Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 25 ақпандағы N 202 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 32 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 265 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.05.2016 № 265 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 ақпандағы N 202  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 9, 101-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Экономикалық саясат жөнiндегi кеңестiң құрамында:
      мына:
"Мәсiмов                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
Кәрiм Қажымқанұлы          Министрiнiң орынбасары, жетекшiнiң
                           орынбасары

Школьник                 - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич         және сауда министрi

Мусин                    - Қазақстан Республикасының Экономика
Аслан Есболайұлы           және бюджеттiк жоспарлау министрi

Орынбаев                 - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Ербол Тұрмаханұлы          Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары
                           (келiсiм бойынша)

Мыңбаев                  - "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару
Сауат Мұхаметбайұлы        жөнiндегi қазақстандық холдингi"
                           акционерлiк қоғамы атқарушы директорының
                           мiндетiн атқарушы"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Мәсiмов                 - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрiм Қажымқанұлы          Министрi, жетекшi

Мусин                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Аслан Есболайұлы           Министрiнiң орынбасары - Экономика және
                           бюджеттiк жоспарлау министрi

Школьник                 - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Владимир Сергеевич         Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары

Орынбаев                 - Қазақстан Республикасының Премьер-
Ербол Тұрмаханұлы          Министрi Кеңсесiнiң Басшысы

Мыңбаев                  - "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару
Сауат Мұхаметбайұлы        жөнiндегi қазақстандық холдингi"
                           акционерлiк қоғамының атқарушы
                           директоры";

      көрсетiлген құрамнан Даниал Кенжетайұлы Ахметов, Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов шығарылсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес туралы ережеде:
      7-тармақтың екiншi сөйлемi алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады