Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
"Иордан Хашимиттiк Корольдiгiнде Қазақстан Республикасының Елшiлігін ашу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Иордан Хашимиттiк Корольдiгiнде Қазақстан Республикасының Елшiлiгiн ашу туралы
Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттiк Корольдiгiмен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Амман қаласында (Иордан Хашимиттiк Корольдiгi) Қазақстан Республикасының Елшiлiгi ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi