного органа по чрезвычайным ситуациям";
      в абзаце первом пункта 15 и в абзаце втором пункта 21 слова "Государственной противопожарной службы" заменить словами "органов противопожарной службы";
      в абзацах пятом и восьмом пункта 16 слова "Республиканский кризисный центр Агентства Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям" заменить словами "Республиканский кризисный центр Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан";
      в  приложении к указанному постановлению:
      в пункте 16 слова "Агентство Республики Казахстан по государственным материальным резервам" заменить словами "Комитет по государственным материальным резервам Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан".

      2. ( Пункт 2 утратил силу   -   постановлением Правительства РК от 23 августа 2007 г. N   733 (вводится в действие по истечении 21 срока после официального опубликования).

      3. Утратил силу постановлением Правительства РК от 30.12.2010  № 1456(вводится в действие по истечении 10 календарных дней со дня первого официального опубликования).

      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 18.06.2015 № 457 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      5. Утратил силу постановлением Правительства РК от 20.05.2010 № 453.
      6. Утратил силу постановлением Правительства РК от 20.05.2010 № 453.

Приложение           
к постановлению Правительства
Республики Казахстан    
от 4 декабря 2006 года N 1164

Перечень утративших силу некоторых решений
Правительства Республики Казахстан

      1.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 1997 года N 1068 "О Комитете Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям" (САПП Республики Казахстан, 1997 г., N 30, ст. 275).
      2.  Пункт 6 постановления Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 1997 года N 1390 "О преобразовании Республиканского информационно-технического центра Государственного комитета Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям в Республиканское государственное казенное предприятие по вычислительной технике, телекоммуникациям, информатике и ситуационному анализу Государственного комитета Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям".
      3.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 1997 года N 1593 "Вопросы Комитета Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям" (САПП Республики Казахстан, 1997 г., N 49, ст. 458).
      4. Пункт 12 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных  постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 июля 1998 года N 651 "О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 27 апреля 1998 года N 3928" (САПП Республики Казахстан, 1998 г., N 22, ст. 190).
      5. Подпункт 2) пункта 1  постановления Правительства Республики Казахстан от 9 августа 1999 года N 1119 "О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 25 июня 1996 года N 790 и от 7 июля 1997 года N 1068" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 40, ст. 348).