Қарағанды қаласында пилоттық республикалық фармацевтикалық кластер құру және оны дамыту жанiндегi жоспарды бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Үкiметiнің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы N 1296 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы экономикасының орнықты өсуi және оны әртараптандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қарағанды қаласында пилоттық республикалық фармацевтикалық кластер құру және оны дамыту жөнiндегi жоспар (бұдан әрi - Жоспар) бекітілсін.
      2. Мүдделi министрлiктер мен ведомстволар, Қарағанды облысының әкiмi:
      1) Жоспардың тиiсiнше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн;
      2) жарты жылда бiр рет, есептi жарты жылдықтан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне Жоспардың iске асырылу барысы туралы талдамалық ақпарат берсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi жарты жылда бiр рет, есептi жарты жылдықтан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрінің
        міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң        
2006 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1296 қаулысымен    
бекiтiлген       

Қарағанды қаласында пилоттық республикалық
фармацевтикалық кластер құру және оны
дамыту жөнiндегi жоспар

      Соңғы жылдары елдiң бүкiл экономикасы өсiмiнiң жоғары көрсеткiштерiне және республикадағы денсаулық сақтау жүйесiнiң дамуына негiзделген iшкi фармацевтикалық нарықтың жоғары өсу қарқыны байқалды.
      2005 жылы қазақстандық дәрi-дәрмек заттары нарығының көлемi өндiрушi бағасында 596 (бec жүз тоқсан алты) миллион АҚШ долларын құрады, олардың iшiнде тек 40 (қырық) миллион АҚШ долларына ғана Қазақстанда өндiрiлген.
      Республиканың фармацевтикалық саласы оның одан әрi дамуы үшiн қажеттi жоғары ғылыми-өндiрiстiк және кадрлық әлеуетке ие. Отандық фармацевтикалық өнеркәсiптiң дамуының басым бағыты iшкi және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабiлеттi жаңа қауiпсiз және сапалы дәрiлiк заттарды жасау болып табылады.
      Соңғы жылдары фармацевтикалық саланы дамыту үшiн перспективалық өңiрлердiң бiрi Қарағанды қаласы болып табылады. Алайда, өңiрдiң қолда бар өндiрiстiк және ғылыми әлеуетi толық мөлшерде әрекет жасап отырған жоқ, фармацевтикалық өнiмдердi өндiру жөнiндегi кәсiпорындардың және ғылыми орталықтардың қызметi үйлестiрiлмеген.
     "Қарағанды фармацевтикалық зауыты" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң базасында онкологиялық практикада қолданылатын "Арглабин" бiрiншi отандық дәрiлiк препаратының өндiрiсi игерiлдi.
      Қарағандыда мынадай ғылыми-зерттеу институттарының: "Фитохимия" ғылыми-өндiрiстiк орталығы" акционерлiк қоғамы және "Қарағанды өсiмдiк шаруашылығы және селекция институты", "Қарағанды мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындары жаңа дәрiлiк препараттарды жасау, сондай-ақ ғылыми әзiрлемелердi коммерцияландыру және жоғары бiлiктi кадрлар даярлау үшiн база болып табылады.
      Бұл өңiрде дәрiлiк өсiмдiк шикiзаттарын, буып-түю және этикеткалық материалдарды өндiрушiлердiң, өңдеушi кәсiпорын "Қарағанды фармацевтикалық зауыты" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң бар болуы қосылған құн тiзбегiне қатысушы басқа ұйымдар тартылуы мүмкiн саланы дамытудың кластерлiк тәсiлiн қолдануға мүмкiндiк бередi.
      Осы Жоспар пилоттық фармацевтикалық кластердi қалыптастыруға бағытталған және оны Қарағанды қаласында құру және дамыту жөнiндегi шаралар кешенiн iске асыруды көздейдi

Р/с
N

Іс-шара

Аяқталу нысыны

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзімі

Болжамды шығыстар (млн. теңге)

Қаржыландыру көздері

1. Жалпы жүйелік шаралар

1.

  Қазақстан Республикасының фармацевтикалық және медициналық өнеркәсiптi дамыту мәселелерi жөнiндегi заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныс әзiрлеу

ИСМ-ге ұсыныс

ДСМ, БҒМ, ФМИ

2007 жылғы 1 тоқсан

Талап етілмейді


2.

Отандық, шетелдiк инвестицияларды және жаңа технологияларды фармацевтикалық салаға тартуды ынталандыру жөнiнде ұсыныс дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ИСМ (жинақтау), ДСМ, БҒМ, ҚОДҚ,
ФМИ

2007 жылғы 2 тоқсан

Талап етілмейді


3.

Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсiптi дамытуға бағытталған өзектi маркетингтiк зерттеулердiң тақырыптарын айқындау жөнiнде ұсыныс әзiрлеу

ИСМ- ге ұсыныс

БҒМ, ДСМ, МТЗО, ФМИ

2007 жылғы 1 тоқсан

Талап етілмейді


4.

Өнеркәсiптiк өндiрiстегi жаңа дәрiлiк заттар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерiн енгiзу тетiгiн әзiрлеу

ИСМ-ге ұсыныс

БҒМ, ДСМ, ФМИ, ҚОДҚ

2007 жылғы 2 тоқсан

Талап етілмейді 


5.

Өнеркәсiптiк өндiрiске енгiзу үшiн жаңа дәрiлiк заттардың қолда бар ғылыми әзiрлемелерiн талдауды жүргізу

ИСМ-ге ақпарат

БҒМ, ДСМ, ФҒӨО

2007 жылғы 10 шілде

Талап етілмейді


6.

Фармацевтикалық саладағы еңбек нарығының сұранысын ескере отырып, мамандықтар жiктемесiне және жоғары және орта кәсiптiк бiлiм беру оқу бағдарламаларына өзгерiстермен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

БҒМ (жинақтау), ДСМ, Еңбекмині, ИСМ, ФМИ

2007 жылғы 1 тоқсан

Талап етілмейді 


2. Фармацевтикалық кластерді құру және дамыту

7.

Қарағанды қаласында фармацевтикалық кластер    құру мен дамыту жөнiндегi үйлестiру кеңесiн құру

ИСМ-ге ақпарат

ҚОӘ, ФҒӨО

2007 жылғы 10 қаңтар

Талап етілмейді


8.

Фармацевтикалықкластерге    енгiзiлген ұйымдардың тiзiмiн дайындау

ИСМ-ге ақпарат

ҚОӘ, ФҒӨО

2007 жылғы 10 шілде

Талап етілмейді


9.

Фармацевтикалықкластер ұйымдарын қазiргi заманғы
технологиялық жабдықпен және техникамен жинақтау жөнiндегi мәселенi
лизинг жолымен мынадай бөлiктерде пысықтау:
а) өтiнiмдер жинауды қамтамасыз ету;
б) қажеттi жабдықты iздеу;
в) жеткiзiлiм дер туралы шарттар жасасу

ИСМ-ге ақпарат

ҚОӘ, ИТТО,
"ҚДБ- Лизинг" АҚ

Жыл сайын 10 қаңтар, 10 шілде

Талап етілмейді


10

Фармацевтикалық кластep кәсiпорындарын ISO сапа жүйесi
бойынша сертификаттау үшiн қаржыландыру жөнiнде ұсыныс дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс 

ИСМ (жинақтау), ҚОӘ, ҚОДҚ, ФМИ

2007 жылғы 2 тоқсан

Талап етілмейді


11

Дәрілік өсімдік
шикізатын егу үшін сумен қамтамасыз ету, селекция питомниктерін және дәрiлiк дақылдардың тұқым шаруашылығын құру және дамыту мәселесi жөнiндегi шаралар кешенiн қабылдау туралы ұсыныс дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

АШМ (жинақтау), ҚОӘ, ҮК,
ҚОСҒЗИ, ФҒӨО

2007 жылғы 2 тоқсан

Талап етілмейді


12

Кластер қызметiнiң мониторингiн жүзеге асыру

ИСМ-ге ақпарат

ҚОӘ

Жыл сайын 10 қаңтар, 10 шілде

Талап етілмейді


   Ескертпе :

ДСМ       - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi
ИСМ       - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
БҒМ       - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
АШМ       - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Еңбекминi - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк
            қорғау министрлiгi
ҚОӘ       - Қарағанды облысының әкiмдiгi
АҚ        - акционерлiк қоғам
ҚДБ       - Қазақстанның Даму Банкi
ҚӨСҒЗИ    - Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекция
            ғылыми-зерттеу институты
ҮК        - үйлестіру кеңесі
ҚФИ       - "Қазақстан фармацевтикалық институты" жеке мекемесі
ФҒӨО      - "Фитохимия" ғылыми-өндiрiстiк орталығы" АҚ
ФМИ       - "ФармМедИндустрия" Қазақстанның фармацевтикалық және
            медициналық өнiмдерiн өндiрушілер қауымдастығы" заңды
            тұлғалар бiрлестiгi
ҚОДҚ      - "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ
ИТТО      - "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" АҚ
МТЗО      - "Маркетингтiк және талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ
ISO (International Organization for Standardization) - Стандарттау жөнiндегi Халықаралық ұйым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады