Қазақстан Республикасы мен Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi арасындағы достық қатынастарды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен 1910 жылғы үлгiдегi сериясы АЖ N 59, 1945 жылғы шығарылған "Максим" жүйесiнiң 7,62 мм станокты пулеметiн жиынтығымен Бiрiккен Apaб Әмiрлiктерiнiң басшылығына сыйға берудi қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген қарудың экспортына лицензияны ресiмдесiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi осы қаулыға сәйкес әкетiлетiн қаруды кедендiк ресiмдеудi және бақылауды қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі