2004 жылғы 1 маусымда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Украина Министрлер Кабинетi арасындағы Қазақстан мұнайының Украинаға жеткiзiлiмi және оның Украина аумағы бойынша транзитi жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 68 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiлiп отырған 2004 жылғы 1 маусымда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетi арасындағы Қазақстан мұнайының Украинаға жеткiзiлiмi және оның Украина аумағы бойынша транзитi жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi Бақтықожа Салахатдинұлы Iзмұхамбетовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер енгiзуге рұқсат бере отырып, 2004 жылғы 1 маусымда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетi арасындағы Қазақстан мұнайының Украинаға жеткiзiлiмi және оның Украина аумағы бойынша транзитi жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттамаға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

       Жоба

  2004 жылғы 1 маусымда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетi арасындағы Қазақстан мұнайының Украинаға жеткiзiлiмi және оның Украина аумағы бойынша транзитi жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ХАТТАМА

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетi (бұдан әрi - Тараптар)
      2004 жылғы 1 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетi арасындағы Қазақстан мұнайының Украинаға жеткiзiлiмi және оның Украина аумағы бойынша транзитi жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) 16-бабына сәйкес
      төмендегiлер туралы уағдаласты:
      Келiсiмнiң 5-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шарт кезеңiнде Қазақстан мұнайының жеткiзiлiмi мен транзитiнiң көлемiн анықтау кезiнде Тараптар тасымалдаудың ықтимал көлемiн және Украинаның магистральдық мұнай құбырларының қазiргi кездегi мүмкiндiктерiн ескеретiн болады.
      Қазақстан тарапы өзiнiң уәкiлеттi ұйымы арқылы жыл сайын Украина тарапын Украина аумағы бойынша жеткiзiлiм мен транзитке арналған Қазақстан мұнайының тиiстi кезеңге арналған ықтимал көлемiне қатысты хабардар етедi.
      Украина тарапы өзiнiң уәкiлеттi ұйымы арқылы жыл сайын Қазақстан тарапын Қазақстан мұнайын тасымалдауды қамтамасыз ету үшiн Украинаның магистральдық мұнай құбырларының өткiзу қуаттарына қатысты хабардар етедi.
      Тараптар Қара теңiзге қазақстандық ресурстарды жеткiзу үшiн 52 км-ге созылатын "Снигиревка - Одесса" - "Пивденный" ММҚ" мұнай құбырының 154-шi км" құрылысының жобасын iске асыру жөнiндегi бiрлескен қызметтi жүзеге асыру мүмкiндiгiн қарастырады.
      Тараптар еуропа нарығына мұнайдың түрлi сорттарын тасымалдау, сондай-ақ осы үшiн құрылған мұнай-көлiк инфрақұрылымын кеңейту және пайдалану жөнiндегi жобаларды iске асыруда ынтымақтасады".

      Бұл Хаттама Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады, Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енедi.
      2007 жылғы "__"_____________________________қаласында әрқайсысы украин, қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, бұл ретте барлық мәтiндер бiрдей. Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

       Қазақстан Республикасының             Украина Министрлер
      Yкіметi үшiн                          Кабинетi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады