Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы арасындағы "2005 жылға арналған ТАСИС iс-қимыл өңiрлiк бағдарламасы" бойынша бiрнеше елді қамтитын бағдарламалар жөнiндегі қаржылық келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1331 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мeн Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы арасындағы "2005 жылға арналған ТАСИС iс-қимыл өңiрлiк бағдарламасы" бойынша бiрнеше елдi қамтитын бағдарламалар жөнiндегi қаржылық келiсiмнiң жобасы оған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң түсiндiруi туралы мәлiмдемесiмен бiрге мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi Виктор Васильевич Супрунға Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы арасындағы "2005 жылға арналған ТАСИС iс-қимыл өңiрлiк бағдарламасы" бойынша бiрнеше елдi қамтитын бағдарламалар жөнiндегi қаржылық келiсiмге оған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң түсiндiруi туралы мәлiмдемесiмен бiрге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      мiндетiн атқарушы

  БIРНЕШЕ ЕЛДЕРДI ҚАМТИТЫН БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМ

  АРНАЙЫ ШАРТТАР

      Бұдан әрi  "Комиссия" деп аталатын Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы ұсынған, бұдан әрi  "Қоғамдастық" деп аталатын Еуропалық Қоғамдастық

      бiр тараптан және
      бұдан әрi  "Бенефициар" деп аталатын  Қазақстан Республикасының Үкiметi  екiншi тараптан
      ТӨМЕНДЕГIЛЕР ТУРАЛЫ УАҒДАЛАСТЫ:

  1-БАП - ОПЕРАЦИЯНЫҢ МӘНI МЕН МАҚСАТЫ

      1.1. Қоғамдастық II қосымшадағы Техникалық және әкiмшiлiк ережелерде жазылған бұдан әрi Бағдарлама деп аталатын  ТАСИС-тiң iс-қимылдарының 2005 жылға арналған өңiрлiк бағдарламасын қаржыландыруға өз үлесiн қосады.
      1.2. Бағдарлама Қаржылық келiсiмге және оның қосымшаларына:
      Жалпы шарттар (I қосымша) мен Техникалық және әкiмшiлiк ережелер (II қосымша) сәйкес орындалады.

  2-БАП - ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҮЛЕСI

      2.1. Бағдарламаның жалпы құны 53.6 миллион Евроға 1 бағалануда.
      2.2. Қоғамдастық ең көп дегенде 53.6 миллион Евро бөлудi мiндеттенедi. Бюджеттiк баптар бойынша Қоғамдастықтың қаржылық үлесiн бөлу II қосымшаның Техникалық және әкiмшiлiк ережелерiне қосылған бюджетте көрсетiлген.
      ______________________________
       1  Индикативтi түрде Қазақстанға бұл сомадан 5.1 млн. Евро бөлiнедi.

  3-БАП - БЕНЕФИЦИАРДЫҢ ҮЛЕСІ

      3.1. Бенефициар бағдарламаға қаржылық үлес қоспайды.     
      3.2. Бенефициардың қаржылық емес үлесi бойынша Техникалық және әкiмшiлiк ережелерде, қаржылық келiсiмге II қосымшада егжей-тегжейлi уағдаластықтар жасалады.
      3.3 Бенефициарлар бұл Бағдарлама жобаларын қаржыландыруға мiндеттi емес.

  4-БАП - ОРЫНДАЛУ КЕЗЕҢІ

      Қаржылық келiсiмнiң орындалу кезеңi қаржылық келiсiмнiң күшiне енген сәтiнен басталады және 31.12.2012 жылы аяқталады. Аталған орындалу кезеңi екi кезеңнен: қаржылық келiсiмнiң күшiне енген сәтiнен басталатын және 31.12.2010 жылы аяқталатын операциялық іске асыру кезеңiнен тұрады. Және осы күннен бастап орындалу кезеңiнiң соңында аяқталатын аяқталу кезеңi басталады.
      Жобалардың қоса берiлiп отырған тізiмінде көрсетiлген әрбiр жоба бойынша Қаржылық келiсiмге тиiсiнше әрбiр жоба қамтитын әрiптес елдерден ең аз дегенде екеуі қол қойған жағдайда келiсiм-шартқа қол қоюға болады. Елдер Қаржылық келiсiмге екiншi қол қойғанда ғана олар жобадан түсетiн пайданы ала алады.

  5-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМДI IСКЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН
КЕЛIСIМ-ШАРТТАРҒА СОҢҒЫ ҚОЛ ҚОЮ KYHI

      Қаржылық келiсiмдi iске асыруға арналған келiсiм-шарттар ең кеш дегенде 05.08.2008 жылы қол қойылады. Бұл соңғы мерзiм ұзартылмайды.

  6-БАП - МЕКЕН ЖАЙЛАР

      Қаржылық келiсiмдi iске асыруға қатысты барлық хабарлар жазбаша түрде, бағдарламаға арналған нақты сiлтемесi болуы және мына мекен жайлар бойынша жiберiлуi тиiс:

       а) Комиссия үшін

      Mr. Richard WEBER
      Director
      EuropeAid Co-operation Office
      Comission of the European Communities
      Rue de la Loi 200
      В- 1049 Brussels Belgium
      Fax: +32 2 295 74 82

       b) Бенефициар үшін

      Виктор Супрун мырза
      Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау
      вице-министрi
      Қазақстан Республикасы
      010000, Астана
      Жеңiс даңғылы - 11 922-каб.
      Факс: + 7 (3172) 71 8545

  7-БАП - ҚОСЫМШАЛАР

      7.1. Мына құжаттар аталған келiсiмге қоса берiледi және оның ажырамас бөлiп болып табылады:
      I қосымша: Жалпы шарттар
      II қосымша: Техникалық және әкiмшiлiк ережелер.
      7.2. Қаржылық келiсiмнiң Қосымшалары мен Арнайы шарттарының ережелерi арасында қайшылық болған жағдайда Арнайы шарттардың ережелерi басымдыққа ие болады. I қосымша мен II қосымшаның ережелерi арасында қайшылық болған жағдайда I қосымшаның ережелерi басымдыққа ие болады.

  8-БАП - БАҒДАРЛАМАҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
БАСҚА ДА АРНАЙЫ ШАРТТАР

      8.1. Жалпы шарттар мынадай ережелермен толықтырылды:
      8.1.1. 1-шi қосымша - "Жалпы шарттар" 3.1-бабына қатысты, іске асыру бенефициардың мүддесiне жүзеге асырылады деп ұйғарылып отыр.
      8.1.2. Жалпы шарттардың 8.2-бабына қатысты, осы бағдарлама бойынша бенефициарларға қатысты емес деп ұйғарылып отыр.
      8.2. Қаржылық келiсiмге тиiсiнше әрбiр жоба қамтитын әріптес елдерден ең аз дегенде екеуi қол қойған жағдайда келiсiм-шарт жасалуы мүмкiн. Елдер Қаржылық келiсiмге екiншi қол қойғаннан кейiн ғана олар жобадан түсетiн пайданы ала алады.

  9-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМНIҢ КYШIНЕ ЕНУI

      Осы Қаржылық келiсiм оған қол қойған екi тараптың соңғысының қол қойған күнiнен бастап күшiне енедi және 2006 жылдың 31 желтоқсанынан аспау керек. 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейiн немесе сол күнi қол қойылған шарттар осы Келiсiмнiң күшi мен оның барлық нәтижелерiнiң жойылуына әкелiп соғуы мүмкiн.
      Осы Қаржылық келiсiм ағылшын тiлiнде екi түпнұсқа данада жасалды.

       КОМИССИЯ ҮШIН                        БЕНЕФИЦИАР YШIH

      Ричард Вебер мырза                  Виктор Супрун мырза
      Директор                            Қазақстан Республикасы
      EuropeAid жәрдемдесу офисi          Экономика және бюджеттiк
      Еуропалық Комиссия                  жоспарлау вице-министрi

      Брюссель                            Астана

      Күнi:                               Күнi:

  I ҚОСЫМША - ЖАЛПЫ ШАРТТАР

  I ТАРАУ - ЖОБАНЫ/БАҒДАРЛАМАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

  1-БАП - ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1.1 Қоғамдастықтардың қаржылық үлесi қаржылық келiсiмде айқындалған сан шегiнде болуы тиiс.
      1.2 Қоғамдастықтардың қаржылық үлесiн беру Бенефициар қаржылық келiсiм бойынша қабылданған мiндеттемелердi орындаған жағдайда жүргiзiлуге тиiс.

  2-БАП - АРТЫҚ ШЫҒЫН ЖӘНЕ ОНЫ ЖАБУ

      2.1 Қаржылық келiсiм бюджетiнiң жекелеген баптары бойынша артық шығын аталған "Жалпы шарттардың" 17-бабына сәйкес жалпы бюджет iшiнде қаражатты қайта бөлу арқылы жабылуы тиiс.
      2.2 Қаржылық келiсiм бойынша айқындалған қаражаттың жалпы санының артық шығын тәуекелi кезiнде Комиссия жобаны/бағдарламаны қысқартуы не Бенефициардың меншiк ресурстарын немесе Қоғамдастықтардың ресурстарынан өзгеше басқа да ресурстарды тартуы мүмкiн.
      2.3 Жобаны/бағдарламаны қысқарту мүмкiн болмаған кезде немесе егер қаражаттың артық шығынын Бенефициардың ресурстарымен немесе басқа да ресурстармен жабу мүмкiн болмаса, Комиссия айрықша жағдайда қосымша қаржы субсидияларын ұсынуы мүмкiн. Мұндай келiсiм болған кезде шығыстардың артық қалуы Комиссия айқындаған мөлшерде қосымша қаржы үлес есебiнен Қоғамдастықтардың тиiстi ережелерi мен рәсiмдерiне залал келтiрмей қайта қаржыландырылуы мүмкiн.

  II ТАРАУ - IСКЕ АСЫРУ

  3-БАП - ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      3.1 Жобаны/бағдарламаны Бенефициар үшiн және оның атынан әрекет ететiн Еуропалық Комиссия iске асырады.
      3.2 Делегация басшысы Бенефициардың мемлекетiнде Еуропалық Комиссияны бiлдiредi.

  4-БАП - ОРЫНДАЛУ МЕРЗIМI

      4.1 Қаржылық келiсiмде қаржылық келiсiмнiң күшiне енген күнiнен басталатын және "Арнайы шарттардың" 4-бабында көрсетiлген күнге сәйкес аяқталатын орындалу мерзiмi көрсетiлуi тиiс.
      4.2 Аталған орындалу мерзiмi екi кезеңнен тұрады:
      - барлық негiзгi iс-шаралар жүргiзiлетiн шеңберде практикалық iске асыру кезеңi. Аталған кезең қаржылық келiсiм күшiне енген күнiнен басталады және орындалу мерзiмiнiң соңына дейiн 24 айдан кешiктiрмей аяқталады;
      - түпкiлiктi аудит және бағалық талдау жүргiзiлетiн, сондай-ақ техникалық және қаржылық жағынан қаржылық келiсiм бойынша барлық келiсiм-шарттар жабылатын қорытынды кезеңi. Аталған кезең практикалық iске асыру кезеңi ақталған күнiнен басталады және осы күннен кейiн 24 айдан кешiктiрмей аяқталады.
      4.3 Негiзгi iс-шаралар бойынша шығыстарды олар практикалық iске асыру кезеңi iшiнде туындаған жағдайда ғана Комиссия қайта қаржыландыруы мүмкiн. Түпкiлiктi аудит және бағалық талдау жүргiзу жөнiндегi шығыстар қорытынды кезеңнiң аяғына дейiн заңды болып табылады.
      4.4 Қоғамдастық қосқан үлестен кейiн қалған кез келген теңгерiм орындалу мерзiмi аяқталғаннан кейiн алты айдан соң автоматты түрде күшін жояды.
      4.5 Ерекше және уақтылы негiзделген жағдайларда практикалық iске асыру кезеңiн және тиiсiнше орындалу мерзiмiн ұзарту жөнiнде сұрау салынуы мүмкiн. Егер ұзартуды Бенефициар жасаса, онда сұрау практикалық iске асыру кезеңiнiң соңына дейiн кемiнде үш ай қалғанда жасалуы және осы мерзiм iшiнде оны Комиссия мақұлдауы тиiс.
      4.6 Ерекше және уақтылы негiзделген жағдайларда және практикалық iске асыру кезеңi аяқталғаннан кейiн, қорытынды кезеңiн және тиiсiнше орындалу мерзiмiн ұзарту жөнiнде сұрау салынуы мүмкiн. Егер ұзартуды Бенефициар жасаса, онда сұрау қорытынды кезеңнiң соңына кемiнде үш ай қалғанда жасалуы және осы мерзiм iшiнде оны Комиссия мақұлдауы тиiс.

  III ТАРАУ - КЕЛIСIМ-ШАРТТАР МЕН ГРАНТТАР БЕРУ

  5-БАП - ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      Қаржылық келiсiмдi iске асыратын барлық келiсiм-шарттар тиiстi рәсiмдердiң басынан бастап әрекет ететiн сыртқы iс-шараларды iске асыру үшiн Комиссия айқындаған және жариялаған рәсiмдер мен стандартты құжаттарға сәйкес жасалуы және орындалуы тиiс.

  6-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМДI IСКЕ АСЫРАТЫН
КЕЛIСIМ-ШАРТТАРҒА CОҢҒЫ ҚОЛ ҚОЮ МЕРЗIМI

      6.1 Қаржылық келiсiмдi iске асыратын келiсiм-шарттарға Комиссия бюджеттiк мiндеттеменi қабылдағаннан кейiн үш жыл iшiнде, атап айтқанда "Арнайы шарттардың" 5-бабында көрсетiлген күнге дейiн екi тарап қол қоюға тиiс. Аталған түпкiлiктi мерзiм ұзартылмайды.
      6.2 Жоғарыда көрсетiлген ереже кейiннен қол қойылуы мүмкiн аудит және бағалау iс-шараларын жүргiзу жөнiндегi келiсiм-шарттарға қолданылмайды.
      6.3 "Арнайы шарттардың" 5-бабында көрсетiлген мерзiмде қаражаттың кез келген қалдығына қол қойылмаған келiсiм-шарт күшiн жояды.
      6.4 Келiсiм-шарт, оған қол қойғаннан кейiн үш жыл iшiнде төлем жүргiзiлмес қаражатты алып қоюмен оның қолданысы автоматты түрде тоқтатылады.

  7-БАП - ЗАҢДЫЛЫҒЫ

      7.1 Жұмыстарға, қызметтерге немесе жеткiзулерге арналған келiсiм-шарттарды беру жөнiндегi тендерге шақыруларға қатысу Қоғамдастықтарға мүше мемлекеттердiң барлық жеке және заңды тұлғалары үшiн және алушы үшiншi елдердiң барлық жеке және заңды тұлғалары немесе аталған актiлерде нақты көрсетiлген кез келген басқа үшiншi ел үшiн ынтымақтастықтың тиiстi секторын реттейтiн негiзгi актiлердiң ерекше ережелерiне сәйкес тең жағдайларда ашық болуы тиiс.
      7.2 Өтiнiм беру конкурсына қатысу Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң барлық заңды тұлғалары үшiн және алушы үшiншi елдердiң барлық заңды тұлғалары немесе аталған актiлерде нақты көрсетiлген басқа үшiншi ел үшiн ынтымақтастықтың тиiстi секторын реттейтiн негізгi актiлердiң ерекше ережелерiне сәйкес тең ашық болуы тиiс.
      7.3. Комиссия мақұлдаған ерекше және уақтылы негiзделген жағдайларда, ынтымақтастықтың тиiстi секторын реттейтiн негiзгi актiлердiң ерекше шарттары негiзiнде 1 және 2-параграфтарда көрсетiлгеннен басқа үшiншi елдердiң өкiлдерiне келiсiм-шарттарды беру тендерлерiне қатысуға рұқсат беру туралы шешiм қабылдануы мүмкiн.
      7.4 Қоғамдастықтар қаржыландыратын және жұмыстарға, жеткiзулер мен қызметтерге арналған келiсiм-шарттарды орындау үшiн қажеттi тауарлар мен қызметтер, сондай-ақ қаржыландырылатын iс-шараларды орындау yшiн гранттарды алушылар ұйымдастырған сатып алу рәсiмдер алдағы үш параграфтарда жазылған шарттарда қатысуға құқығы бар елдерде өндiрiлуi тиiс.
      7.5 Аталған ұлттық тиесiлiк ережесi сондай-ақ Қоғамдастықтар қаржыландыратын тендерлiк рәсiмдерге немесе қызметтерге арналған келiсiм-шарттарға қатысушы қызметтердi жеткiзушiлер ұсынған сарапшыларға қолданылуы тиiс.

  IV ТАРАУ - КЕЛIСIМ-ШАРТТАРДЫ ОРЫНДАУҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЕРЕЖЕ

  8-БАП - ТҰРУ ҚҰҚЫҒЫ

      8.1 Келiсiм-шарт сипатының негiздемесi кезiнде жұмыстарға, жеткiзулерге және қызметтерге арналған келiсiм-шарттарды беруге арналған тендерлiк рәсiмдерге шақыруға қатысатын жеке және заңды тұлғалар Бенефициар елде тұру құқығына ие болуы тиiс. Аталған құқық келiсiм-шартты бергеннен кейiн бiр ай бойы жарамды болуы тиiс.
      8.2 Келiсiм-шартты орындау үшiн қызметтерi қажеттi мердiгерлер (грант алушыларды қоса алғанда) мен жеке тұлғалардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнiң жобаны/бағдарламаны iске асыру кезiнде осындай құқықтары болуы тиiс.

  9-БАП - САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕНДIК ЕРЕЖЕЛЕР

      9.1 "Арнайы шарттарда" арнайы жазылған жағдайларды қоспағанда Қоғамдастықтардың қаржылай көмегi салықтық, кедендiк немесе басқа да баждардан (қосылған құн салығынан, немесе басқа да осыған ұқсас салықтарды қоса алғанда) босатылуы тиiс.
      9.2 Бенефициар ел Қоғамдастық қаржыландыратын сатып алатын келiсiм-шарттарға немесе гранттарға қатысты елде әрекет ететiн мемлекеттiк немесе халықаралық донорлық ұйымдарға қолданатын неғұрлым жеңiлдiктi салық және кедендiк рәсiмдердi қолдануы тиiс.
      9.3 Егер Негiздемелiк келiсiмде немесе ресми хаттарда аталған мәселе бойынша егжей-тегжейлi ережелер қамтылса, олар да қолданылуы тиiс.

  10-БАП - ШЕТЕЛДIК ВАЛЮТАНЫ АЙЫРБАСТАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

      10.1 Бенефициар ел жобаны iске асыру үшiн қажеттi шетелдiк валютаны әкелудi немесе сатып алуды қамтамасыз етуге мiндеттенедi. Ол, сондай-ақ аталған "Жалпы шарттардың" 7-бабына сәйкес қатысуға рұқсат алған мердiгерлерге қатысты кемсiтусiз шетелдiк валютаны ресми айырбастау ережесiн қолдануға мiндеттенедi.
      10.2 Егер Негiздемелiк келiсiмде немесе ресми хаттарда аталған мәселе бойынша егжей-тегжейлi ережелер қамтылса, оларда қолданылуы тиiс.

  11-БАП - ЗЕРТТЕУЛЕР БАРЫСЫНДА АЛЫНҒАН
ДЕРЕКТЕРДI ПАЙДАЛАНУ

      Егер қаржылық келiсiм зерттеулер жүргiзудi қамтыса, қаржылық келiсiмдi іске асыру үшiн қол қойылған аталған зерттеулердi жүргiзу жөнiндегi жасалған келiсiм-шарттар зерттеуге арналған меншiк құқығын және алынған деректердi пайдаланудағы, оларды жариялау немесе үшiншi тарапқа берудегi Бенефициар мен Комиссияның құқығын басқару тиiс.

  12-БАП - КЕЛIСIМ-ШАРТТАР БОЙЫНША ҚАЙТАРЫЛҒАН
ҚАРАЖАТТЫ БӨЛУ

      12.1 Дұрыс жүргізiлмеген төлемдерден қалпына келтiрiлген немесе алдын ала қаржыландыруға арналған кепiлдiктерден немесе осы қаржылық келiсiм бойынша қаржыландырылатын келiсiм-шарттар негiзiнде ұсынылған орындау кепiлдiктерiнен алынған қаражат жобаға/бағдарламаға берiлуi тиiс.
      12.2 Келiсiм-шартты бекiтетiн сатып алу келiсiм-шартының контексiнде тендер қатысушыларына тарап салған алынып тасталуы мүмкiн қаржы айыппұлдары, тендерлiк кепiлдiктер сауалы, сондай-ақ Комиссияға келтiрiлген залалды өтеу Қоғамдастықтардың жалпы бюджетiне жүргiзiлуi тиiс.

  V ТАРАУ - НЕГIЗГI ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  13-БАП - КӨРIНIСI

      13.1 Қоғамдастық қаржыландыратын әрбiр жоба/бағдарлама тиiстi коммуникациялық және ақпараттық iс-шараларды басшылыққа алуы тиiс. Осы iс-шаралар Комиссияның келiсiмi болған кезде айқындалуы қажет.
      13.2 Аталған коммуникациялық және ақпараттық iс-шаралар бұл iс-шараларды іске асыру кезiнде әрекет ететiн сыртқы iс-шаралардың көрiнiсiн қамтамасыз ету үшiн Комиссия баяндаған және жариялаған ережеге сәйкес өткiзiлуi тиiс.

  14-БАП - БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ, АЛАЯҚТЫҚТЫ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУ

      14.1 Бенефициар бұзушылықтарды және алаяқтықты болдырмау үшiн тиiстi шаралар қабылдау және Комиссияның сұрауы бойынша мақсатсыз жұмсалмаған қаражатты қайтару үшiн шағым беру тиiс. Бенефициар қабылданған шаралар туралы Комиссияға хабарлауы тиiс.
      14.2 "Бұзушылық" дегенiмiз Еуропалық Қоғамдастықтардың жалпы бюджетiне немесе Қоғамдастықтар басқаратын қаражатқа Еуропалық Қоғамдастықтардың атынан жинақталған меншiк қаражаты немесе ақталмаған шығыстар есебiнен алынған табысты азайту немесе жоғалту түрiнде зиян келтiрiп отырған немесе келтiретiн экономикалық субъектiнiң әрекетiнен немесе әрекетсiздiгiнен көрiнетiн қаржылық келiсімдер, келiсiм-шарттар немесе Қоғамдастықтардың заңдары ережелерiнен кез келген ауытқуды бiлдiредi.
      "Алаяқтық" дегенiмiз:
      - Еуропалық Қоғамдастықтардың жалпы бюджетiнiң немесе Қоғамдастықтар немесе оның атынан басқаратын бюджет қаражатын заңсыз немесе мақсатсыз ұстап қалуға әкелуi мүмкiн жалған, дұрыс емес немесе толық емес-құжаттаманы немесе мәлiметтердi пайдалануға немесе ұсынуға;
      - ерекшелiк мiндеттемелерге, осындай салдарымен зиян келтiретiн ақпаратты жасыруға;
      - осындай қаражатты олардың бастапқы мақсатынан басқа мақсатта заңсыз пайдалануға қатысты кез келген әдейi әрекет немесе әрекетсiздiктi бiлдiредi.
      Бенефициар бұзушылық немесе алаяқтық дейтiндей күдiк тудыратын кез келген жағдайлар туралы Комиссияны дереу хабардар етуге тиiс.
      14.3 Бенефициар келiсiм-шарттарды немесе гранттарды беру немесе оларды iске асырудағы рәсiмнiң кез келген сатысында белсендi немесе пассивтi сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiсiн жою үшiн барлық ықтимал шараларды қолдануға мiндеттенедi. "Пассивтi сыбайлас жемқорлық" дегенiмiз ресми тұлғаның тiкелей немесе делдал арқылы жеке өзi үшiн немесе үшiншi тарап үшiн кез келген түрде сыйақы сұраған немесе алған немесе ол белгiлi бiр әрекет немесе әрекетсiздiк жасаған кезде немесе ол Еуропалық Қоғамдастықтардың қаржылық мүдделерiн кемсiтуге әсерi бар немесе әсер ететiн ресми мiндеттерiн бұзудағы өз қызмет бабын пайдаланған кезде осындай сыйақы берiлетiнiне уәде алған әдейi әрекетiн бiлдiредi. "Белсендi сыбайлас жемқорлық" дегенiмiз кiмде-кiмнiң ресми тұлғаға жеке ол үшiн немесе үшiншi тарап үшiн, ол белгiлi бiр әрекет немесе әрекетсiздiк жасау үшiн немесе ол Еуропалық Қоғамдастықтардың қаржылық мүдделерiн кемсiтетiн немесе кемсiтуi мүмкiн ресми мiндеттерiн бұзуда өз қызмет бабын пайдалану үшiн тiкелей немесе делдал арқылы сыйақының кез келген түрiн беруге уәделенуде немесе ұсынудағы әдейi әрекетiн бiлдiредi.

  15-БАП - КОМИССИЯ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КYРЕС
ЖӨНIНДЕГI ЕУРОПАЛЫҚ ОФИС (СЖҚКЕО) ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТАРДЫҢ ЕСЕП ПАЛАТАСЫ ТАРАПЫНАН ЖYРГIЗIЛЕТIН
БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУ

      15.1 Бенефициар Комиссия, СЖҚКЕО және Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасы қаржылық келiсiм бойынша (келiсiм-шарттар мен гранттарды беру жөнiндегi рәсiмдi қоса алғанда) бөлiнген Қоғамдастықтардың қаражатын пайдалану жөнiнде жергiлiктi жерлерде құжаттамалық тексерiстер, сондай-ақ қажет болған жағдайда шоттарға қосымша құжаттар мен бухгалтерлiк құжаттар немесе жобаны/бағдарламаны қаржыландыруға қатысты басқа да кез келген құжаттар негiзiнде келiсiмнiң бар мерзiмi және соңғы төлемнiң күнiнен кейiн жетi жыл iшiнде толық аудит жүргiзу мүмкiндiгiмен келiседi.
      15.2 Бенефициар, сондай-ақ СЖҚКЕО-ның жергiлiктi жерлерде Қоғамдастықтардың заңнамасында жазылған рәсiмдерге сәйкес алаяқтық пен бұзушылықтарға қатысты Еуропалық Қоғамдастықтардың қаржылық мүддесiн қорғау үшiн тексерiстер мен бақылау жүргізуi мүмкiн екендiгiмен келiседi.
      15.3 Осы мақсатта Бенефициар Комиссияның, СЖҚКЕО-ның және Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасының ресми өкiлдерiне және олардың уәкiлеттi агенттерiне компьютерлiк жүйелердi, сондай-ақ осы iс-шараларды техникалық және қаржылық басқаруға қатысты кез келген құжаттамалық және компьютерлендiрiлген деректердi қоса алғанда, қаржылық келiсiм бойынша қаржыландырылған iс-шаралар өткiзiлген орындар мен үй-жайларға қол жеткiзудi қамтамасыз етуге және осы жұмыстарды жеделдету үшiн барлық ықтимал шараларды қабылдауға мiндеттенедi. Еуропалық Комиссияның, СЖҚКЕО мен Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасының уәкiлеттi агенттерi үшiн қол жеткiзу үшiншi тарапқа қатысты қатаң құпиялылықты сақтай отырып, мемлекеттiк құқықтық мiндеттемелерге зиян тигiзбей берiлу тиiс. Құжаттар қол жетiмдi және оларды қолайлы инспекциялауды қамтамасыз ететiн тәртiпте тiгiлуi қажет және Бенефициар Комиссияға, СЖҚКЕО мен Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасына олардың нақты орналасқан жері туралы хабарлауы тиiс.
      15.4 Жоғарыда сипатталған тексерiстер мен аудит Қоғамдастықтардың қаржыландыруын алатын мердігерлер мен қосалқы мердiгерлерге қатысты да қолданылуы тиiс.
      15.5 Бенефициар жергiлiктi жерлерде тексерiстер жүргiзу үшiн тағайындалған Комиссия, СЖҚКЕО мен Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасы агенттерiнiң келетiнi туралы хабардар етiлуi тиiс.

  16-БАП - КОМИССИЯ МЕН БЕНЕФИЦИАР, АРАСЫНДАҒЫ
КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР

      16.1 Бенефициар мен Комиссия қаржылық келiсiмнiң баптарын iске асыру немесе түсiндiру туралы даулы мәселелер туындағанға дейiн бiрi-бiрiне консультация беру қажет.
      16.2 Бұл консультациялар қаржылық келiсiмнiң өзгеруiне, тоқтата тұруға немесе тоқтатылуына алып келу мүмкiн.

  17-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМГЕ ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГIЗУ

      17.1 "Арнайы шарттарға" және қаржылық келiсiмнiң II қосымшасына енгiзiлетiн кез келген түзетулер жазбаша түрде енгiзiлуi және қосымшада жазылуы тиiс.
      17.2 Егер түзетуге сұрауды Бенефициар жасаса, онда ол Комиссияға Алушының уақтылы негiздемелерi болған және Комиссия мақұлдаған жағдайларды қоспағанда, осы түзетудiң болжам бойынша күшiне енуiне дейiн кем дегенде үш ай бұрын сұрау салу тиiс.
      17.3 Iске асырудың практикалық кезеңі мен қорытынды кезеңiн ұзартудың ерекше жағдайлары аталған "Жалпы шарттардың" 4(5) және (6)-баптарында баяндалған.

  18-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМДI ТОҚТАТА ТҰРУ

      18.1 Қаржылық келiсiм мынадай жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн:
      (а) егер Алушы осы келiсiм бойынша мiндеттемелердi бұзған жағдайда, Комиссия қаржылық келiсiмнiң қолданысын тоқтата тұруы мүмкiн.
      (б) егер Бенефициар адам құқығына, демократиялық қағидаттарға қатысты мiндеттемелер мен заң нормаларын бұзған жағдайда, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жол берiлген жағдайларда, Комиссия қаржылық келiсiмнiң қолданысын тоқтата тұруы мүмкiн.
      (в) Қаржылық келiсiм төменде көзделген форс мажор жағдайында тоқтатыла тұруы мүмкiн. "Форс мажор" дегенiмiз тараптардың бiреуiне өз мiндеттемелерiн орындауға кедергi жасайтын, және ол тараптардың (немесе мердiгерлердiң, агенттер мен жұмыскерлердiң) қателiгіне немесе ұқыпсыздықпен қарағанына байланысты емес кез келген күтпеген және айрықша ахуалды немесе оқиғаны бiлдiредi, және де ол барлық салған күштерге қарамастан, еңсерiлмейтiн болып табылады. Жабдықтар мен материалдардағы ақаулары немесе оларды орнатуды кешiктiру, еңбек ұжымындағы даулар, ереуiлдер немесе қаржылық қиындықтар форс мажор ретiнде пайдаланылмайды. Тарапқа мiндеттемелерiн орындауға форс мажорлық жағдай кедергi болған кезде, оларды бұзғаны жөнiнде талаптар қойылмайды. Форс мажорға ұшыраған тарап ол туралы ықтимал ұзақтығы мен болжамды тигiзетiн әсерiн сипаттай отырып, екiншi тарапқа дереу хабарлау, сондай-ақ ықтимал залалды азайту үшiн барлық шараларды қабылдауы қажет.
      18.2 Тоқтата тұру шешiмi туралы алдын ала хабарлама берiлмейдi.
      18.3 Тоқтата тұру туралы хабарлама болған жағдайда ағымдағы келiсiм-шарттарға немесе қол қойылуға тиiс келiсiм-шарттарға оның салдарын белгiлеу қажет.

  19-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМДI ТОҚТАТУ

      19.1 Егер қаржылық келiсiмдi тоқтата тұруға әкелген мәселелер ең жоғары кезең, төрт ай iшiнде шешiлмесе, қаржылық келiсiмдi тоқтату туралы екiншi тарапқа екi ай бұрын хабарлап, кез-келген тарап оны тоқтатуы мүмкiн.
      19.2 Егер қаржылық келiсiмге қол қойылғаннан кейiн үш жыл iшiнде қандай да бiр төлемдер жүргiзiлмесе немесе "Арнайы шарттардың" 5-бабында көрсетiлген күнге оны iске асыру жөнiнде келiсiм-шарттарға қол қойылмаса, қаржылық келiсiмнiң қолданысы автоматты түрде тоқтатылады.
      19.3 Тоқтату туралы хабарлама болған жағдайда ағымдағы келiсiм-шарттарға немесе қол қойылуға тиiс келiсiм-шарттарға оның салдарын белгiлеу қажет.

  20-БАП - ПIКIРСАЙЫСТАРДЫ ШЕШУ ЖӨНIНДЕГI IС-ШАРАЛАР

      20.1 Аталған "Жалпы шарттардың" 16-бабында баяндалған тараптар арасындағы консультациялардың алты ай iшiнде шешiлуi мүмкiн емес қаржылық келiсiмге қатысты кез-келген пiкiрсайыс бiр тараптың сұрауы бойынша арбитражда қаралуы мүмкiн.
      20.2 Бұл жағдайда, әрбiр тарап арбитражды жүргiзуге арналған сұраудан кейiн 30 күннiң iшiнде арбитрдi тағайындауы қажет. Қажет болған жағдайда, тараптардың бiреуi екiншi арбитрдi тағайындау жөнiндегi өтiнiшiмен Тұрақты арбитраж сотының (Гаагада) Бас хатшысына өтiнiш жасауы мүмкiн. Өз кезегiнде, екi арбитр 30 күннiң iшiнде үшiншi арбитрдi тағайындайды. Қажет болған жағдайда, кез-келген тараптың бiреуi Тұрақты арбитраж сотының Бас хатшысына үшiншi арбитр тағайындау жөнiнде өтiнiш жасауы мүмкiн.
      20.3 Егер арбитрлар басқа шешiм қабылдамаса, онда Тұрақты арбитраж сотының "Халықаралық ұйымдарды тарта отырып арбитражды жүргiзудiң факультативтiк ережелерi" бойынша рәсiмдер пайдаланылады. Арбитрлардың шешiмдерi үш айдың iшiнде басым дауыспен қабылдануы тиiс.
      20.4 Тараптардың әрқайсысы арбитрлардың шешiмдерiн орындау үшiн қажеттi шаралар қабылдауға мiндеттi.

  II ҚОСЫМША - ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКIМШIЛIК ҚОСЫМШАЛАР

  ТАСИС IС-ӘРЕКЕТТЕРIНІҢ 2005 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ӨҢIРЛIК
БАҒДАРЛАМАСЫ

       1. Белгiлеу

Бюджет
жолы:

19.06.01

Жалпы
құны:

Е 53.6 миллион

Заңдық
негіздемесі:

Шығыс Еуропадағы, Кавказдағы және Орталық Азиядағы (ЕЕССА) әрiптес елдерге көмектесу туралы ережеге қатысты 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 99/2000 Кеңес регламентi (ЕК, EURATOM)

       2. Iс-әрекеттер бағдарламасын қысқаша сипаттау

      Осы iс-әрекеттер бағдарламасы ТАСИС ынтымақтастығының өңiрлiк стратегиясы жөнiндегi құжатқа және Комиссия 2003 жылғы 11 сәуiрде қабылдаған 2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк бағдарламаға сәйкес әзiрлендi. 53,6 миллион Eуpo бюджетi бар 2005 жылға арналған ТАСИС қызметiнiң өңiрлiк бағдарламасы ТМД елдерiнде мемлекетаралық iс-шараларға қолдау көрсетедi және келесi үш тақырыптық облыстарға негiзгi назар аударатын болады.

       2.1 Табиғи ресурстарды тұрақты басқару

      "Табиғи ресурстарды тұрақты басқару" құрауышының жалпы мақсаты - табиғи ресурстарын тұрақты пайдалану iсiнде прогрестi қамтамасыз ету және, атап айтқанда, су, орман және энергетикаға қатысты ресурстар тиiмдiлiгiн арттыру, экологиялық жағдайды және денсаулықты жақсарту, экономикалық дамуға септiгiн тигiзу және тұрақтылық пен қауiпсiздiкке үлесiн қосу. Осы мәселелер Дүниежүзiлiк Саммитте тұрақты даму мәселелерi бойынша (ТДДС) анықталған басымдыққа жауап бередi. Саммитке қатысушылар "басым облыс ретiнде "экономикалық және әлеуметтiк дамудың табиғи ресурстары деректерiн қорғау және оларды басқаруды" анықтады. Осы басымдықтар EO-ның тұрақты даму стратегиясына да жауап бередi.
      Индикативтiк бағдарлама үш басым облыстарды анықтайды: су ресурстарын басқару; биоәралуандық және орман ресурстарын тұрақты дамыту; климаттың өзгеруі. 2004 жылға арналған ТАСИС iс-әрекеттерiнiң өңiрлiк бағдарламасына сәйкес, осы Қызметтер бағдарламасында 4 салада септiгiн тигiзу негiзiнде акцент су ресурстарын басқаруға қойылатын болады:

       2.1.1 Су, жеткiзу және санитария саласында инвестицияларды бiрлесiп қаржыландыру

      Осы жобаның мақсаты - су ресурстарын бiрiктiрiлген басқару және ТАСИС өңiрінiң елдерінде тұрақты су жеткiзуге қол жеткiзу мен санитарияны (WS&S) арттыру саласында қолдау көрсету жолымен мыңжылдыққа арналған Даму Мақсаттарына қол жеткiзуге үлесiн қосу.
      Су жеткізу және санитария саласында инвестициялау жобаларын ірiктеу және iске асыру ТАСИС өңiрiнiң шек қойылған аудандарында пилоттық негiзде жүзеге асырылады. Нақты жобаларды iске асыру үшін ЕК Қаржы институттарына-әрiптестерге (ҚИ) тiкелей келiсiм жасасу құқығын бередi, оның шеңберiнде жалпы қаражат реттелетiн болады. ЕК өзiнiң үлесiн ҚИ жобаны iске асыру үшiн бенефициар елге беретiн қарызға қосымша грант негiзiнде қосады.
      Бюджет ҚИ арасында да, бенефициар-елдер арасында да алдын ала бөлiнбейтiн болады. Бюджеттi бөлу бастапқы кезеңде жоба бойынша барлық тараптармен келiсiлген жобалардың бiрқатары негiзiнде жүргiзiлетiн болады. Жобаның шеңберiнде инвестицияларды iрiктеу үшiн тиiмдiлiк критерийлерiн талқылауға EO-ның Су Бастамасы Жұмыс тобын (EUWI) EECCA құрауышын тарту мүмкiндiгi қарастырылады.
      Жобаның шеңберiнде ҚИ-әрiптестер, Еуропа Комиссиясы және бенефициарлар өкiлдiктер арасында келiсiлетiн тиiмдiлiктiң бiрқатар өлшемдерi қанағаттандырылады. EUWI Жұмыс тобына ұсынылатын жоба басым ретiнде жоғарыда көрсетiлген критерийлердi қанағаттандыратын және өңiрде, ЕК қаржыландыратын дайындық шеңберiнде техникалық-экономикалық талдау барысында зерттелген инвестицияларды, сондай-ақ басқа қазiргi өңірлік бастамаларды, мысалы, EUWI-EECCA жұмыс тобын анықтайды.
      Қаражат тапшылығына байланысты, осы iс-шаралар пилоттық негiзде өткiзiлетiн болады: түпкi күтiлетiн нәтиже халықтың суға мұқтажын қанағаттандыру және санитария бойынша мақсатты елдерде саяси мiндеттемелердi нығайтуы тиiс. Орталық үкiметтi толық қолдау кезiнде басқа елдi мекендерде осы iс-шараларды өткiзуге септiгiн тигiзу арқылы осы мақсаттарға қол жеткiзiлетiн болады.

       2.1.2 ОЭСР су ресурстарын басқару жобасына септiгiн тигiзу

      Көптеген жағдайларда муниципалды су инфрақұрылымы ауыр халде және көрсетiлетiн қызметтер деңгейiмен қатар нашарлауда. Бұл халықтың денсаулығына, экономикалық және әлеуметтiк дамуына және экологияға терiс әсерiн тигiзедi.
      Инвестицияларды жоспарлаудың төмен деңгейi байқалады. Жобаларды сәйкестендiру және басымдандыру процесi қаржыландырудың сыртқы көздерiн тарту үшiн сенiмсiздеу. Бақылау қызметi мен басқару мақсатының жоқтығы жабдық халыққа барабар және тиiмдi қызмет жеткiзуге есептелмегенiн бiлдiредi. Саяси мiндеттемелер деңгейi төмен және су ресурстарын басқару барлық деңгейлерде төмен.
      Жоба су секторында қаржылық стратегия дайындауға септiгiн тигізу жолымен орталық үкiмет деңгейiнде де, потенциалды арттыру және қызметтер көрсету деңгейiн жақсарту жолымен муниципалитет және жарақтандыру деңгейiнде де осы мәселелердi шешуге бағытталған.
      Жобаның шеңберiнде бенефициар-мемлекеттердiң, ЕК Қызметтерiнiң, мүше-мемлекеттердiң және ҚИ-әрiптестердiң консультациялық органы есебiнде жұмыс iстеуi тиiс ЕО-ның Су Бастамасының ЕЕССА құрауышының қазiргi Жұмыс тобымен байланыс орнатылады. Жобаны iске асыру саласында әрiптес ЕАР-дың Жұмыс тобының хатшылығы (Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қызметтер бағдарламасы) есебiнде жұмыс iстейтiн 03CP болып табылады. ЕАР-дың Жұмыс тобы, өз ретiнде, су саясатымен байланысты мәселелер бойынша ТМД елдерi арасында талқылауды үйлестiруде белсендi роль ойнайды.

       2.1.3 Су ресурстарын басқару

      ЕК немесе басқа донорлар қаржыландыратын кейбiр iске асырылатын өңiрлiк бағдарламалар су секторында өңiрлiк ынтымақтастықты нығайтады. Алайда, олар мiндеттi түрде су ресурстарының ластануын қысқартуға және өңiрлiк өзендерден ағыс бойынша жоғарыға шектелген су ресурстарын тиiмдi пайдалануға бағытталған қажет құқықтық, ерiксiз және түзетiлген шараларға әкелмейдi.
      Жобаның жалпы мақсаты ластануды қысқарту, әдiл бөлу және шектелген су ресурстарын тиiмдi пайдалану, трансшекаралық өзендер секiлдi жалпы су ресурстарының санын арттыру болып табылған кезде, нақты мақсат су ресурстары мәселелерi жөнiндегi заңнаманы жетiлдiруге және оны қолдануға, оның ЕО стандарттарына және тәжірибелерiне жақындауына негiзделедi.
      Еуропа Комиссиясының басшылығымен EO-ның Су Бастамасы Жұмыс тобының шеңберiнде бенефициар мемлекеттермен және БҰҰ EЭK, БҰҰДБ және ОЭСР секiлдi тиiстi халықаралық ұйымдармен консультация ұлттық Парламенттерге ұсыну үшiн су кодекстерiн немесе олардың жобаларын жетiлдiруге әкелуi және icкe асыруға қажет әкiмшiлiк бұйрықтарға, сондай-ақ су заңнамасын қолдануға жауапты инспекторлардың қабiлетiн нығайтуға әкеп соқтыруы тиiс.

       2.1.4 Тобыл және Ертiс өзендерiнiң бассейндерінде трансшекаралық өзендердi басқару

      Саяси қысым көздерiн жоя алатын іс-шараларды өткiзу қажеттiлiгi - су ресурстарын бөлудi қоса алғанда - Орталық Азия бойынша Өңiрлiк Стратегия Бағдарламасында және 2000-2004 жылдарға арналған индикативтi бағдарламада анықталды. Олар сондай-ақ, өзгеден басқа, әдiл басқаруды дамыту, экология және су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастық негiзінде қарым-қатынастарды нығайту қажеттiлiгiне де көрсетеді. Бұл бұрынғы бағдарламаларда анықталған басымдылықтарды көрсетедi, олардың негiзiнде, өзгеден басқа, 1999 жылға арналған ТАСИС Мемлекетаралық бағдарламасының шеңберінде қаржыландырылатын төрт өзендердi бiрлесiп басқару жобаларының бiрi, Тобыл су ресурстарын басқару жобасын iске асыру басталды.
      Осы жоба Қазақстанның солтүстiгi мен Орталық Сiбiрдiң оңтүстігiн қамтитын Оба өзенiнiң жоғарғы бассейнiнiң елеулi бөлiгiн бiрiктiрiлген басқаруды қамтамасыз ету мақсатында оның екі саласы бойынша жобалар шеңберiнде Тобыл бойынша жобаны iске асыру барысында алынған тәжiрибенi өткiзуге бағытталған. Мұнда жер үстi сулары негiзгi немесе жалғыз ауыз су көзi болып табылады. Сан мен сапаны тиiмдi басқару муниципалды су жеткiзушiлердiң қауiпсiз жеткізулерін қамтамасыз ету үшiн үлкен мәнге ие.
      Жоба аяқталғаннан кейiн үш негiзгi нәтижеге қол жеткiзу күтiлуде:
      - Трансшекаралық, сондай-ақ ұлттық және жергiлiктi деңгейлерде су ресурстарын басқару жөнiндегi іс-шараларды бекiту, өзгерту, сосын бақылау үшiн форум құру;
      - Жобаның бенефициарлары бола тұрып, өзендi басқару жоспарын дайындау және iске асыру процесiн басқара алатын институционалды және практикалық құрылымдар; және
      - Жер үстi (және жер асты) суларына қатысты тиiстi мақсаттары мен мәселелерi бар жоспар.
      Жобаның шеңберiнде мониторинг тетiктерiн құруда немесе қалпына келтiруде қолдау көрсетумен қатар әрбiр елде өзен бассейндерiн басқарудың қазiргi құрылымдарына техникалық көмек көрсету талап етiледi. Мұнда сынамаларды өлшеуге, алуға жабдықтарды жеткiзу және негiзiнен талдамалы құжаттарды жеткiзу кiредi.

       2.2 Сауда мен инвестицияны дамыту

      Сауда мен инвестицияны дамытуға қатысу мақсаты сауда мен инвестицияны дамыту және кеңейту, сенiмдiлiк пен қауiпсiздiктi арттыру, сондай-ақ бар энергетикалық және көлiк желiлерiнiң денсаулық пен қоршаған ортаға әсерiн төмендету үшiн, сондай-ақ осы секторлар бойынша статистикалық ақпаратты жақсарту үшiн ТМД елдерi арасында энергетика, көлiк және телекоммуникация саласында ынтымақтастықты қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсаттарға қол жеткiзу үшiн осы Қызметтер бағдарламасы TPACEK және ИНОГЕЙТ бастамаларына негiзгi назар аударып отыр. Бастамашылық жобалар әрiптес елдер үкiметiмен тиiстi консультациядан және өңiрлiк жиналыстарда Министрлер (көлiк және энергетика) деңгейiнде бекiткеннен кейiн iрiктелгенiн атап өткен жөн, бұл болса, сәйкестендiру процесiн аяқтайды.

       2.2.1 ТРАСЕКА бағдарламасы

      2005 жылға арналған Қызметтер бағдарламасының шеңберiндегi Бағдарламаның жалпы мақсаты техникалық-экономикалық талдау және инвестициялардағы қажеттiлiктi анықтау негiзiнде, сондай-ақ iрiктеме бастамашылық инвестициялар негiзiнде өңiрлiк ынтымақтастықты дамыту, потенциалды арттыру және тренингтер өткiзу жолымен ТРАСЕКА коридорының шеңберiнде ЕС және ТРАСЕКА елдерi арасындағы сауда және көлiк саясатын одан әрi үйлестiру болып табылады. Ұсынылып отырған жобалар шеңберiнде 2004 жылғы 14 қарашада Бакуде, Азербайжанда өткен көлiк мәселелерi жөнiнде жоғары деңгейдегi Конференцияның нәтижелерi ескерiледi. Осы нәтижелердiң негiзiнде өңiр мен ЕС арасында көлiк саласындағы одан әрi ынтымақтастық дамиды. 2005 жылға арналған Қызметтер бағдарламасының шеңберiнде келесi алты iс-шара қаржыландырылатын болады:
      а) ТРАСЕКА елдерi үшiн трафиктi талдау мен болжау және өңiраралық көлiктi бiрiктiру. Жобаның шеңберiнде ТРАСЕК елдерiнде сауда мен көлiктi болжау үшiн қызметтi жоспарлау құралы мен бағалау құралы ұсынылатын болады.
      b) ЕС және Қара және Каспий теңiздерi бассейнiнiң елдерi арасындағы көлiк диалогы. Мақсаты - негiзгi трансъеуропалық көлiк белдiгiн кеңейту жөнiндегi тұрақты диалогты қолдау және көлiк саласында, атап айтқанда, жолдағы қауiпсiздiкке және өзара iс-әрекет мүмкiндiгiне қатысты тұрақты шешiм iздеу.
      с) ТМД елдерiнде көлiк мәселелерi бойынша оқыту саласында потенциалды нығайту.
      d) Тбилиси мен Ереван арасында темiр жол байланысын қалпына келтiру. Осы iс-шара техникалық-экономикалық талдауды да, белгiлi басым қажеттiлiктерге сәйкес жеткiзудi де қамтиды.
      e) Украина порты бойынша стратегияны дамытуды техникалық-экономикалық талдау. Екi мақсатты көздейдi және, бiрiншi кезекте, украин порты бойынша стратегияны дамытуға, оның шеңберiнде TPACEK коридорының тиiстi порттарымен байланысты әлсiз және күштi тараптар, мүмкiндiктер мен қатерлер бағаланатын болады және, екiншiден, банк үшiн техникалық-экономикалық талдауды дайындауға алып келетiн неғұрлым көп үмiт арттыратын шараларды егжей-тегжейлi бағалауға бағытталған.
      f) Чисинау/румын шекарасы жолын қалпына келтiру және кеңейту (техникалық-экономикалық талдау). Жалпы мақсаты өңiрлiк және халықаралық нарықтарға қол жетiмдiлiктi арттыруға негiзделедi. Нақты мақсаты - банк есепке алуға жатқызатын техникалық-экономикалық талдау, ол одан әрi қаржыландыру және iске асыру үшiн жолдарды қалпына келтiру жөнiнде ұсынылып отырған жобаны шешу, қабылдау, сәндендiру немесе қабылдамай тастау үшiн жеткiлiктi ақпарат бередi.

       2.2.2 ИНОГЕЙТ бағдарламасы

      2004-2006 жылдарға арналған ИБ-да белгiленген энергетикалық сектор бойынша басымдылықтар (ЕС стандарттарымен және ережелерiмен үйлесу; қауiпсiздiк пен сенiмдiлiк аспектiсi; экология мен денсаулыққа әсер ету) келесi үш iс-шаралардың негiзiнде қарастырылады:
      а) Шығыс Еуропа мен Кавказда газ және мұнай саласында ЕС стандарттары мен тәжiрибелерiн үйлестiру.
      Жобаның жалпы саласы елдердiң газ бен мұнай өндiрудiң/берудiң/сақтаудың барлық құрауыштарына қатысты әзiрлеу, салу, өндiру, тестiлеу, сертификаттау, аккредиттеу, пайдалану, сақтау және қызмет көрсету мақсатында халықаралық стандарттарды, ережелер мен тәжiрибелердi қабылдауында қолдау көрсетуге бағытталған. (Мысалы, Кеңес Одағының уақытынан бастап бүгiнгi күнге дейiн нормалар мен стандарттар (ГОСТ және СНИП) газ құбырлары жүйесiн пайдалануға және оларға қызмет көрсетуге пайдаланылады. Жоба ЕС, ISO және ANSI/ASME нормалары сияқты дүниежүзi мойындаған стандарттар мен нормаларға көшу кезiнде елдерге қолдау көрсетуге бағытталатын болады).
      b) Мұнай және мұнай өнiмдерi метрологиясын қосу үшiн Шығыс Еуропада табиғи газ бойынша Метрология Орталығын кеңейту жөнiндегi техникалық-экономикалық талдау.
      Жалпы мақсаты мұнай және мұнай өнiмдерi метрологиясы бойынша дүниежүзi мойындаған және сертификатталған шығысеуропа Өңiрлiк Орталығын құруға септiгiн тигiзуге негiзделедi, оның негiзгi функциясы оларды тасымалдау кезiнде қолданылатын, дүниежүзi мойындаған стандарттарға сыйысымды өлшеу техникаларын жетiлдiру болады. Орталық Боярскiде (Украина) орналасқан.
      с) Шығыс Еуропадағы және Кавказдағы негiзгi газ көлiк инфрақұрылымының қауiпсiздiгi және сенiмдiлiгi.
      Жоба негiзгi транзит бағыттарында газдың жоғалуын қысқарту мақсатында бәрiн қамтитын және басым қызметтер бағдарламасын әзiрлеу негiзiнде энергетикалық жеткiзулердiң қауiпсiздiгi мен сенiмдiлiгiн арттыруға бағытталған.

       2.3 Әдiл сот және құқықтық тәртiп

      2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк бағдарлама үш негiзгi саланы қамтиды: шекаралық бақылауды нығайту; баспана беру және көшi-қон; ұйымдасқан қылмыспен күрес. 2005 жылға арналған осы өңiрлiк Қызметтер бағдарламасының шеңберiнде ресурстар тату көршiнiң Еуропа саясаты шеңберiнде осы өңiрге, берiлетiн маңызды басымдықты есепке ала отырып, ТМД-нiң шығыс елдерiнде де, Орталық Азияда да шекараларды басқару аспектiлерiне шоғырланатын болады. Мұндай есiрткi саудасы мен адам саудасы сияқты проблемалар Орталық Азия үшін Қызметтер бағдарламасының шеңберiнде қарастырылатын болады.
      Мақсаты - заңсыз көшi-қонды, сондай-ақ жасырын көшiп келушiлер контрабандалары мен ТМД аумағында және ЕС жолында адам саудасын қысқарту мақсатында ТМД елдерiнде шекараны басқарудың бiрiктiрiлген жүйесiн құру. Жобаның шеңберiнде Украина, Молдова, Беларусь және ЕС-тiң кеңейтiлген шекарасы бойындағы жаңа мемлекеттер - ЕС мүшелерi арасындағы трансшекаралық ынтымақтастық та нығайтылатын болады. Бұл бағдарлама егжей-тегжейлi, себебi халықаралық конвенциялар және OOH қауiпсiздiгi жөнiндегі кеңестiң бұрыштамасы шеңберiнде ұйымдасқан қылмысқа және лаңкестiкке қарсы дүниежүзiлiк күресте күштердi қолдау саласында ЕС-тiң мiндеттемелерi бар.
      ТАСИС екi iрi бастаманы қолдайтын болады, бiрi, ТМД елдерiнде шекараларды басқаруды нығайтуға арналған, екiншiсi, Орталық Азияда шекараларды басқаруға бағытталған.

       2.3.1 Украина мен Молдова арасындағы шекараларды басқаруды қолдау

      Шешiмi табылмаған трансднестров мәселемен байланысты қиындықтарды назарға ала отырып, Еуропа Комиссиясы 2002 жылдан бастап үш тарапты форматта екi тараптар арасындағы диалогты нығайту арқылы Украина мен Молдова арасындағы шекаралық ынтымақтастықты нығайтуға әрекеттенедi. Комиссияның үлесi екi тарап үшiн ынтымақтастық саласында кейбiр нақты шараларды анықтау мүмкiндiгiн құруға және 2003 жылы 1997 жылы iске асыруға (ең болмаса, iшiнара) мүмкiндiк беретiн шарттар бойынша келiсiмге келуге көмектестi. Бiрлескен шекара бекеттерiн құру туралы халықаралық келiсiм және трансднестров секторын қоса алғанда, бiрлескен шекараны межелеудi аяқтау. Жоба осы ынтымақтастықты қолдауды жалғастыруда, ол туралы саяси және техникалық деңгейде уағдаластыққа қол жеткiзiлдi және оның екi нақты мақсаты бар:
      1) Шекараны кесiп өтумен байланысты заңсыз iс-әрекеттердi (контрабанда, заңсыз сауда, сыбайлас жемқорлық) анықтау және оларға қарсы әрекеттер саласында потенциалды арттыра отырып, украина-молдова шекарасы арқылы адамдар мен тауарларды тасымалдауға септiгiн тигiзу мақсатында украин-молдова шекарасында орналасқан кейбiр шекаралық бекеттерде бiрлескен басқаруды құру (деректермен алмасуды жүзеге асыруға септiгiн тигiзетiн жабдықтар, оқу инфрақұрылым, ақпараттық құралдар).
      2) Трансднестров мәселесiн шешу үшiн жағдай жасауға үлесiн қоса отырып, жалпы украина-молдова шекарасын басқару саласында сенiмдiлiк жағдайын жасауға септiгiн тигiзу және ынтымақтастық мақсатында жалпы украина-молдова шекарасын межелеудi аяқтау (зерттеулер, жұмыстар және жеткiзулер). Украина мен Молдованың жалпы шекараларын межелеудi аяқтау.

       2.3.2 Орталық Азияда шекараларды басқару бағдарламасы (BOMCA 6)

      Бiрнеше жылдар бойы ЕК BOMCA/CADAP - Орталық Азиядағы қауiпсiздiк жөнiндегi екi бағдарламаны iске асыруды жүзеге асырып отыр. Осы екi бағдарламаның жалпы мақсаты Орталық Азияның бес мемлекетiне қауiпсiздiк саласында олардың жағдайын жетiлдiруге септiгiн тигiзу және адамдар мен тауарларды шекара арқылы тасымалдауға бiр уақытта септiгiн тигiзу болып табылады. Атап айтқанда, BOMCA шекараларды басқаруды жаңғыртуға бағытталған, ал CADAP заңсыз есiрткiмен сауданың және оларды пайдаланудың алдын алуға бағытталған.
      BOMCA 6 өзiнiң септiгiн Орталық Азияның 4 пилоттық шекаралық өңiрлерiне шоғырландыратын болады. Әрбiр пилоттық шекаралық өңiрде ВОМСА 6 EO-ның ең жақсы мысалдарына сәйкес шекараларды қазiргi заманға сай басқару принциптерiн енгiзудi көтермелеп отырады. Осы өңiрлерде ВОМСА тауарларды заңды сатуға және адамдарды тасымалдауға бiр уақытта септiгiн тигiзе отырып, заңсыз трафиктiң алдын алуға бағытталады.
      Жобаның шеңберiнде ЕО көмегiнiң көрнекiлiгiн қамтамасыз ету мәселесiн қарау қажет, оған бұрын кейбiр кезде назар аударылмады. Және, ең бастысы, үйлестiру мәселесi ынтымақтастық сияқты сезiмтал салада елеулi нәтижелерге қол жеткiзуде маңызды болып табылады.

  3. ЕК өткен жылдарының тәжiрибелерi

       3.1 Табиғи ресурстарды тұрақты басқару

      Өткен және қазiргi жобалар шеңберiнде қоса алғанда, су ресурстарымен байланысты өңiрдегi ЕК iс-шаралары су секторына инвестициялардың елеулi қажеттiлiгiн ғана емес, сондай-ақ инвестицияларды тиiсiнше жоспарлау жеткiлiксiздiгiн де және сапалық та сандық та қатынаста қызметтер көрсетудiң нашар деңгейiн де анықтады. Осы мәселелерге кейбiр жауаптар да бар, мысалы, iске асырылып отырған Су Бастамасы шеңберiнде немесе ЕЕССА елдерiнiң Экология министрлерi қабылдаған қалалық су секторы реформалары бойынша басқаратын принциптер шеңберiнде.
      Соңғы жылдары ЕК шын мәнiнде жобаларды iске асыруға дайындау жөнiнде бiрқатар қорларды қаржыландырды (негiзiнен Бiрлескен экологиялық бағдарламаны, Қара теңiзге инвестициялар қоры және су секторына инвестицияларды қолдау). Муниципалды су схемасы және ағын сулар схемасы бойынша бiрқатар зерттеулер өткiзiлдi, олардың барысында, өзгеден басқа су жабдықтарының қуаттылығын арттыру мақсатында компьютерлiк қамтамасыз ету саласындағы iс-шараларды болашақ инвестициялармен байланыстыру қажеттiлiгi анықталған болатын. Екi тарапты көзқарас шеңберiнде осы техникалық-экономикалық зерттеулердiң кейбiреулерiн жалғастыру ұсынылып отыр, ол, бiр тараптан, Халықаралық қаржы институттарының қарызын қолдауға грант қорын, екiншi тараптан, реципиенттердiң су жабдықтарының қуаттылығын арттыру тетiктерiн және су заңнамасын дамытуды/қолдануды ұсынады.
      ЕО-ның ХҚИ-мен, атап айтқанда, Еуропа Қайта құру және Даму Банкiсiмен (ЕҚДБ) және Дүниежүзiлiк банкпен ЕЕССА өңiрiнде су жеткiзу және санитария секторында (WS&S) муниципалды инфрақұрылымдарды дамыту саласында бiрлесiп жұмыс iстеген ұзақ тарихы бар. Бұдан басқа, ТАСИС үшiн 2005-2008 жылдарға арналған экология мәселелерi жөнiндегi жұмысты дайындау мақсатында 2004 жылы өткiзiлген "Су ресурстарын тұрақты басқару саласында ЕЕССА-да өңiрлiк ынтымақтастықты талдау" су жеткiзу және санитария секторына (WS&S) (немесе кез келген муниципалды қызмет көрсететiн секторға) инвестицияларды қаржыландыру мүмкiндiгi шектеулi екендiгiн байқады.

       3.2 ТРАСЕК бағдарламасы

      Сауда мен инвестицияны (желiлердi) дамыту барысында ТАСИС-тiң Өңiрлiк Бағдарламасынан алынған және ТРАСЕК-тiң бағдарламасымен байланысты негізгi сабақтарды былайша бiлдiруге (бiрақ шектемеуге) болады:
      - Жобалар үстiңгi мақсаттарда және екiншi кезектегi мен жалпы мақсаттар арасындағы байланысты қамтамасыз ету қажеттiлiгiмен орталықтандырылатын болады.
      - Масштаб тиiмдiлiге қол жеткiзу мақсатында өңiрлiк және өңiраралық үйлестiрудi қамтамасыз ету қажет, ресурстарды неғұрлым тиiмдi және пайдалы пайдалану және елдер арасында тәжiрибелермен және ең жақсы мысалдармен алмасу.
      - Реформалар барысында өзгерiстi қамтамасыз ету мақсатында ЕО-ға септiгiн тигiзу үшiн ұзақ мерзiмдi стратегия мен көру қажет.
      - Басқа донорлармен тығыс үйлесу және ЕК-нiң өңiрлерде қатысу көрнекiлiгiн қамтамасыз етудi арттыру.
      ТРАСЕК-тiң бағдарламасы шеңберiнде қол жеткiзiлген оң нәтижелер негiзiнде бенефициар-елдер 2005 жылғы сәуiрде Бакуде Үкiметаралық Кеңестiң отырысында қабылданған 2005 жылға арналған Қызметтер бағдарламасының жобаларын бiрлесiп қаржыландыру және ТРАСЕК-тiң институционалды құрылымдары үшiн қаржыландыру туралы бiрлескен келiсiм арқылы өздерiне бағдарламаны иемденудi қабылдау өтiнiшiн бiлдiрдi.

       3.3 INOGATE бағдарламасы

      INOGATE бағдарламасы энергетика саласында жобаларды қаржыландыру үшiн шетел инвесторларын тарту жөнiндегі катализатор және халықаралық қаржы институттары ретiнде бiлiнедi. Бұл әрiптестер INОGАТЕ-тiң жобалар бойынша бенефициарларға ноу-хауды беруде және банк мұнай және газ бойынша жобаларды есепке алуға қабылдайтын жоғары сапалы сұрау салуларды дайындауда септiгiн тигiзгенi үшiн өздерiнiң ризашылығын бiлдiрдi. Ұсынылып отырған жыл сайынғы бағдарлама бойынша үйлестiру және пiкiрлермен алмасу мақсатында министрлер деңгейiнде жыл сайынғы кездесудi ұйымдастыру меншiктi сезiнудi және осылайша, бағдарламаның тұрақтылығын арттырды.

       3.4 Әдiл сот және құқықтық тәртiп

      Есiрткi тарату проблемасына қойылған акцент уақыт өткен сайын, бiр тараптан, қазiргi заманға сай құқық қорғау органдары мен әдiлет жүйелерiн дамыту саласында потенциалды арттыру жөнiндегi қызметтердi, ал екiншi тараптан, түрлi қатерлердi қысқарту жөнiнде қажет құралдарды бiрiктiре отырып, "қауiпсiздiк пен көшi-қонға" неғұрлым кең көзқарасқа сiңiп кеттi. Шекаралық бақылауды нығайту шеңберiнде барлық құқық қорғау агенттiктерi әдiлет пен полиция саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қатысады деп күтiлуде.

  4. Қосымша iс-әрекеттер

      Осы 2005 жылға арналған өңiрлiк бағдарламаның шеңберiнде ұсынылып отырған iс-шаралар ТАСИС-тiң тиiстi Ұлттық Iс-әрекеттер бағдарламасы шеңберiнде ЕК қаржыландыратын басқа iс-шаралармен тығыз үйлесетiн болады.
      Олар шекараға жақын аудандарды экономикалық дамыту, қоршаған орта және жұқпалы аурулар, заңсыз көшi-қон, контрабанда және адамдар арасындағы қарым-қатынас сияқты географиялық жақындықтан пайда болатын жалпы мәселелердi шешуге бағытталған ТАСИС-тiң Трансшекаралық ынтымақтастық бағдарламасын толықтыратын болады.
      Олар сондай-ақ, Орталық Азия елдерiнде тұрақтылық пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және оларға тұрақты экономикалық дамуда және кедейлiктi төмендетуде көмек көрсетуге бағытталатын Орталық Азия бойынша Iс-әрекеттер бағдарламасын толықтыратын болады.
      Осы IӘ бағдарламасы шеңберiнде қаржыландырылатын жобаларға нақты қосымша iс-әрекеттер бойынша қосымша ақпарат осы құжатқа қоса берiлетiн жобаларды қысқаша сипаттауда берiледi.

  5. Басқа донорлармен үйлестiру

       Су ресурстарын басқару

      Жобаларды iске асыру барысында бенефициар-мемлекеттердiң, ЕК қызметтерiнiң, мүше-мемлекеттердiң және ХҚИ-әрiптестердiң тұрақты консультациялық органы есебiнде жұмыс iстеуi тиiс EO-ның Су Бастамасы жөнiндегi ЕЕССА Жұмыс тобының қазiргi құрауышымен үйлестiру жүзеге асырылады.
      ОЭСР осы Жұмыс тобында қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi Іс-әрекеттер бағдарламасының шеңберiнде - 2002 жылға арналған ТАСИС-тiң Өңiрлiк бағдарламасының шеңберiнде үнемi қаржыландырылатын - ТМД елдерi арасында су саясаты бойынша бәрiн қамтитын ұлттық құқықтық және әкiмшiлiк шеңберлердi дамыту бойынша, атап айтқанда, су қызметтерiне тиiстi билiк етудi, басқаруды және баға белгiлеудi қамтамасыз етуге қатысты талқылауды белсендi үйлестiредi.
      Ұлыбритания - DFID арқылы - Қазақстанда Су Ресурстарын Бiрiктiрiлген Басқару (СРББ) жобасына белсендi қатысады (жоба аяқталған). Норвегия ПРООН-мен бiрге СРББ-ге қатысады, сондай-ақ Дания - DEPA - арқылы ЕЕССА елдерiнде су iс-шараларына шолу жасады.
      ЕЭК OOH "ТМД-де су ресурстары мәселелерi бойынша трансшекаралық ынтымақтастық" бойынша шолу және су ресурстарын басқаруға қатысты ұсыныстармен ПРООН-ның стратегиялық бағдарламасын  жариялады, EЭK ООН да, ПРООН да өз ұсыныстарын осы жобаға енгiзгiлерi келедi.

       ТРАСЕК бағдарламасы

      ТРАСЕК-тiң Yнемi Хатшылығы және сауданы нығайту және институционалдық қолдау жөнiндегi жоба сияқты ТРАСЕК-тiң институттары арқылы сауда мен көлiк секторын нығайту саласында жобалардың тиiмдiлiгiн өзара арттыру мақсатында өңiрде басқа негiзгi донорлармен үнемi диалог қамтамасыз етiледi. Олармен үнемi үйлестiру жүзеге асырылатын өңiрдегі донорлық ұйымдарды ЕҚДБ, ДБ, АДБ, EЭK ООН, Кувейт даму қоры (KDF), Жапония ынтымақтастығы жөнiндегi Халықаралық агенттiгi (JIСА) және ЮСАИД ұсынды.

       INOGATE бағдарламасы

      ЕБРД-мен белсендi үйлестiру жүзеге асырылады, негiзiнен, инвестицияларды тарту саласында қолдауға бағытталған жобаларды iске асыру саласында, атап айтқанда:
      - Мұнай-газ жобалары шеңберiнде инвестицияларды тарту үшiн INОGАТЕ-IFI-дiң техникалық жәрдемдесуiн қолдау жөнiндегi қор
      - Орталық Азияда газ жеткiзудi және халықаралық тасымалдауды дамыту үшiн тез әрекет етудiң сарапшы қоры
      2003 жылға арналған Ұлттық Іс-әрекеттер бағдарламасы шеңберiнде Ресей Федерациясында EO мен Ресей арасында газ саласында стандарттарды үйлестiру жөнiнде ұқсас жобаны iске асыру ұсынылып отырғанын атап өту қажет, бұның осы жобаны сипаттаудың 1-құрауышына қатысы бар.

       Әдiл сот және құқықтық тәртiп

      ВОМСА шекараны басқару саласында жәрдемдесу үшiн үйлестiру шеңберлерiн бiлдiредi. Шекара басқарудың кәсiптiк жүйелерiн дамыту тек ұзақ жылдар бойы жәрдемдесу шеңберiнде жүзеге асыруға болатын ұзақ мерзiмдi процесс болып табылады. Ең жақсы ықтимал нәтижелерге қол жеткiзу үшiн Орталық Азияда операция жүргiзетiн барлық әрiптестер бiрдей араласу шеңберiнде өз iс-шараларын үйлестiру және өткiзу маңызды. ВОМСА ұсынып отырған құрылымдық көзқарас мынадай үйлестiрудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi (Ұлыбритания және Германия ВОМСА шеңберiнде толығымен бiрiктiрiлген, Орталық Азияда шекараларды басқару жобасын қаржыландырады). Осы көзқарас донорлар арасында ынтымақтастық деңгейiн арттыруға алып келуi тиiс; үстемелердiң қысқаруына және шекаралық жәрдемдесу тиiмдiлiгiн арттыруға. Бұдан басқа, донорлар арасындағы арттырылған үйлестiру деңгейi саясат саласында ұсынымдарға елеулi салмағын тигiзуi тиiс.

  6. Құны және қаржыландыру

Ынтымақтастық саласы

Миллион Еуро

Су ресурстарын тұрақты басқару

25.0

1. Су жеткiзу және санитария секторына инвестицияларды бiрлесiп қаржыландыру

2. ОЭСР су ресурстарын басқару жөнiндегі жобаны қолдау

3. Су ресурстарын басқару

4. Тобыл-Ертiс өзендерi бассейндерiнде трансшекаралық өзендердi басқару жоспары

13,5
 

  1,5
 

  6,0
 
  4,0

Сауда мен инвестицияны (желiлердi) нығайту

16.0

5. TPACEK бағдарламасы
6. ИНОГЕЙТ бағдарламасы

10,0
6,0

Әдiл сот және құқықтық тәртiп

12.6

7. Украина мен Молдова арасында шекаралық ынтымақтастық саласындағы қолдау
8. Орталық Азия бойынша шекараларды басқару бағдарламасы

6,6

6,0

Жиыны

53.6

Аббревиатуралар сөздiгi

OLAF

Еurореаn Anti-Fraud Office

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi Еуропалық Кеңсе

Court of Auditors

Есеп Палатасы

ВОМСА

Border Management Central Asia Programme

Орталық Азияда шекараларды басқару бағдарламасы

САDАР

Central-Asia Drug Action Programme

Орталық Азияда есiрткiмен күрес жөнiндегi бағдарлама

INOGATE

Inter-State Oil & Gas Transport to Europe

Еуропаға мұнай мен газды мемлекетаралық тасымалдау

TRACECA

Transport Corridor Еurоре-Саuсаsus-Аsiа

Еуропа-Кавказ-Азия көлiк коридоры

BUМАD/БУМАД

Веlаrus, Ukraine and Moldova against Drugs

Беларусь, Украина және Молдова Есiрткiге қарсы

СКАД/SCAD

Southern Caucasus anti Drag Programme

Оңтүстiк Кавказ есiрткiге қарсы

IОМ/МОМ

International Organisation Migration

Көшi-қон жөнiндегi халықаралық ұйым

ISTC

International Scientific-Technical Center

Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО)

INTAS

International Association for the Promotion of Cooperation with Scientists from the New Independent States of the Former Soviet Union

EBRD/ESPP

Еуропа Қайта құру және Даму банкi

UNEP/ЮНЕП

United Nations Environment Programme

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта жөнiндегi бағдарламасы

РRМ

Population, Refugees and Migration Bureau (US)

АҚШ-тың халықтың өсуi, босқындар және көшi-қон жөнiндегi бюросы

TEN-T

The Trans-European Transport Networks

Транс-еуропа көлiк желiлерi

WSSD

World Summit Sustainable Development

Дүниежүзiлiк Тұрақты даму саммитi

Millennium Development Goals

Мыңжылдықтың даму мақсаттары

EIWI

EU Water Initiative

Еуропа Одағының су бастамасы

EECCA

Eastern Europe, Caucasus and Central Asia

Солтүстiк Еуропа, Кавказ, Орталық Азия

OECD

Organization for Economic Cooperation and Development

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

UNECE

UN Economic Commission for Europe

БҰҰ-ның Еуропа Экономикалық Комиссиясы

UNDP

United Nations Development Programme

БҰҰ-ның Даму бағдарламасы (БҰҰДБ)

ANSI

Аmеriсаn National Standards Institute

АҚШ-тың Стандарттау институты

ASME

American Society Mechanical Engineers

АҚШ-тың инженерлер механиктер қоғамы

ЕАР

Environmental Action Plan

Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-әрекеттер бағдарламасы

DFID

Department for International Development (UK)

Халықаралық Даму Департаментi (Ұлыбритания)

IWRM

Integrated Water Resource Management

Бiрiктiрiлген су ресурстарын басқару

Justice and Home Affairs

Әдiл сот және құқықтық тәртiп

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады