"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы өзара қаржылық мәселелердi реттеу және әскери бiлiм беру мен сынақ полигондарын пайдалану саласындағы есеп айырысу шарттары туралы келiсiмдi ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1265 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Өзара қаржылық мәселелердi реттеу және әскери бiлiм беру мен сынақ полигондарын пайдалану саласындағы есеп айырысу шарттары туралы келiсiмдi ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                                     Жоба

  Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Өзара қаржылық мәселелердi реттеу және әскери бiлiм беру мен сынақ полигондарын пайдалану саласындағы есеп айырысу шарттары туралы келiсiмдi ратификациялау туралы 

      Мәскеуде 2005 жылғы 25 қарашада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Өзара қаржылық мәселелердi реттеу және әскери бiлiм беру мен сынақ полигондарын пайдалану саласындағы есеп айырысу шарттары туралы келiсiм ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

  Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Өзара қаржылық мәселелердi реттеу және әскери бiлiм беру мен сынақ полигондарын пайдалану саласындағы есеп айырысу шарттары туралы
КЕЛIСIМ

       Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы Әскери ынтымақтастық туралы шартты басшылыққа ала отырып, 
      қатысушылары бiр мезгiлде Тараптар болып табылатын әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық шарттарға сәйкес өзара қаржылық мiндеттемелердi реттеудің қажеттiлiгiн тани отырып, мына төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Тараптар:
      Ресей Тарапынан - осы шарттардың 4-бабына сәйкес жалға алынған мүлiк пен жер учаскелерi бөлiгiн жалдаудан алынатын қорытындыны ескере отырып 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мeн жалдау және Приозерск қаласының тiршілiгiн қамтамасыз ету шарттары туралы келiсiмге, 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Eмбi сынақ полигонын жалдау туралы шартқа, 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығының Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан объектiлерi мен әскери алаңдарын жалдау туралы шартқа, 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметінің арасындағы Ресей Федерациясының 4 Мемлекеттiк орталық полигонының Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан объектiлерi мен жауынгерлiк алаңдарын жалдау туралы шартқа сәйкес Приозерск қаласының инфрақұрылымын ұстаумен және тыныс-тiршілiгiн қамтамасыз етумен байланысты Ресей Тарапының шығыстарын ескере отырып 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа сәйкес 1999 жылдан бастап 2004 жылды қоса алғанда Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан сынақ полигондарын пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы бойынша берешектi;
      Қазақстан Тарапынан - Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi арасындағы келiсiмшарттар мен шарттардың негiзiнде 1998 жылғы 6 наурыздағы Әскери кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келiсiмге, оқыту үшiн келiсiмшарттарда белгiленген өтеу ставкаларына және 2005 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiн Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң жоғары оқу орындарында оқыту және ұстау үшiн өзара есеп айырысуларды салыстыру актiсiне сәйкес 1999 жылдан бастап 2004 жылды қоса алғанда Ресей Федерациясында қазақстандық әскери қызметшiлердi оқыту жөнiндегi берешектi қамтитын өзара қаржылық мiндеттемелердiң болуын таниды.

  2-бап

       Тараптар осы Келiсiмнiң 1-бабында көрсетiлген өзара қаржылық мiндеттемелердi бiр жолғы өтеудi 135,73 млн. АҚШ доллары сомасына жүргiзедi.
      Қазақстан Тарапы бұдан әрi 1999 жылдан бастап 2004 жылды қоса алғанда Сарышаған, Ембi сынақ полигондарын, Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығының және Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 4 Мемлекеттiк орталық полигонының объектiлерi мен жауынгерлiк алаңдарын пайдаланумен байланысты Ресей Тарапына кiнәраттар қоймайды.
      Ресей Тарапы бұдан әрi Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiн оқыту және ұстау үшiн өзара есеп айырысуларды салыстырудың 2005 жылғы 30 наурыздағы кесiмiне сәйкес 1999 жылдан бастап 2004 жылды қоса алғанда Ресей Федерациясында қазақстандық әскери қызметшiлердi оқыту жөнiндегi шығындармен байланысты Қазақстан Тарапына кiнәраттар қоймайды.

  3-бап

       2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей Тарапы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан сынақ полигондарын пайдаланғаны үшiн жыл сайынғы жалдау ақысы АҚШ долларымен жүзеге асырылатын болады.
      Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери-оқу орындарында қазақстандық әскери қызметшілердi дайындау жөнiндегi қызметтерге ақы төлеудi Қазақстан Тарапы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап АҚШ долларымен жүзеге асырады.
      Тараптар осы Келiсiмнiң 1-бабында көрсетiлген сынақ полигондарын жалдау туралы шарттарға тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi.

  4-бап

       Осы Келiсiм оның күшiне енуiне қажеттi мемлекетішілік рәсiмдердi Тараптардың орындауы туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнiнен бастап күшіне енедi. 2005 жылы 25 қарашада Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды әрi екi мәтiннiң де күшi бiрдей.

       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                РЕСЕЙ
             YКIМЕТI ҮШІН                 ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҮШІН

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады