Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi арасындағы Германия Федеративтiк Республикасы Қарулы Күштерiнiң Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтiру жөнiндегi күш-жiгерге қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлiк пен персоналдың транзитi туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 қаңтардағы N 76 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi арасындағы Германия Федеративтiк Республикасы Қарулы Күштерiнiң Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтiру жөнiндегi күш-жiгерге қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлiк пен персоналдың транзитi туралы келiсiмнiң жобасы макұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi арасындағы Германия Федеративтiк Республикасы Қарулы Күштерiнiң Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтiру жөнiндегi күш-жігерге қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлiк пен персоналдың транзитi туралы келiсiмге қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасының Yкiметi арасындағы Германия Федеративтiк Республикасы Қарулы Күштерiнiң Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтiру жөнiндегi күш-жiгерге қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлiк пен персоналдың транзитi туралы келiсiм

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi, 
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң 1368 (2001), 1373 (2001), 1386 (2001), 1444 (2002), 1510 (2003), 1536 (2004), 1589 (2005), 1623 (2005) және 1707 (2006) қарарларының ережелерiн назарға ала отырып, 
      Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтiру жөнiндегi халықаралық күш-жiгерге жәрдемдесу мақсатында
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      1. Осы Келiсiм Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтiру жөнiндегi халықаралық күш-жiгерге жәрдемдесу мақсатында Германия Федеративтiк Республикасының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлiк пен персоналдың транзитiн жүзеге асыруы тәртiбiн белгілейдi. 
      2. Қажет болған кезде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттi жүзеге асырудың егжей-тегжейiн Тараптар жеке келiсiмдерде ескеруi мүмкiн.
      3. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн онда пайдаланылатын терминдер мыналарды бiлдiредi:
      1) "әскери мүлiк" - 1990 жылғы 19 қарашадағы Еуропадағы кәдiмгi қарулы күштер туралы шартта белгiленген шектеулердi ескере отырып, қарудың әр түрлi түрлерiнiң және оның жауынгерлiк қолдануын қамтамасыз ету кұралдарының, оның iшiнде жеткiзу, бағыттау жүйесiнiң, iске қосу, басқару құралдарының кешендерi, сондай-ақ басқа да арнайы техникалық құралдар мен қарулы күштердi жарақтандыруға арналған өзге де жүктер, оқ-дәрiлер және олардың құрамдас бөлiктерi, қосалқы бөлшектер, приборлар және приборлардың жинақтаушы бұйымдары, қарулы күштердiң жеке құрамының тiршiлiк ету қызметiн қамтамасыз ету жүйелерi, жаппай қырып-жою қаруынан қорғанудың ұжымдық және жеке құралдары, жаппай қырып-жою қаруларын қолданудың алдын алу және салдарын емдеу құралдары, арнайы тыл жабдығы, әскери киiм нысаны мен Германия Федеративтiк Республикасының жауапкершiлiгiндегi оған жататын айырым белгiлерi мен нышандары;
      2) "персонал" - Германия Федеративтiк Республикасының әскери және азаматтық қызметкерлерi;
      3) "транзит" - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылатын бағыттар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы темiр жол/әуе көлiгi түрiмен жүрiп өту/ұшу;
      4) "әуе кемесi" - 1944 жылғы 7 желтоқсандағы Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 16-қосымшаның 1-томы 2-тарауы қолданылатындарды қоса алғанда, Германия Федеративтiк Республикасының әуе кемесi;
      5) "өткiзу пунктi" - шекаралық және кедендiк, ал қажет болған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы әскери мүлiк пен персоналды бақылаудың және өткiзудiң басқа да түрлерi жүзеге асырылатын темiр жол станциясы шегiндегi аумақ, сондай-ақ басқа да арнайы жабдықталған орын.

  2-бап

      1. Әуе кемелерiнiң Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгi арқылы транзиттiк ұшулары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлетiн арнайы рұқсат негізiнде жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Тарапы осы Келiсiмнiң 1-бабында көрсетiлген мақсаттарда транзиттiк ұшуларға арналған жыл сайын жаңартылып отырылатын арнайы рұқсаттың бiрыңғай жылдық нөмiрiн белгiлейдi.
      3. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігiн пайдалануға арнайы рұқсатты алу үшiн Герман Тарапы Қазақстан Тарапына алдын ала дипломатиялық арналар бойынша тиiсті сұрау салуды жiбередi. 
      4. Арнайы рұқсат осы Келiсiмнiң қолданылу тоқтаған жағдайда өздiгінен жойылады.
      5. Герман Тарапы Қазақстан Тарапы ұсынған әуе дәлiздерi бойынша әуе кемелерiнiң Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану туралы хабарламаны (осы Келiсiмге қосымша) жоспарланып отырған ұшуға дейiн кемiнде 24 сағат бұрын мерзiмде Қазақстан Республикасының Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығына (АFTN - UAAKZDZK, UAAAZDZW) мынадай ұшу деректерін көрсете отырып ұшу жоспарын жiберу арқылы ұсынады:
      - арнайы рұқсаттың бiрыңғай жылдық нөмiрi;
      - әуе кемесiнiң үлгiсi, тiркеу нөмiрi және радиошақыруы;
      - әуе кемесiнiң ұшып шығу және жету пункттерi;
      - тасымалдау жөнiндегi жалпы мәлiметтер (адамдар, жүк, қауiптi жүк);
      - қозғалыс күнi, толық бағыты және ұшу бағытындағы авиатрассалар, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiне/әуе кеңiстiгiнен кiру/шығу нүктелерi мiндеттi түрде көрсетiлген кестесi.
      6. Қазақстан Республикасының әуе трассалары бойынша әуе кемелерiнiң ұшуы азаматтық әуе кемелерiнiң халықаралық ұшу ережелерiн сақтай отырып жүзеге асырылуы тиiс.
      7. Қазақстан Тарапы әуе кемелерiне аэронавигациялық алымдарды өндiрiп ала отырып, аэронавигациялық қызмет көрсетедi.
      8. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшатын әуе кемелерi мыналармен:
      1) аэронавигациялық қызмет көрсететiн қызметпен екi жақты радиобайланыста болуды қамтамасыз ететiн радиобайланыс аппаратурасымен;
      2) Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) белгiлеген тәртiпке сәйкес тиiстi режимде жұмыс iстейтiн радиолокациялық қабылдау жауапберушiмен (транспондермен) жабдықталуы тиiс. 
      9. Әуе кемелерi экипаждарының диспетчерлермен келiссөздерi тек радиобайланыс фразеологиясының тек белгiленген тәртiбi бойынша ағылшын тiлiнде жүргiзiледi.

  3-бап

      Әскери мүлiктiң темiр жол көлiгiмен транзитi Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органы беретiн рұқсат негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Келiсiмнiң мақсаттарында ғана жүзеге асырылады.

  4-бап

      1. Персоналдың транзитi дипломатиялық, қызметтiк немесе шетелдiк паспорттар бар болған кезде визасыз негiзде жүзеге асырылады.
      2. Тараптар Қазақстан Республикасының аумағында персоналдың болуын қамтамасыз етуге байланысты барлық мәселелер бойынша өзара iс-қимыл жасайды.
      3. Герман Тарапы паспорттық деректер мен лауазымдарды көрсете отырып, олардың атаулы тiзiмiн ұсыну жолымен персоналдың темiр жол көлiгiмен жоспарланған транзитi туралы Қазақстан Республикасының аумағына кiруге/келуге дейiн кемiнде 72 сағат бұрын мерзiмде Қазақстан Тарапын хабардар етедi.

  5-бап

      1. Персонал Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның iшiнде кедендiк және өзге де ережелердi сақтауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының iшкi iстерiне араласпауға мiндеттi.
      2. Транзит кезiнде персонал әскери киiммен жүре алады.
      3. Транзит бағыты бойынша персонал темiр жол құрамын және әскери мүлiктi техникалық тексерудi қоспағанда, Қазақстан Республикасының құзыреттi органдарының рұқсатынсыз темiр жол құрамын тастап кете алмайды.

  6-бап

      1. Персоналға, ол Қазақстан Республикасының аумағында болған кезеңде оған осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды коспағанда, Қазақстан Республикасының заңи құзыретi қолданылады.
      2. Персоналға, ол осы Келiсiмге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында болған кезеңде Қазақстан Республикасының заңи құзыретi:
      1) персонал Германия Федеративтiк Республикасына қарсы, сондай-ақ Германия Федеративтiк Республикасына тиесiлi персоналға немесе әскери мүлiкке қарсы қылмыс немесе әкiмшiлiк кұқық бұзушылық жасаған жағдайда;
      2) персонал тiкелей қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда қолданылмайды.

  7-бап

      1. Әскери мүлiк пен персонал осы Келiсiмге сәйкес транзит кезiнде шекаралық, кедендiк бақылауға, ал қажет болған кезде қазақстандық құзыреттi органдардың шешiмi бойынша бақылаудың басқа да түрлерiне және осы Келiсiм мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмдеуге жатады.
      2. Шекаралық және кедендiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде әскери мүлiк пен персоналды тексеру, сондай-ақ шекаралық және кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi қосымша құжаттар мен мәлiметтердi талап ету және тексеру, егер Қазақстан Республикасының шекара және кеден органдарында көрсетiлген мүлiк транзитке рұқсат берiлген мүлiк болып табылмайды деп болжауға негiз бар болған ерекше жағдайларда ғана жүргiзiледi.
      3. Әскери мүлiк пен персоналдың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы транзитi кедендiк ресiмдеу үшiн кедендiк баждарды, кедендiк алымдарды және салықтарды өндiрiп алмай жүзеге асырылады.

  8-бап

      Герман Тарабы (немесе ол уәкiлеттiк берген ұйымдар) Қазақстан Тарабына және қазақстандық заңды тұлғаларға транзитке байланысты нақты көрсетiлген қызметтерi үшiн жұмсалған шығыстарын өтейдi.

  9-бап

      Бiр Тараптың транзитке байланысты алатын ақпараты осы ақпаратты берген Тараптың жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi тарапқа берiлмейдi.

  10-бап

      1. Қасақана әрекеттiң салдарынан болған өлiмдi, дене зақымын немесе материалдық залал келтiруге байланысты наразылықтарды қоспағанда, осы Келiсiмдi орындау үшiн жүзеге асыратын қызметiне байланысты Тараптар бiр-бiрiне наразылық бiлдiрмейдi және бiр-бiрiне қатысты азаматтық сот талқылауларын қозғамайды.
      Авария салдарынан залал келтiрiлген кезде наразылық аварияға кiнәлi Тарапқа ұсынылады.
      2. Транзиттi жүзеге асыру кезiнде үшiншi тұлғаларға Герман Тарапы кiнәсiнен залал келтiрiлген жағдайда Герман Тарапы оны өтеу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзiне мiндеттеме қабылдайды.

  11-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдануға және түсiндiруге байланысты даулар мен келiспеушiлiктер консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiледi.

  12-бап

      1. Осы Келiсiм Герман Тарапы Қазақстан Тарапынан оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалғаны туралы жазбаша хабарламасын алғаннан кейiн күшiне енедi.
      2. Осы Келiсiм Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылады. 
      3. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және Тараптардың бiрi дипломатиялық арналар арқылы екiншi Тарапқа осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату туралы хабарлама жiберген күннен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданылуын тоқтатады.

      2007 жылғы ___________ ______________ қаласында екi данада әрқайсысы қазақ, орыс және немiс тiлдерiнде жасалды, әрi барлық мәтiндердiң де күшi бiрдей.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

       Қазақстан Республикасының          Германия Федеративтік
            Үкіметі үшін             Республикасының Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының Үкіметі 
мен Германия Федеративтік     
Республикасы Үкіметінің арасындағы 
Германия Федеративтік Республикасы 
Қарулы Күштерінің Ауғанстан Ислам 
Республикасын тұрақтандыру мен  
қалпына келтіру жөніндегі    
күш-жігерге қатысуына байланысты 
Қазақстан Республикасының аумағы 
арқылы әскери мүлік пен персоналдың
транзиті туралы келісімге қосымша 

Ұсынылатын бағыттар

      1. AZABI/ITAKA  A87/R227 AKTAU  B363  KUNAS - сонан соң Өзбекстанның аумағын пайдалана отырып және бұдан әрі - BORIS A480 GENDI A352 ARBOL B142 TOLE BI A355 RODAM //немесе// KALIN тікелей BASAN A 355 TOLE BI B 142 ARBOL A 352 GENDI A 480 BORIS - сонан соң Өзбекстанның аумағын пайдалана отырып және бұдан әрі - KUNAS B363 AKTAU A87/R227 AZABI/ITAKA
      2. ABEKA A117 DODUR A118/A121 SHYMKENT B 114 TOLE BI A355 RODAM, /немесе// KALIN тікелей BASAN A355 TOLE BI B114 SHYMKENT A118/A121 DODUR A117 ABEKA
      3. OBATA G487 ATYRAU A356 TOLE BI A355 RODAM //немесе// KALIN тікелей BASAN A355 TOLE BI A356 ATYRAU G487 OBATA
      4. OBATA G487 ATYRAU A356 KYZLORDA A352 GENDI R482 SHYMKENT A118/A121 DODUR A117 ABEKA //немесе// ABEKA A117 DODUR A118/A121 SHYMKENT R482 GENDI A352 KYZLORDA A356 ATYRAU G487 OBATA
      5. BALUN-G155-MASAV-G155-DIVNO-G13-KZO-A356-TOLE BI-A355-RODAM //немесе// RODAM-A355-TOLE BI-A356-KZO-G13-DIVNO-G155-MASAV-G155-BALUN
      6. BALUN-G155-MEDOL-B363-KUNAS //немесе// KUNAS-B363-MEDOL-G155-BALUN
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады