Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 1068. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.12.04. N 1164 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Орталық атқарушы органдардың құрылымын жетiлдiру және мемлекеттiк органдардың санын қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 29 қазандағы N  3168 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 436, 409-құжат) және "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының жүйесiн одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы" 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N  3465 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 16, 125-құжат) Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қоса берiлiп отырған: 
      Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi мемлекеттiк инспекция туралы ереже бекiтiлсiн. 
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1997.11.17. N 1593   қаулысымен .  
      2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитет орталық аппаратындағы, оның аумақтық органдарындағы және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарындағы лауазымдардың бiр бөлiгi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнен, Iшкi iстер министрлiгiнен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнен және басқа да әскери құралымдардан ауыстырылған (iссапарға жiберiлген) әскери қызметкерлерден жасақталады деп белгiленсiн.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1997.11.17. N 1593 қаулысымен.
     3. <*>
     4. <*>
     5. <*>
     6. <*>
      Ескерту. 3-6-тармақтардың күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 1997.11.17. N 1593  қаулысымен .
     7. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1820  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 39, 501-құжат) 1-3, 8, 14, 17-тармақтарының күшi жойылған деп танылсын. 

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрiнiң
     бiрiншi орынбасары

Қазақстан Республикасы         
Үкiметiнiң                
1997 жылғы 7 шiлдедегi         
N 1068 қаулысымен           
бекiтiлген               

  Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою
жөнiндегi мемлекеттiк инспекция туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi мемлекеттiк бақылау, өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және тау-кен қадағалау (бұдан әрi - мемлекеттiк бақылау және қадағалау) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, қолданылып жүрген халықаралық шарттар мен келiсiмдерге сәйкес, сондай-ақ осы Ережеге және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi бекiткен басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырылады. 
      Мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды (Мемлекеттiк автомобиль инспекциясы, Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет және Қазақстан Республикасының рұқсат ету жүйелерiнiң желiлерi бойынша қадағалаудан басқа) Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң орталық аппаратында құрылған Төтенше жағдайларды мемлекеттiк қадағалау, техникалық және тау-кен қадағалау жөнiндегі департаментi құрамындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi мемлекеттiк инспекция және аумақтық органдарындағы инспекциялар жүзеге асырады. 
      Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдары және олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан басқа да заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке адамдар төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, мемлекеттiк бақылау мен қадағалаудың жүзеге асырылуына қарамастан өндiрiстi, технологияларды, машиналарды, тетiктердi және басқа да бұйымдарды жобалау, жасау, қолдану, пайдаланудан алу кезiнде еңбектiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жауаптылықта болады. Заңды және жеке тұлғалар ұйымдардың, өндiрiстiң және объектiлердiң қауiпсiздiк талаптары мен нормаларына жауап бермейтiн жұмыстарға жол бермеуге мiндеттi. 
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1997.11.17. N 1593  қаулысымен , 1999.08.09. N 1119  қаулысымен .  
      2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi мемлекеттiк бақылау меншiк нысандары мен ведомстволық тиесiлiгiне қарамастан Қазақстан Республикасының барлық аумақтарындағы барлық ұйымдарда жүзеге асырылады. 
      Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және тау-кен қадағалау Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге (осы Ережеге қосымша) сәйкес олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан өнеркәсiп салаларында, өндiрiсте, объектiлерде жүзеге асырылады. 
      3. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi мемлекеттiк инспекция жүргiзетiн мемлекеттiк бақылау және қадағалау: 
      табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою салаларындағы, елiмiздiң азаматтық қорғанысындағы белгiленген нормалар мен ережелердi сақтау; 
      жұмыс берушiлердiң көмiр, кен рудасы және рудалық емес, атом-энергетикалық, металлургиялық, химиялық, мұнай-химия, мұнай-газ өндiру, мұнай-газ өңдеу, машина жасау, аспаптар жасау, жеңiл, тамақ, ет-сүт өнеркәсiптерiнiң барлық негiзгi және қосалқы цехтары мен өндiрiстерiнде, энергетикада, темiр жол әуе және су көлiктерiнде, байланыста, құрылыста (жер асты көлiгi мен гидротехникалығын қоса алғанда), кеме жасауда, конверциялық кәсiпорындарда; арналы мұнай, газ және өнiм желiлерiнде, нан өнiмдерi кәсiпорындарында және жарылу, өрт шығу және жарақаттану қаупi бар объектiлер мен өндiрiстерде еңбектiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 
      өнеркәсiптiк жарылғыш материалдарды жасау, дайындау, сынау, сақтау және пайдалану; 
      табиғи және сұйытылған газдарды, күштi әсер ететiн улы заттарды, басқа да жарылу және өртену қаупi бар жүктердi қабылдау және беру, сақтау және өнеркәсiпте пайдалану; 
      жарылыстан және ұшқыннан қорғау жабдықтары мен бұйымдарын, көтергiш ғимараттарды, бу және су ысыту қазандықтарын, қысыммен жұмыс iстейтiн түтiктердi; бу мен ыстық суға арналған құбыр желiлерiн және қауiптiлiгi жоғары басқа да объектiлердi құру, дайындау, монтаждау, баптау, жөндеу және қауiпсiз пайдалану; 
      төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бөлiгiнде ыстық, минералды сулар орындары мен емдiк батпақтарды пайдалану; 
      пайдаланылған тау-кен өндiрiмдерi мен табиғи жерасты кеңiстiктерiнiң оларда объектiлердi орналастыру кезiндегi жағдайы және оларды қауіпсiз пайдалану; 
      технологиялық процестердiң қауiпсiздiгi бөлiктерiнде пайдалы қазбалар кен орындарын, барлау және өңдеу кезiнде жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртiбiнiң сақталуы; 
      қызметі төтенше жағдайлардың пайда болуының жоғары тәуекелімен байланысты Өнеркәсіп объектілерінің қауіпсіздік декларациясымен келісу үшiн жүзеге асырылады. 
      Өнеркәсiптiң көрсетiлген салаларына, жұмыстар мен объектiлердiң түрлерiне қатысты мемлекеттiк бақылау мен қадағалау, жобалауды, құрылысын салуды, пайдалануды, консервациялауды және жоюды қоса алғанда олардың жұмыс iстеуiнiң барлық кезеңдерiнде қолданылады, сондай-ақ жабдықтарды, заттарды, материалдарды дайындау және оларды қолдану кезiнде еңбек қауiпсiздiгiнiң шарттары мен нормаларының сақталуын қадағалауды да қамтиды. 
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1999.08.09. N 1119  қаулысымен .
      4. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi мемлекеттiк инспекция жүргiзетiн мемлекеттiк бақылау және қадағалау: 
      төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соқтырған аварияларды, апаттарды және табиғи зiлзалаларды, сондай-ақ бақытсыз жағдайлар мен жарылғыш заттардың жоғалуын зерттеудi ұйымдастыруды; 
      қадағалаудағы өндiрiстер мен объектiлерде Қазақстан Республикасының барлық орталық атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке адамдардың, бiрлескен және шетелдiк ұйымдар мен шетелдiк фирмаларға уақытша басқаруға берiлген ұйымдардың (қадағалаудағы салалар, өндiрiстер және объектiлер бойынша) арнайы экономикалық аймақтарды қоса алғанда республиканың барлық аумақтарында еңбектiң қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтауына ведомстводан тыс мемлекеттiк қадағалауды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды; 
      авариялар мен өндiрiстiк жарақаттанушылықтың пайда болуы себептерi мен шарттарын анықтауды, талдауды, өндiрiсте жұмыстың қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптардың орындалуына мемлекеттiк қадағалауды жетiлдiрудi; 
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен, заңды және жеке тұлғалармен бiрлесiп авария мен өндiрiстiк жарақаттанушылықтың алдын алу жөнiндегi шараларды әзiрлеудi; 
      ғылыми-техникалық прогрестiң жетiстiктерiнiң негiзiнде қадағалаудағы өндiрiстер мен объектiлердегi еңбектiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды қалыптастыру мен жетiлдiрудi; 
      қадағалаудағы ұйымдардың (процестердiң, қызмет көрсетулердiң) технологиялық процестерiнде қолданылатын бiр тектi өнiмдер мен жабдықтардың сертификаты болуын қамтамасыз етудi, өндiрiстердi, технологияларды құруға және пайдалануға рұқсаттар берудi; 
      жұмысты қауiпсiз жүргiзу саласында заңдардың қолданылу практикасын қорытуды және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi; 
      қадағалаудағы өндiрiстердi, объектiлердi, тетiктердi және жұмыс түрлерiн тiркеу мен есепке алудың тәртiбiн белгiлеудi; 
      белгiленген тәртiппен "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысымен айқындалған қызметтiң лицензияланатын түрлерiнiң тiзбесi бойынша тау-кен техникалық мәселелерi бойынша қорытындылар беруге, сондай-ақ технологияларды, машиналарды, тетiктердi және басқа да бұйымдарды (оның iшiнде шетелдiк) жұмысы мүмкiн болатын тәуекелмен байланысты, қадағалаудағы салаларда жасауға, дайындауға, сынауға және қолдануға рұқсат бередi; 
      кәсiпорындармен және ұйымдармен келiсiм бойынша оларға технологиялық процестердiң, жоғары тәуекелдi объектiлердi салудың және пайдаланудың қауiпсiздiгiн арттыруға бағытталған шығармашылық және ғылыми сипаттағы қызметтер көрсетудi; 
      газқадағалау объектiлерiн, бу және су ысыту қазандықтарын, қысыммен жұмыс iстейтiн түтiктердi, бу мен ыстық суға арналған құбыр желiлерiн және көтергiш ғимараттарды тiркеудi, қазандық бақылау объектiлерiн, көтергiш ғимараттарды оған арнаулы рұқсат алған ұйымдардың уақытында куәландыруына бақылау жасауды; 
      дайындаушы заводтарда (конструкциялауға арналған техникалық тапсырманы келiсу сатысында және тәжiрибелiк үлгiлердi қабылдау кезiнде), жөндеу кәсiпорындарында, қауiпсiздiк жөнiнде жоғары талап қойылатын машиналардың, тетiктерiн және жабдықтардың пайдалану кезiнде еңбек қауiпсiздiгiнiң стандарттарына, ережелерiне және нормаларына сәйкестiгiне, сондай-ақ электротехникалық бұйымдардың жарылыс қауiпсiз атқарылуы үшiн тексерудi, көрсетiлген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда олардың шығарылуын тоқтатуды және олардың қолданылуына тыйым салуды; 
      объектiлердi пайдалануға қабылдап алу ережелерiнiң сақталуына бақылау жасауды, жарылғыш заттарға, қадағалаудағы өндiрiстерге, объектiлерге арналған жабдықтардың жаңа үлгiлерiне және еңбек қауiпсiздiгi жөнiнде жоғары талап қойылатын электротехникалық бұйымдарға сынақтар жүргiзу жөнiндегi комиссиялардың жұмысына қатысуды, бақылаудағы ұйымдардың технологиялық процестерiнде пайдаланылатын өнiмдер мен жабдықтарды (процестердi, қызмет көрсетулердi) сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру; 
      бақылаудағы өндiрiстер мен объектiлерде авариялар мен өндiрiстiк жарақат алушылықтың алдын алу, ұйымдардың мүмкiн болатын авариялар мен олардың зардаптарын жоюға дайындығы жөнiндегi шаралардың әзiрленуi мен жүргiзiлуiне қадағалауды жүзеге асыруды; 
      қадағалаудағы өндiрiстер мен объектiлер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiне талаптарды айқындауды, еңбектiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша оқытудың, бiлiктiлiгiн көтерудiң және бiлiмiн тексерудiң тәртiбiн белгiлейдi; 
      қадағалаудағы ұйымдар мен объектiлерде жұмыс жүргiзу үшiн қызметкерлердi даярлау жөнiндегi курстарды ұйымдастыруға келiсудi; 
      өндiрiстiк жарылыстық, жарылыс қауiптiлiгi және өрт қауiптiлiгi бойынша тиiстi санаттарға жатқызылуының дұрыстығын және өндiрiстiң бiр санаттан екiншiсiне көшiрiлуiнiң дұрыстығын қадағалау, сондай-ақ қолданылатын жабдықтың жарылыс қауiптi қосындылар мен жарылу және өрт қаупi бар аймақтар сыныбының санаттары мен топтарына сәйкес келуiне бақылау жүргiзудi; 
      ұйымдар мен әскерилендiрiлген тау-кен құтқару бөлiмдерiнiң ұсынысы бойынша шахталардың (рудниктердiң) газ бойынша тиiстi санаттарын белгiлеудi, оларды тозаңдар, кездейсоқ тасталынатын жыныстардың, руданың, көмiрдiң, газдың шығуы, тау-кен соққылары бойынша қауiптiлерге жатқызуды және шахталарды (рудниктердi) бiр санаттан екiншiсiне көшiрудi бекiтудi; 
      қолданылған тау-кен өндiрiмдерi мен табиғи жер асты қабаттарын шаруашылық мақсаттарына және минералдық шикiзаттарды қайта өңдеуге пайдалану кезiнде тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын қауiпсiз жүргiзудiң геологиялық-маркшейдерлiк қамтамасыз етiлуiн қадағалауды; тау-кен жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу шекараларының дұрыс белгiленуiн тексерудi, тау-кен жұмыстарының үйлер мен ғимараттарға зиянды әсерлерiнiң алдын алу және жою жөнiндегi, сондай-ақ шахталар мен рудниктерге су, зиянды және қауiптi заттар кiруiнiң алдын алу жөнiндегi шараларды жүргiзудi жүзеге асыруды; 
      пайдалы қазбаларды өндiру жөнiндегi ұйымдарды тарату және консервациялау жөнiндегi жұмыстардың қауiпсiздiгi бөлiктерiнде арнаулы жобаларды немесе олардың бөлiктерiн, мұнай, газ гидротермальдық және минералдық скважиналарды келiсудi; 
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен, ұйымдармен және олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан басқа да шаруашылық қызметi субъектiлерiмен бiрлесiп оларда объектiлердi орналастыру үшiн пайдаланылған тау-кен өнiмдерi мен табиғи жерасты қабаттарын iрiктеуге, сондай-ақ радиоактивтi қалдықтарды көмуге қатысуды; 
      әскерилендiрiлген (мамандандырылған) тау-кен құтқару, фонтанға қарсы, газдан құтқару бөлiмдерiнiң және басқа да авариялық-құтқару қызметтерiнiң меншiк нысанына қарамастан ұйымдардағы аварияларды жоюға, олардың алдын алу, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзуге жедел техникалық даярлығына бақылау жасауды; көрсетiлген бөлiмдердiң, қызметтердiң және олардың бөлiмшелерiнiң жарғыларын, ережелерiн және Қазақстан Республикасының аумақтарына орналасу кестелерiн қарауды және келiсудi; 
      Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп жоғары қауiптi өнiмдердi (процестердi, қызмет көрсетулердi) сертификаттау жөнiндегi ұйымдар мен лабораторияларды (орталықтарды) тiркеудi жүргiзудi, олардың сертификаттау ережелерiн сақтауына бақылау жасауды, олардың техникалық бiлiктiлiгiн белгiлеудi; 
      атом-энергетика өнеркәсiбi объектiлерiнде еңбек қауiпсiздiгiн мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыруды; 
      еңбектiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды келiсудi; 
      өндiрiстер мен объектiлердiң бақылау приборларымен және аспаптарымен, мүкәммалдармен және жұмыстың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн басқа да құралдармен және бұйымдармен қамтамасыз етiлуiне қадағалау жүргiзудi; 
      ұйымдар ұсынатын тау-кен жұмыстарын дамытудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын келiсудi және олардың орындалуына бақылау жасауды, сондай-ақ учаскелер (шұңқырлар бiрлiктер) үшiн пайдалы қазбалар кен орындарын әзiрлеудiң техникалық және жергiлiктi жобаларына, жобалауға тапсырмаларға және минералдық шикiзаттарды өндiру және қайта өңдеу жөнiндегi ұйымдардың құрылысы мен қайта жаңартылуының жобаларына, еңбектiң қауiпсiздiгi бөлiктерiнде тау-кен өндiрiлiмдерiн консервациялау және жою кезiнде зиянды заттарды, өндiрiс қалдықтарын көмуге және iркiндi суларды шығарып тастауға бақылау жасауды; 
      Қазақстан Республикасының министрлiктерiнен, мемлекеттiк комитеттерiнен және өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан және олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан басқа да заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан еңбек қауiпсiздiгiнiң жағдайы, авариялар, өндiрiстiк жарақаттанушылық, жұмыстардың көрсеткiштерi және жабдықтың iстен шығуының себептері туралы, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламалары, нормативтiк-құқықтық құжаттамалардың әзiрленуi туралы мәлiметтер, басқа да ақпараттар, бақылаудағы өндiрiстерге, объектiлерге және технологиялық процестерге техникалық құжаттамалар, ал лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерден - мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiнiктемелер алуды; 
      өнеркәсiптi, энергетикадағы, көлiктегi және байланыстағы мемлекеттiк және ведомстволық қадағалау органдарының олардан қажеттi ақпараттар ала отырып қызметiн үйлестiрудi және бақылау жасауды; 
      бақылаудағы өндiрiстерде, объектiлерде, оқу-курстық комбинаттарда және кәсiптiк-техникалық училищелер мен басқа да оқу орындарында нұсқаулықтың белгiленген тәртiбiнiң сақталуын, қызметкерлердi оқытуды, жұмысқа рұқсат етудi, мамандарда тау-кен бұрғылау, жару, маркшейдерлiк, электротехникалық, газбен iстейтiн және басқа да жұмыстарға құқық беретiн құжаттардың, ал қызметкерлерде - жарылғыш, газ қаупi бар және жоғары қауiптi басқа да жұмыстарды жүргiзу құқығына арналған құжаттардың болуын тексерудi; 
      айрықша жауаптылықпен байланысты жұмыстарға қабылдау үшiн белгiленген арнайы талаптардың сақталуына бақылау жасауды; 
      мамандардың еңбек қауiпсiздiгi, технологиялық регламенттер жөнiндегi ережелер мен нормаларды және жұмысшылардың нұсқаулықтарды бiлетiндiгiне тексеру жүргiзудi, қоса берiлiп отырған тiзбеде аталған ұйымдардың, объектiлердiң жаңадан тағайындалған басшыларының және белгiленген мерзiмдерде - басқа мамандарының еңбек қауiпсiздiгiнiң ережелерi мен нормаларын бiлуiн тексерулерге қатысуды; 
      орталық атқарушы органдармен, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан заңды тұлғалармен, сондай-ақ жеке адамдармен арада қадағалаудағы өндiрiстерде, объектiлерде және тетiктерде еңбектiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде, оның iшiнде нормативтiк-техникалық құжаттарды келiсу және бекiту, объектiлер мен қадағалаудағы бұйымдардың жобаларын қарау кезiнде келiспеушiлiк болған жағдайда түпкiлiктi шара қабылдауға; 
      бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық пен жұмыс iстейтiндерге қадағалаудағы өндiрiстердегi, объектiлердегi еңбек қауiпсiздiгiнiң жағдайы және өндiрiстiк жарақаттанушылық туралы хабарлауды қамтиды. 
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1997.11.17. N 1593  қаулысымен , 1998.07.09. N 651   қаулысымен .
      5. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi мемлекеттiк инспекцияның (мемлекеттiк инспекторлардың) мынадай құқықтары бар: 
      олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан тәулiктiң кез келген уақытында ұйымдар мен объектiлерде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, еңбектiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша зерттеулер жүргiзуге, сондай-ақ қажет болған кездерде алдын ала келiсiм бойынша зерттеу жүргiзу үшiн басқа кәсiпорындар мен ұйымдардың мамандарын тартуға; 
      ұйымдар мен объектiлердi зерттеудiң нәтижелерi бойынша олардың меншiк нысанына қарамастан жұмыс берушiлердiң атқаруы үшiн мiндеттi ережелер мен нормалардың анықталған бұзылуларын жою туралы ұйғарымдама беруге; белгiленген қауiпсiздiк ережелерiнiң бұзылуын жоюға бағытталған шараларды жолдары мен көлемi бойынша келiсуге, еңбек қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды бұзу арқылы жүргiзiлген жұмыстарды тоқтата тұруды немесе оған тыйым салуы (пломбы салу арқылы) жүзеге асыруға; 
      белгiленген ережелер мен нормаларды бұзған кезде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кiнәлi заңды және жеке тұлғаларға айыппұлдар салуға сондай-ақ белгiленген тәртiппен лауазымды тұлғаларды, азаматтарды және ұйымдарды жауаптылыққа тарту туралы материалдарды құқық қорғау органдарына беруге; 
      мамандандырылған ғылыми-зерттеу және жобалау институттарының, салалық ғылыми-техникалық орталықтардың төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, еңбек қауiпсiздiгi проблемаларын пысықтау мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiруге; 
      сертификаттау, жобалау-техникалық құжаттамалардың еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптары мен нормаларына сәйкес келуiне сараптамалар жүргiзу жөнiнде ұйымдар, лабораториялар және орталықтар құру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 
      Қазақстан Республикасының лицензиялық және құзыреттi органдарына жер қойнауын пайдаланушылар, еңбек қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерiне көңiл аудармаған, олар мемлекеттiк қадағалау органдарының талаптарын (ұйғарымдамаларын) орындамаған жағдайларда жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар мен келiсiм-шарттардың қолданылуын тоқтату тұру осы лицензиялар мен келiсiм-шарттарға бұрын берiлген қорытындыларды керi қайтарып алу туралы ұсыныс енгiзуге. 
      6. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi мемлекеттiк инспекцияға жалпы басшылықты төрағасы, ал тiкелей басшылықты - Төтенше жағдайларды мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi департаменттiң директоры, өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалауға және тау-кен қадағалауға - Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор жүзеге асырады. 
      Орталық аппаратындағы Төтенше жағдайларды мемлекеттiк қадағалау, өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және тау-кен қадағалау жөнiндегi департаменттiң қызметкерлерi мен аумақтық органдарының құрамындағы инспекциялардың қызметкерлерi лауазымы бойынша мемлекеттiк инспекторлар болып табылады. 
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1997.11.17. N 1593   қаулысымен
      7. Олардың меншiк нысанына қарамастан қадағалаудағы ұйымдар Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi мемлекеттiк инспекцияларға (мемлекеттiк инспекторларға) объектiлерге зерттеу жүргiзу кезеңiнде қызметтiк үй-жай, байланыс құралдарын, арнаулы киiм және қорғаныс құралдарын бередi, бақытсыз жағдайларды, аварияларды, апаттарды және табиғи зiлзалаларды зерттеуге бару үшiн көлiк бөледi. 
      Жұмыс берушiлер сондай-ақ олардың ұйымдарында болған ауыр және қазаға әкеп соқтырған топтық бақытсыз жағдайларға зерттеу жүргiзген мемлекеттiк инспекторларға iссапарлық шығыстар бойынша зияндарды өтеуге мiндеттi. 
      8. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi мемлекеттiк инспекцияның мемлекеттiк инспекторларына бiрыңғай үлгiдегi куәлiк берiледi, арнаулы нөмiрлi өңiрлiк белгi тағуға құқық берiледi. 

Қосымша               

  Ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына 
қарамастан мемлекеттiк бақылау мен қадағалау 
жүзеге асырылатын өнеркәсiптер, өндiрiстер, 
объектiлер салаларының, сондай-ақ жұмыстардың 
ТIЗБЕСI 

  I. Тау-кен өндiрiстерi мен жұмыстарын қадағалау
саласында

        1. Жұмыс iстеп тұрған, құрылысы жүргiзiлiп және қайта жаңартылып жатқан ұйымдар, шахталар, шахта құрылысының объектiлерi, карьерлер, разрездер, тұздау кәсiпшiлiктерi, тұз кәсiпшiлiктерi, кен орындары жердiң астындағы және бетiндегi көлiк құрылысы, гидротехникалық және арнаулы құрылғылар құрылысы жөнiндегi арнаулы басқармалар мен арнаулы учаскелер, байыту, көмiр байыту, көмiр текшелеу, жұмбаздау, кесектеу, ұсату-iрiктеу, алтын алу фабрикалары, инерттi тозаңдар фабрикасы, электр станциялардың қазандық агрегаттарына көмiр беру цехтары, аталған кәсiпорындардың шикiзаттарын өңдеу жөнiндегi мынадай объектiлерi мен жұмыс түрлерi бар заводтар (қондырғылар): 
      жерасты, ашық және арнаулы тау-кен жұмыстары (толық технологиялық цикл бойынша); 
      аталған кәсiпорындардағы барлық қосалқы цехтар мен өндiрiстер; 
      келiсiм-шарттық аймақтың шегiндегi, технологиялық жабдықтармен бiрыңғай тұтастықты құрайтын және 6 кВ дейiн кернеуi бар қосалқы станциялар мен электр желiлерi, сондай-ақ кернеуi 6 кВ асатын көлiктiк жабдықтарды қуаттандырушы қосалқы станциялар; 
      көмiр разрездерi мен карьерлерiнiң технологиялық көлiгi және оның жөндеу базасы, келiсiм-шарттық аумақтық шегiндегi технологиялық темiр жолдар мен автомобиль жолдары; 
      ұйымдардың күшiмен жүргiзiлетiн геологиялық барлау жұмыстары; 
      баланстағы жер бетiндегi ғимараттардың, құрылыстардың және объектiлердiң өндiрiстiк-технологиялық кешен (келiсiм-шарттық аймақтың шегiнде); 
      жыныс үйiндiлерi, қалдық пен шлам сақталатын орындар, пайдалы қазбалар қоймалары, ұйымдардың технологиялық кешенiне енетiн басқа да қоймалар, объектiлер; 
      мердiгерлiк әдiспен орындалатын жөндеу және баптау жұмыстары; 
      әскерилендiрiлген тау-кен құтқару бөлiмдерiнiң жағдайы және ұйымдар мен объектiлердегi аварияларды жоюға даярлығы, олардың алдын алу жұмыстарын жүргiзуi, олардың бөлiмшелерiнiң орналасу кестесi дұрыстығының сақталуы бөлiктерiнде тау-кен құтқару жұмыстары. 
      2. Оларды пайдаланудың қауiпсiздiгi бөлiктерiнде - шаруашылық объектiлерiн орналастыру үшiн пайдаланатын жарамсыз кен орындары мен жерасты табиғи кеңiстiктерi. 
      3. Тау-кен шахталары жабдықтарын, бақылау және апатқа қарсы қорғаныс, газсыздандыру және көрсетiлген ұйымдардағы басқа да арнаулы жұмыстар аспаптарын монтаждау мен баптау жөнiндегi мамандандырылған ұйымдар. 
      4. Беретiн жабдықтардың, тетiктерiнiң аппаратураларының және аспаптарының қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келуi бөлiктерiнде тау-кен шахталары жабдықтарын, оттегi-тыныс алу аппаратуралары мен аспаптарын дайындаушы заводтар, лабораториялар, жөндеушi ұйымдар. 
      5. Тау-кен кәсiпорындары үшiн еңбек қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша зерттеу және жобалау жұмыстарын жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу, жобалау институттары және жобалау-конструкторлық ұйымдар. 
      6. Метро құрылысының объектiлерi. 
      7. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан табиғи тастарды (беттеу, құрылыстық және басқа) өңдеу жөнiндегi заводтар мен технологиялық желiлер. 

  II. Мұнай-газ өндiретiн өнеркәсiптегi, геологиялық 
барлаудағы және құбыр желiлерi көлiктерiн 
қадағалау саласында 

      8. Жерасты газ қоймаларында, мұнай шахталарында мұнайды, газды, ыстық және минералды суларды барлау мен пайдалану скважиналарын қоса алғанда (оның iшiнде Қазақстан Республикасының теңiз шельфтерi мен iшкi су айдындарында арналған), бұрғылау жұмыстарын жүргiзуге арналған технологиялық жүйелердiң, жабдықтар мен тетiктердiң барлық түрлерi, геологиялық барлаудың жер астындағы және ашық жұмыстарындағы тау-кен жабдықтарының кешендерi. 
      9. Мұнай, газ конденсаты және геотермальдық кен орындарын, жер астындағы газ сақталған жерлердi мұнай шахталарын жобалау, салу және әзiрлеу. 
      10. Мұнай, газ, газдың жер астында сақталу конденсаты, мұнай мен газдың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiкаралық көлiгi объектiлерiн, қабаттық қысымды ұстап, қабаттардың мұнай, газ және конденсат беруiнiң коэффициентiн арттыру жөнiндегi жұмыстарды қолдау объектiлерiн техникалық қауiпсiздiк бөлiгiнде пайдалану, сондай-ақ скважиналарды жөндеу, консервациялау және жою. 
      11. Гелий заводтарын, мұнай мен газды кешендi дайындау қондырғыларын, сепарациялық қондырғыларды, сораптық және компрессорлық станцияларды, резервуарлық парктердi, теңiздер шельфiндегi мұнай-газ өндiру кешендерiн жобалау, салу және пайдалану. 
      12. Мамандандырылған ұйымдар орындайтын геологиялық барлау жұмыстары. 
      Мұнай газ және мұнай-газ конденсаты кен орындарындағы (оның iшiнде континенттiк шельфтегi) ыстық және минералды сулар кен орындарындағы, жер асты қоймаларындағы, сақталу орындарындағы, мұнай шахталарындағы, жер астындағы және ашық тау-кен өндiрулердегi тiкелей объектiлерде жүргiзiлетiн жұмыстар бөлiгiндегi далалық және теңiз геофизикалық жұмыстары мен скважиналарды кәсiпшiлiк-геофизикалық зерттеу (ату және жарылыс жұмыстарын жүргiзудi қоса алғанда). 
      13. Олардың аварияларды жоюға, объектiлердi ашық мұнай және газ фонтандарының және басқа да авариялық жағдайлардың пайда болуының, сондай-ақ олардың жылжуының алдын алу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге дайындығы бөлiгiнде әскерилендiрiлген фонтанға қарсы және газдан құтқару құрамалары. 
      14. Арналы мұнай, газ және өнiм құбырларын, компрессорлық және сораптық станцияларды жобалау, салу, пайдалану жөндеу және жою. 
      15. Мұнай-газ өндiрушi және геологиялық барлау ұйымдарына қызмет көрсететiн (жөндеу, баптау, жабдықтарды құрау, бұрғылау жабдықтарын жарату) мұнара монтаждау кеңселерi мен цехтарының базасы. 
      16. Мұнай-газ және геологиялық барлау объектiлерiне олардың аумағында болған кезеңдерде қызмет көрсететiн технологиялық көлiк (құбыр желiлерi, цемент тасымалдаушылар, құбыр тасымалдаушылар, цемент араластырғыштар, цемент агрегаттары). 
      17. Құрылыс-монтаж бiрлестiктерi мен ұйымдарындағы қосалқы өндiрiс цехтары және жабдықтарды сынау мен түзеу және жабдықтарды жөндеу, баптау және сынау жөнiндегi базалар, көмекшi өндiрiс цехтары. 
      18. Мұнай-газ өнеркәсiбi объектiлерi мен геологиялық барлау жұмыстарына арналған жабдықтарды жөндеу және дайындау, босалқы бөлшектер, тау-кен бұрғылау аспаптарын дайындау лабораториялары, өндiрiстiк-техникалық қамтамасыз ету және жинақтау объектiлерi. 
      19. Тiкелей өндiрiстiк объектiлерде жұмыс жүргiзу кезiнде рудалардағы пайдалы қазбалардың сапасы мен құрамын талдау жөнiндегi орталық лабораториялар. 

  III. Жарылыс жұмыстарын қадағалау саласында 

      20. Жарылғыш материалдардың есебiн жүргiзу, сақтау және пайдалану ережелерiн сақтау бөлiктерiнде жарылыс жұмыстарына арналған жарылғыш материалдарды қолданатын ұйымдар. Өндiрiстiк жарылғыш материалдардың базистiк, шығыстық және жылжымалы қоймалары. 
      21. Орналастыру және қауiпсiз пайдалану жөнiндегi ережелер нұсқаулықтардың талаптарын сақтау бөлiктерiнде жарылғыш материалдарды дайындау жөнiндегi заводтар. 
      22. Жарылыс жұмыстары кезiнде пайдаланылатын және жарылғыш материалдарды дайындау үшiн қолданылатын жабдықтарды, аспаптарды, машиналарды және тетiктердi ұсынатын дайындаушы заводтар мен жөндеу кәсiпорындары. 
      23. Жарылғыш материалдарды сақтау, есепке алу және пайдалану ережелерiн сақтау бөлiктерiнде жарылғыш материалдарды ғылыми-зерттеу, оқу, эксперименталдық және басқа да мақсаттарда пайдаланатын ғылыми-зерттеу институттары мен лабораториялар.

  IV. Тау-кен жұмыстарының геологиялық-маркшейдерлiк
қамтамасыз етiлуiн қадағалау саласында

      24. Пайдалы қазбалар өндiру жөнiндегi жобаланатын, жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан, қайта жаңартылған және консервацияланған ұйымдар және геологиялық барлау ұйымдары. 
      25. Пайдалы қазбалар кен орындарын әзiрлеу және жер қойнауын, оның iшiнде пайдаланылған кен орындары мен табиғи жерасты қабаттарын пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысты емес мақсаттарға пайдалану кезiндегi маркшейдерлiк және геологиялық жұмыстар. 
      26. Пайдалы қазбаларды өндiру мен қайта өндiру жөнiндегi ұйымдардың гидротехникалық ғимараттары (дражды полигондар, қалдық және шлам сақтау орындары). 

  V. Атом-энергетика өнеркәсiбiн қадағалау саласында

       27. Тау-кен, химиялық, металлургия және геологиялық ұйымдар мен өндiрiстерде, атом-энергетика кешенiнде және оларға арналған жабдықтар мен бұйымдарды жобалау және дайындау кезiнде, еңбек қауiпсiздiгiн радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстар, сондай-ақ осы салаларда жұмыстарды жүргiзу кезiнде.  

  VI. Химиялық, мұнай-химиялық, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн,
тамақ және жеңiл өнеркәсiптердi және басқа да жарылу
және өрт қаупi бар өндiрiстердi қадағалау салаларында 

     28. Жобаланып, салынып, қайта жаңартылып жатқан және жұмыс iстеп тұрған ұдайы қауiптi өндiрiстер:
     мұнай-газ өңдеу және мұнай-химия өнiмдерi;
     негiзгi органикалық синтездер;
     каучук, шина, резина-техникалық, сланец өңдейтiн өнеркәсiптер мен техникалық көмiртегi;
     хлорлы, хлорлы органикалық және органикалық емес өнiмдер;
     химиялық талшықтар;
     полимерлiк материалдар мен пластмассалар;
     синтетикалық бояулар, химикат-қоспалар және басқа да биязы органикалық синтез өнiмдерi;
     лак-бояу өнiмдерi, скипидарлар;
     кинофотоматериалдар мен химиялық реактивтер;
     тұрмыстық химия өнiмдерi;
     азот және фосфор өнеркәсiбi;
     негiзгi химия мен химиялық қорғау өнiмдерi;
     орман-химиялық және целлюлоза-қағаз өнеркәсiбi;
     дәрi-дәрмектер, витаминдер, азықтық белоктар және басқа да медициналық және микробиологиялық өнеркәсiп өнiмдерi;
     эфир майы, синтетикалық және хош иiстi заттар;
     тамақ өнеркәсiбi: ет-сүт, шарап-арақ, ашытқы, сыра ашыту, спирт заводтары, алкогольсыз сусындар өндiрiсi, май, сүзбе қайнату, кондитерлiк фабрикалар, құс фабрикалары, жемiс қоймалары; 
     жеңiл өнеркәсiп: тоқыма, жүн өңдеу - жiп иiру, кiлем тоқу, терi өңдеу және басқа да өндiрiстер;
     жасанды былғары және пленкалық материалдар;
     ауаны бөлiп тастау өнiмдерi;
     суды электролиздеу әдiсiмен сутегi мен оттегiн алу;
     жуу бұйымдары;
     басқа да органикалық және органикалық емес өнiмдер мен
олардың құрамалары;
     сондай-ақ:
     мұнай базалары, май құю станциялары;
     технологиялық процестерiнде күштi әсер ететiн улы заттарды
пайдаланатын өнеркәсiп объектiлерi.
     Көрсетiлген өндiрiстер мынадай құрамда кешендi қадағалауға жатады:
     технологиялық объектiлер (блоктар, сатылар), қоймалар, төгу-құю станциялары, авария кезiнде жанатын газдар шығуы мүмкiн жағылған жанар газдардың, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтардың көлiк жүйесi; 
      технологиялық тозаң түзетiн объектiлер (блоктар, сатылар) авария кезiнде аппаратурада, өндiрiстiк үй-жайда және ашық алаңдарда жарылыс қаупi бар қоспалар құрауға қабiлеттi қатты дисперстiк өнiмдердiң көлiк жүйесi; 
      жарылғыш қасиеттерi бар, сондай-ақ тез бүлiнуге бейiм сұйық фазалы немесе қатқыл өнiмдердi алумен немесе қайта өңдеумен байланысты өндiрiстер мен жекелеген технологиялық объектiлер (блоктар, сатылар); 
      авария пайда болған кезде адамдардың зақымдануына әкелiп соқтыруға қабiлеттi зиянды заттарды дайындау және қайта өңдеу жөнiндегi өндiрiстер, жекелеген технологиялық объектiлер (блоктар, сатылар); 
      адамдар үнемi көп болатын әкiмшiлiк-қосалқы, тұрғын үй азаматтық мақсаттағы және басқа да объектiлерге жақын орналасқан сұйық хлор (оның iшiнде төгу-құю учаскелерi мен тазартқыш құрылғылардағы және облыстық маңызы бар қалалар мен iрi өнеркәсiп орталықтарындағы су дайындау және су бөлу жүйелерiндегi құю және хлор өлшеу қондырғылары), фосгендi, көгерткiш қышқылды, нитрилакрил қышқылын, басқа да аса қауiптi заттар сақтайтын орындар мен қоймалар; 
      газ тектес қалдықтарды кәдеге жарату мен жағудың жалпы заводтық және жергiлiктi қондырғылары; 
      жеке тұрған және цехтың жанындағы сораптық, компрессорлық және тоңазытқыш станциялары; 
      шикiзат, жартылай өнiмдер және дайын өнiмдер қоймалары; 
      тазарту құрылыстары, өнеркәсiп канализациялары, айналымды сумен жабдықтау жүйелерi; 
      технологиялық объектiлердiң құрамына кiретiн және ұйымдардың балансындағы технологиялық құбыр желiлер мен басқа да құрылғылар; 
      аталған объектiлерге қызмет көрсететiн газдан құтқару қызметтерiнiң бөлiмшелерi, ерiктi газдан құтқару жасақтары. 

  VII. Металлургия, кокс-химия, машина және приборлар жасау 
өндiрiстерiн қадағалау саласында

       29. Жобаланып, салынып, қайта жаңартылып жатқан және жұмыс iстеп тұрған ұйымдар, объектiлер, цехтар және бөлiмдер: 
      темiр рудасы шикiзаты (металлургиялық кәсiпорындардың құрамындағы агломерациялау және кесектеу), кокс (көмiр байыту, көмiр дайындау, кокстеу, кокстеудiң химиялық өнiмдерiн қармау және қайта өңдеу), шойын, болат (болат пен темiрдi тiкелей алуды қоса алғанда), люнкриттер, модификаторлар және экзотермиялық қоспалар, ферроқорытпалар, ыстық және суық прокаттар, құбырлар, (пiсiрiлген, қапталған, құйылған) метиздер (калибрлiк цехтар), құймалар (өнеркәсiптiң барлық саласында), отқа төзiмдiлер, цемент, әк, кiрпiш, фаянс, фарфор, керамзит өндiрiсi, өндiрiстiк мақсаттағы барлық қосалқы қызметтерiмен бiрге металлургиялық жабдықтарды жөндеу жөнiндегi цехтар (өндiрiстер); 
      өндiрiстiк мақсаттағы барлық қызметтермен бiрге глинозем, алюминий (криолиттi флотациялау мен қайта генерациялауды қоса алғанда), кристалл, кремний, электротермиялық силумин, никель, кобальт, мыс, мырыш, қорғасын, қалайы, керуек титан, бериллий, уран, магний, молибден, сынап, жартылай өткiзгiш материалдар (кремний, германий), қатқыл балқымалар, асыл металдар, күкiрт, ұнтақтар (темiр, тантал, никель, бериллий, уран, кобальт, мырыш, титан, цирконий), ыстық және суық прокат күкiрт қышқылы өндiрiстерi; 
      заводтың және комбинаттың құрамына кiретiн барлық қосалқы цехтар, олардың iшiнде шлам ақтайтын орындар, шлак үйiндiлерi; 
      заводаралық, цехаралық және цехтық коммуникацияларын қоса алғанда аталған өндiрiстерде пайдаланылатын ауа, сутегi, хлор, аммиак бөлiнетiн өнiмдердi алу, қайта өңдеу, бөлу, сақтау және қолдану; 
      машина және приборлар жасау заводтары мен ұйымдарының құрамына кiретiн барлық негiзгi қосалқы цехтар. 
      30. Газ шаруашылығы (газ толтыру және газ-компрессорлық станциялар, домналық, кокстiк, конверторлық, ферроқорытпа, табиғи газдар мен олардың қоспаларының заводаралық, цехаралық және цехтың газ құбырлары), тұтынушы цехтарды газбен жабдықтау (энергетикалық, тұрғын үй-коммуналдық және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру жөнiндегi объектiлерден басқалары), аталған барлық өндiрiстердегi газ тазартқыш, тозаң жұтқыш, аспирациялық және жеделдеткiш жүйелер мен қондырғылар. 
      31. Газдан құтқару қызметтерiнiң бөлiмшелерi, ерiктi газдан құтқару жасақтары. 

  VIII. Энергетика, қазандықтарды қадағалау және 
көтергiш құралдарды қадағалау саласында 

      32. ТЖМК инспекцияларында тiркелетiн ЖЭО, ГРЭС, СЭС барлық негiзгi және қосалқы ұйымдары мен өндiрiстерi, 0,07 МПа (0,7 кгс/шаршы см) астам қысыммен жұмыс iстейтiн электр тасымалдаушы желiлер, қосалқы станциялар, бу қазандықтары, бу құбыр желiлерi мен түтiктерi, жылыту температурасы 115С астам су жылыту қазандықтары мен ыстық су құбыр желiлерi, көмiр беру объектiлерi, жүк көтеру крандары, лифтiлер, эскалаторлар, фуникулерлер, аспалы жолаушылар және жүк тасымалдайтын канат жолдары және бұл жабдықтарды дайындайтын кәсiпорындар. 
      33. ТЖМК инспекцияларында тiркелетiн 0,07 МПа (0,7 кгс/шаршы см) астам қысыммен жұмыс iстейтiн бу қазандықтарын, бу құбыр желiлерiн және түтiктерiн, жылыту температурасы 115С астам су жылыту қазандықтары мен ыстық су құбыр желiлерiн, жүк көтеру крандарын, лифтiлердi, эскалаторларды, фуникулерлердi, аспалы жолаушылар және жүк тасымалдайтын канат жолдарды монтаждау, монтаждан бұзу, пайдалану және жөндеу. 
      34. Жүк көтергiштiгi бiр тоннадан астам құрылыс жүк көтергiштерi. 
      35. Ғылыми-зерттеу, жобалау, конструкторлық ұйымдар, қадағалаудағы жабдықтарды дайындаушы заводтар, сынақ станциялары. 
      36. Темiр-бетон бұйымдары заводтары. 

  IХ. Газ қадағалау саласында 

      37. Жердiң астындағы және бетiндегi газ желiлерi мен олардағы құрылғыларды, сұйытылған газдың стационарлық топтық баллондық қондырғыларын, газды арналық, қалалық газ құбырлары мен қалалар мен басқа да елдi мекендердегi сұйытылған (пропан-бутан) газ қондырғыларынан (тұрғын үйлер мен коммуналдық объектiлердiң жылжымалы газ пайдалану, қондырғыларын, агрегаттарын және газ жабдықтарын қоспағанда), приборлар мен жабдықтар дайындайтын заводтардан, автомобильдiк газ құю және газ толтыру станцияларынан алатын iшкi газ құбырлары мен өнеркәсiптiк, ауыл шаруашылығы, коммуналдық ұйымдардың және басқа да объектiлердiң газ жабдықтарын жобалауды олардың құрылысын салуды, iске қосу-баптау жұмыстарын және пайдалануды жүзеге асырушы ұйымдар. 

  Х. Астық өнiмдерi кәсiпорындарындағы өртену және жарылу 
қаупi бар өндiрiстердi қадағалау саласында

        38. Құрама жем, ұн, жарма өндiру және олармен технологиялық байланысты үйлердi, ғимараттарды және жабдықтарды жобалау, құрылысын салу. Элеваторлардағы, астық қабылдау кәсiпорындарындағы астық қабылдау, өңдеу және сақтау процесi және осы процестермен технологиялық байланысты үйлер, ғимараттар, жабдықтар.  

  ХI. Көлiк пен байланысты қадағалау саласында

      39. Қауiптi жүктердi темiр жол, су, әуе көлiктерiмен тасымалдауды, пайдалануды, техникалық қызмет көрсетудi қамтамасыз 
ететiн ұйымдар, құрылымдық бөлiмшелер және қызметтер және байланыс ұйымдары.  

  ХII. Бiрнеше салаға ортақ объектiлер

      40. Сутегi, көмiр қышқылы және оттегi станциялары.
      41. Оқу-курстық комбинаттар.
      42. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына сәйкес аса қауiптi объектiлермен байланысты қызметтердi лицензиялау. 

  ХIII. Құрылыс саласында

      43. Құрылыс, құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндiру, құрылыс жұмыстарын механизациялау ұйымдары. 

                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                           1997 жылғы 7 шiлдедегi
                                              N 1068 қаулысына
                                                     қосымша

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi
      мемлекеттiк комитетiнiң орталық аппараты, аумақтық
           органдары мен ведомстволық бағыныстағы
      ұйымдары қызметкерлерiнiң жалпы шектi штаттық саны*
__________________________________________________________________
                                     |    Штаттық саны
                                     |      (бiрлiк)
                                     |_______________________
            Атауы                    | барлығы  |оның iшiнде
                                     |          |әскери
                                     |          |қызметшiлер
_____________________________________|__________|____________
1. Орталық аппарат (үйлердi күзету және
    қызмет көрсету жөнiндегi қызметкерлерсiз)    116         28
2. Облыстық басқармалар (инспекцияларды         1287        183
    қоса есептегенде)
3. Қалалық басқармалар мен аудандық бөлiмдер    319         50
    (инспекцияларды қоса есептегенде)**
4. Республикалық даярлау және оқыту орталығы     33          4
5. Есептеу техникасы телекоммуникациялар,
    ақпараттама және жағдайлық талдау жөнiндегi
    республикалық мемлекеттiк қазыналық
    кәсiпорны                                     60
6. Химиялық-радиометрлiк лаборатория              7          1
7. Республикалық жедел құтқару отряды            66          -
8. 28237 әскери бөлiм                           930        930
9. 52859 әскери бөлiм                           267        267
10. 68303 әскери бөлiм                           217        217
11. Республикалық суда құтқару қызметi            12          -
    орталығы (суқұтқаруорталығы)
____________________________________________________________________
     Жиыны                                      3314       1680 

     Ескерту:  мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң санын есептемегенде аудандық бөлiмдер тек қана Алматы мен Қарағанды 
ғана
      Ескерту. Қосымша өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1997.09.30. N 1390  қаулысымен .   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады