Өзбекстан Республикасының Кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасында тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеудiң жеңiлдетiлген тәртiбi туралы 1999 жылғы 24 қыркүйектегi келiсiмге қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 желтоқсандағы N 1174 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiлiп отырған Өзбекстан Республикасының Кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасында тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеудiң жеңiлдетiлген тәртiбi туралы 1999 жылғы 24 қыркүйектегi келiсiмге қосылуы туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Өзбекстан Республикасының Кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасында тасымалданатын тауарларды кедендiк ресімдеудің жеңiлдетiлген тәртiбi туралы 1999 жылғы 24 қыркүйектегі келiсiмге қосылуы туралы хаттамаға қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 6 желтоқсандағы
N 1174 қаулысымен    
мақұлданған   

Жоба

Өзбекстан Республикасының Кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасында тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеудiң жеңiлдетiлген тәртiбi туралы 1999 жылғы 24 қыркүйектегi келiсiмге қосылуы туралы хаттама

      1995 жылғы 6 және 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келiсiмдерге қатысушылар болып табылатын Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi, Тәжiкстан Республикасының Үкiметi бiр тараптан және Өзбекстан Республикасының Yкiметi екiншi тараптан,
      2006 жылғы 25 қаңтарда қол қойылған Өзбекстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа қосылуы туралы хаттаманы назарға ала отырып, 
      1999 жылғы 24 қыркүйектегi Кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасында тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеудiң жеңiлдетiлген тәртiбi туралы келiсiмнiң 15-бабын назарға ала отырып, 
      мына төмендегiлер туралы уағдаласты:

1-бап

      Өзбекстан Республикасының Үкiметi Кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасында тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеудiң жеңiлдетiлген тәртiбi туралы 1999 жылғы 24 қыркүйектегi келiсiмге қосылады және одан туындайтын құқықтар мен мiндеттемелердi толық көлемде өзiне қабылдайды.

2-бап

      Осы Хаттаманы түсiндiруге немесе қолдануға қатысты даулар консультациялар немесе келiссөздер жолымен шешiледi. 

3-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады және депозитарий - Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық Комитетi оған қол қойған үкiметтердiң оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi.

      2006 жылғы "_____" _______ _________ қаласында орыс тiлiнде бiр данада жасалды.
      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы оның куәландырылған көшiрмесiн оған қол қойған үкiметтерге жiберетiн депозитарийде сақталады.

       Беларусь Республикасының
      Yкiметi үшiн

      Қазақстан Республикасының
      Yкiметi үшiн

      Қырғыз Республикасының
      Yкiметi үшiн

      Ресей Федераңиясының
      Yкiметi үшiн

      Тәжiкстан Республикасының
      Yкiметi үшiн

      Өзбекстан Республикасының
      Yкiметi үшiн    

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады