Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
"Ақмола облысының әкiмшілiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ақмола облысының әкiмшілiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Ақмола облысы Целиноград ауданының әкiмшiлiк орталығы Астана қаласының Көктал кентiнен Целиноград ауданы Малиновка ауылдық округiнiң Малиновка ауылына көшiрiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi 2007 жылғы 1 сәуiрге дейiн осы Жарлықтың 1-тармағын iске асыру жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi