Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы арасындағы "2005 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС iс-қимыл бағдарламасы (2-бағыт: ұлттық деңгейде iске асырылатын бағдарламаларды өңiрлiк қолдау) - Қазақстан" жөнiндегi қаржылық келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1333 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы арасындағы "2005 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС iс-қимыл бағдарламасы (2-бағыт: ұлттық деңгейде iске асырылатын бағдарламаларды өңiрлiк қолдау) - Қазақстан" жөнiндегi қаржылық келiсiмнiң жобасы оған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң түсiндiруi туралы мәлiмдемесiмен бiрге мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi Виктор Васильевич Супрунға Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы арасындағы "2005 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС iс-қимыл бағдарламасы (2-бағыт: ұлттық деңгейде iске асырылатын бағдарламаларды өңiрлiк қолдау) - Қазақстан" жөнiндегi қаржылық келiсiмге оған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң түсiндiру туралы мәлiмдемесiмен бiрге қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      мiндетiн атқарушы

  БIРНЕШЕ ЕЛДЕРДI ҚАМТИТЫН БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМ АРНАЙЫ ШАРТТАР

      Бұдан әрi "Комиссия" деп аталатын Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы ұсынған, бұдан әрi "Қоғамдастық" деп аталатын Еуропалық Қоғамдастық бiр тараптан және бұдан әрi "Бенефициар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi екiншi тараптан
      ТӨМЕНДЕГIЛЕР ТУРАЛЫ УАҒДАЛАСТЫ:

      1-БАП - ОПЕРАЦИЯНЫҢ МӘНI МЕН МАҚСАТЫ

      1.1. Қоғамдастық II қосымшадағы Техникалық және әкiмшiлiк ережелерде жазылған бұдан әрi Бағдарлама деп аталатын 2005 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС iс-қимыл бағдарламасы (2-бағыт: Ұлттық деңгейде жүзеге асырылатын бағдарламаларға өңiрлiк қолдау) - Қазақстан қаржыландыруға өз үлесiн қосады 1 .
____________________________
1 Бұл дата жақтармен келісілген жобаларды іске асыруға Еуропалық Одақпен бюджетті бөлген жылға қатысты
 
        1.2. Бұл Бағдарлама қаржылық келiсiмге және оның қосымшаларына: Жалпы шарттар (І қосымша) мен Техникалық және әкiмшiлiк ережелер (II қосымша) сәйкес орындалады.

      2-БАП - ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҮЛЕСІ

      2.1. Бағдарламаның жалпы құны 3,4 миллион Евроға бағалануда.
      2.2. Қоғамдастық ең көп дегенде 3,4 миллион Евро бөлудi мiндеттенедi. Бюджеттiк баптар бойынша Қоғамдастықтың қаржылық үлесiн бөлу II қосымшаның Техникалық және әкiмшiлiк ережелерiне қосылған бюджетте көрсетiлген.

      3-БАП - БЕНЕФИЦИАРДЫҢ ҮЛЕСІ

      3.1. Бенефициар Бағдарламаға қаржылық үлес қоспайды.
      3.2 Бенефициардың қаржылық емес үлесi бойынша Техникалық және әкiмшiлiк ережелерде, қаржылық келiсiмге II қосымшада егжей-тегжейлi уағдаластықтар жасалады.

      4-БАП - ОРЫНДАЛУ КЕЗЕҢI

      Қаржылық келiсiмнiң орындалу кезеңi қаржылық келiсiмнiң күшiне енген сәтiнен басталады және 2011 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Аталған орындалу кезеңi екi кезеңнен: қаржылық келiсiмнiң күшiне енген сәтiнен басталатын және 2009 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатын операциялық iске асыру кезеңiнен тұрады. Және осы күннен бастап орындалу кезеңiнiң соңында аяқталатын аяқталу кезеңi басталады.

      5-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМДI IСКЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН КЕЛIСIМ-ШАРТТАРҒА СОҢҒЫ ҚОЛ ҚОЮ КYНI

      Қаржылық келiсiмдi iске асыруға арналған келiсiм-шарттарға ең кеш дегенде 2008 жылдың 27 желтоқсанында қол қойылады. Бұл соңғы мерзiм ұзартылмайды. Осы ереже кеш қол қою болып аудит және келiсiм шарттарды бағалауға жайылмады.

      6-БАП - МЕКЕН ЖАЙЛАР

      Қаржылық келiсiмдi iске асыруға қатысты барлық хабарлар жазбаша түрде, бағдарламаға арналған нақты сiлтемесi болуы және мына мекен жайлар бойынша жiберiлуi тиiс:
       а) Комиссия үшiн
      Mr. Riсhаrd WEBER
      Director
      EuropeAid Co-operation Оffiсе
      Comission of the Еurореаn Communities
      Rue de la Loi 200
      В-1049 Brussels Belgium
      Fax: +32 2 295 74 82
       b) Бенефициар үшiн
      Виктор Супрун мырза
      Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау
      вице-министрi
      Қазақстан Республикасы
      010000, Астана
      Жеңiс даңғылы - 11, каб 922
      Тел: +7 (3172) 71 85 44
      Факс: + 7 (3172) 71 85 45

      7-БАП - ҚОСЫМШАЛАР

      7.1. Мына құжаттар аталған келiсiмге қоса берiледi және оның ажырамас бөлiгi болып табылады:
      I қосымша: Жалпы шарттар
      II қосымша: Техникалық және әкімшілiк ережелер.
      7.2. Қаржылық келiсiмнiң Қосымшалары мен Арнайы шарттарының ережелерi арасында қайшылық болған жағдайда Арнайы шарттардың ережелерi басымдыққа ие болады. I қосымша мен II қосымшаның ережелерi арасында қайшылық болған жағдайда I қосымшаның ережелерi басымдыққа ие болады.

      8-БАП - БАҒДАРЛАМАҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАСҚА ДА АРНАЙЫ ШАРТТАР

      8.1. "Жалпы шарттар" мынадай ережелермен толықтырылды:
      8.1.1. 1-шi қосымша "Жалпы шарттардың" 3.1-бабына қатысты, iске асыру бенефициардың мүддесiне жүзеге асырылады деп ұйғарылып отыр.
      8.2. "Қаржылық келiсiмге қатысты Жалпы шарттардың" басқа баптары осы Қаржылық келiсiмге қосымша берiлген "Жалпы шарттарымен" алмастырылған.

      9-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМНIҢ КҮШIНЕ ЕНУI

      Осы Қаржылық келiсiм оған қол қойған екі тараптың соңғысының қол қойған күнiнен бастап күшiне енеді.
      Осы Қаржылық келiсiм Брюссельде үш түпнұсқада ағылшын тiлiнде жасалды, екi данасы Комиссияға және бiр данасы Бенефициарға жiберiлуге тиiс.

КОМИССИЯ YШIН                        БЕНЕФИЦИАР YШIН
Ричард Вебер мырза                      Виктор Супрун мырза
Директор                              Қазақстан Республикасы
EuropeAid жәрдемдесу офисi           Экономика және бюджеттiк
Еуропалық Комиссия                    жоспарлау вице-министрi

Брюссель                                      Астана

Күні:                                         Күні:

I ҚОСЫМША - ЖАЛПЫ ШАРТТАР I ТАРАУ - ЖОБАНЫ/БАҒДАРЛАМАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

      1-БАП - ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1.1 Қоғамдастықтардың қаржылық үлесi қаржылық келiсiмде айқындалған сан шегiнде болуы тиiс.
      1.2 Қоғамдастықтардың қаржылық үлесiн беру Бенефициар қаржылық келiсiм бойынша қабылданған мiндеттемелердi орындаған жағдайда жүргiзiлуге тиiс.

      2-БАП - АРТЫҚ ШЫҒЫН ЖӘНЕ ОНЫ ЖАБУ

      2.1 Қаржылық келiсiм бюджетiнiң жекелеген баптары бойынша артық шығын аталған "Жалпы шарттардың" 17-бабына сәйкес жалпы бюджет iшiнде қаражатты қайта бөлу арқылы жабылуы тиiс.
      2.2 Қаржылық келiсiм бойынша айқындалған қаражаттың жалпы санының артық шығын тәуекелi кезiнде Комиссия жобаны/бағдарламаны қысқартуы не Бенефициардың меншiк ресурстарын немесе Қоғамдастықтардың ресурстарынан өзгеше басқа да ресурстарды тартуы мүмкiн.
      2.3 Жобаны/бағдарламаны қысқарту мүмкiн болмаған кезде немесе егер қаражаттың артық шығынын Бенефициардың ресурстарымен немесе басқа да ресурстармен жабу мүмкiн болмаса, Комиссия айрықша жағдайда қосымша қаржы субсидияларын ұсынуы мүмкiн. Мұндай келiсiм болған кезде шығыстардың артық қалуы Комиссия айқындаған мөлшерде қосымша қаржы үлес есебiнен Қоғамдастықтардың тиiстi ережелерi мен рәсiмдерiне залал келтiрмей қайта қаржыландырылуы мүмкiн.

II ТАРАУ - IСКЕ АСЫРУ

      3-БАП - ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      3.1 Жобаны/бағдарламаны Бенефициар үшiн және оның атынан әрекет ететiн Еуропалық Комиссия iске асырады.
      3.2 Делегация басшысы Бенефициардың мемлекетiнде Еуропалық Комиссияны бiлдiредi.

      4-БАП - ОРЫНДАЛУ МЕРЗIМI

      4.1 Қаржылық келiсiмде қаржылық келiсiмнiң күшiне енген күнiнен басталатын және "Арнайы шарттардың" 4-бабында көрсетiлген күнге сәйкес аяқталатын орындалу мерзiмi көрсетiлуi тиiс.
      4.2 Аталған орындалу мерзiмi екi кезеңнен тұрады:
      - барлық негiзгi iс-шаралар жүргiзiлетiн шеңберде практикалық iске асыру кезеңi. Аталған кезең қаржылық келiсiм күшiне енген күнiнен басталады және орындалу мерзiмiнiң соңына дейiн 24 айдан кешiктiрмей аяқталады;
      - түпкiлiктi аудит және бағалық талдау жүргiзiлетiн, сондай-ақ техникалық және қаржылық жағынан қаржылық келiсiм бойынша барлық келiсiм-шарттар жабылатын қорытынды кезеңi. Аталған кезең практикалық iске асыру кезеңi аяқталған күнiнен басталады және осы күннен кейiн 24 айдан кешiктiрмей аяқталады.
      4.3 Негiзгi iс-шаралар бойынша шығыстарды олар практикалық iске асыру кезеңi iшiнде туындаған жағдайда ғана Комиссия қайта қаржыландыруы мүмкiн. Түпкiлiктi аудит және бағалық талдау жүргiзу жөнiндегi шығыстар қорытынды кезеңнiң аяғына дейiн заңды болып табылады.
      4.4 Қоғамдастық қосқан үлестен кейiн қалған кез келген теңгерiм орындалу мерзiмi аяқталғаннан кейiн алты айдан соң автоматты түрде күшін жояды.
      4.5 Ерекше және уақтылы негiзделген жағдайларда практикалық iске асыру кезеңiн және тиiсiнше орындалу мерзiмiн ұзарту жөнiнде сұрау салынуы мүмкiн. Егер ұзартуды Бенефициар жасаса, онда сұрау практикалық iске асыру кезеңiнiң соңына дейiн кемiнде үш ай қалғанда жасалуы және осы мерзiм iшiнде оны Комиссия мақұлдауы тиiс.
      4.6 Ерекше және уақтылы негiзделген жағдайларда және практикалық iске асыру кезеңi аяқталғаннан кейiн, қорытынды кезеңiн және тиiсiнше орындалу мерзiмiн ұзарту жөнiнде сұрау салынуы мүмкiн. Егер ұзартуды Бенефициар жасаса, онда сұрау қорытынды кезеңнiң соңына кемiнде үш ай қалғанда жасалуы және осы мерзiм iшiнде оны Комиссия мақұлдауы тиiс.

III ТАРАУ - КЕЛIСIМ-ШАРТТАР МЕН ГРАНТТАР БЕРУ

      5-БАП - ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      Қаржылық келiсiмдi iске асыратын барлық келiсiм-шарттар тиiстi рәсiмдердiң басынан бастап әрекет ететiн сыртқы iс-шараларды iске асыру үшiн Комиссия айқындаған және жариялаған рәсiмдер мен стандартты құжаттарға сәйкес жасалуы және орындалуы тиiс.

      6-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМДI IСКЕ АСЫРАТЫН КЕЛIСIМ- ШАРТТАРҒА СОҢҒЫ ҚОЛ ҚОЮ МЕРЗIМI

      6.1 Қаржылық келiсiмдi iске асыратын келiсiм-шарттарға Комиссия бюджеттiк мiндеттеменi қабылдағаннан кейiн үш жыл iшiнде, атап айтқанда "Арнайы шарттардың" 5-бабында көрсетiлген күнге дейiн екi тарап қол қоюға тиiс. Аталған түпкiлiктi мерзiм ұзартылмайды.
      6.2 Жоғарыда көрсетiлген ереже кейiннен қол қойылуы мүмкiн аудит және бағалау iс-шараларын жүргiзу жөнiндегi келiсiм-шарттарға қолданылмайды.
      6.3 "Арнайы шарттардың" 5-бабында көрсетiлген мерзiмде қаражаттың кез келген қалдығына қол қойылмаған келiсiм-шарт күшiн жояды.
      6.4 Келiсiм-шарт, оған қол қойғаннан кейiн үш жыл iшiнде төлем жүргiзiлмес қаражатты алып қоюмен оның қолданысы автоматты түрде тоқтатылады.

      7-БАП - ЗАҢДЫЛЫҒЫ

      7.1 Жұмыстарға, қызметтерге немесе жеткiзулерге арналған келiсiм-шарттарды беру жөнiндегi тендерге шақыруларға қатысу Қоғамдастықтарға мүше қатысушы мемлекеттердiң барлық жеке және заңды тұлғалары үшiн және алушы үшiншi бенефициар-елдердiң барлық жеке және заңды тұлғалары немесе аталған актiлерде нақты көрсетiлген кез келген басқа үшiншi ел үшiн ынтымақтастықтың тиiстi секторын реттейтiн негiзгi актiлердiң ерекше ережелерiне сәйкес тең жағдайларда ашық болуы тиiс.
      7.2 Өтiнiм беру конкурсына қатысу Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң барлық заңды тұлғалары үшiн және алушы үшiншi елдердiң барлық заңды тұлғалары немесе аталған актiлерде нақты көрсетiлген басқа үшiншi ел үшiн ынтымақтастықтың тиiстi секторын реттейтiн негiзгi актiлердiң ерекше ережелерiне сәйкес тең ашық болуы тиiс.
      7.3. Комиссия мақұлдаған ерекше және уақтылы негiзделген жағдайларда, ынтымақтастықтың тиiстi секторын реттейтiн негiзгi актiлердiң ерекше шарттары негiзiнде 1 және 2-параграфтарда көрсетiлгеннен басқа үшiншi елдердiң өкiлдерiне келiсiм-шарттарды беру тендерлерiне қатысуға рұқсат беру туралы шешiм қабылдануы мүмкiн.
      7.4 Қоғамдастықтар қаржыландыратын және жұмыстарға, жеткiзулер мен қызметтерге арналған келiсiм-шарттарды орындау үшiн қажеттi тауарлар мен қызметтер, сондай-ақ қаржыландырылатын iс-шараларды орындау үшiн гранттарды алушылар ұйымдастырған сатып алу рәсiмдерi алдағы үш параграфтарда жазылған шарттарда қатысуға құқығы бар елдерде өндiрiлуi тиiс.
      7.5 Аталған азаматтық ережесi сондай-ақ Қоғамдастықтар қаржыландыратын тендерлiк рәсiмдерге немесе қызметтерге арналған келiсiм-шарттарға қатысушы қызметтердi жеткiзушiлер ұсынған сарапшыларға қолданылуы тиiс.

IV ТАРАУ - КЕЛIСIМ-ШАРТТАРДЫ ОРЫНДАУҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЕРЕЖЕ

      8-БАП - ТҰРУ ҚҰҚЫҒЫ

      8.1 Келiсiм-шарт сипатының негiздемесi кезiнде жұмыстарға, жеткiзулерге және қызметтерге арналған келiсiм-шарттарды беруге арналған тендерлiк рәсiмдерге шақыруға қатысатын жеке және заңды тұлғалар Бенефициар елде тұру құқығына ие болуы тиiс. Аталған құқық келiсiм-шартты бергеннен кейiн бiр ай бойы жарамды болуы тиiс.
      8.2 Келiсiм-шартты орындау үшiн қызметтерi қажеттi мердiгерлер (грант алушыларды қоса алғанда) мен жеке тұлғалардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнiң жобаны/бағдарламаны iске асыру кезiнде осындай құқықтары болуы тиiс.

      9-БАП - САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕНДIК ЕРЕЖЕЛЕР

      9.1 "Арнайы шарттарда" арнайы жазылған жағдайларды қоспағанда Қоғамдастықтардың қаржылай көмегi салықтық, кедендiк немесе басқа да баждардан (қосылған құн салығынан немесе басқа да осыған ұқсас салықтарды қоса алғанда) босатылуы тиiс.
      9.2 Бенефициар ел Қоғамдастық қаржыландыратын сатып алатын келiсiм-шарттарға немесе гранттарға қатысты елде әрекет ететiн мемлекеттiк немесе халықаралық донорлық ұйымдарға қолданатын неғұрлым жеңiлдiктi салық және кедендiк рәсiмдердi қолдануы тиiс.
      9.3 Егер Негіздемелiк келiсiмде немесе ресми хаттарда аталған мәселе бойынша егжей-тегжейлi ережелер қамтылса, олар да қолданылуы тиiс.

      10-БАП - ШЕТЕЛДIК ВАЛЮТА ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ

      10.1 Бенефициар ел жобаны iске асыру үшiн қажеттi шетелдiк валютаны әкелудi немесе сатып алуды қамтамасыз етуге мiндеттенедi. Ол, сондай-ақ аталған Жалпы шарттардың 7-бабына сәйкес қатысуға рұқсат алған мердiгерлерге қатысты кемсiтусiз шетелдiк валютаны ресми айырбастау ережесiн қолдануға мiндеттенедi.
      10.2 Егер Негiздемелiк келiсiмде немесе ресми хаттарда аталған мәселе бойынша егжей-тегжейлi ережелер қамтылса, олар да қолданылуы тиiс.

      11-БАП - ЗЕРТТЕУЛЕР БАРЫСЫНДА АЛЫНҒАН ДЕРЕКТЕРIН ПАЙДАЛАНУ

      Егер қаржылық келiсiм зерттеулер жүргiзудi қамтыса, қаржылық келiсiмдi iске асыру үшiн қол қойылған аталған зерттеулердi жүргiзу жөнiндегi жасалған келiсiм-шарттар зерттеуге арналған меншiк құқығын және алынған деректердi пайдаланудағы, оларды жариялау немесе үшiншi тарапқа берудегi Бенефициар мен Комиссияның құқығын басқару тиiс.

      12-БАП - КЕЛIСIМ-ШАРТТАР БОЙЫНША ҚАЙТАРЫЛҒАН ҚАРАЖАТТЫ БӨЛУ

      12.1 Дұрыс жүргiзiлмеген төлемдерден қалпына келтiрiлген немесе алдын ала қаржыландыруға арналған кепiлдiктерден немесе осы қаржылық келiсiм бойынша қаржыландырылатын келiсiм-шарттар негiзiнде ұсынылған орындау кепiлдiктерiнен алынған қаражат жобаға/бағдарламаға берiлуi тиiс.
      12.2 Келiсiм-шартты бекiтетiн сатып алу келiсiм-шартының контексiнде тендер қатысушыларына тарап салған алынып тасталуы мүмкiн қаржы айыппұлдары, тендерлiк кепiлдiктер сауалы, сондай-ақ Комиссияға келтiрiлген залалды өтеу Қоғамдастықтардың жалпы бюджетiне жүргiзiлуi тиiс.

V ТАРАУ - НЕГIЗГI ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      13-БАП - ӘРЕКЕТТIҢ ТYСIНДIРУI

      13.1 Қоғамдастық қаржыландыратын әрбiр жоба/бағдарлама тиiстi коммуникациялық және ақпараттық iс-шараларды басшылыққа алуы тиiс. Осы iс-шаралар Комиссияның келiсiмi болған кезде айқындалуы қажет.
      13.2 Аталған коммуникациялық және ақпараттық iс-шаралар бұл iс-шараларды iске асыру кезiнде әрекет ететiн сыртқы iс-шаралардың көрiнiсiн қамтамасыз ету үшiн Комиссия баяндаған және жариялаған ережеге сәйкес өткiзiлуi тиiс.

      14-БАП - БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ, АЛАЯҚТЫҚТЫ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУ

      14.1 Бенефициар бұзушылықтарды және алаяқтықты болдырмау үшiн тиiстi шаралар қабылдау және Комиссияның сұрауы бойынша мақсатсыз жұмсалмаған қаражатты қайтару үшiн шағым беру тиiс. Бенефициар қабылданған шаралар туралы Комиссияға хабарлауы тиiс.
      14.2 "Бұзушылық" дегенiмiз Еуропалық Қоғамдастықтардың жалпы бюджетiне немесе Қоғамдастықтар басқаратын қаражатқа Еуропалық Қоғамдастықтардың атынан жинақталған меншiк қаражаты немесе ақталмаған шығыстар есебiнен алынған табысты азайту немесе жоғалту түрiнде зиян келтiрiп отырған немесе келтiретiн экономикалық субъектiнiң әрекетiнен немесе әрекетсiздiгiнен көрiнетiн қаржылық келiсiмдер, келiсiм-шарттар немесе Қоғамдастықтардың заңдары ережелерiнен кез келген ауытқуды бiлдiредi.
      "Алаяқтық" дегенiмiз:
      - Еуропалық Қоғамдастықтардың жалпы бюджетiнiң немесе Қоғамдастықтар немесе оның атынан басқаратын бюджет қаражатын заңсыз немесе мақсатсыз ұстап қалуға әкелуi мүмкiн жалған, дұрыс емес немесе толық емес құжаттаманы немесе мәлiметтердi пайдалануға немесе ұсынуға;
      - ерекшелiк мiндеттемелерге, осындай салдарымен зиян келтiретiн ақпаратты жасыруға;
      - осындай қаражатты олардың бастапқы мақсатынан басқа мақсатта заңсыз пайдалануға қатысты кез келген әдейi әрекеттi немесе әрекетсiздiктi бiлдiредi.
      Бенефициар бұзушылық немесе алаяқтық дейтiндей күдiк тудыратын кез келген жағдайлар туралы Комиссияны дереу хабардар етуге тиiс.
      14.3 Бенефициар келiсiм-шарттарды немесе гранттарды беру немесе оларды iске асырудағы рәсiмнiң кез келген сатысында белсендi немесе пассивтi сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiсiн жою үшiн барлық ықтимал шараларды қолдануға мiндеттенедi. "Пассивтi сыбайлас жемқорлық" дегенiмiз ресми тұлғаның тiкелей немесе делдал арқылы жеке өзi үшiн немесе yшiншi тарап үшiн кез келген түрде сыйақы сұраған немесе алған немесе ол белгiлi бiр әрекет немесе әрекетсiздiк жасаған кезде немесе ол Еуропалық Қоғамдастықтардың қаржылық мүдделерiн кемсiтуге әсерi бар немесе әсер ететiн ресми мiндеттерiн бұзудағы өз қызмет бабын пайдаланған кезде осындай сыйақы берiлетiнiне уәде алған әдейi әрекетiн бiлдiредi. "Белсендi сыбайлас жемқорлық" дегенiмiз кiмде-кiмнiң ресми тұлғаға жеке ол үшiн немесе үшiншi тарап үшiн, ол белгiлi бiр әрекет немесе әрекетсiздiк жасау үшiн немесе ол Еуропалық Қоғамдастықтардың қаржылық мүдделерiн кемсiтетiн немесе кемсiтуi мүмкiн ресми мiндеттерiн бұзуда өз қызмет бабын пайдалану үшiн тiкелей немесе делдал арқылы сыйақының кез келген түрiн беруге уәделенуде немесе ұсынудағы әдейi әрекетiн бiлдiредi.

      15-БАП - КОМИССИЯ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНIНДЕГI ЕУРОПАЛЫҚ БӨЛІМІ (СЖҚКЕБ) ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТАРДЫҢ ЕСЕП ПАЛАТАСЫ ТАРАПЫНАН ЖҮРГIЗIЛЕТIН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУ

      15.1 Бенефициар Комиссия, СЖҚКЕБ және Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасы қаржылық келiсiм бойынша (келiсiм-шарттар мен гранттарды беру жөнiндегi рәсiмдi қоса алғанда) бөлiнген Қоғамдастықтардың қаражатын пайдалану жөнiнде жергiлiктi жерлерде құжаттамалық тексерiстер, сондай-ақ қажет болған жағдайда шоттарға қосымша құжаттар мен бухгалтерлiк құжаттар немесе жобаны/бағдарламаны қаржыландыруға қатысты басқа да кез келген құжаттар негiзiнде келiсiмнiң бар мерзiмi және соңғы төлемнiң күнiнен кейiн жетi жыл iшiнде толық аудит жүргiзу мүмкiндiгiмен келiседi.
      15.2 Бенефициар, сондай-ақ СЖҚКЕБ-ның жергiлiктi жерлерде Қоғамдастықтардың заңнамасында жазылған рәсiмдерге сәйкес алаяқтық пен бұзушылықтарға қатысты Еуропалық Қоғамдастықтардың қаржылық мүддесiн қорғау үшiн тексерiстер мен бақылау жүргiзуi мүмкiн екендiгiмен келiседi.
      15.3 Осы мақсатта Бенефициар Комиссияның, СЖҚКЕБ-ның және Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасының ресми өкiлдерiне және олардың уәкiлетті агенттерiне компьютерлiк жүйелердi, сондай-ақ осы iс-шараларды техникалық және қаржылық басқаруға қатысты кез келген құжаттамалық және компьютерлендiрiлген деректердi қоса алғанда, қаржылық келiсiм бойынша қаржыландырылған iс-шаралар өткiзiлген орындар мен үй-жайларға қол жеткiзудi қамтамасыз етуге және осы жұмыстарды жеделдету үшiн барлық ықтимал шараларды қабылдауға мiндеттенедi. Еуропалық Комиссияның, СЖҚКЕБ мен Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасының уәкiлеттi агенттерi үшiн қол жеткiзу үшiншi тарапқа қатысты қатаң құпиялылықты сақтай отырып, мемлекеттiк құқықтық мiндеттемелерге зиян тигізбей берiлу тиiс. Құжаттар қол жетiмдi және оларды қолайлы инспекциялауды қамтамасыз ететiн тәртiпте тiгiлуi қажет және Бенефициар Комиссияға, СЖҚКЕБ мен Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасына олардың нақты орналасқан жерi туралы хабарлауы тиiс.
      15.4 Жоғарыда сипатталған тексерiстер мен аудит Қоғамдастықтардың қаржыландыруын алатын мердiгерлер мен қосалқы мердiгерлерге қатысты да қолданылуы тиiс.
      15.5 Бенефициар жергiлiктi жерлерде тексерiстер жүргiзу үшiн тағайындалған Комиссия, СЖҚКЕБ мен Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасы агенттерiнiң келетiнi туралы хабардар етiлуi тиiс.

      16-БАП - КОМИССИЯ МЕН БЕНЕФИЦИАР АРАСЫНДАҒЫ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР

      16.1 Бенефициар мен Комиссия қаржылық келiсiмнiң баптарын iске асыру немесе түсiндiру туралы даулы мәселелер туындағанға дейiн бiрi-бiрiне консультация беруi қажет.
      16.2 Бұл консультациялар қаржылық келiсiмнiң өзгеруiне, тоқтата тұруға немесе тоқтатылуына алып келуi мүмкiн. 

      17-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМДI ТҮЗЕТУ ЕНГIЗУ

      17.1 Арнайы шарттарға және қаржылық келiсiмнiң II қосымшасына енгiзiлетiн кез келген түзетулер жазбаша түрде енгiзiлуi және қосымшада рәсiмделуi тиiс.
      17.2 Егер түзетуге сұрауды Бенефициар жасаса, онда ол Комиссияға Алушының уақтылы негiздемелерi болған және Комиссия мақұлдаған жағдайларды қоспағанда, осы түзетудiң болжам бойынша күшiне енуiне дейiн кем дегенде үш ай бұрын сұрау салуы тиiс.
      17.3 Iске асырудың практикалық кезеңi мен қорытынды кезеңiн ұзартудың ерекше жағдайлары аталған Жалпы шарттардың 4(5) және (6)-баптарында баяндалған.

      18-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМДI ТОҚТАТА ТҰРУ

      18.1 Қаржылық келiсiм мынадай жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн:
      (а) егер Алушы осы келiсiм бойынша мiндеттемелердi бұзған жағдайда, Комиссия қаржылық келiсiмнiң қолданысын тоқтата тұруы мүмкiн.
      (б) егер Бенефициар адам құқығына, демократиялық қағидаттарға қатысты мiндеттемелер мен заң нормаларын бұзған жағдайда, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жол берiлген жағдайларда, Комиссия қаржылық келiсiмнiң қолданысын тоқтата тұруы мүмкiн.
      (в) Қаржылық келiсiм төменде көзделген форс-мажор жағдайында тоқтатыла тұруы мүмкiн. "Форс-мажор" дегенiмiз тараптардың бiреуiне өз мiндеттемелерiн орындауға кедергi жасайтын, және ол тараптардың (немесе мердiгерлердiң, агенттер мен жұмыскерлердiң) қателiгiне немесе ұқыпсыздықпен қарағанына байланысты емес кез келген күтпеген және айрықша ахуалды немесе оқиғаны бiлдiредi, және де ол барлық салған күштерге қарамастан, еңсерiлмейтiн болып табылады. Жабдықтар мен материалдардағы ақаулары немесе оларды орнатуды кешiктiру, еңбек ұжымындағы даулар, ереуiлдер немесе қаржылық қиындықтар форс-мажор ретiнде пайдаланылмайды. Тарапқа мiндеттемелерiн орындауға форс-мажорлық жағдай кедергi болған кезде, оларды бұзғаны жөнiнде талаптар қойылмайды. Форс-мажорға ұшыраған тарап ол туралы ықтимал ұзақтығы мен болжамды тигiзетiн әсерiн сипаттай отырып, екiншi тарапқа дереу хабарлау, сондай-ақ ықтимал залалды азайту үшiн барлық шараларды қабылдауы қажет.
      18.2 Тоқтата тұру шешiмi туралы алдын ала хабарлама берiлмейдi.
      18.3 Тоқтата тұру туралы хабарлама болған жағдайда ағымдағы келiсiм-шарттарға немесе қол қойылуға тиiс келiсiм-шарттарға оның салдарын белгiлеу қажет.

      19-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМДI БҰЗУ

      19.1 Егер қаржылық келiсiмдi тоқтата тұруға әкелген мәселелер ең жоғары кезең, төрт ай iшiнде шешiлмесе, қаржылық келiсiмдi тоқтату туралы екiншi тарапқа екi ай бұрын хабарлап, кез-келген тарап оны тоқтатуы мүмкiн.
      19.2 Егер қаржылық келiсiмге қол қойылғаннан кейiн үш жыл iшiнде қандай да бiр төлемдер жүргiзiлмесе немесе "Арнайы шарттардың" 5-бабында көрсетiлген күнге оны iске асыру жөнiнде келiсiм-шарттарға қол қойылмаса, қаржылық келiсiмнiң қолданысы автоматты түрде тоқтатылады.
      19.3 Тоқтату туралы хабарлама болған жағдайда ағымдағы келiсiм-шарттарға немесе қол қойылуға тиiс келiсiм-шарттарға оның салдарын белгiлеу қажет.

      20-БАП - ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

      20.1 Аталған Жалпы шарттардың 16-бабында баяндалған тараптар арасындағы консультациялардың алты ай iшiнде шешiлуi мүмкiн емес қаржылық келiсiмге қатысты кез-келген пiкiрсайыс бiр тараптың сұрауы бойынша арбитражда қаралуы мүмкiн.
      20.2 Бұл жағдайда, әрбiр тарап арбитражды жүргiзуге арналған сұраудан кейiн 30 күннiң iшiнде арбитрдi тағайындауы қажет. Қажет болған жағдайда, тараптардың бipeуi екiншi арбитрдi тағайындау жөнiндегi өтiнiшiмен Тұрақты арбитраж сотының Гаагадағы Бас хатшысына өтiнiш жасауы мүмкiн. Өз кезегінде, екi арбитр 30 күннiң iшiнде үшiншi арбитрдi тағайындайды. Қажет болған жағдайда, кез-келген тараптың бiреуi Тұрақты арбитраж сотының Бас хатшысына үшiншi арбитр тағайындау жөнiнде өтiнiш жасауы мүмкiн.
      20.3 Егер арбитрлар басқа шешiм қабылдамаса, онда Тұрақты арбитраж сотының Халықаралық ұйымдарды тарта отырып арбитражды жүргiзудiң факультативтiк ережелерi бойынша рәсiмдер пайдаланылады. Арбитрлардың шешiмдерi үш айдың iшiнде басым дауыспен қабылдануы тиiс.
      20.4 Тараптардың әрқайсысы арбитрлардың шешiмдерiн орындау үшiн қажеттi шаралар қабылдауға мiндеттi. 

ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖОБАЛАРЫНА АРНАЛҒАН
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКIМШIЛIК ҚОСЫМШАЛАР

Бенефициар: Қазақстан Республикасы

Атауы:      2005 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС
            iс-әрекеттер бағдарламасы (2-бағыт: өңiрлiк
            ынтымақтастық)

Жоба No:    2005/017-613 және SI.417613

2 ҚОСЫМША - ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКIМШIЛIК ҚОСЫМШАЛАР

Құны және қаржыландыру

      Бағдарлама қызметтiң түрлi салалары бойынша мынадай түрде бөлiнген 3,4 миллион eуpo мөлшерiндегi Қауымдастық гранты бойынша қаржыландырылатын болады:
 
  N Бағдарламалар атауы                      Бюджет(млн.еуро)   1-бағыт: Өңірлік бағдарламалар               Мәлiмет үшін

      Бірнеше елдердi қамтитын бағдарламалар бойынша
      Қаржылық келiсiмге сәйкес

2-бағыт Өңiрлік деңгейде орындалатын                 3,4
бағдарламаларды өңiрлiк қолдау

1. Темпус III бағдарламасы                                2,00

2. Институционалдық дамудағы әрiптестiк жөнiндегi         1,4
   ТАСИС бағдарламасы (ИДСБ)
 
  ЖИЫНЫ                                                3,4

      ЕК салымдары бойынша барлық төлемдердi Комиссия жүргiзетiн болады

      Бағдарламаны орындау
      Iс-әрекеттер бағдарламасы мынадай элементтерге сәйкес iске асырылатын болады:
      Өңiрлiк құрауыш бойынша (1-бағыт) бiрнеше елдердi қамтитын бағдарламалар бойынша бөлек қаржылық келiсiмге қол қойылады.
      Жобаларды iске асыру орталықтандырылып жүргiзiледi, сондықтан Жалдаушы орган Еуропа Комиссиясы болады.

      2.1. Есептiлiк
      Жобаларды iске асыру жөнiндегi есептiлiктi ЕК-тың стандарт форматтарына сәйкес және ЕК-тiң қадағалауымен тендердi ұтып алған мердiгерлер бередi.

      2.2. Мониторинг, бағалаулар және аудиттер
      Мониторинг, бағалаулар және аудиттер қоса берiлiп отырған қысқаша жобаларды сипаттауға сәйкес жүргiзiлетiн болады.

      Мемлекеттiк мiндеттемелер. Шарттар.
      Көмек жәрдем көрсетудiң бүкiл мерзiмi iшiнде ынтымақтастықтың жалғасатынына негiзделген мiндеттi элементтер болған кезде жүзеге асырылады, атап айтқанда, бұл демократия мен адам құқығы принциптерiн, сондай-ақ Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы келiсiмде белгiленген мiндеттемелердi сақтағанға қатысты.

9 ЖОБАНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

Атауы

Орталық Азиядағы Темпус бағдарламасы

Жалпы құны

10 миллион eуpo (ЕО салымы) (Қазақстанға 2 млн. eуpo, Қырғызстанға 2 млн. eуpo, Тәжiкстанға 2 млн. eуpo, Өзбекстанға 2 млн. eуро, Tүрiкменстанға 2 млн. eуро

Көмек көрсету әдiсi

Жобалық көзқарас - орталықтандырылған басқару

DАС-коды

11400

Сектор: Бiлiм 

Өтпелi кезеңнiң әлеуметтiк салдарлары

      1. Негiздеме

      Темпус бағдарламасы (Университет бiлiмi үшiн трансеуропалық ұтқырлық тетiгi) Орталық және Шығыс Еуропа елдерiнде университетаралық ынтымақтастықты дамыту жолымен жоғары бiлiм жүйесiн реформалау және жаңғырту үшiн 1990 жылы басталған болатын. Қазiргi сәтте бағдарламаның үшiншi кезеңi iске асырылуда (2000-2006жж.), ол әуелi КСРО-ға, сосын Балкан елдерiне және 2002 жылы Ортажер теңiз елдерiне таратылды.
      Темпус бағдарламасы бағдарламаға қатысуға құқығы бар елдер арасында қатынасты нығайтуға тереңдетуге бағытталған. Осыған байланысты, ол жоғары бiлiм секторында жалпы мақсаттарды өзара түсiнудi кеңейтедi және елдерге жоғары бiлiмнiң жоғары стандарттарына қол жеткiзу қажеттiлiгiн түсiнуге көмектеседi.

      1.1. Стратегиялық шеңберлер

      Соңғы жылдары Орталық Азияның ұлттық билiктерi жоғары бiлiм реформасын ұлттық даму стратегиясын қолдау жөнiндегi өздерiнiң қызметтерiнiң басымдығы санына қосқан, жоғары бiлiм артықшылықты даму құралы ретiнде болашақ ұрпақ үшiн ең жақсы келешектi қамтамасыз етедi. Кейбiр елдерде халықтың жартысынан көбi 20 жастан жас адамдар екенiн ескерсек, бiлiм берудi реформалау маңызды рөл атқарады.
      Орталық Азияда соңғы 10 жылда пайда болған саяси және әлеуметтiк-экономикалық трансформация процесi, тұтастай алғанда бiлiм беру секторы үшiн жаңа талаптарды белгiлейдi. Бiлiм беру және оқыту транзиттiк экономикаларды жаңғыртудың маңызды ингредиентi болып табылады, себебi "бiлiмге негiзделген" экономикалар жоғары бiлiктi жұмыс күшiн талап етедi. Бұл өзгерiстер өңiрлерде жоғары бiлiмдi тез жаңарту және жаңғырту қажеттiлiгiн тудырды.
      Темпус бағдарламасы жоғары оқу орындары арасында арасындағы ынтымақтастық негiзiнде EO және ТАСИС елдерi арасындағы қатынасты нығайтуға және тереңдетуге бағытталған. Бұл ынтымақтастық бiлiм беру процесiне және институционалдық потенциалды дамытуға көмектесе алады, осылайша, ол жанама түрде жоғары бiлiм секторын жаңғыртуға септiгiн тигiзетiн болады.

      1.2. Алынған сабақтар

      2003 жылы өткiзiлген Темпус бағдарламасының үшiншi кезеңiн орта мерзiмдi бағалау Темпус жоғары бiлiмдi жүйелiк реформалаудың қосымша құралы болып табылатынын көрсеттi, Ол бiлiм беруге және мәдениетаралық диалогқа септiгiн тигiзедi. Ортамерзiмдi бағалау мыналарды қоса алғанда, бiрқатар акцияларды өткiзудi ұсынды:
      - Темпустың негiзгi басымдығы жұмылдыруды дамыту, оқыту бағдарламаларын алмасу және инновация;
      - Серiктес елдердiң бiлiм беру органдарымен неғұрлым құрылымдалған диалог арқылы елдiң нақты басымдықтарын неғұрлым анық қалыптастыру;
      - тiкелей мәселелер ретiнде оларды ескере отырып, көлденең академиялық мамандандыруларды емес, ұлттық басымдықтардың iс жүзiндегi мәнiн арттыру.
      Орта мерзiмдi бағалаудың негiздi ұсынымдары 2005 жылғы бағдарламаны қабылдау кезiнде назарға алынды. 2004 жылы көктемде өңiрлiк және ұлттық контекстерге сәйкес басымдықтарды анықтау үшiн неғұрлым құрылымдалған диалог жүргiзiлдi. Бұл басымдықтар конкурсқа қатысушыларға арналған басшылыққа алатын өтiнiмдерге қосымшада жарияланды.

      1.3. Қосымша iс-әрекет жасау салалары

      Азия Даму Банкi, Дүниежүзiлiк Банк, ЮНЕСКО/ЮНИСЕФ, Copoc Қоры және Ага Хан Қоры Орталық Азия бiлiм беру секторының iрi донор/қатысушылары болып табылады, алайда әдетте олар өз инвестицияларын кедейлiктi азайтуға бағытталған негiздiк бiлiм беру мен ерте дамыту секторында шоғырландырады. Жоғары бiлiм беру секторы академиялық алмасу мүмкiндiктерiн беретiн агенттiктердiң шектеулi ауқымын бiлдiретiннен басқа қандай да бiр елеулi қолдауды алмайды.

      1.4. Донорлардың қызметiн үйлестiру

      Көптеген елдерде жобалау ұсынысы донорлардың үйлестiру кездесуi кезiнде серiктес елдердегi ЕО елдерiндегiлердi қоса алғанда барлық донорлардың арасында ұсынылды және таратылды. Орталық Азияның барлық елдерiнде құрылған Темпустың ұлттық бюролары Темпустың түрлi жобалары арасында желi құруға және Орталық Азияның бес елiнде жоғары бiлiм беру саласында жұмыс iстейтiн басқа да донорлармен үйлестiруге ықпал етедi.

      2. ӨҢIP БОЙЫНША КОНТЕКСТ

      2.1. Бенефициар елдiң ынтымақтастық саясаты

      Орталық Азияда жоғары бiлiм берудi жаңғырту адами ресурстарды дамытудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткiзуге және бiлiмге негiзделген экономикада толық қатысуға ықпал етедi.

      2.2. Секторлық контекст

      Орталық Азияның көптеген елдерi бiлiм беру саласындағы реформаларға басшылық еттi, жаңа стратегиялық қағидаттарды әзiрледi және ол қазiргi заманғы қоғамның қажеттiлiктерiне және ашық экономикаға жауап беруi үшiн жоғары бiлiм беру секторының мiндетiн қайта анықтауды бастады.
      Заңнамалық қағидаттарды әзiрлеу және EO жоғары бiлiм берудi дамытуға (Болондық процесс) қызығушылықты арттыру үшiн қолданылатын күштерге қарамастан сектор күрделi қиындықтарды бастан кешiруде:
      - Саясатты және құрылымдық өзгерiстердi iске асыруға қатысты жүйелердi жоғары орталықтандыру;
      - Университеттердiң рөлi мен қызметiн қазiргi заманғы түсiну жеткiлiксiздiгi;
      - Оқу жоспарларының еңбек нарығының жаңа талаптарымен әлсiз байланысы;
      - академиялық әлем мен өңiрдегi кәсiпорындар арасындағы әлсiз өзара байланыс;
      - iрi реформаларды тиiмдi жүзеге асыру үшiн министрлiктер мен университеттердiң деңгейiнде персоналдың жеткiлiксiз бiлiктiлiгi;
      - Жоғары бiлiм сапасының төмендеуi;
      - Жоғары бiлiм беру және тұтастай алғанда бiлiм беру үшiн бөлiнетiн бюджет қаражаты үлесiнiң аянышты азаюы.
      Төменнен жоғары көзқарасының негiзiнде Темпус бағдарламасы төменгi деңгейде жаңғыртуға серпiн беру және түрлi мүдделi тараптарға EO жоғары бiлiм беру секторына қол жеткiзу негiзiнде пайда алу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында (яғни Белондық процесс) ЕО пен Орталық Азия университеттерi арасында бiлiм беру мен алдыңғы қатарлы iс-тәжiрибе алмасуды қамтамасыз етедi. Алайда, бүгiнгi күнгi жеткiлiксiз сектор бойынша қаржыландырудың үрдiсi кезiнде бұл елдер өзiнiң құрылымдық табиғатына байланысты Темпустың шеңберiнен және мақсаттарынан тыс реформалау жөнiндегi қажеттi шараларды талап ететiн жүйелiк реформаларды талап етедi.

      3. СИПАТТАМАСЫ

      3.1. Мақсаттары

      Темпус бағдарламасы бастысы мыналарға бағытталған:
      - жоғары бiлiм беру саласындағы университеттер мен адамдарға ЕО баламалы мекемелерiмен ынтымақтастық арқылы алдыңғы қатарлы тәжiрибе алмасу және бiлiм алмасу мүмкiндiгiн беру жолымен бiлiмге негiзделген адами ресурстарды дамыту және қоғамды құру;
      - Үздiк өзара түсiнiстiкке қол жеткiзе отырып және мәдениеттi бiрге қоса отырып EO мен тиiстi елдердiң университеттерi арасында ынтымақтастықтың үздiк желiсiн құру.
      Мыналар Темпустың нақты мақсаттары болып табылады:
      - жоғары оқу орындарын қайта құрылымдауға көмек көрсету;
      - саясат пен стратегияларды әзiрлеу және iске асыру саласында университеттер мен бiлiм беру саласы құрамын қолдау;
      - өтпелi кезең және реформалар процесi бойынша оқыту жүргiзу және көмек көрсету;
      - жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын жаңғыртуға жәрдемдесу және студенттердiң мұқтажына бағытталған оқыту әдiстерiн енгiзу;
      - академиялық орталар мен басқа да экономикалық қызмет субъектiлерi арасында желi құруды көтермелеу.

      3.2. Күтiлетiн нәтижелер және негiзгi қызмет салалары

      - Өңiрдiң жоғары оқу орындары серiктес елдердiң әлеуметтiк-экономикалық және мәдени қажеттiлiктерiне жақсы жауап бере алады;
      - Жоғары оқу орындарын дамыту процестерiне жәрдемдесу, сондай-ақ оларға басшылық етудi құру және жақсарту;
      - Экономикалық реформалар контекстiнде қажет бiлiктiлiктер мен дағдылар арасында, атап айтқанда өндiрiспен байланысты жақсарту және кеңейту жолымен сәйкестiктi жақсарту;
      - Оқу жоспарын жаңарту.
      Темпус бағдарламасы қызмет саласының үш түрiн қаржыландыратын болады:
       - Бiрлескен еуропалық жобалар (JEP)
      JEP үш түрi бар: оқу жоспарларын әзiрлеу жөнiндегi жобалар, университеттердi басқару жөнiндегi жобалар, институционалдық дамытуға арналған оқу курстары. Гранттар екi немесе үш жыл iшiнде ынтымақтасатын институттардың консорциумдарына бөлiнетiн болады (тым болмағанда қатысуға құқығы бар елдердiң бiр жоғары оқу орны және ЕО екi мүше-елдiң екi институты, олардың тым болмағанда бipeуi жоғары оқу орын болуы тиiс).
       - Жеке жұмылдыру гранты (IМG)
      Жоғары оқу орындарының мұғалiмдерiне, зерттеушiлерiне, оқытушыларына, әкiмшiлерiне, бiлiм беру саласында жоспарлаумен айналысатын тұлғаларға және басқа да сарапшыларға арналады, бұл гранттар жоғары бiлiм берудi дамыту мен олардың сапасын ынталандыру үшiн шетелге сапарлардың шектеулi кезеңдерiн қаржыландыруға бағытталған.
       - Құрылымдық және қосымша шаралар (SCM)
      Гранттар жалпы мақсаттарды қолдауға iс-әрекеттердiң кейбiр бiрқатар қосымша салалары бойынша берiлетiн болады, олар мыналарды қамтиды:
      - Жоғары оқу орындарын стратегиялық жоспарлау мен институционалдық дамыту әлеуетiн дамыту және нығайту;
      - оларға халықаралық байланысты нығайту үшiн жоғары оқу орындарын дамыту жоспарын құру;
      - бағдарламалық қызмет нәтижелерiн таратуға қолдау көрсету.

      3.3. Мүдделi тұлғалар

      Темпус бағдарламасы бойынша негiзгi мүдделi тұлғалар жоғары оқу орындары (бiлiктiлiктi арттыру жобалары және факультеттер бойынша) және мұғалiмдер (оқу жоспарларын әзiрлеу және жеке жұмылдыру жоспарлары).
      Екi басқа бенефициар: студенттер (оқу жоспарларын әзiрлеу жөнiндегi жобалардың негiзiнде оқу жоспарларын ұстау жақсартылатын болады, олар нарықтық экономика жағдайында еңбек нарығының қажеттiлiктерiне үздiк жауап беруi тиiс) және кәсiпорындар (серiктестiктiң арқасында университет/кәсiпорын, университеттер беретiн бiлiмнiң кәсiби талаптарға жақындауы).
      Жоғары бiлiм беру министрлiгi Темпустың ұлттық басымдықтарын талқылайды және анықтайды.

      3.4. Тәуекелдер мен болжамдар

      Темпус - өтiнiм беру ұсыныстары негiзiнде төменнен жоғары құрылымдалған бағдарлама. Сондықтан бағдарлама бойынша ең бастысы Темпустың Ұлттық Офистерiнiң ақпараттық қызметiне байланысты жергiлiктi жерлердегi тиiстi ақпарат қажет.

      3.5. Қажеттi шарттар

      Темпус бағдарламасы бойынша қандай да бiр алдын ала шарттар жоқ.

      3.6. Сабақтас мәселелер

      Экологиялық ғылымдар - бұл оқу жоспарларын әзiрлеу жөнiндегi жобалар қамтитын салалардың бiрi, әйел жынысындағы тұлғалардың, атап айтқанда жеке жұмылдыру гранттары бойынша оларға басымдық бере отырып, қатысуларын ынталандырады.

      4. IСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРI

      4.1. Iске асыру әдiсi

      Орталық Азия бойынша 2005 жылға арналған Iс-әрекет бағдарламасының 1 және 2-бағыттарын қамтитын Қаржы Келiсiмiнiң бенефициар елдердiң үкiметтерiмен қол қою жолымен орталықтандырылған басқару.
      Темпус бағдарламасының қаражаты Бiлiм және мәдениет жөнiндегi Бас директоратқа бөлiнедi, ол Euroaid ынтымақтастығы жөнiндегi Офистiң басшылық етуiмен Еуропа Оқыту Қорының (ETF) техникалық көмегi негiзiнде олардың басқаруына жауап бередi. Euroaid түрлi сатыларда бағдарламаның бүкiл iске асыру барысына тартылған және жүйелiк реформалау және Темпустың басқа бiлiм беру бағдарламаларымен бiрқалыптылығы мен өзара толықтыруды қамтамасыз ету жөнiнде ұлттық билiктермен диалогқа жауап бередi.
      Бағдарлама мынадай жолдармен iске асырылады:
      а) конкурстық өтiнiмдер рәсiмi;
      b) Монополдық жағдайына байланысты ЕТҒ бойынша бiрыңғай тендер негiзiнде келiсiлген рәсiм жолымен жасалған техникалық көмек жөнiндегi қызметтер көрсетуге арналған келiсiм-шарт. 1994 жылдан бастап Темпус бағдарламасы бойынша арнайы техникалық көмек көрсететiн ETF ұйым, бұл мемлекеттiк сектор органы және институционалдық сипаты бар қызметпен байланысты. Сондықтан, Комиссия сыртқы операцияларды iске асыру үшiн белгiлеген және жариялаған ережелер мен рәсiмдерге сәйкес, Жалдайтын орган (Комиссияның) бiрыңғай тендер негiзiнде келiсiлген рәсiмдi қолдануға құқығы бар;
      с) Темпустың Ұлттық офистерiмен (NTO) гранттың келiсiмдер. NTO Темпус бағдарламаларының мақсаттары үшiн арнайы және өтiнiмдер конкурсының негiзiнде Комиссия мен бенефициар елдердiң ұлттық билiктерi арасында тығыз консультациялар негiзiнде әзiрлендi. NTO мақсаты Темпустың әрекет ету салаларын ақпараттандыру, тарату және оның мониторингi бойынша жәрдем көрсету болып табылады. Осылайша, бұл бағдарламаның жұмыс iстеуіне маңызды қолдауды бiлдiретiн болады. Iрiктеу рәсiмi өткен жылы өткiзiлдi. Келiсiм-шарт жаңарту мүмкiндiгiмен бiр жылға арнап әзiрлендi.

      4.2. Бюджет және iске асырудың күнтiзбелiк кестесi

      Операциялық кезең Қаржы Келiсiмiне қол қойған сәттен бастап 36 ай.
      Бiрлескен еуропалық жобалар (JЕР) ең жоғары ұзақтығы - 3 жыл болады, Жеке жұмылдыру гранттары (IMG) ең жоғары ұзақтығы - 2 ай, ал Құрылымдық және қосымша шаралар (SCM) ең жоғары ұзақтығы - 1 жыл болады.
      Бюджет
      Қазақстан Республикасы           2 000 000 eуpo
      Қырғызстан                       2 000 000 eуpo
      Тәжiкстан                        2 000 000 еуро
      Өзбекстан                        2 000 000 еуро
      Түрiкменстан                     2 000 000 еуро

Бюджеттiң индикативтiк баптары 

ОЕ салымы 

Бенефициар ел үкiметiнiң салымы Басқа донорлар Жалдаушы орган/төлемдi жүзеге асыратын орган

1. Қызметтер

253 000

-

-

ЕК

1.1. Конференция (Темпус гранттарын ұстаушылардың отырысы)

33 000

-

-

ЕК

1.2. Еуропа Оқыту Қорының салымы

220 000

-

-

ЕК

2. Гранттар

9 747 000

-

-

ЕК

2.1. Өтiнiмдер
конкурсының негiзiнде берiлген гранттар

9 697 000

Жоғары оқу
орындарынан тым болмағанда берiлген барлық гранттар бойынша 5% бiрлесiп қаржыландыру талап етiледi.

ЕК

2006 ж. Қазақстан Республикасы мен Тәжiкстанның Темпус ұлттық офистерiне операциялық гранттар 1


-

-

ЕК

Жиыны

10 000 000

-

-

ЕК

___________________________
1 Темпустың басқа Ұлттық офистері 2003/4 іс-әрекет бағдарламасы бойынша 2 жылға арналған қаржыландыру алды

      4.3. Сатып алу және гранттар беру рәсiмдерi

      Қаржылық келiсiмдi iске асыруға арналған барлық келiсiм-шарттар тиiстi рәсiмдер басталған сәтке әрекет ететiн Комиссия сыртқы операцияларды iске асыру үшiн белгiлеген және жариялаған рәсiмдер мен стандарттық құжаттарға сәйкес жасалуы және iске асырылуы тиiс.
      Бағдарламаның бүкiл сметасы Комиссия белгiлеген және бағдарламаның тиiстi сметасын қабылдау сәтiне әрекет ететiн рәсiмдер мен стандарттық құжаттарға жауап беруi тиiс.

      4.4. Мониторинг жүргiзу

      Мониторинг жөнiндегi қызмет құжаттамалық мониторинг, превентивтi мониторинг, сондай-ақ жобаларды iске асыруды жалпы қолдау сияқты келiсiм-шартты басқарудың стандартты функцияларын қамтиды. Мониторинг жөнiндегi қызмет жобаларды қаржылық қолдауды, атап айтқанда, шығыстарды қаржылық бағалауды (жыл сайынғы және қаржылық есептердi), сот талқылаулары және жобалардың сыртқы аудитiн үйлестiру үшiн досье дайындауды қамтиды. Iске асырылатын бағдарламалардың он пайызы Темпус ETF Департаментiнiң және Комиссия персоналының жыл сайынғы мониторингiне ұшырайды.
      Еуропа Комиссиясы және Темпус ETF Департаментi гранттарды ұстаушылар отырыстары барысында қайта iрiктелген жобалардың өкiлдерiн оқытуды жүргiзедi. Келiсiм-шартты басқару жөнiндегi оқу материалдары мен құжаттама әзiрленген және вебсайтта бар.
      Мониторинг Темпустың Ұлттық офистерi мен Ұлттық үйлестiрушiлерiнiң отырыстарында талқыланатын маңызды мәселе болып табылады, онда сондай-ақ мониторингтiң техникалық аспектiлерi қамтылады, онда мониторинг саласына ерекше көңiл бөлiнедi.
      Сыртқы әсер ету мониторингiн сондай-ақ ЕК ережелерiне және техникалық тапсырмада арнайы белгiленген рәсiмдерге сәйкес Комиссия тiкелей жалдаған тәуелсiз консультанттар жүргiзуi мүмкiн.

      4.5. Бағалау және аудит

      Орта мерзiмдi мониторинг 2003 жылы жүргiзiлдi. Темпус бағдарламасы ағымдағы сатының аяғында (2006 ж.) ақтық бағалауды көздейдi.
      Бiлiм беру мен мәдениет жөнiндегi директорат жобалардың 10%-ына жыл сайын аудит жүргiзедi.
      Сыртқы бағалаулар мен аудиттердi сондай-ақ ЕК ережелерiне және техникалық тапсырмада арнайы белгiленген рәсiмдерге сәйкес Комиссия тiкелей жалдаған тәуелсiз консультанттар жүргiзуi мүмкiн. 

Қосымшалар
- Логикалық шеңберлер

  9 жобаның логикалық шеңберлерi (Орталық Азия бойынша  iс-әрекет бағдарламасы - 2005) - Темпус бағдарламасы 1

_____________________________
1 Логикалык шеңберлер жоба бойынша жұмыстар басталатын кезең уақытында аяқталатын болады.


Кедергi келтiру логикасы Объективтi бақылауға ұшырайтын индикаторлар/ жетiстiктердiң көрсеткiштерi Бақылау көздерi Кемшiлiктер мен тәуекелдер

Жалпы мақсаты :

Темпус бағдарламасы бiрқатар көмек көрсету салалары арқылы ауыспалы процеске жәрдем
көрсету үшiн
әзiрленген: Темпус бастысы университеттер арасында ынтымақтастық бағдарламасы арқылы әрiптес елдерде жоғары бiлiм
берудi жаңғыртуға жәрдем көрсетедi

- Бiлiм беру саясатының жаңа қағидаттарын әзiрлеу және енгiзу;
олар жаңғыртылған және қазiргi  заманғы реформалау қағидаттарына жауап береді

- Стратегиялық құжаттардың болуы;
- Жаңа заңдар мен құқықтық құжаттар;
- Газеттерде мақалалар; бiлiм беру саясатын iске асыратын тұлғалардың сұхбаты

-  Жеткiлiксiз
институционалдық әлеует
және ұлттық жоғары бiлiм берудi басқару органдарының қатысуы;
- Министрлiктерде кадрлардың жоғары тұрақтамауы;
- Бiлiм беру министрлiгi дәстүрлi әлсiздердiң бiрi болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты :

- жоғары оқу орындарын қайта құрылымдауға көмек көрсету;
- саясат пен стратегияларды әзiрлеу және iске асыру саласындағы  университеттер мен бiлiм беру саласының персоналын қолдау;
- ауыспалы кезең және реформалар процесi бойынша оқытуды жүргiзу және көмек көрсету;
- жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын жаңғыртуға жәрдемдесу және студенттердiң мұқтаждарына бағытталған оқыту әдiстерiн енгiзу;
- академиялық орталар мен басқа экономикалық қызмет субъектiлерi арасында желi құруды ынталандыру.

- Жоғары бiлiм беру бағдарламаларының сапасын арттыру, Темпустың оқыту бағдарламаларына өтiнiш бiлдiрген студенттер санын арттыру,
оқытуды аяқтағаннан кейiн жұмысқа орналасқандар санын арттыру
 
  - Жұмыс берушiлердiң бiтiрушiлерге сұранысын арттыру

- Жыл сайынғы iрiктеп талдау
- Университеттiң студенттерi, мұғалiмдерi, персоналы және жұмыс берушiлер арасында зерттеу
- Университеттердiң ақпараттық бюллетендерi

- Жоғары оқу орындары арасында жеткiлiксiз институционалдық және басқару әлеуетi;
- Ескi буын реформаларды қабылдауға дайын емес

Hәтижелерi:

- Өңiрдiң жоғары оқу орындары әрiптес-елдердiң әлеуметтік-экономикалық және мәдени мұқтаждарына жақсы жауап бере алады;
- Жоғары оқу орындарын дамыту процесiне жәрдем көрсету, сондай-ақ оларды басқаруды құру және жақсарту;
- Экономикалық реформалар контекстiнде қажет бiлiктiлiктер мен дағдылар арасында, атап айтқанда, өндiрiспен байланыстарды жақсарту және кеңейту жолымен сәйкестiктi жақсарту;
- Оқу жоспарын жаңарту 

- Қайта әзiрленген оқу жоспарлары мен оқу материалдарына сұранысты арттыру (студенттер тарапынан да, мұғалiмдер тарапынан да);
- Орталық Азия мен ЕО елдерi арасында академиялық алмасулардың өскен саны.
- Орындалатын саясат жөнiндегi жаңа және жаңғыртылған құжаттардың болуы.
- Темпустың оқыту бағдарламаларына өтiнiш бiлдiрген студенттер санын арттыру.
- Жоғары оқу орындарының Темпус әрекет ететiн факультеттерге өтiнiш бiлдiретiн мұғалiмдерi мен қызметкерлерiнiң санын арттыру; мидың ағынын азайту

- Жыл сайынғы iрiктеп талдау;
- Университеттiң студенттерi, мұғалiмдерi, персоналы және жұмыс берушiлер арасында зерттеу
- Университеттердiң ақпараттық бюллетендерi


Қызмет саласы

Темпус бағдарламасыүш қызмет түрін қаржыландыратын болады
- Бiрлескен
еуропа жобалары (JЕР)
JEP үш түрi бар:
Оқу жоспарларын әзiрлеу жөнiндегi жобалар, университеттердi басқару жөнiндегi жобалар, институционалдық дамытуға арналған оқыту курстары.
Гранттар екi немесе үш жыл iшiнде ынтымақтасатын институттардың консорциумдарына бөлiнетiн болады (тым болмағанда қатысуға құқығы бар елдердiң бiр жоғары оқу орны және EO екi мүше-елдiң екi институты, олардың тым болмағанда бipeуi жоғары оқу орын болуы тиіс)
- Жеке жұмылдыру гранттар  (IMG)
Жоғары оқу орындарының мұғалiмдерiне, зерттеушiлерiне, оқытушыларына, әкiмшiлерiне, бiлiм беру саласында жоспарлаумен айналысатын тұлғаларға және басқа да сарапшыларға арналады, бұл гранттар жоғары бiлiм берудi дамыту мен олардың сапасын ынталандыру үшiн шетелге сапарлардың шектеулi кезеңдерiн қаржыландыруға бағытталған.
- Құрылымдық және қосымша шаралар (SCM)
Гранттар жалпы мақсаттарды қолдауға iс-әрекеттердiң кейбiр бiрқатар қосымша салалары бойынша берiлетiн болады, олар өзгелерден басқа мыналарды қамтиды:
- Жоғары оқу орындарын стратегиялық жоспарлау мен институцион алдық дамыту әлеуетiн дамыту және нығайту;
- оларға халықаралық байланысты нығайту үшiн жоғары оқу орындарын дамыту жоспарын құру;
- бағдарламалық қызмет нәтижелерiн таратуға қолдау көрсету




     12 ЖОБАНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

Атауы

Институционалдық дамудағы әрiптестiк жөнiндегі ТАСИС бағдарламасы (ИДСБ) - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжiкстан және Өзбекстан

Жалпы құны

4,4 млн. eуpo (1,4 млн.eуpo ҚР үшiн, 1,0 Қырғызстан үшiн, 1,0 Тәжiкстан үшiн және 1,0 млн.еуро Өзбекстан үшiн)

Көмек көрсету әдiсi

Жобалық көзқарас - орталықтандырылған басқару

РАС-коды

15050

Сектор 

Азаматтық қоғамды нығайту

      1. Негiздеме

      1.1. Стратегиялық шеңберлер

      Бағдарлама YEҰ, жергiлiктi/өңiрлiк үкiмет және коммерциялық емес кәсiптiк ұйымдар арасындағы әрiптестiк пен ынтымақтастық негiзiнде институционалдық құрылыс процесiн қолдауға бағытталған.
      Ол индикативтiк бағдарламада анықталған тақырыптық басымдылықтар жөнiндегi басшылыққа жауап бередi және сондықтан, негiзгi жобаларды толықтырады.
      Бұдан басқа, ол ЕС-те азаматтық қоғамға назар аударылатын мағынаны бiлдiредi (атап айтқанда, Еуропаның болашағы туралы конвенцияның шеңберiнде).

      1.2. Алынған сабақтар

      Бағдарламаларды бағалау әлi жүргiзiлген жоқ, себебі бұл жұмыс қаржыландырылған бiрiншi жобаларды iске асыру аяқталғанға дейiн бастала алмайды (соңғысы тек 2004 жылдың соңында ғана аяқталды).

      1.3. Қосымша iс-әрекеттер саласы

      (1) Анықтама бойынша азаматтық қоғамды және жергiлiктi бастамаларды қолдау қоғамның бастапқы ұяларында пайда болады. ИДСБ бағдарламасы жергiлiктi қауымдастық талаптарына жауап бередi. Ол iрi масштабтағы жобаларға қарағанда, "ең бастапқы деңгейде" қолдауды қамтамасыз етедi, ол сондай-ақ, бенефициар-елдерде жергiлiктi қауымдастықтармен тiкелей байланыспен де сипатталады. Бұл тек бағдарлама мақсаттарына ғана қол жеткiзгендi бiлдiрмейдi, сонымен қатар, бағдарламаға кiрген жергiлiктi қауымдастықтар арасында ЕС-тiң оң имиджiн құруды да бiлдiредi.
      (2) Шектеулi географиялық қамтуы, иерархияның төмен басымдылығы және шектеулi тақырыптық қамтуы бар жобалар өңiрлiк және жергiлiктi деңгейлерде маңызды ықпалға ие бола немесе нақты қажеттiлiктердi шеше алады. Осылайша, бағдарлама мүмкiн неғұрлым биiк (ұлттық) деңгейде iске асырыла алмайтын жобаларды iске асыруға көмектеседi.

      1.4. Донорлардың қызметiн үйлестiру

      ИДСБ шеңберiнде донорлар қызметiн үйлестiру тетiгi жоқ.

      2. Ел (немесе өңiр) бойынша контекст

      2.1. Бенефициар-елдiң ынтымақтастық саясаты

      Тәжiкстан мен Қырғызстан Үкiметтерi кедейлiктi қысқарту стратегиясы жөнiндегi өздерiнiң тиiстi құжаттарын iске асыруға нақты жақтаушы екендiгiн көрсеттi. Өзбек үкiметi 2005-2015 жылдарға арналған ПССБ (Әл-аухатты жақсарту жөнiндегi стратегиялық құжат) әзiрлеу мақсатында ХВҚ-мен (Халықаралық валюта қоры) және ДБ-мен (Дүниежүзiлiк банк) мән-мағыналы келiссөздер өткiздi. ҚР Үкiметi өткендегi "ҚР-дағы кедейлiк аспектiлерi" атты есептi дайындаған кезде ДБ-мен жұмыс iстестi, ол қазiргi сәтте ҚР Экономика министрлiгiнде әзiрленiп жатқан алдағы кедейлiктi төмендету және аумақтық даму бағдарламалары бойынша маңызды үлесiн қосады деп күтiлуде.

      2.2. Секторлық контекст

      Орталық Азияның әрбiр елi түрлi нақты проблемаларға жолықса да, тұтастай алғанда, олар жалпы даму проблемаларына жолығып отыр. Демократиялық қоғамға жай ауысу, адам құқықтарын сақтаудағы тиянақсыздық, әлеуметтiк қызметтер әрең шешетiн демографиялық жағдай, нарықтық реформаларды жай iске асыру, бизнес пен инвестицияны жүргiзуге қолайсыз жағдай, кiрiстер деңгейiнде кеңейiп жатқан диспаритет және кедейлiк - бұл Орталық Азияның барлық елдерi бастан кешiп отырған проблема. Азаматтық қоғамды құру түрлi кедергiлермен тежелiп отыр. Әлсiз әкiмшiлiк басқару, тиiмсiз мемлекеттiк басқару нақты проблемалар болып табылады. Адам құқығы мәселесi үлкен алаңдатушылық танытып отыр. 

      3. Сипаттау

      3.1. Мақсаттар

      Жалпы мақсаттар
      - Жергiлiктi деңгейде демократиялық институттар мен азаматтық қоғам институттарын нығайту.
      - Жергiлiктi деңгейде нарықтық экономикаға көшуге жәрдемдесу, себебi жергiлiктi қауымдастықтар негiзгi процестерден шетте қалып қояды және жаңа нарықтық ережелерге үйрену қиынға түседi.
      - Транзиттiк кезеңнiң әлеуметтiк салдарларын шешу, себебi оның салдарлары толығымен бастапқы деңгейде сезiледi.
      - Институционалдық потенциалды қолдау, себебi тек жұмыс iстейтiн және транспаренттi жергiлiктi/өңiрлiк институттар, Yкiметтiк емес ұйымдар және қауымдастықтар ғана олардың дауыстарына құлақ асуға қол жеткiзе және халықтың мұқтаждарына жауап бере алады.
      - Жергiлiктi қоғамдастықтарда заңдардың сақталуына септiгiн тигiзу, себебi өтпелi кезең процесiнде қоғамдастыққа тек қоғамдастық пен үкiмет сақтайтын нормалар мен ережелер ғана көмектесе алады.
      Нақты мақсаттар
      - Жергiлiктi және өңiрлiк билiктердiң бiлiктiлiгiн арттыру, олар үйренiсу, даму және жаңа мiндеттемелерiн орындай алуы үшiн жергiлiктi қоғамдастықтың халқына қызметтер көрсету және оларды басқару.
      - Өз мүдделерiн қорғауға және ұстануға және баламалы қызметтердi жеткiзушi есебiнде әрекет етуге көмектесу үшiн азаматтық қоғамның ұйымдарын қолдау.
      - Олар шешiм қабылдау процесiнен кейiн өз потенциалын iске асыра алуы үшiн Азаматтық қоғам ұйымдарының потенциалын арттыру.
      - Мемлекеттiң орталық мемлекеттiк органдарының әрiптесi ретiнде демократиялық қоғам және Азаматтық қоғамның рөлi мәселелерi бойынша Еуропада және Өзбекстанда мүдделi тараптар мен жергiлiктi қоғамдастықтардың өзара түсiнiстiгiн және ақпарат берудi арттыру.
      - ЕО-да және Өзбекстанда азаматтық қоғам ұйымдары мен жергiлiктi билiк арасында ынтымақтастықты жақсарту.
      - Халықаралық келiсiмдерде көзделген шешiмдердi жергiлiктi деңгейде iске асыру.
      - Өзбекстан халқының жоқ-жiтiк тобының өмiршеңдiк деңгейiн арттыру жөнiндегi шешiмдердi анықтау және iске асыру.
      - Жергiлiктi халықты қамтитын мақсатты инновациялық көзқарастарды, стратегияларды, принциптердi және тиiстi әдiснамаларды iске асыру.

      3.2. Күтiлетiн нәтижелер және қызметтiң негiзгi салалары

      Жобаны ЕО-ның әрiптес ұйымдарымен Орталық Азияның ұйымдарымен/жергiлiктi институттарымен бiрлесiп орындау құпталатын болады. Жоба бiрлескен iс-әрекеттер негiзiнде нақты мақсаттарға (мысалы, iс-әрекеттiң/қызметтiң жаңа саласын құру) қол жеткiзуге бағытталған. Сондай-ақ, жергiлiктi әрiптестi күшейту және нәтижелер мен жобаға қатысатын ұйымдардың тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды болып табылады.
      Ықтимал қатысушылардың, iс-әрекеттiң түрлi салаларын қоса алғанда, жобаларды ұсынуы, бұл қорытындысында тұрақты ноу-хау берудi қамтамасыз етедi. Iс-әрекеттер саласы, әдетте, бiлiктiлiктi арттыру саласында белгiлi нәтижелерге, сондай-ақ халық үшiн сезiлмелi нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталған.
      Негiзгi iс-әрекеттер салалары (толық емес тiзiм):
      (1) Орнында оқыту
      (2) ЕО-ның бiр елiнде оқыту
      (3) Жұмыс орындарына орналастыру, оқу үшiн жол жүрулер
      (4) Семинарлар, оқу семинарлары, конференциялар
      (5) Жарияланымдар
      (6) Ақпарат берудi арттыру жөнiндегi компаниялар

      3.3. Мүдделi тұлғалар

      Бағдарлама орнында ұйымның және жергiлiктi институттардың кең ауқымына қолдау көрсетедi, олар үш санатқа бөлiнедi:
      - YEҰ
      - Коммерциялық емес кәсiптiк ұйымдар
      - Жергiлiктi және өңiрлiк билiктер
      Олар жақында ғана құрылған немесе өз рөлiн қайтадан анықтап жатыр, атап айтқанда, орталық мемлекеттiк органдарға қатысты. Аралас әрiптестiкке рұқсат берiледi және көтермеленедi (түрлi санаттағы әрiптестердi қоса алғанда).

      3.4. Тәуекелдер мен болжамдар

      Бағдарлама EO ұйымдары және/немесе PHARE бағдарламасына қатысуға құқығы бар немесе Орталық Азияның елдерi арасындағы әрiптестiк негiзiнде жүзеге асырылады. Әрiптестiк тұжырымдамасы, түрлi контексте болғанымен, EO мен Орталық Азияның әрiптес ұйымдарының мақсаттары ұқсас және өздерiнiң күнделiктi жұмыстарында ұқсас проблемаларға жолығады деп ойлайды. Әрiптестер бiрлесiп мақсаттарды анықтауға, жобаны әзiрлеуге және қол жеткiзiлуi тиiс нәтижелердi анықтауға мiндеттенедi деп болжамданады.
      Өңiрдiң көпшiлiк елдерiнiң орталық мемлекеттiк органдары өз өкiлеттiктерiн шоғырландыруға жұмыс жасады - көбiнесе азаматтық қоғамды дамытуға, бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығына, жергiлiктi билiк органдарына және адам құқығы саласында халықаралық мiндеттемелердi орындауға зиян келтiре отырып. Сондықтан, жаңадан туындап жатқан азаматтық қоғам түрлi кедергiлерге тап болады. Әлсiз әкiмшiлiктендiру, тиiмсiз мемлекеттiк басқару және сыбайлас жемқорлық кезектi проблемалар болып табылады.

      3.5. Қажеттi шарттар

      Бағдарлама 100 000 бастап 200 000 еуроға дейiн немесе жобалардың жалпы құнының 80% мөлшерiндегi гранттармен бiрлесiп қаржыландыру негiзiнде жеке жобаларды қаржыландырады.
 
        3.6. Сабақтас мәселелер 
 
        Өзiнiң табиғаты жағынан ИДСБ - экологиялық мәселелердi, гендерлiк мәселелердi, тиiмдi мемлекеттiк басқару және адам құқығы мәселелерiн қамти алатын сабақтас бағдарлама.

      4. IСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРI

      4.1. Iске асыру әдiсi

      Бенефициар елдер үкiметiнiң Орталық Азия бойынша 2005 жылға арналған iс-әрекеттер бағдарламасының шеңберiнде 2-Бағыттың құрауышын қамтитын Iс-әрекеттер салалары бойынша Қаржылық келiсiмге қол қоюы арқылы орталықтандырылған басқару.
      Iске асыруды өткiзiлген тендер негiзiнде қызметтер көрсетуге келiсiм-шартқа қол қою арқылы Еуропа Комиссиясы жүргiзетiн болады.

      4.2. Бюджет және iске асырудың күнтiзбелiк кестесi

Бюджеттiң  бабы  ЕО салымы  Бенефициар ел үкiметiнiң үлесі Басқа донорлар Жалдаушы орган/төлемдi жүзеге асыраушы орган

Гранттар


-

-

ЕО

ҚР үшiн конкурстық өтiнiмдер негiзiндегi гранттар

1 400 000



ЕО

Қырғызстан үшін конкурстық өтiнiмдер негiзiндегi гранттар

1 000 000



ЕО

Тәжiкстан үшін конкурстық өтiнiмдер негiзiндегi гранттар

1 000 000



ЕО

Өзбекстан үшін конкурстық өтiнiмдер негiзiндегi гранттар

1 000 000



ЕО

Жиыны

4 400 000

-

-

ЕО

      Жұмыстардың ұзақтығы Қаржы Келiсiмiне қол қойылған күннен бастап ең көбi 36 айды құрайды.
      Келiсiм-шарттың индикативтiк ұзақтығы 18 айдан 24 айға дейiндi құрайды.

      4.3. Сатып алу және гранттарды беру рәсiмдерi

      Қаржы келiсiмiн iске асыруға арналған барлық келiсiм-шарттар тиiстi рәсiмдер басталған сәтте қолданылған сыртқы операцияларды iске асыру үшiн Комиссия белгiлеген және жариялаған рәсiмдер мен стандартты құжаттарға сәйкес жасалуы және iске асырылуы тиiс.
      Бағдарламаның барлық сметалары Комиссия белгiлеген және тиiстi рәсiмдер басталған сәтте қолданылған рәсiмдер мен стандартты құжаттарға жауап беруi қажет

      4.4. Мониторинг жүргiзу

      Тұрақты процес ретiнде үнемi мониторинг жүргiзу Комиссия мiндеттерiнiң бiрi болады. Сыртқы ықпал мониторингiн EO ережелерiне және техникалық тапсырмада арнайы белгiленген рәсiмдерге сәйкес Комиссия тiкелей жалға алған тәуелсіз консультанттар да жүргiзе алады.

      4.5. Бағалау және аудит

      Ірiктелген гранттарды алушылармен келiсiм-шарт келiсiмдерiнiң ажырамас бөлiгi бағалау (орта мерзiмдi, финалдық және кейiнгi), сондай-ақ аудит туралы келiсiм болады.
      Сыртқы бағалаулар мен аудиттердi ЕК ережелерiне және техникалық тапсырмада арнайы белгiленген рәсiмдерге сәйкес Комиссия тiкелей жалға алған тәуелсiз консультанттар да жүргiзе алады. 
 
         Қосымшалар
      - ЛОГИКАЛЫҚ ШЕҢБЕРЛЕР

12 жобаның логикалық шеңберлерi (Орта Азия бойынша iс-әрекет бағдарламасы - 2005) - Институционалдық дамудағы серiктестiк жөнiндегi ТАСИС бағдарламасы (ИДСБ) - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжiкстан және Өзбекстан 1

___________________________________
1 Объективтiк бақылауға берiлетiн индикаторлар жоба бойынша жұмыстың бастапқы кезеңiнде анықталатын болады


Араласу логикасы Объективтi бақылауға берілетін индикаторлар/жетiстiктер көрсеткiші Бақылау көздерi Жол берулер
мен тәуекелдер

Жалпы мақсаты :

EO және Орталық Азияның ҮЕҰ, коммерциялық емес кәсiптiк ұйымдар және жергiлiктi/өңiрлiк үкiметтермен әрiптестiк арқылы институционалдық даму процесiн қолдау

ЕО және Орталық Азияның азаматтық қоғам ұйымдары арқылы ынтымақтастықты нығайту

Бағдарламаны бағалау


Жобаның мақсаты :

- Жергiлiктi деңгейде демократиялық институттар мен азаматтық қоғам институттарын нығайту.
- Жергiлiктi деңгейде нарықтық экономикаға көшуге жәрдемдесу.
- Жергiлiктi деңгейде транзиттiк кезеңнiң әлеуметтiк салдарларын шешу.
- Институционалдық потенциалды қолдау.
- Жергiлiктi деңгейде заңдылықты сақтау

- Бастамаларды дамыту жергiлiктi деңгейде туындайды.
- Институттарды нығайту.
- Демократияны нығайту жөнiндегi потенциалды арттыру.
- Заңнамалар мен халықаралық келiсiмдердi iске асыруды жақсарту

Бағдарламаны бағалау

- Жергiлiктi
мұқтаждар мен болжамдарды, сондай-ақ ұсынылған шешiмдер сәйкестiгiн түзетiлген бағалау;
- Мүдделi тараптар ынтымақтастыққа дайын (яғни, жергiлiктi және өңiрлiк
үкiметтер, жергiлiктi қауымдастықтар, жергiлiктi YEҰ, кәсiптiк ұйымдар, басқа тиiстi
донорлар мен даму жөнiндегi агенттiктер, ОЕ мүше мемлекеттерiн қоса алғанда)
- Орталық Азия елдерiндегi саяси және экономикалық тұрақтылық, мәдениет, саясат және экономика деңгейiндегi өзара қызығушылық пен байланыстың өсуiн дамыту

Hәтижелерi:

- Жергiлiктi және өңiрлiк билiктердiң бiлiктiлiгiн арттыру, олар үйренiсу, даму және жаңа мiндеттемелерiн орындай алуы үшiн жергiлiктi қоғамдастық халқына қызметтер көрсету және оларды басқару.
- Өз мүдделерiн қорғауға және ұстануға және баламалы қызметтердi жеткiзушi есебiнде әрекет етуге көмектесу үшiн азаматтық қоғамның ұйымдарын қолдау.
- Олар шешiм қабылдау процесiнен кейiн өз потенциалын iске асыра алуы үшiн Азаматтық қоғам ұйымдарыныңпотенциалын арттыру.
- Мемлекеттiң орталық мемлекеттiк органдарының әрiптесi ретiнде сапасы демократиялық қоғам және Азаматтық қоғамның рөлi мәселелерi бойынша Еуропада және Орталық Азияда мүдделi тараптар мен жергiлiктi қоғамдастықтардың өзара түсiнiстiгiн және ақпарат берудi арттыру.
- EO және Орталық Азияда азаматтық қоғам ұйымдарымен жергiлiктi билiк арасында ынтымақтастықты жақсарту.
- Халықаралық келiсiмдерде көзделген шешімдердi жергiлiктi деңгейде iске асыру.
- Орталық Азия халқының жоқ-жiтiк тобының өмiршеңдiк деңгейiн арттыру жөнiндегi шешімдердi анықтау және iске асыру.
- Жергiлiктi халықты қамтитын мақсатты инновациялық көзқарастарды, стратегияларды, принциптердi және тиiстi әдiснамаларды iске асыру.
- Жобалар орындалуы мүмкін, күшті серіктестікнегiзiнде оң әсерiн тигiзе алады   

- Алынған жобалық ұсыныстардың сапасы мен саны.
- EO қаржыландырғаннан кейiн де өз қызметтерiн жалғастыратын әрiптестiктердi қоса алғанда, құрылған әрiптестiктердiң саны мен сапасы.
- Iске асырылған инновациялық жобалардың саны мен сапасы
- Оқуға, тұрақты принциптерге, жоспарлау/даму процестерiне қатысты iске асырылған жобалардың саны мен сапасы
- Халықтың жоқ-жiтiк топтарын қамтитын жобалардың саны мен сапасы
- Жергiлiктi қауымдастықтардың қатысуын көздейтiн жобалардың саны мен сапасы
- Халықаралық келiсiмдердiң мақсаттарын орындауға бағытталған жобалардың саны мен сапасы
- Оң имидж жасауға және ақпарат берудi арттыруға бағытталған жобалардың саны мен сапасы

- Бағдарламалар мен жобалар бойынша есептер;
- Бағдарламалар мен жобалар мониторингi/бағалау;
- Миссия есептерi;
- Бағдарлама бойынша статистика  

- Ақпаратты тиiмдi тарату және Eуропа мен Орталық Азияның мүдделi тараптары, сондай-ақ оларды қолдайтын ұйымдар арасында бағдарлама ұсынатын мүмкiндiктерге қатысты насихаттау.
- Бiрқатар жақсы ұсыныстар берiлдi және iрiктелген ұсыныстар тиiмдi iске асырылды
- Орталық Азияның үкiметi жобалық қызметтi және оның нәтижелерiн қолдайды.
- Жобаны әкiмшiлiктендiрудiң тиiмдi жұмысы.
- Бағдарлама
барысында құрылған әрiптестiк жұмысты жалғастыру үшiн елеулi өзiнiң қаражатын салуға дайын.  

Қызмет саласы

- Орнында оқыту
- EO-ның бiр елiнде оқыту
- Жұмысқа орындарына орналастыру, оқу үшiн жол жүрулер
- Семинарлар, оқу семинарлары, конференциялар
- Жарияланымдар
- Ақпарат берудi арттыру жөнiндегi компаниялар
- Жобаны iске асыру үшiн қажет жабдықтарды сатып алу 
 


Қазақстан үшiн бюджет: 1 400 000 eypo (+/-7 қаржыландырылатын жобалар)
Қырғызстан үшiн бюджет:
1 000 000 eуpo (+/-5 қаржыландырылатын жобалар)
Өзбекстан үшiн бюджет:
1 000 000 eуpo (+/-5 қаржыландырылатын жобалар)
Тәжiкстан үшiн бюджет:
1 000 000 eуpo (+/-5 қаржыландырылатын жобалар)

Мынадай тақырыптарғажеткiлiктi қызығушылық танытылған:
 
  - Әкiмшiлiк реформалар мәселелерi;
 
  - Жергiлiктi
экономикалық даму мәселелерi;
 
  - Әлеуметтiк реформалар мәселелерi. 

   Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы арасындағы "2005 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС iс-қимыл бағдарламасы (2-бағыт: ұлттық деңгейде жүзеге асырылатын бағдарламаларға өңiрлiк қолдау) - Қазақстан" жөнiндегi қаржылық келiсiмге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң түсiндiру туралы
мәлiмдемесi

      Еуропалық тараптың түсiндiрмелерiн негiзге ала отырып, қазақстандық тарап Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы арасындағы "2005 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС iс-қимыл бағдарламасы (2-бағыт: ұлттық деңгейде жүзеге асырылатын бағдарламаларға өңiрлiк қолдау) - Қазақстан" қаржылық келiсiмнiң (бұдан әрi - Қаржылық келiсiм) кейбiр нормаларын мынадай тәртiппен түсiнетiн болады.
      1. "2005 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС iс-қимыл бағдарламасы (2-бағыт: ұлттық деңгейде жүзеге асырылатын бағдарламаларға өңiрлiк қолдау) - Қазақстан" атауындағы "2005" деп тараптармен келiсiлген жобаларды болашақта iске асыру үшiн еуропалық тарап Еуропалық Қоғамдастықтардың бюджетiнде қаражат көздеген жыл түсiнiледi.
      2. Қаржылық келiсiмнiң 2-бабында көзделген қаржы қаражатын Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) Қаржылық келiсiмнiң II қосымшасында көзделген мiндеттердi iске асыру үшiн Комиссия айқындаған үшiншi тұлғаларға бередi. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкiметi (бұдан әрi - Үкiмет) көрсетiлген қаржы қаражатын алмайды және оларды басқаруға қатыспайды.
      3. Қаржылық келiсiмнiң 3-бабының 3.1-тармағының ережесi Үкімет бағдарламаға қаржылай үлес қоспайды және 7-баптың 7.2-тармағының нормаларына сәйкес бұл ереже Қаржылық келiсiмнiң 1-қосымшасының 2-бабының 2.2 және 2.3-тармақтарындағы ережелерден басым болады дегендi бiлдiредi.
      4. Қаржылық келiсiмнiң 8-бабының 8.1-тармағының 8.1.1) тармақшасында көрсетiлген "3.1-бап" Қаржылық келiсiмнiң 1-қосымшасының 3-бабының 3.1-тармағына сiлтеме дегендi бiлдiредi.
      Қаржылық келiсiмнiң 8-бабының 8.1-тармағының 8.1.1) тармақшасының ережесi жоба шеңберiндегi iс-шараларды жүзеге асырған кезде Еуропалық Қоғамдастықтар рәсiмдерiне сәйкес Комиссия Үкiмет мүддесiнде әрекет етедi дегендi бiлдiредi. Бұл ретте, Үкiмет Комиссияның жоба шеңберiндегi iс-әрекетi үшiн үшiншi тұлға алдында жауапты болмайды.
      5. Қаржылық келiсiмдегi "қаржылық субсидиялар" терминi Комиссия Үкiметке өтеусiз негiзде беретiн көмек ретiнде түсiнiледi. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасына берiлетiн Комиссия гранттары (қаржылық субсидиялар) Үкiметтiң Комиссиядан одан әрi қарыз алуын және мемлекеттiк бюджеттен бiрлесiп қаржыландыруды көздемейдi.
      6. Қаржылық келiсiмнiң 1-қосымшасының 8-бабының 8.2-тармағының ережесi (Қаржылық келiсiмнiң 8-бабының 8.1-тармағының 8.1.2) тармақшасын ескере отырып) еуропалық тараптан грант алатындар болмайды дегендi бiлдіредi.
      7. Қаржылық келiсiмнiң 1-қосымшасының 9-бабының 9.1 және 9.2- тармақтарының ережесi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген техникалық көмектердi (гранттарды) салықтық, кедендiк және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiне төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерден босату Еуропалық Қоғамдастықтың техникалық көмегіне (гранттарына) де қолданылады дегендi бiлдiредi.
      8. Бағдарламаны iске асыру үшiн Қаржылық келiсiмнiң 1-қосымшасының 5, 6, 7, 12 және 13-баптарының ережелерiнде көзделген келiсiм-шарттар мен гранттарды берудi Комиссия Еуропалық Қоғамдастықтардың рәсiмдерiне сәйкес дербес жүзеге асырады.
      9. Үкiмет Қаржылық келiсiмде көзделген қаржы қаражатын алмайтындықтан және оларды басқаруға қатыспайтындықтан, Қаржылық келiсiмнiң 1-қосымшасының 14 және 15-баптарының ережелерi Үкiмет Қазақстан Республикасының мүдделерiне сәйкес Комиссиямен осы Қаржылық келiсiмдi iске асыру барысында бұзушылықтар, алаяқтық iс-әрекеттер және сыбайлас жемқорлық туындаған жағдайда оларды болдырмау мәселелерi бойынша ынтымақтастық жасайды дегендi бiлдiредi.
      10. Қаржылық келiсiмнiң 1-қосымшасының 16, 17, 18 және 19-баптарының ережелерi Қаржылық келiсiмге өзгерiстер енгiзiлгенге, оның қолданылуы тоқтатыла тұрғанға немесе тоқтатылғанға дейiн Тараптар бiрiмен бiрi тиiстi консультациялар жүргiзедi дегендi бiлдiредi. Қаржылық келiсiмге түзетулер енгiзудi Тараптар өзара келiсiм бойынша жүзеге асырады. Тараптың Қаржылық келiсiмдi тоқтату туралы шешiмi екiншi Тарапқа хабарланғаннан кейiн екi ай өткен соң күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
            Үкiметi үшiн

       РҚАО-ның ескертуі. Ағылшын тіліндегі мәтінді қағаздағы нұсқадан қараңыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады