Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісім Тараптарының үкіметтері арасындағы ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының Тұрақты Хатшылығын (ТРАСЕКА ҮАК ТХ) бірлесіп қаржыландыру туралы келісімге қосылу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 ақпандағы N 100 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. 2005 жылғы 21 сәуірде Баку қаласында жасалған Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісім Тараптарының үкіметтері арасындағы ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының Тұрақты Хатшылығын (ТРАСЕКА ҮАК ТХ) бірлесіп қаржыландыру туралы келісімге қосылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісім Тараптарының үкіметтері арасындағы ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының Тұрақты Хатшылығын (ТРАСЕКА ҮАК ТХ) бірлесіп қаржыландыру туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі»"Тараптар"»деп аталатын, 1998 жылғы 8 қыркүйекте Баку қаласында қол қойылған, бұдан әрі "Негізгі келісім" деп аталатын Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісім Тараптарының үкіметтері,
      ТРАСЕКА ҮАК ТХ-ты дербес қаржыландыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ ТРАСЕКА ҮАК пен Негізгі келісімнің ережелеріне сәйкес құрылған оның Жұмыс топтарының мәжілістерін ұйымдастыру қажеттілігін негізге ала отырып,
      Негізгі келісімнің 9-бабы 3-тармағының негізінде,
      бұдан әрі»"Қаржыландыру туралы келісім" деп аталатын осы Келісімді жасасуға келісті.

  1-бап
Жалпы ережелер

       1. Осы Қаржыландыру туралы келісімнің ережелері ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының Тұрақты Хатшылығының (ТРАСЕКА ҮАК
ТХ) қызметін бірлесіп қаржыландыруды регламенттейді.
      2. Әрбір келесі жылға арналған жылдық бюджет ТРАСЕКА ҮАК
шешімімен оның жыл сайынғы мәжілісінде бекітіледі. Осы шешімнің осы
Келісімнің барлық Тараптары үшін міндетті сипаты бар.
      3. Қаржы жылы 1 қаңтарда басталады және 31 желтоқсанда аяқталады.
      4. Егер ТРАСЕКА ҮАК-тің тиісті шешімінде өзгеше көзделмесе, ТРАСЕКА ҮАК ТХ мақсаттары үшін Тараптардың жарналары мен тиісті
бухгалтерлік есеп Еуро-да жүргізіледі.

  2-бап
Бірлесіп қаржыландыру қағидаттары

       1. Жыл сайынғы бюджеттің қаржы қаражаты осы Қаржыландыру
туралы келісімнің Тараптары төлейтін ақшалай жарналар, сондай-ақ басқа да көздерден түсетін түсімдер есебінен қамтамасыз етіледі.
      2. Тараптардың жарналары тең үлестермен төленеді.
      3. Жыл сайынғы бюджеттің мөлшері және оған сәйкес Тараптардың жарналары:
      а) алдағы қаржы жылына көзделген шығыстар;
      б) алдағы   қаржы жылында күтілетін кірістер (түсімдер);
      в) өткен   қаржы жылынан қалған қаражат қалдығын (теңгерім);
      г) басқа да түсімдер негізге алына отырып, айқындалады.

  3-бап
Жылдық бюджеттің құрылымы

      1. ТРАСЕКА ҮАК ТХ жылдық бюджетінің кіріс бөлігі мыналарды қамтиды:
      а) ағымдағы қаржы жылы үшін Тараптардың жарналары;
      б) өткен жылдың бюджетінен (теңгерімінен) қалған сома;
      в) банк пайыздарынан, валюта бағамынан кірістер;
      г) донорлар мен ұйымдардың гранттары;
      д) өзге де түсімдер.
      2. ТРАСЕКА ҮАК ТХ жылдық бюджеттің шығыс бөлігі мыналарды қамтиды:
      а) ТРАСЕКА ҮАК ТХ басшылығы мен қызметкерлеріне төлемдер
      Еңбек ақыны тұрақты төлеуге, медициналық сақтандыруға, ТРАСЕКА ҮАК ТХ басшылығы мен қызметкерлерін және Ұлттық хатшыларды ұстауға арналған шығыстарды, олардың тұруына арналған шығыстарды төлеуге байланысты барлық шығындар;

      б) Кеңсе шығыстары
      Коммуникациялар төлемін, іссапар шығыстарын, автомобильдерді ұстауды қамтитын, ТРАСЕКА ҮАК ТХ-тың Бакудегі Штаб-пәтерін және Негізгі келісімнің Тараптары тұрақты өкілдіктерінің қызметіне байланысты барлық шығыстар, ТРАСЕКА веб-сайтын, дерекқорын ұстауға байланысты шығыстар, материалдар таратудың, басудың, жариялаудың, кеңсе керек-жарақтарының құны;

      в) Қайта инвестициялау
      ТРАСЕКА ҮАК ТХ Штаб-пәтерінің және оның тұрақты өкілдіктерінің қызметі үшін қажетті жаңа жабдықты жеткізуімен байланысты және бағдарламалық пен техникалық қамтамасыз етуді, кеңсе жабдығын, автомобильді, үй-жайларды жөндеуді/жаңартуды қамтитын барлық шығындар;

      г) ҮАК пен Жұмыс топтарының мәжілістері
      Көлік шығыстарынан, тұруға, тамақтануға, құжаттарды дайындау мен таратуға, жергілікті көлікке арналған шығыстардан тұратын ТРАСЕКА іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуге байланысты барлық шығындар;

      д) Басқа да шығыстар
      Банк шоттарына қызмет көрсетуге, валюта бағамдарындағы айырмашылыққа байланысты шығыстар, осы тізбеде көрсетілмеген кез келген басқа да шығыстар.

  4-бап
Жарналарды аудару

      1. Тараптар Штаб-пәтері Әзірбайжан Республикасы, Баку қаласында орналасқан ТРАСЕКА ҮАК ТХ-тың шотына келесі қаржы жылына арналған өздерінің мүшелік жарналарын ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін, бірақ келесі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей аударуға тиіс.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелері сақталмаған жағдайда, ТРАСЕКА ҮАК Негізгі келісімнің 8 және 12-баптарының негізінде әрекет ете отырып, тиісті шешімдер әзірлейді.

  5-бап
Бюджет рәсімі

      1. Бюджет жобасын Тұрақты Хатшылық әзірлейді. Бюджет жобасына
өткен кезеңнің кірістері мен шығыстарына талдауды және есепті кезеңнің деректерімен салыстырғанда жекелеген баптар бойынша бюджет жобасы өзгерістерінің себептерін қамтитын түсіндірме жазба қоса беріледі.
      2. Бюджет жобасы  мен түсіндірме жазба ТРАСЕКА ҮАК кезекті
мәжілісінің ашылуына дейін 3 (үш) айдан кешіктірмей Тараптарға жіберіледі.
      3. ТРАСЕКА ҮАК ТХ-тың Ұлттық хатшылары Тараптардың ТРАСЕКА ҮАК бюджет жобасы жөніндегі ескертулерін ТРАСЕКА ҮАК кезекті мәжілісінің ашылуына дейін 2 (екі) айдан кешіктірмей ТРАСЕКА
ҮАК ТХ-қа жібереді.
      4. Тараптардың ескертулері түсіндірме жазбаға қоса беріледі және ТРАСЕКА ҮАК ТХ мәжілісі өткізілгенге дейін 2 (екі) апта бұрын жіберіледі.
      5. Бюджет жобасы, оған түсіндірме жазба және Тараптардың
ескертулері ТРАСЕКА ҮАК ТХ-тың мәжілісінде қаралады.
      6. Осы баптың 2-4-тармақтарына сәйкес келісілген бюджет жобасы ТРАСЕКА ҮАК кезекті мәжілісінің ашылуына дейін 3 (үш) аптадан
кешіктірілмей Тараптардың назарына жеткізіледі.
      7. ТРАСЕКА ҮАК ТХ-тың Бас хатшысы бюджет жобасын ТРАСЕКА
ҮАК-тың бекітуіне шығарады.
      8. Бюджет бекітілгенге дейін шығыстар өткен бюджеттік жылдың ұқсас кезеңінде   болған шығыстар ескеріле отырып, ТРАСЕКА ҮАК  ТХ-тың қалыпты   қызметін қамтамасыз ету қажеттілігі негізге алынып жүргізіледі.
      9. Егер, бюджеттің белгілі бір бабы бойынша бекітілген  сомалар жұмсалып қойған жағдайды, ТРАСЕКА ҮАК ТХ-тың Бас хатшысы   қажет болған   жағдайда, басқа баптар бойынша қол жеткізілген үнемділік есебінен бюджеттің   осы бабының 20%-ы шегінде қаражат жұмсауға рұқсат беруге құқылы.
      10. ТРАСЕКА ҮАК ТХ-тың Бас хатшысы осы Қаржыландыру туралы келісімнің ережелеріне сәйкес және ТРАСЕКА ҮАК-тың жұмыс заңнамасы мен жыл сайынғы бюджетке қатысты шешімдерінің негізінде басқару үшін жауапты болады.
      11. ТРАСЕКА   ҮАК ТХ-тың Бас хатшысы ТРАСЕКА ҮАК-тың әрбір мәжілісінде өткен жыл бюджетінің орындалуы бойынша қаржылық есепті ұсынады. Қаржылық есеп ТРАСЕКА ҮАК-тың шешімімен қабылданады.
      12. ҮАК өзінің жыл сайынғы мәжілісінде бюджеттің орындалуына бақылауды жүзеге асыру жөніндегі аудиторлық топты төрағалық етуші болып табылмайтын әртүрлі Тараптан қаржы жөніндегі 3 сарапшы кіреді. Аудиторлық топтың құрамы.
      13. Аудиторлық топтың қаржылық есептің барлық кітаптарына және
басқа да құжаттарға еркін қол жеткізу құқығы бар. ТРАСЕКА ҮАК ТХ
қаржылық бақылауды жүзеге асыру кезінде жәрдем көрсетуге, сондай-ақ тексеруге қатысты мәселелер жөніндегі барлық талап етілетін құжаттарды ұсынуға міндетті.
      14. Аудит нәтижелері сарапшылардың қорытындыларын және олардың ТРАСЕКА ҮАК ТХ-тың қаржылық қызметін жақсарту жөніндегі ұсынымдарын қамтитын Аудиторлық есеппен ресімделеді. Осы Аудиторлық есепке аудиторлық топтың барлық мүшелері міндетті түрде қол қоюға тиіс. ТРАСЕКА ҮАК ТХ Бас хатшысының Аудиторлық есеппен танысуға және оған жазбаша түрде өзінің ескертулерін ұсынуға құқығы бар. Аудиторлық есеп және Бас хатшының жазбаша ескертулері ТРАСЕКА ҮАК мәжілісінің қарауына шығарылады.
      15. ТРАСЕКА ҮАК мәжілісінің қарауына шығарылғанға дейін бюджеттің атқарылуы жөніндегі қаржылық есеп және аудиторлық есеп осы баптың 5-тармағында аталған ТРАСЕКА ҮАК мәжілісінде қаралады.

  6-бап
Қаржылық құжаттар мен операциялар

      1. Қаржылық операциялар, қаржылық құжаттар мен есептілікті жүргізу ТРАСЕКА ҮАК ТХ Штаб-пәтері орналасқан елдің ұлттық заңнамасының негізінде және ТРАСЕКА ҮАК-тың құжаттары мен шешімдеріне сәйкес жүргізіледі.
      2. Қаржылық міндеттемелерді қамтитын барлық құжаттарда, оның
ішінде шоттар мен басқа да банктік құжаттарда ТРАСЕКА ҮАК ТХ Бас
хатшысының қолы болуға тиіс.
      3. ТХ-тың күнделікті жұмысында пайдаланылатын қаржылық құжаттар (бухгалтерлік кітаптар, ордерлер, формулярлар, кассалық чектер және т.б.) қаржылық есеп беру мақсатында 10 (он) жыл ішінде тиісті түрде сақталуға тиіс.

  7-бап 
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу

      1.   Осы Қаржыландыру туралы келісімге Тараптардың келісімі бойынша осы Қаржыландыру туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Хаттамамен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
      2. Өзгерістер мен толықтырулар туралы хаттаманың күшіне енуі осы Қаржыландыру туралы келісімнің күшіне енуі сияқты тәртіппен жүзеге асырылады.

  8-бап
Депозитарий

      1. Қаржыландыру туралы келісімге қол қойған Тараптарға оның расталған көшірмелерін жіберетін Әзірбайжан Республикасы осы Қаржыландыру туралы келісімнің Депозитарийі болып табылады.
      2. Депозитарий Тараптарды Қаржыландыру туралы келісімге басқа
мемлекеттердің қосылуы туралы және Тараптардың кез келгеніне қатысты
Қаржыландыру туралы келісім қолданысының тоқтатылуы туралы хабардар
етеді.

  9-бап
Күшіне ену, қосылу және қолданылу мерзімі

      1. Осы Қаржыландыру туралы келісім 8-бапта көрсетілген Депозитарийге оны ратификациялау немесе қабылдау туралы төртінші құжат тапсырылғаннан   кейін отыз күн өткен соң күшіне енеді.
      2. Егер осы Қаржыландыру туралы келісім 2006 жылғы 1 қаңтарға   дейін күшіне енбесе, онда ол күшіне енгенге дейін уақытша қолданылуға тиіс.
      3. Осы Қаржыландыру туралы келісімді уақытша қолдану оның күшіне енуімен тоқтатылады.
      4. Қаржыландыру туралы келісім Негізгі келісімнің Тараптары қосылуы   үшін ашық.
      5. Қосылу туралы құжаттар Қаржыландыру туралы келісімнің 8-бабында көрсетілген Депозитарийге сақтауға тапсырылады.
      6. Депозитарийге ратификациялау немесе қабылдау туралы төртінші құжаты тапсырғаннан кейін осы Қаржыландыру туралы келісімді ратификациялайтын, қабылдайтын немесе оған қосылатын әрбір Тарап үшін Келісім Депозитарийге ратификациялау, қабылдау немесе қосылу туралы өзінің құжатын тапсырғаннан кейін отыз күн өткен соң күшіне енеді.
      7. Осы Қаржыландыру туралы келісім Негізгі келісімнің қолданылу мерзімінде күшінде болады.

      2005 жылғы 21 сәуірдегі Әзірбайжан Республикасы, Баку қаласында ағылшын және орыс тілдеріндегі бір түпнұсқа данада жасалды, әрі екі мәтін тең дәлме-дәл болып табылады.

Әзірбайжан Республикасының             Молдова Республикасының
      Үкіметі үшін                            Үкіметі үшін

Болгария Республикасының               Румыния Республикасының
      Үкіметі үшін                            Үкіметі үшін

Грузия Республикасының               Тәжікстан Республикасының
      Үкіметі үшін                            Үкіметі үшін     

Қазақстан Республикасының              Түрік Республикасының
      Үкіметі үшін                          Үкіметі үшін   

  Түрік Республикасының Үкіметі үшін Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісім Тараптарының үкіметтері арасындағы ТРАСЕКА Үкіметаралық Комиссиясының Тұрақты Хатшылығын (ТРАСЕКА ҮАК ТХ) бірлесіп қаржыландыру туралы келісімге Грузияның ескертпесі

      4-баптың 1-тармағының мәтіні Грузияға қатысты мынадай редакцияда қолданылады:»"Тараптар Штаб-пәтері Әзірбайжан Республикасы, Баку қаласында орналасқан ТРАСЕКА ҮАК ТХ-тың шотына өздерінің келесі қаржы жылына арналған жарналарын ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін, бірақ келесі жылдың 31 маусымынан кешіктірмей аударуға тиіс.".»

      Грузияның экономикалық
      даму министрінің
      орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады