"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 1233 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі 

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық аймақтарды құрудың, жұмыс iстеуi мен таратудың тәртiбi мен шарттарын айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

       Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) арнайы экономикалық аймақтың әкiмшiлiгi - арнайы экономикалық аймақтың аумағында жұмыс iстейтiн уәкiлеттiк органның аумақтық бөлiмшесi;
      2) инфрақұрылымдық ресурстар - арнайы экономикалық аймақтың барлық қатысушыларының жылу және электр энергиясына, сумен қамтамасыз етуге, арна жүргiзуге, көлiк коммуникацияларына, байланыс қызметтерiне және кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыру үшiн қажетті қызметтiң өзге де түрлерiне қажеттiлiктерiн қамтамасыз ететiн ғимараттардың кешенi;
      3) оператор компания - арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын тартуды, оларды инфрақұрылымдық ресурстармен және қызметтiң басымды түрлерiн жүзеге aсыруы үшiн өзге де жағдайларды қамтамасыз етудi жүзеге асыратын конкурс бойынша басқарушы компания айқындайтын заңды тұлға;
      4) басқарушы компания - Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын арнайы экономикалық аймақтарды басқарудың экономикалық тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында айқындалатын, жалғыз құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкiметi болып табылатын заңды тұлға;
      5) арнайы экономикалық аймақ - кәсiпкерлiк үшiн қолайлы жағдайлар жасалатын және арнайы құқықтық режим қолданылатын, дәл белгiленген шекаралары бар Қазақстан Республикасының шектеулi аумағы;
      6) қызметтiң басым түрлерi - арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимi таралатын қызмет түрi;
      7) қызметтi жүргiзу туралы келiсiм - арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейтiн және заңнамада көзделген жеңiлдiктер мен преференцияларды алу үшiн мiндеттi болып табылатын арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы мен арнайы экономикалық аймақтың әкiмшiлiгi арасында жасалатын шарт;
      8) уәкiлеттi орган - арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс iстеуiн мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      9) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы - арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтiң басымды түрлерiн жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

       2-бап. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасы

       1. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда бар ережелерден өзге ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

       3-бап. Арнайы экономикалық аймақтарды құрудың мақсаттары

      Арнайы экономикалық аймақтар экономиканың салаларын дамыту және қолдау, өңiрлердi жедел дамыту мен әлеуметтiк проблемаларды шешу, кәсiпкерлiк қызметтiң тиiмдiлiгiн арттыру, инвестицияларды, технологияларды және қазiргi заманғы менеджменттi тарту тиiмдiлiгi жоғары және бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi құру мақсатында құрылады.

       4-бап. Арнайы экономикалық аймақтарды құрудың және жұмыс iстеуiнiң шарттары

       1. Арнайы экономикалық аймақтар мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерiнде құрылуы мүмкiн. Арнайы экономикалық аймақтарды құру үшiн қажеттi бос жер учаскелерi болмаған жағдайда олар Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес мемлекеттiк мұқтаждық үшiн жер учаскесiнiң меншiк иелерiнен және жер пайдаланушылардан алып қойылуы мүмкiн. Жер учаскелерi құрылысы республикалық бюджеттiк қаражаттың, сондай-ақ заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздердiң есебiнен жүзеге асырылатын жеткiлiктi инфрақұрылымдық ресурстармен қамтамасыз етiлуi тиiс.
      2. Арнайы экономикалық аймақтар 25 жыл мерзiмге дейiн құрылады.
      3. Арнайы экономикалық аймақ құрылған жер учаскесiн арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына кейiннен жалға беру үшiн арнайы экономикалық аймақтың режимiнiң қолданылуы кезеңiне арнайы экономикалық аймақтың әкiмшiлiгi жердi тұрақты қайтарусыз пайдалануға тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органы бередi. 
      4. Арнайы экономикалық аймақтың режимiнiң қолданылуы кезеңiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы жер учаскелерiн сатуға және өзге де иелiктен шығаруға тыйым салынады.
      5. Арнайы экономикалық аймақ режимiнiң қолданылуы аяқталғаннан кейiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтi жүргiзу туралы келiсiм шеңберiнде тұрғызылған жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң иесi заңнамада белгiленген тәртiппен оның кадастрлық құны бойынша тиiстi жер учаскесiн басымды сатып алу құқығына ие болады.
      6. Арнайы экономикалық аймақ режимiнiң қолданылуы аяқталғаннан кейiн 1 жыл iшiнде жеке меншiкке сатып алынбаған жер учаскелерiн арнайы экономикалық аймақтың тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктегi жергiлiктi атқарушы органның әкiмшiлiгiне қайтарады.

       5-бап. Арнайы экономикалық аймақты құру тәртiбi

       1. Арнайы экономикалық аймақтар құру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң арнайы экономикалық аймақ құру туралы Жарлығымен бекiтiлетiн арнайы экономикалық аймақ туралы ереже қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесiн айқындайды.
      2. Арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсынысты уәкiлеттi орган немесе басқарушы компания Қазақстан Республикасының Yкiметiне өз бастамасы бойынша уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша, сондай-ақ жергiлiктi және орталық атқарушы органдар өтiнiмдерiнiң негiзiнде енгiзуi мүмкiн.
      3. Арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсынысты қарау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне: қоршаған ортаны бағалаумен аймақты ұйымдастырудың тұжырымдамасы, экономикалық негiздемесi және арнайы экономикалық аймақ туралы ереженiң жобасы ұсынылады. Қоршаған ортаны бағалаумен аймақты ұйымдастыру тұжырымдамасының, экономикалық негiздемесiнiң үлгiлiк нысаны және арнайы экономикалық аймақ туралы ереженi ұлттық басқарушы компания әзiрлейдi және уәкiлеттi орган бекiтедi.
      4. Уәкiлеттi орган мынадай жағдайда жергiлiктi және орталық атқарушы органдардың өтiнiмдерiнен бас тартады:
      1) ұлттық басқарушы компаниялардың қорытындысы негiзiнде арнайы экономикалық аймақты ұйымдастырудың экономикалық тиiмсiздiгi;
      2) арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныстың мемлекеттiк экономикалық саясат басымдықтарына сәйкес еместiгi;
      3) ұсынылған материалдардың толық еместiгi және сенiмдi еместiгi;
      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарға ұсыныстардың сәйкес еместiгi.

       6-бап. Арнайы экономикалық аймақты тарату

      1. Арнайы экономикалық аймақ ол құрылған мерзiм аяқталған соң таратылады. Тарату мерзiмдерi мен тәртiбiн арнайы экономикалық аймақ туралы ереже айқындайды.
      2. Арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына қол жеткiзу мүмкiн болмаған жағдайда оны Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң ұсынымы бойынша мерзiмiнен бұрын таратуы мүмкiн.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi ұлттық басқарушы компанияның қорытындысына негiзделген уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша арнайы экономикалық аймақты мерзiмiнен бұрын тарату туралы ұсыным енгiзедi. Арнайы экономикалық аймақты тарату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн арнайы экономикалық аймақтың әкiмшiлiгi арнайы экономикалық аймақты тарату рәсiмдерiн аяқтау үшiн бiр жыл iшiнде жұмыс iстейдi.

       7-бап. Арнайы экономикалық аймақтың құқықтық режимi

      1. Арнайы экономикалық аймақтың құқықтық режимi арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына таралады және осы заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнама актiлерiмен белгiленедi.
      2. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында берiлетiн салықтық және кедендiк сипаттағы жеңiлдiктер мен преференциялар Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасымен белгiленедi.

2-тарау. Арнайы экономикалық аймақты басқару

      8-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң арнайы экономикалық аймақтарды басқару саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы экономикалық аймақтарды басқару саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
      1) арнайы экономикалық аймақтарды басқару саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
      2) басқарушы компанияны айқындау;
      3) Қазақстан Республикасы Президентiне арнайы экономикалық аймақтарды құру және мерзiмiнен бұрын тарату туралы ұсыныстар енгiзу.

      9-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

       Арнайы экономикалық аймақтарды басқару саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне мыналар жатады:
      1) арнайы экономикалық аймақтарды құру және жұмыс iстеуi саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру;
      2) арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс iстеуi саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру;
      3) басқарушы компаниялардың және арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс iстеуi мәселелерi жөнiндегi арнайы экономикалық аймақтар әкiмшiлiктерiнiң қызметтерiне бақылауды жүзеге асыру;
      4) басқарушы компанияның арнайы экономикалық аймақтарды ұйымдастыру немесе тарату, арнайы экономикалық аймақтарды ұйымдастыруға арналған өтiнiмдердi кейiнге қалдыру жөнiндегі, компанияларды тарту қажеттiлiгi туралы ұсыныстарын келiсу;
      5) Қазақстан Республикасының Үкiметiне арнайы экономикалық аймақтарды құру не мерзiмiнен бұрын тарату туралы ұсыныстар енгiзу;
      6) оператор-компанияны айқындау жөнiндегi конкурсты өткiзу ережесiн әзiрлеу және бекiту;
      7) арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтi жүзеге асыруға жеке және заңды тұлғаларды жiберу ережесiн әзiрлеу және бекiту;
      8) басқарушы компания ұсынған арнайы экономикалық аймақтардың қызметiн реттейтiн құжаттарды бекiту: арнайы экономикалық аймақтар құруға арналған өтiнiм нысаны, қоршаған ортаға бағалаумен тұжырымдаманың үлгiлiк нысаны, аймақты ұйымдастырудың экономикалық негiздемесi және арнайы экономикалық аймақ туралы ереже, басқарушы-компаниялар мен оператор компаниялар арасындағы үлгiлiк шарттар, арнайы экономикалық қатысушылардың қызметтi жүргiзу тәртiбiн және оның қолданылуын тоқтату салдарларын реттейтiн арнайы экономикалық аймақтың және оператор компаниялардың арасындағы үлгiлiк шарттар;
      9) арнайы экономикалық аймақтар аумағында жер учаскелерiн пайдалану үшiн жалға алу төлемiнiң есеп айырысу тәртібiн келiсу;
      10) арнайы экономикалық аймақтың әкiмшiлiк жетекшiсiн тағайындау.

       10-бап. Басқарушы компанияның арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс iстеуi саласындағы құзыретi

       Басқарушы компанияның арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс iстеуi саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
      1) мемлекеттiк органдармен арнайы экономикалық аймақтар құру және жұмыс iстеуi мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасасу;
      2) арнайы экономикалық аймақтардың қызметiн реттейтiн құжаттардың нысандарын әзiрлеу:
      арнайы экономикалық аймақтар құруға өтiнiм нысаны;
      қоршаған ортаға бағалаумен тұжырымдаманың үлгiлiк нысаны, аймақты ұйымдастырудың экономикалық негiздемесi және арнайы экономикалық аймақ туралы ереже;
      басқарушы компаниялар мен оператор компаниялар арасындағы үлгiлiк шарттар, арнайы экономикалық қатысушылардың қызметтi жүргiзу тәртiбiн және оның қолданылуын тоқтату салдарларын реттейтiн арнайы экономикалық аймақтың және оператор компаниялардың арасындағы үлгiлiк шарттар;
      3) уәкiлеттi органмен оператор компанияны тарту қажеттiлiгi туралы шешiмдi келiсу;
      4) арнайы экономикалық аймақтардың оператор компанияларын айқындау;
      5) арнайы экономикалық аймақтар құрудың экономикалық мақсатқа сайлығы туралы қорытынды беру;
      6) оператор компаниялармен шарттарға (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын) қол қою және бұзу;
      7) оператор компаниялардың шарттық мiндеттемелерiн сақтаудың мониторингін жүзеге асыру;
      8) арнайы экономикалық аймақтар құру мен дамытудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында қызметтер көрсету үшiн үшiншi тұлғаларды тарту.

       11-бап. Арнайы экономикалық аймақ әкiмшiлiгiнiң құзыретi

      Арнайы экономикалық аймақ әкiмшiлiгiнiң арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс iстеуi саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
      1) мемлекеттiк органдармен арнайы экономикалық аймақтар құру және жұмыс iстеуi мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасасу;
      2) арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларға арнайы экономикалық аймақтар құрылатын жер учаскелерiн жалға беру;
      3) мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органмен есеп, жер заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтар аумағында жер учаскелерiн пайдалану үшiн төлем сомасы;
      4) компания оператордың ұсынысы бойынша уәкiлеттi орган айқындаған тәртiпте жеке және заңды тұлғалардың арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы қызметтi жүзеге асыруға рұқсат беру туралы шешiм қабылдау; 
      5) арнайы экономикалық аймаққа қатысушылармен қызметтi жүргiзу туралы келiсiмге қол қою;
      6) арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың тiзiмдемесiн жүргiзу;
      7) арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылармен қызметтi жүргiзу туралы келiсiмдi орындау бойынша тексерулер жүргiзу.

       12-бап. Оператор компаниялардың құзыретi

      Арнайы экономикалық аймақтардың қызметiн қамтамасыз ету саласындағы оператор компаниялардың құзыретiне мыналар жатады:
      1) арнайы экономикалық аймақтардың қызметiне қатысу үшiн арнайы экономикалық аймаққа әлеуеттi қатысушыларды тарту жөнiндегi жұмыс және олардан өтiнiмдердi қабылдау;
      2) арнайы экономикалық аймақтың әкiмшiлiгiне арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы қызметке жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру, олармен қызметтi жүргiзу туралы келiсiм жасасу мен бұзу жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      3) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу рәсiмдерiн жедел жүргiзу, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыру үшiн қажеттi рұқсат беретiн құжаттарды алу мақсатында мемлекеттiк органдармен қатысты арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының мүдделерiн таныту;
      4) арнайы экономикалық аймақ инфрақұрылымдық ресурстарын салу және кейiннен оған пайдаланушылық қызмет көрсету, арнайы экономикалық аймақ қатысушыларына қызметтер көрсету;
      5) арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылармен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы қызметтi жүзеге асыруға рұқсат берiлген өзге жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу және бұзу;
      6) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасына қайшы келмейтiн өзге шаруашылық қызметтi жүргiзу.

       13-бап. Уәкiлеттi органның және арнайы экономикалық аймақ әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылы

      1. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк органдардан өз функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат сұрауға құқылы.
      2. Уәкiлеттi орган және арнайы экономикалық аймақ әкiмшiлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiпте арнайы экономикалық аймақтардың қызметi туралы ақпарат бередi.
      3. Мемлекеттiк органдардың уәкiлеттi органға қатысты өзге өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер

      14-бап. Арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылар құқықтарының кепiлдiктерi

       Арнайы экономикалық аймақтың құқықтық режимiн, оның аумағы шекарасын өзгертудi қоса, мерзiмiнен бұрын тарату немесе өзгерту жағдайында арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларға арнайы экономикалық аймақ құрылатын, бiрақ он жылдан аспайтын мерзiмнiң аяқталуына дейiн оның аумағында қызметтi жүзеге асыру үшiн арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын жiберу туралы шешiм қабылдау сәтiне сәйкес келетiн жағдайларда осындай қызметтi жалғастыру құқығына кепiлдiк берiледi. Мерзiмi арнайы экономикалық аймақтың құқықтық режимi жойылған немесе өзгертiлген күннен бастап есептеледi.

       15-бап. Осы заңның әрекетiн бұрын құрылған арнайы экономикалық аймақтарға тарату

       Осы Заң күшiне енгенге дейiн құрылған арнайы экономикалық аймақтар осы Заңға сәйкес тарату туралы шешiм қабылданғанға дейiн өз мәртебесiн сақтайды.

       16-бап. Қорытынды ережелер

       1. Осы Заң алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы  Заңының  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 179-құжат; N 14, 274-құжат; 1998 ж., N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 6, 191-құжат; 2001 ж., N 15-16, 224-құжат; 2003 ж., N 23, 169-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады