Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
"Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Болгария Республикасының Yкiметi арасындағы Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
мiндетiн атқарушы
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Болгария Республикасының Yкiметi арасындағы Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2006 жылғы 24 шiлдеде София қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Болгария Республикасының Үкiметi арасындағы Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келiсiмге өзгерiстер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Болгария Республикасы Yкiметiнiң арасындағы Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы хаттама
Бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Болгария Республикасының Үкiметi 1999 жылғы 15 қыркүйекте Болгария Республикасы, София қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Болгария Республикасы Yкiметiнiң арасындағы Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келiсiмге (бұдан әрi - Келiсiм) мынадай өзгерiстер енгiзу туралы келiстi:
1) Келiсiмнiң 3-бабының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Келiсiмде ұсынылатын режимнiң ережелерi оның кедендiк, экономикалық немесе валюталық одаққа, ортақ нарыққа немесе еркiн сауда аймағына, экономикалық қоғамдастықтарда немесе басқа осындай ұйымдарға мүшелiгiне байланысты кез келген Уағдаласушы Тарап ұлттық инвесторларға, мұндай одаққа, ұйымға, ортақ нарыққа немесе еркiн сауда аймағына мүше мемлекеттiң немесе басқа да үшiншi мемлекеттiң инвесторларына беретiн барлық қолда бар немесе болашақтағы артықшылықтарға қолданылмауға тиiс. Сондай-ақ мұндай режим Қосарлы салық салу туралы келiсiмнiң немесе салық салуға байланысты өзара негiздегi басқа да келiсiмдердiң негiзiнде кез келген Уағдаласушы Тарап үшiншi мемлекеттің инвесторларына ұсынатын кез келген артықшылыққа жатқызылмауға тиiс.";
2) 6-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацындағы "әрқайсысы" деген сөз "Еуропалық комиссия қабылдаған шараларды қозғамай-ақ, Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы ..." деген сөздермен ауыстырылсын.
Осы Хаттама Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және Уағдаласушы Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.
София қаласында 2006 жылғы 24 шілдеде қазақ, болгар және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Хаттаманың ережелерiн талқылау кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Болгария Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Осымен 2006 жылғы 24 шiлдеде София қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Болгария Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы Келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы Хаттаманың бұл көшiрмесiнiң дәлдiгiн куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер министрлiгiнiң
Халықаралық-құқық департаменті
Директордың орынбасары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ МЕН БОЛГАРИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ YКIМЕТIНIҢ АРАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ӨЗАРА КӨТЕРМЕЛЕУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ
Бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Болгария Республикасының Yкiметi,
өзара тиiмдi экономикалық ынтымақтастықты нығайтуды тiлей отырып,
бiр Уағдаласушы Тарап инвесторларының басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында тең құқықтық және өзара пайда негiзiнде инвестицияларды жүзеге асыруы үшiн қолайлы жағдайларды көтермелеуге және ұмтыла отырып,
осы Келiсiмге сәйкес инвестицияларды көтермелеу мен өзара қорғаудың осы саладағы iскерлiк бастамашылыққа жағдай тудыратынын мойындай отырып,
төмендегi туралы уағдаласты:
1-бап
Анықтамалар
Осы Келiсiмнiң мақсаты үшiн:
1. "Инвестиция" деген термин бiр Уағдаласушы Тараптың басқа Уағдаласушы Тараптың инвесторының аумағында бұл инвестициялар соңғысының заңдарына сәйкес жүзеге асырылған шартында инвестицияландырылған салымдарының кез келген түрiн бiлдiредi және атап айтқанда, ерекше емес түрде мыналарды қамтиды:
а) жылжымалы және жылжымайтын мүлiк пен оған байланысты басқа да мүлiктiк құқықтар және ипотека, кепiл және басқалар түрiндегi нақты қамтамасыз етулер;
б) акциялар, салымдар (пайлар), облигациялар және қоғамдарға немесе Уағдаласушы Тараптардың әрбiрiнiң заңдарына сәйкес тiркелген өзге де заңды тұлғаларға қатысудың басқа да нысандары;
в) несиелер, ақша қаражаттары бойынша талап ету құқықтары мен экономикалық құндылыққа ие басқа да құқықтар;
г) авторлық Құқық пен оған ұқсас құқықтарды қоса алғанда интеллектуалдық меншiк құқықтары патенттер, лицензиялар, өнеркәсiптiк үлгiлер, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, шығу жерлерiнiң атаулары, технологиялық процестер, ноу-xaу және гудвилл;
д) табиғат ресурстарының зерделеуге, барлауға, өндiру мен игеруге арналған құқықтарды қоса алғанда Уағдаласушы Тараптардың әрбiрiнiң заңдарына сәйкес берiлген шаруашылық қызметiн жүзеге асыруға арналған құқықтар.
Өздерi жүзеге асырылған инвестициялардың нысандарын бұдан әрi өзгерту, мұндай өзгерiс аумағында инвестициялар жүзеге асырылған Уағдаласушы Тараптың заңдарына қайшы келмейтiн жағдайда инвестициялар ретiндегi олардың бiлiктемесiне әсер етпейдi.
2. "Кiрiстер" деген термин кәсiпорынды басқарғанына пайда, дивидендтер, өсiмдер, сыйақы ретiнде инвестициялардың нәтижесiнде алынатын қаражатты және Уағдаласушы Тараптардың әрбiрiнiң заңдарына сәйкес алынатын басқа да қаражатты бiлдiредi.
3. "Инвестор" деген термин Уағдаласушы Тараптардың әрбiрiне қатысты:
- Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң оның қолданылып жүрген заңдарына сәйкес азаматы болып табылатын жеке тұлғаны;
- Уағдаласушы Тараптардың әрбiрiнiң мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлға құқығындағы немесе онсыз және оның аумағындағы кез келген компанияны, ұйымды немесе ассоциацияны бiлдiредi.
4. "Аумақ" деген термин, бiр жағынан Қазақстан Республикасының және екiншi жағынан, Болгария Республикасының егемендiгiндегi аумақтық теңiзде, сондай-ақ континентальдық шельф пен тиiстi мемлекет егемендiк құқығы мен халықаралық құқыққа сәйкес заңдық өкілеттiгiн жүзеге асыратын ерекше экономикалық аймақты қоса алғандағы аумақты бiлдiредi.
2-бап
Инвестицияларды көтермелеу және қорғау
1. Уағдаласушы Тараптардың әрбiрi өз аумағында басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларын көтермелейдi, қорғайды және мұндай инвестицияларға өзiнiң заңдарына сәйкес жол бередi.
2. Уағдаласушы Тараптардың әрбiрi өзiнiң заңдарына сәйкес басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларын толық қорғалу кепiлдiгiн бередi.
3. Инвестициялардан түскен кiрiстер, ал екiншi рет инвестициялаған жағдайда (қайта инвестициялау) - екiншi рет инвестициялауда (қайта инвестициялау) түскен кiрiстер бастапқы инвестицияға секiлдi дәл сондай қорғауды пайдаланады.
4. Уағдаласушы Тараптардың әрбiрi өз заңдарына сәйкес өзiнiң аумағындағы басқа Уағдаласушы Тараптың инвестициялық қызметi жүзеге асырушы азаматтарының келуi, болуы, жұмысы мен жүрiп-тұруына қатысты мәселелердi қолайлы түрде қарайтын болады.
3-бап
Инвестициялардың құқықтық режимi
1. Уағдаласушы Тараптардың әрбiрi өзiнiң аумағында басқа Уағдаласушы Тараптың инвесторлары жасаған инвестицияларға және инвестицияларға байланысты қызметке инвестицияларды басқару мен оларға иелiк етуге кедергi келтiруi мүмкiн кемсiтушiлiк сипаттағы шараларды болдырмайтын әдiл де, тең құқықтық режим беретiн болады.
2. Осы Баптың 1-тармағында көрсетiлген режим, өзiнiң инвесторларының немесе кез келген үшiншi мемлекеттiң инвесторларының инвестицияларына байланысты инвестициялары мен қызметiне берiлетiн қолайлы режимнен кем болып табылмайды.
3. Уағдаласушы Тараптардың әрбiрi шетелдiк инвесторлардың қызметiне қатысты шектеу немесе ерекшелiкке жол берiлетiн қызметтiң салалар мен аяларды айқындау құқығын өзiнде қалдырады. Кез келген жаңа ерекшелiк алайда жоғарыда айтылған ерекшелiк күшiне енгеннен кейiн жасалған инвестицияларға ғана қолданылатын болады.
4. Осы Баптың 2-тармағының ережелерiмен берiлетiн мейлiнше қолайлы жағдай режимi Уағдаласушы Тарап болашақта:
а) қазiргi бар немесе болашақтағы кеден одағына, еркiн сауда аймағына, экономикалық қоғамдастықтарға немесе осы секiлдi басқа да институттарға қатысуға;
б) қос салық салуды жою туралы келiсiмдерге немесе салық мәселелерi жөнiндегi басқа да келiсiмдерге қатысуға байланысты беретiн немесе болашақта беретiн басымдықтарға қолданылмайды.
5. Кiрiстердi қайта инвестициялау бастапқы инвестицияларға секiлдi дәл сондай режимдi пайдаланады.
4-бап
Залалды өтеу
Басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларына аумағында соғыстың немесе басқа да қарулы қақтығыстың, төтенше жағдай енгiзудiң немесе осы секiлдi өзге де жағдаяттардың нәтижесiнде залал келтiрiлген Уағдаласушы Тарап мұндай инвесторларға жоғарыда аталған жағдаяттардың нәтижесiнде оларға келтiрiлген залалдарын өтеу кезiнде кез келген үшiншi мемлекеттің инвесторларына беретiн режимнен кем емес қолайлы режим ұсынады.
5-бап
Экспроприация
1. Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң инвесторларының басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында жүзеге асырған инвестициясы, заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттің аса маңызды мұқтаждықтары үшiн қолданылатын, кемсiтушiлiк болып табылмайтын және дереу төлем мен тиiстi өтем жағдайларды қоспағанда, экспроприациялануы немесе ұлттандыруы мүмкiн емес;
Нақ осы шарттар, сондай-ақ инвестицияларды қоғамдық меншiкке трансформациялау кезiнде де, оларды қоғамдық бақылауға беру кезiнде де, сондай-ақ өзiнiң салалары бойынша ұлттандыруға теңесетiн егемендi шаралар жолымен Уағдаласушы Тараптардың әрбiрiнiң инвесторларының меншiк құқығын әрбiр шектеудiң немесе алып қоюдың кезiнде де қолданылатын болады.
2. Өтем ұлттандыру актiсi тiкелей күшiне енгенiне дейiн ұлттандыратын инвестициялардың нарықтық құнына сәйкес келуi тиiс, кiдiрiссiз төленедi және инвестициялар төлем жасау сәтiне дейiн, не кез келген басқа валютада инвестордың келiсiмiмен жүзеге асырылған инвестицияның тиiстi еркiн айырбасталатын валютасында 12 айлық проценттiк ставкаға (LIBOR) теңесетiн жылдық проценттердi қамтиды. Тиiстi өтемнiң мөлшерiн айқындау кезiнде құнның кез келген төмендеуi көпшiлiкке жариялау нәтижесiнде болса, онда оны кесiп тастау қолданылмайтын болады. Осы өтемдi төлеу инвестордың елiне еркiн аударым жасауға жатады.
6-бап
Инвестицияларға байланысты төлемдердiң аударымы
1. Уағдаласушы Тараптардың әрбiрi басқа Уағдаласушы Тараптың инвесторларына олар барлық салықтық мiндеттемелердi орындағаннан кейiн инвестицияларға байланысты және атап айтқанда мынадай төлемдердi кедергiсiз аударуға рұқсат етедi:
а) бастапқы күрделi салым сомалары және инвестицияларды қолдауға немесе ұлғайтуға арналған қосымша сомалар;
б) инвестициялардан түсетiн кiрiстер;
в) инвестордың инвестицияларды толық немесе iшiнара жоюы нәтижесiнде алынған сомалар;
г) займдарды төлеу, патенттiк жарналарды төлеу, басқа да шығыстарды төлеу ретiнде инвестициялардың жұмыс iстеуiнен туындайтын шығыстарды төлеуге арналған қажеттi сомалар;
д) осы Келiсiмнiң 4 және 5-баптарына сәйкес өтемдер;
e) басқа Уағдаласушы Тараптың азаматтарының жұмыстар мен бiрiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында жүзеге асырылған инвестицияларға байланысты орындалатын қызмет көрсетулер үшiн оның заңдарында көзделген мөлшерде және тәртiпте алатын еңбекақысы мен басқа да сыйақылары;
ж) инвестициялық дауды шешу кезiнде туындайтын төлемдер.
2. Осы Баптың 1-тармағында көрсетiлген төлемдердiң аударымы аумағында, мемлекеттердiң ұлттық заңдарына сәйкес салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу шартында, кiдiрiссiз төленедi.
3. Уағдаласушы Тараптардың әрбiрiнiң мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес осы Баптың нысанасы болып табылатын барлық аударымдарына кез келген үшiншi мемлекеттiң инвесторларына жасалған аударымдардан кем емес қолайлы режим берiледi.
7-бап
Суброгация
1. Егер Уағдаласушы Тарап өзiнiң инвесторына төлемдi инвестицияларға байланысты жасалған кепiлдiк немесе сақтандыру шартының негiзiнде жүргiзетiн болса, басқа Уағдаласушы Тарап бiрiншi Уағдаласушы Тарапқа инвесторға тиесiлi құқықтар мен мiндеттемелердi берудi таниды. Инвестордың құқығы өзiне көшкен Уағдаласушы Тарап, инвестор секiлдi осындай түрде сақтандырылған инвестицияларға байланысты инвестордың мiндеттемелерiне қатысты ескерiлген дәл сол құқықтарға ие болады.
2. Осы Баптың 1-тармағында көзделген суброгация жағдайында, егер оған Уағдаласушы Тарап уәкiлеттiк бермесе инвестор талаптар қоя алмайды.
8-бап
Уағдаласушы Тараптардың арасындағы даулар
1. Уағдаласушы Тараптардың арасындағы осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты даулар Уағдаласушы Тараптардың арасында мүмкiндiгiнше келiссөздер жүргiзу жолымен шешiледi.
2. Егер Уағдаласушы Тараптардың арасындағы дау келiссөздер жүргiзу басталған сәттен бастап алты айдың ішiнде мұндай түрде шешiлмейтiн болса, онда Уағдаласушы Тараптардың кез келгенiнiң талап етуi бойынша ол төрелiк сотының қарауына берiлуi мүмкiн.
3. Мұндай төрелiк соты әрбiр нақты жағдайда мынадай түрде құрылады: төрелiк туралы өтiнiштi алған сәттен бастап үш ай iшiнде Уағдаласушы Тараптардың әрбiрi соттың бiр мүшесiн тағайындайды. Бұл соттың екi мүшесi үшiншi мемлекеттiң азаматын сайлайды, ол Уағдаласушы Тараптардың екеуiнiң мақұлдауынан кейiн, оны соттың төрағасы тағайындайды. Төрелiк сотының төрағасы соттың басқа екi мүшесiн тағайындаған сәттен бастап екi айдың iшiнде тағайындалуы тиiс.
4. Егер осы Баптың 3-тармағында көрсетiлген мерзiмде қажеттi тағайындаулар жүргiзiлмеген болса, онда өзге уағдаластықтың болмауы кезiнде, Уағдаласушы Тараптардың әрбiрi Халықаралық соттың төрағасына мұндай тағайындауларды жүргiзу жөнiнде өтiнiш жасай алады. Егер Төраға Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң азаматы болып табылса, немесе әлдебiр өзге себептер бойынша көрсетiлген функцияны орындай алмайтын болса, қажеттi тағайындау жүргiзу жөнiндегi өтiнiш Халықаралық соттың тете-төрағасына жасалуы мүмкiн. Егер тете-төраға Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң азаматы болып табылса, немесе көрсетiлген функцияны орындай алмайтын болса, қажеттi тағайындау жүргiзу жөнiндегi өтiнiш Халықаралық соттың Уағдаласушы Тараптардың бiрде-бiрiнiң азаматы болып табылмайтын ағалығы бойынша кеңесi мүшесiне жасалуы мүмкiн.
5. Төрелiк сотының Төрағасы мен мүшелерi Уағдаласушы Тараптардың екеуi де дипломатиялық қатынасты ұсынатын мемлекеттердiң азаматтары болуы тиiс.
6. Төрелiк сот өз шешiмiн осы Келiсiм ережелерiнiң, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпыға танылған принциптерiмен басым дауыспен енгiзедi. Мұндай шешiм түпкiлiктi және екi Уағдаласушы Тарап үшiн мiндеттi болып табылады. Сот өз жұмысының тәртiбiн дербес айқындайды.
7. Уағдаласушы Тараптардың әрбiрi өзiнiң соттың мүшесiн тағайындау қызметiне және төрелiк процесiндегi өзiнiң өкiлдiгiне байланысты шығыстарды көтередi.
9-бап
Уағдаласушы Тарап пен Екiншi Уағдаласушы Тарап Мемлекетi инвесторының арасындағы даулар
1. Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң инвесторы мен басқа Уағдаласушы Тараптың осы Келiсiмге сәйкес оның міндеттемелерiне қатысты және бiрiншi Уағдаласушы Тарап инвесторының инвестицияларды жүзеге асыруына байланысты туындайтын даулар мүмкiндiгiнше келiссөздер арқылы шешiледi.
2. Дау осы түрде оның туындау сәтiнен бастап алты айдың iшiнде шешiлмейтiн болса, онда ол аумағында инвестициялар жүзеге асырылған Уағдаласушы Тараптың құзыреті сотының немесе төрелiгiнiң қарауына берiлуi мүмкiн.
3. Осы Келiсiмнiң 5 және 6-баптарының негiзiнде даулар Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөнiндегi комиссиясының төрелiк регламентiне сәйкес (UNCINRAL.) "ad-hoc" төрелiк сотының қарауына немесе Уағдаласушы Тараптардың екеуi "Мемлекеттер мен басқа мемлекеттер азаматтарының арасындағы инвестицияларға қатысты дауларды шешу туралы" 1995 жылғы 18 наурыздағы Вашингтон Конвенциясына қосылуы жағдайында, инвестор осы Баптың 2-тармағына сәйкес талап-арыз қою құқығын пайдаланбауы шартында Инвестициялар жөнiндегi даулар халықаралық шешу орталығына берiлуi мүмкiн.
Осы мақсатта кез келген Уағдаласушы Тарап жоғарыда аталған халықаралық төрелiк рәсiмiн қолдануға өздерiнiң келiсiмiн мәлiмдеуi тиiс.
4. Төрелiк сот өз шешiмi аумағында инвестициялары жүзеге асырылған Уағдаласушы Тараптың заңдарының, осы Келiсiмнiң ережелерiнiң, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпыға танылған принциптерi мен нормаларының негiзiнде қабылдайды.
5. Төрелiк сотының шешiмi түпкiлiктi және екi Тарап үшiн дауда мiндетті болып табылады және аумағында инвестициялар жүзеге асырылған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңдарына сәйкес орындалады.
6. Уағдаласушы Тараптардың әрбiрi сотта өзiнiң мүшесiн тағайындаған қызметiне және төрелiк процестегi өзiнiң өкiлдiгiне байланысты шығыстарды, соттың төрағасының қызметiне байланысты шығыстарды көтередi және өзге де шығыстарды Уағдаласушы Тараптар тең үлестерде көтередi.
7. Даудың тарабы болып табылатын Уағдаласушы Тарап төрелiк рәсiмдерiнiң немесе соттың шешiмiн орындаудың кез келген сатысында инвесторға келтiрiлген залалдың бүкiл немесе бiр бөлiгiн қамтитын сақтандыру шартының негiзiнде алу өтем фактiсiне сүйене алмайды.
10-бап
Консультациялар
Уағдаласушы Тараптардың әрбiрi басқа Уағдаласушы Тарапқа осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты мәселелер бойынша консультациялар жүргiзудi ұсына алады. Басқа Уағдаласушы Тарап осы консультацияларды жүргiзу жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.
11-бап
Қолданылуы
Осы Келiсiмнің ережелерi ол күшiне енген сәтiнен 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап жүзеге асырылған инвестицияларға да қолданылады.
12-бап
Қорытынды ережелер
1. Осы Келiсiм бекiтуге жатады және бекiту грамоталарын алмасу күнiнен отыз күн өткен соң күшiне енедi және он бес жыл бойы қолданылатын болады.
2. Егер Уағдаласушы Тараптардың бiрде-бiрi басқа Уағдаласушы Тарапқа бастапқы мерзiм өткенге дейiн осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату жөнiндегi өзiнiң ниетi туралы кемiнде он екi ай бұрын жазбаша нысанда мәлiмдемесе, оның қолданылуы өзiнен өзi кезектi бес жыл мерзiмге ұзартылады.
3. Осы Келiсiмнiң қолданылуы күнiне дейiн жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты осы Келiсiмнiң 1-11-баптарының ережелерi, оның қолданылуының тоқтатылуы күнiнен бастап одан арғы он жыл бойы күшiнде қалатын болады.
4. Осы Келiсiмге Уағдаласушы Тараптардың арасында жазбаша келiсiм бойынша түзетулер енгiзiлуi мүмкiн. Кез келген түзету Уағдаласушы Тараптардың әрбiрi басқа Уағдаласушы Тарапқа мұндай түзетудi күшiне енгiзуге кедергi келтiретiн өзiнiң барлық шарттарын реттегенiн хабарлағанда күшiне енуi тиiс.
1999 жылғы 15 қыркүйекте София қаласында екі түпнұсқа данада қазақ, болгар және орыс тiлдерiнде жасалады және де барлық мәтiн бiрдей күшке ие. Осы Келiсiмдi түсiндiруге байланысты даулар туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар Келiсiмнiң орыс тiлiндегi мәтiнiн пайдаланатын болады.
ҚАЗАҚСТАН БОЛГАРИЯ
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
YКIМЕТI YШIН YКIМЕТ YШІН