Өзбекстан Республикасының Жеке тұлғалар Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кедендiк шекаралары арқылы тасымалдайтын өндiрiстiк және өзге де коммерциялық қызметке арналмаған тауарларды және валютаны кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi туралы 1998 жылғы 22 қаңтардағы хаттамаға қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 желтоқсандағы N 1175 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiлiп отырған Өзбекстан Республикасының Жеке тұлғалар Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кедендiк шекаралары арқылы тасымалдайтын өндiрiстiк және өзге де коммерциялық қызметке арналмаған тауарларды және валютаны кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi туралы 1998 жылғы 22 қаңтардағы хаттамаға қосылуы туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Өзбекстан Республикасының Жеке тұлғалар Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кедендiк шекаралары арқылы тасымалдайтын өндiрiстiк және өзге де коммерциялық қызметке арналмаған тауарларды және валютаны кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi туралы 1998 жылғы 22 қаңтардағы хаттамаға қосылуы туралы хаттамаға қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

       Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2006 жылғы 6 желтоқсандағы 
N 1175 қаулысымен    
мақұлданған   

Жоба

  Өзбекстан Республикасының Жеке тұлғалар Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кедендiк шекаралары арқылы тасымалдайтын өндiрiстiк және өзге де коммерциялық қызметке арналмаған тауарларды және валютаны кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi туралы 1998 жылғы 22 қаңтардағы хаттамаға қосылуы туралы хаттама

      1995 жылғы 6 және 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келiсiмдерге қатысушылар болып табылатын Беларусь Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Peceй Федерациясының Үкiметi, Тәжiкстан Республикасының Үкiметi бiр тараптан және Өзбекстан Республикасының Yкiметi екiншi тараптан, 
      2006 жылғы 25 қаңтарда қол қойылған Өзбекстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа қосылуы туралы  хаттаманы назарға ала отырып,
      Жеке тұлғалар Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кедендiк шекаралары арқылы тасымалдайтын өндiрiстiк және өзге де коммерциялық қызметке арналмаған тауарларды және валютаны кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi туралы 1998 жылғы 22 қаңтардағы  хаттаманың 8-бабын басшылыққа ала отырып,
      мына төмендегiлер туралы уағдаласты:

  1-бап

      Өзбекстан Республикасының Үкiметi Жеке тұлғалар Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кедендiк шекаралары арқылы тасымалдайтын өндiрiстiк және өзге де коммерциялық қызметке арналмаған тауарларды және валютаны кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi туралы 1998 жылғы 22 қаңтардағы хаттамаға қосылады және осы Хаттаманың 2-бабында көрсетiлген ережелердi қоспағанда, одан туындайтын құқықтар мен мiндеттемелердi толық көлемде өзiне қабылдайды.

  2-бап

      Өзбекстан Республикасының Үкiметi Жеке тұлғалар Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кедендiк шекаралары арқылы тасымалдайтын өндiрiстiк және өзге де коммерциялық қызметке арналмаған тауарларды және валютаны кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi туралы 1998 жылғы 22 қаңтардағы хаттаманың 3-бабының ережелерiн ол үшiн 2003 жылғы 28 қазандағы Хаттамамен енгiзiлген өзгерiстерi мен толықтырулары бар 1998 жылғы 24 қарашадағы Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң шекараларынан еркiн және тең құқылы өтуiн және олардың тауарлар мен валютаны кедергiсiз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы келiсiм күшiне енген күннен бастап қабылдайды.

  3-бап

      Осы Хаттаманы түсiндiруге немесе қолдануға қатысты даулар консультациялар немесе келiссөздер жолымен шешiледi.

  4-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнiнен бастап отыз күн өткен соң күшiне енедi.

      2006 жылғы "______"___________ ________ қаласында орыс тiлiнде бiр данада жасалды.
      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы оның куәландырылған көшiрмесiн оған қол қойған үкiметтерге жiберетiн депозитарийде сақталады.

       Беларусь Республикасының
      Үкiметi үшiн

      Қазақстан Республикасының
      Yкiметi үшiн

      Қырғыз Республикасының
      Үкiметi үшiн

      Ресей Федерациясының
      Үкіметі үшін

      Тәжікстан Республикасының
      Үкіметі үшін

      Өзбекстан Республикасының
      Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады