"Қазақстан Республикасының әдiлет органдары қылмыстық-атқару жүйесiнiң туы және нышаны туралы Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 желтоқсандағы N 1237 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      "Қазақстан Республикасының әдiлет органдары қылмыстық-атқару  жүйесiнiң туы және нышаны туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының әдiлет органдары
қылмыстық-атқару жүйесiнiң туы және нышаны туралы

      "Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының  10-бабына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН :
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi туының;
      2) Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi нышанының сипаттамалары бекiтiлсiн.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
            Президентi

Қазақстан Республикасы
  Президентінің     
2006 жылғы _________   
N __ Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН  

Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi туының сипаттамасы

      Қазақстан Республикасының әдiлет органдары қылмыстық-атқару жүйесiнiң туы (бұдан әрi - ту) қара көк түстi тiк бұрышты мата болып табылады.
      Тудың ортасында Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi нышанының бейнесi орналасқан.
      Тудың шетi алтын сары түстi шашақпен көмкерiлiп, сапқа бекiтiледi. Саптың ұштығы найза нысанында жасалған, оған алтын сары түстi екi шашағы бар өрiлген бау бекiтiлген.
      Тудың графикалық бейнесi қоса берiлiп отыр.

                                             Қазақстан Республикасы
  әділет органдарының  
қылмыстық-атқару жүйесі
туының сипаттамасына  
ҚОСЫМША        

Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі туының графикалық бейнесі
(қағаздағы нұсқадан қараңыз)

       Қазақстан Республикасы
  Президентінің     
2006 жылғы _________   
N __ Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН   

Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi нышанының сипаттамасы      

      Қазақстан Республикасының әдiлет органдары қылмыстық-атқару жүйесiнiң нышаны (бұдан әрi - нышан) ұлттық геральдикалық нышандарының типологиялық элементтерiне құрылған және сегiз қырлы жұлдыздың бейнесiн бiлдiредi.
      Нышанның орталық бөлiгiнде сегiз қырлы жұлдызда қылмыстық-атқару жүйесiнiң Қазақстан Республикасының әдiлет органдарына тиесiлiлiгiн бiлдiретiн негiзгi сәйкестiк нышан ретiнде таразы орналасқан.
      Сегiз қырлы жұлдыз қорған мен сенiмдiлiктi бейнелейтiн тұйық контурды бiлдiретiн көлемдi элемент ретiнде бейнеленген және тазаруды, қайта өрлеудi бiлдiретiн шұғылалы күн сәулесi аясында орналасқан.
      Сегiз қырлы жұлдыз астында "ҚАЗАҚСТАН" деген мемлекеттiк тiлдегi жазуы бар лента орналасқан.
      Барлық композиция алтын сары түске боялған төрт үшкiр ұштықты семсердiң қиысқан жерiндегi үлкен сегiз қырлы жұлдызда орналасқан.
      Нышанның орталық композициясы жоғары жағында "ӘДIЛЕТ МИНИСТРЛІГІ", төменгi жағында - "ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСI" деген мемлекеттiк тiлдегi алтын сары түстi жазба орналасқан қара көк түстi сақинамен жиектелген.
      Сақинамен жиектелген композиция шеттерi алтын сары түстi шығыңқы ернеумен көмкерiлген көгiлдiр көк түстi сегiз қырлы жұлдыз аясында орналасқан. Сегiз қырдың iшкi бұрыштары көк жиектi алтын түстес сегіз қырлы жұлдыздың ұштарымен толтырылған.
      Нышанның көгiлдiр көк, қара көк және алтын түстерi PANTONE Халықаралық түстер атласының 3125 С және 810 С нөмiрлерiне сәйкес келедi.
      Нышанның графикалық бейнесi қоса берiлiп отыр.

      Қазақстан Республикасы
  әділет органдарының  
қылмыстық-атқару жүйесі
туының сипаттамасына  
ҚОСЫМША        

Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі нышанының графикалық бейнесі
(қағаздағы нұсқадан қараңыз)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады