Акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың тәуелсiз директорларының кейбiр мәселелерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 1286 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоксандағы N 1354 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.29.  N 1354  Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желiлiк кестесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222  қаулысын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың тәуелсiз директорлары лауазымына кандидаттарға қойылатын бiлiктiлiк талаптары;
      2) акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың тәуелсiз директорларын iрiктеу ережесi;
      3) акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың тәуелсiз директорлары қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң          
2006 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1286 қаулысымен     
бекiтiлген     

  Акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың тәуелсiз директорлары лауазымына кандидаттарға қойылатын бiлiктiлiк талаптары 

      1. Акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың тәуелсiз директорлары лауазымына кандидаттарға қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) тәуелсiз директор мәртебесiнiң "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келуiн;
      2) акционерлiк қоғамның негiзгi қызметiне артықшылықпен сәйкес келетiн салаларда жоғары бiлiмiнiң болуын;
      3) акционерлiк қоғамның негiзгi қызметiне артықшылықпен сәйкес келетiн салаларда кемiнде 5 жыл басшылық (заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасарлары, акционерлiк қоғам директорлары кеңесiнiң мүшесi) жұмыс тәжiрибесiнiң болуын қамтиды.
      2. Тәуелсiз директор ретiнде:
      1) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн бiр жылдан аса басқа заңды тұлғаның басшысы болып табылған;
      2) заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам ұсыныла алмайды.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1286 қаулысымен   
бекiтiлген   

  Акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың тәуелсiз директорларын iрiктеу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың тәуелсiз директорларын iрiктеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың тәуелсiз директорларын (бұдан әрi - тәуелсiз директор) конкурстық негiзде iрiктеу тәртiбiн айқындайды.

      2. Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      атқарушы орган - акционерлiк қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      уәкiлеттi орган - өз құзыретiнiң шегiнде республикалық меншiк, жекешелендiру объектiлерiн басқару және экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi саласында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган. 

      3. Конкурс Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн бiлiктiлiк талаптарына сәйкес тәуелсiз директорды iрiктеу мақсатында өткiзiледi. 

  2. Конкурсты ұйымдастыру

      4. Конкурсты құрамын атқарушы орган қалыптастыратын және бекiтетiн конкурстық комиссия өткiзедi.

      5. Конкурстық комиссия алқалы орган болып табылады. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң саны тақ санды құрауы тиiс. 

      6. Конкурстық комиссияның құрамына атқарушы органның бiрiншi басшысы немесе оның орынбасары, уәкiлеттi органның және тиiстi акционерлiк қоғамдар директорларының кеңесiнде ұсынылған өзге де мемлекеттiк органдардың өкiлдерi мiндеттi түрде енгiзiледi. 
      Қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындау және комиссия отырыстарының хаттамасын ресiмдеудi комиссия мүшесi болып табылмайтын комиссия хатшысы жүзеге асырады.

      7. Атқарушы органның бiрiншi басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымдағы тұлға конкурстық комиссияның төрағасы болып табылады, ол оның қызметiне басшылық жасайды, комиссияның отырыстарында төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды және оның шешiмдерiнiң iске асырылуы үшiн жалпы бақылауды жүзеге асырады. 

      8. Уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымдағы уәкiлеттi органның өкiлi конкурстық комиссия төрағасының орынбасары болып табылады.

      9. Конкурстық комиссияның отырысы конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң қатысуы шартымен және конкурстық комиссия төрағасы мiндеттi түрде қатысқан кезде өткiзiледi. Конкурстық комиссияның шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады және егер қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi оған дауыс берсе қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда, конкурстық комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.

      10. Конкурстық комиссия шешiмiмен келiспеген жағдайда, конкурстық комиссияның кез-келген мүшесiнiң айрықша пiкiрге құқығы бар, ол жазбаша түрде баяндалуы және конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса тiркелуi тиiс. Конкурстық комиссияның қандай да бiр мүшесi өндiрiстiк немесе басқалай себеппен болмаған жағдайда, конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебi мен осы фактiнi растайтын құжатқа сiлтеме көрсетiледi.

      11. Егер белгiленген күнi мен уақытында конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысы кворумның болмауы себебiнен өтпеген жағдайда, конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа ұсынылған конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердiң сақталуын қамтамасыз етедi және хабарлаған мерзiмнен 3 жұмыс күнiнен кешiктiрмей конверттердi ашу күнi мен уақытын хабарлайды. Бұл ретте, қайта берiлген өтiнiмдер қабылданбайды.

      12. Егер конкурсқа қатысуға бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн бiр кандидат конкурстық өтiнiм берген болса, не конкурстық өтiнiмдер түспеген болса немесе керi қайтарылып алынса, онда конкурстық комиссия конкурсты өткiзiлмедi деп таниды және қайта конкурс өткiзу туралы шешiм қабылдайды.

      13. Алдағы болатын конкурс туралы ақпаратты атқарушы орган Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын мерзiмдi баспа басылымдарында және өз web-сайтында орналастырады. 

      14. Алдағы болатын конкурс туралы ақпарат немесе шақыру конкурс өткiзiлетiн күнi, уақыты мен орны, бiлiктiлiк талаптары, тәуелсiз директордың сыйақы ставкасы туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс.

      15. Конкурстық өтiнiмдер беру мерзiмi конкурс туралы ақпарат орналастырылған сәттен бастап 30 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс. 

  3. Конкурсты өткiзу

      16. Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:
      1) конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу;
      2) өздерiнiң конкурсқа қатысуын растаған кандидаттардың бiлiктiлiгiн бағалау;
      3) кандидаттармен әңгiмелесу өткiзу және тәуелсiз директорды, сондай-ақ кандидаттарды резервке iрiктеу;
      4) конкурс нәтижелерiн шығару.

      17. Кандидаттың конкурсқа қатысуы үшiн ұсынатын конкурстық өтiнiмi: 
      1) кандидаттың өтiнiшiн;
      2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
      3) бiлiмi, сондай-ақ ғылыми дәрежесi туралы құжаттардың, олар болған кезде лицензиялардың және/немесе патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың тиiстi үлгiде куәландырылған көшiрмелерiн;
      4) кандидаттың түйiндемесiн қамтуы тиiс.

      18. Кандидат конкурстық өтiнiмнiң түпнұсқасын "Түпнұсқа" деген белгi қойып, оны конвертке салып мөрлейдi. Бұл конвертте кандидаттың тегi, аты, әкесiнiң аты, мекен-жайы және телефон нөмiрi көрсетiлуi тиiс. Содан соң конверт сыртқы конвертке салынып мөрленедi. 
      Iшкi және сыртқы конверттер:
      1) шақыруда немесе мерзiмдi баспа басылымдарында және web-сайттағы ақпаратта көрсетiлген мекен-жай бойынша атқарушы органға бағытталуы;
      2) "Акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiне мүше тәуелсiз директордың конкурсы" және "дейiн ашуға болмайды" (шақыруда немесе мерзiмдi баспа басылымдарында және web-сайттағы ақпаратта көрсетiлген конверттi ашу күнi мен уақыты) деген сөздердi қамтуы тиiс. 

      19. Конкурстық өтiнiм мемлекеттiк, орыс және қажет болған кезде өзге де тiлдерде жiберiледi.

      20. Конкурстық комиссия шақыруларда немесе мерзiмдi баспа басылымдарында және web-сайттағы ақпаратта көрсетiлген орында және уақытында ұсынылған конкурстық өтiнiмдер бар конверттiң түпнұсқасын ашады.

      21. Конкурстық өтiнiмдер бар конверттердi ашу рәсiмiнiң қорытындылары бойынша конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия мүшелерi мен оның хатшысы қол қоятын ашу хаттамасын жасайды.

      22. Конкурстық комиссия бес жұмыс күнi iшiнде конкурстық өтiнiмдер бар конверттердi ашу күнiнен кейiн кандидаттың тәуелсiз директорлардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн бағалауды жүргiзедi.

      23. Конкурстық комиссия кандидаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мәнiне бағалау нәтижелерi бойынша әңгiмелесу күнiн, уақытын және оны жүргiзу орнын көрсете отырып шақыру жiберiлетiн біліктiлiк талаптарына сәйкес келетiн кандидаттарды iрiктеудi айқындайды.

  4. Конкурс қорытындыларын шығару

      24. Жүргiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия он жұмыс күнi iшiнде тәуелсiз директорды iрiктейдi, сондай-ақ резервке екi кандидатты белгiлейдi.

      25. Конкурстық комиссияның шешiмi конкурстық комиссия мүшелерi мен оның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi және конкурстық өтiнiмдер берген барлық кандидаттарға жiберiледi. 

      26. Кандидаттар конкурстық комиссияның шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдана алады. 

  5. Резервтi қалыптастыру

      27. Конкурстық комиссия әңгiмелесу қорытындылары бойынша конкурсқа қатысушылар iшiнен резервке алу үшiн кандидаттарды айқындайды.

      28. Конкурстық комиссияның хатшысы кандидатты резервке алу туралы өзi және конкурстық комиссияның мүшелерi қол қоятын хаттаманы ресiмдейдi.

      29. Кандидатты резервке алу оның келiсiмiмен жүргiзiледi.

      30. Кандидатты резервке алу туралы хаттама мынадай ақпаратты:
      тәуелсiз директор лауазымына кандидат конкурсқа қатысқан акционерлiк қоғамның атауын;
      резервке алынған кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын;
      резервке алынған кандидаттың туған күнiн, бiлiмiн, бiлiмi бойынша мамандығын;
      резервке алынған кандидаттың жұмыс орнын (ұйымын, атқарып отырған лауазымын, лауазымда қай уақыттан берi);
      резервке алынған күнiн қамтуы тиiс.
      Кандидатты резервке алу туралы хаттаманы конкурстық комиссия уәкiлеттi органға жiбередi. 

      31. Уәкілеттi орган осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi барлық акционерлiк қоғамдар үшiн жарамды резервке алынған тәуелсiз директорлар лауазымына кандидаттардың бiрыңғай тiзiмiн ресiмдейдi.

      32. Тиiстi акционерлiк қоғамның кандидаттар резервi оны конкурстық комиссия бекiткен күнiнен бастап бiр жыл бойы жарамды.

      33. Конкурстық комиссия резервке алынған кандидаттарды кейiнгi конкурстарға жалпы негiздерде қатысу үшiн шақырады.

Акцияларының бақылау пакеттерi     
мемлекетке тиесiлi акционерлiк     
қоғамдардың тәуелсiз директорларын   
iрiктеу ережесiне қосымша       

Акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың тәуелсiз директорлары лауазымына резервке алынған кандидаттардың тiзiмi

P/c
N

Акционерлiкқоғам

Резервке алынған кандидаттың тегi, аты, әкесiнiң аты 

Туған күнi, бiлiмi, бiлiмi бойынша мамандығы 

Жұмыс орны (ұйымы, атқарып отырған лауазымы, лауазымда қай уақыттан берi

Резервке алынған күнi

  

  

  

  

  

  

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2006 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1286 қаулысымен     
бекiтiлген     

  Акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың тәуелсiз директорлары қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың тәуелсiз директорлары қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау ережесi (бұдан әрi - Ереже) акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың тәуелсiз директорлары (бұдан әрi - тәуелсiз директор) қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн жүзеге асыру және пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      атқарушы орган - акционерлiк қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      уәкiлеттi орган - өз құзыретiнiң шегiнде республикалық меншiк, жекешелендiру объектiлерiн басқару және экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi саласында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

  2. Тәуелсiз директор қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру

      3. Тәуелсiз директор қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалауды оның қызметiнiң қорытындылары бойынша құрамын атқарушы орган қалыптастыратын және бекiтетiн комиссия жыл сайын жүргiзедi.

      4. Комиссия алқалы орган болып табылады. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң саны тақ санды құрауы тиiс.

      5. Комиссияның құрамына атқарушы органның бiрiншi басшысы немесе оның орынбасары, уәкiлеттi органның және тиiстi акционерлiк қоғамдардың директорлар кеңесiнде ұсынылған өзге де мемлекеттiк органдардың өкiлдерi және/немесе тиiстi акционерлiк қоғамдар директорлары кеңесiнiң мүшелерi мiндеттi түрде енгiзiледi.

      6. Комиссия төрағасы лауазымы бойынша атқарушы органның бiрiншi басшысының орынбасарынан төмен емес тұлға болып табылады, ол оның қызметiне басшылық етедi, комиссия отырыстарында төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды және оның шешiмдерiнiң iске асырылуы үшiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.

      7. Лауазымы бойынша уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының орынбасарынан төмен емес уәкiлеттi органның өкiлi конкурстық комиссия төрағасының орынбасары болып табылады.

      8. Комиссияның күн тәртiбiн, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындауды және комиссия отырысының хаттамасын ресiмдеудi комиссия мүшесi болып табылмайтын комиссия хатшысы жүзеге асырады. 

      9. Комиссия отырысы комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi болған жағдайда өткiзiледi. Отырысқа қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалауды комиссия жүргiзетiн тәуелсiз директор қатысады.

      10. Комиссия төрағасы комиссия отырысын өткiзу күнiн белгiлейдi.

      11. Хатшы комиссия отырысына қатысу үшiн комиссия мүшелерiне, тәуелсiз директорға шақыру қағазын жiбередi.

  3. Тәуелсiз директор қызметiнiң тиiмділігiн бағалауды жүзеге асыру тәртiбi

      12. Тәуелсiз директор қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау:
      акционердiң тәуелсiз директордың алдына қойған мiндеттерiне қол жеткiзуi туралы тәуелсiз директордың жылдық есебiн қарауын;
      баллдық жүйе бойынша тәуелсiз директор қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау қорытындыларын шығаруын көздейдi.

      13. Тәуелсiз директордың жылдық есебi:
      Қоғам Директорлары кеңесiнiң отырыстарына тәуелсiз директордың дайындаған мәселелерi туралы, олардың iске асырылуы мен қол жеткiзiлген нәтижелерi туралы мәлiметтердi;
      Қоғамның ағымдағы қызметiне тәуелсiз директор бастамаларының әсерлерiн;
      Қоғам қызметiн жетiлдiру жөнiндегi қорытындылар мен ұсыныстарды қамтиды.

      14. Тәуелсiз директор қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асыру кезiнде уәкiлеттi орган жүргiзетiн Қоғамның мониторингi нәтижелерi қаралады.

      15. Қоғам есептерi мен мониторингi нәтижелерiн қарау нәтижелерi бойынша комиссия тәуелсiз директор қызметiнiң тиiмдiлiгiн талқылауды жүргiзедi.

      16. Тәуелсiз директор қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау баллдық (осы ережеге қосымшаға сәйкес әрбiр көрсеткiш бойынша 2 баллдан кем емес) жүйе бойынша жүзеге асырылады.

      17. Тәуелсiз директор қызметiнiң тиiмділігi мынадай тәртiппен баллдың жалпы санынан айқындалады:
      8 - 6 балл - тәуелсiз директор Қоғам директорларының кеңесiнде өз мiндеттерiн Қоғамның және оның акционерлерiнiң мүддесi үшiн адал орындайды, өз пiкiрiн оған қол жеткiзу жөнiнде нақты ұсыныстарымен уақтылы бiлдiредi. Тәуелсiз директор қызметiнiң бағасы оң болып табылады.
      5 - 3 балл - тәуелсiз директор Қоғам директорларының кеңесiнде өз мiндеттерiн Қоғамның және оның акционерлерiнiң мүддесi үшiн орындайды, өз пiкiрiн уақтылы, бiрақ оған қол жеткiзу жөнiнде нақты ұсыныстарсыз бiлдiредi. Тәуелсiз директор қызметiнiң бағасы қанағаттанарлық болып табылады. 
      0 - 2 балл - тәуелсiз директор өзiне жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамайды. Тәуелсiз директор қызметiн бағалау қанағаттанарлықсыз болып табылады.

      18. Тәуелсiз директор қызметiнiң тиiмдiлiгiн талқылау қорытындылары бойынша осы Ережеге қосымшаға сәйкес тәуелсiз директор қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау парағы толтырылады.

      19. Отырыс қорытындылары бойынша комиссия мүшелерi және оның хатшысы қол қоятын комиссия отырысының хаттамасы жасалады. 

      20. Комиссияның қайсы бiр мүшесi комиссия шешiмiмен келiспеген жағдайда ерекше пiкiрге құқығы бар, ол жазбаша түрде баяндалуы және комиссия отырысының хаттамасына қоса тiгiлуi тиiс. Комиссияның қандай да болмасын мүшесi өндiрiстiк немесе басқа себептер бойынша болмаған жағдайда, комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебi мен осы фактiнi растайтын құжатқа сiлтеме көрсетiледi. 

  4. Қорытынды ережелер

      21. Қоғамның тәуелсiз директорларына қатысты қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау жыл сайын жүзеге асырылады.

      22. Тәуелсiз директор қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау нәтижесi акционерлердiң жалпы жиналысына немесе Қоғамның жалғыз акционерiне және уәкiлеттi органға жiберiледi.

      23. Тәуелсiз директор қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерi бойынша акционерлердiң жалпы жиналысы немесе Қоғамның жалғыз акционерi тәуелсiз директордың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм қабылдай алады.

Акцияларының бақылау пакеттерi    
мемлекетке тиесiлi акционерлiк    
қоғамдардың тәуелсiз директорлары  
қызметiнiң тиiмдiлiгiн       
бағалау ережесiне қосымша     

Тәуелсiз директордың 20__жылғы
қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау парағы

 Т.А.Ә. ____________
 Ұйым _______________

Р/с
N

Көрсеткіштер

Түсініктеме

Балл

1

2

3

4

1.

Қоғамның тәуелсiз директор немесе олар басқаратын комитет жетекшiлiк ететiн бағыт бойынша қызметi

Оң нәтижеге қол жеткiзiлдi (тәуелсiз директор ұсынысты оны iске асыру жөнiндегi нақты шешiммен уақтылы бiлдiрдi)

2

Қанағаттанарлық нәтижеге қол жеткiзiлдi (тәуелсiз директор ұсынысты уақтылы, бiрақ оны iске асыру бойынша шешудiң нақты жолдарынсыз бiлдiрдi)

1

Қоғам қызметiнiң нәтижесi бұрынғы деңгейде қалды немесе нашарлады (тәуелсiз директор проблемалық мәселелердi шешу жөнiнде қажеттi шаралар қабылдамады

0

2.

Тәуелсiз директордың Қоғамның Директорлар кеңесiне шығарылатын мәселелердi талқылауға қатысуы

Директорлар кеңесiне енгiзiлетiн мәселелер бойынша тәуелсiз директор айтқан жаңашылдық ұсыныстарды Директорлар кеңесiнiң қабылдауы қойылған мақсаттарға қол жеткiзуге себеп болды 

2

Тәуелсiз директордың ұсынысы Қоғамның Директорлар кеңесiне енгiзiлетiн мәселелер бойынша шешiмi өзiнде қағидатты жаңа жолдарға ие болған жоқ

1

Тәуелсiз директор Қоғамның Директорлар кеңесiне енгiзiлетiн мәселелердi талқылауғa қатысқан жоқ 

0

3

Тәуелсiз директордың Қоғамның Директорлар кеңесiне енгiзiлетiн мәселелер бойынша, оларды талқылау барысында, оның қажеттiлiгi туындаған қосымша материалдарды дайындауы

Тәуелсiз директордың дайындаған материалдары қаралатын мәселелер  бойынша дұрыс шешiм қабылдау үшiн нақты негiздемелерi бар сапалы, толық көлемде болды 

2

Тәуелсiз директордың дайындаған материалдары шешiм қабылдау үшiн негіздемесi жеткiлiксiз болды 

1

Тәуелсiз директор материалдарды сапасыз дайындады немесе бiрде бiр мәселе бойынша ұсынған жоқ

0

4.

Тәуелсiз директордың Қоғам үшiн салдары тиiмдi болған бастамасы

Тәуелсiз директордың бастамашыл ұсыныстарын iске асырудан Қоғам белгiлi бiр пайда алды немесе алады 

2

  

  

Тәуелсiз директордың бастамашыл ұсыныстарын iске асырудан Қоғам белгiлi бiр пайда алмады немесе алмайды

1

  

  

Жыл бойы тәуелсiз директордан бастамашыл ұсыныстар түскен жоқ немесе  тәуелсiз директордың бастамашыл ұсыныстарын iске асыру Қоғамның қызметiне терiс әсер еттi 

0

  

Жиыны

  

  

Комиссия төрағасы                      ____________
                                          қолы

Комиссия мүшелерi                      ____________
                                          қолы

Комиссия хатшысы                       ____________
                                          қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады