Оңтүстiк Қазақстан облыстық бюджетiнiң 2007 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға пайдалану ережесiн бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 ақпандағы N 121 Қаулысы

      "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған Оңтүстiк Қазақстан облыстық бюджетiнiң 2007 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға пайдалану ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi ағымдағы нысаналы трансферттердiң бекiтiлген сомаларын Оңтүстiк Қазақстан облыстық бюджетiне аударуды қамтамасыз етсiн.

      3. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi:
      1) ағымдағы нысаналы трансферттердiң бөлiнген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне ай сайын есептiден кейiнгi айдың 25-күнiне дейiнгi мерзiмде ағымдағы нысаналы трансферттердiң бөлiнген сомаларының пайдаланылуы туралы есептер ұсынуды қамтамасыз етсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі  

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2007 жылғы 16 ақпандағы
N 121 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Оңтүстiк Қазақстан облыстық бюджетiнiң 2007 жылға арналған
республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы
трансферттердi қазақстандық мақта талшығының сапасына
сараптама жасауға пайдалану
ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Оңтүстiк Қазақстан облыстық бюджетiнiң 2007 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығын дамытуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттiк бағдарламасының 108 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiне қазақстандық мақта талшығының сапасын сараптауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" кiшi бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражатының есебiнен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi Оңтүстiк Қазақстан облысының облыстық бюджетiнiң пайдалану тәртiбiн айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Ауылшарминi) төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес Оңтүстiк Қазақстан облысының облыстық бюджетiне ағымдағы нысаналы трансферттердi аударуды жүргiзедi.

      3. Қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға арналған қаражат (бұдан әрi - субсидиялар) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге бюджеттiк бағдарламаның паспортында белгiленген көлемде мақта талшығының сапасына сараптама жасауға арналған шығындардың құнын толық өтеуге арналады.

  2. Қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға
арналған шығынды толық өтеуге арналған субсидияларды пайдалану
тәртiбi

      4. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнiндегi қызметтер көрсетушi (бұдан әрi - қызметтер көрсетушi) "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгiленедi.

      5. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнiндегi қызметтердi сатып алушылар Қазақстан Республикасының аумағында өсiрiлген мақтаның иелерi - отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер (бұдан әрi - қызметтердi сатып алушы) болып табылады.

      6. Қызметтердi сатып алушылар лицензияланған мақта өңдеу ұйымдарына мақтаны жеткiзедi.

      7. Мақта өңдеу ұйымдары қызметтер көрсетушiге осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтердi сатып алушылардың тiзiлiмiн ұсынады.

      8. Қызметтер көрсетушi, мақта өңдеу ұйымы мен Оңтүстiк Қазақстан облысының облыстық ауыл шаруашылығы департаментi (бұдан әрi - Ауыл шаруашылығы департаментi) арасында мақта талшығының сапасын бағалау жөнiндегi қызметтер көрсетудiң үш жақты шарты жасалады.

      9. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнiнде қызметтер көрсету фактiсi бойынша қызметтер көрсетушi мақта өңдеу ұйымдары ұсынған қызметтердi сатып алушылар тiзiлiмдерiнiң негiзiнде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң жиынтық актiсiн жасайды.

      10. Қызметтер көрсетушi субсидиялар алу үшiн ай сайын есептiден кейiнгi айдың 10-күнiне қарай Ауыл шаруашылығы департаментiне мынадай құжаттарды ұсынады:
      мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң жиынтық актiсiн;
      мақта талшығының сапасын растайтын құжаттардың көшiрмелерiн.

      11. Ауыл шаруашылығы департаментi он жұмыс күнi iшiнде субсидиялар алу үшiн қызметтер көрсетушi ұсынған құжаттарды тексередi. Ауыл шаруашылығы департаментi қызметтер көрсетушi ұсынған растаушы құжаттардың негiзiнде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар төлеуге арналған ведомосты қалыптастырады.

      12. Ауыл шаруашылығы департаментi үш жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада ақы төлеу шоттарының тiзiлiмiн және ақы төлеу шотын ұсынады.

      13. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi төлемдер бойынша бекiтiлген қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидияларды қызметтер көрсетушiнiң шотына аударады.

      14. Ауыл шаруашылығы департаментi субсидиялар төлеу үшiн берiлетiн құжаттардың шынайылығы үшiн жауапты болады.

      15. Ауыл шаруашылығы департаментi Ауылшарминiне ай сайын есептiден кейiнгi айдың 25-күнiне дейiнгi мерзiмде бюджеттiк бағдарламаның iске асырылуы туралы есеп бередi.

      16. Ауылшарминi және Ауыл шаруашылығы департаментi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражатының тиiмдi және мақсатты пайдаланылуы үшiн жауапты болады. 

Оңтүстiк Қазақстан облыстық бюджетiнiң  
2007 жылға арналған республикалық бюджеттен
бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi
қазақстандық мақта талшығының сапасына  
сараптама жасауға пайдалану ережесiне  
1-қосымша             

  _________________________________________________________________
          (лицензияланған мақта өңдеу ұйымының атауы)

                  Қызметтердi сатып алушылардың тiзiлiмi
                       _______________кезеңде

Р/c N

Қызметтерді сатып алушының атауы

Будалар (сынамалар) саны, дана

1

2

3

  

  

  

Жиыны:

  

  

Басшы                                    _______________________
                                               (Т.А.Ә., қолы)

Бас бухгалтер                            _______________________
                                               (Т.А.Ә., қолы)

М.О.
 
Күні__________

Оңтүстiк Қазақстан облыстық бюджетiнiң  
2007 жылға арналған республикалық бюджеттен
бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi
қазақстандық мақта талшығының сапасына  
сараптама жасауға пайдалану ережесiне  
2-қосымша                 

Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң жиынтық актiсi

P/c
N

Лицензиялан-
ған мақта өңдеу ұйымының атауы, заңды
мекен-жайы

Қызметтерді сатып алушының атауы

Будалар
(сынама-
лар)
саны,
дана

Қызметтер-
дің бір бірлігінің бағасы, теңге

Сомасы,теңге

  1

2

 3 

4

5  

6  

  

  

    

  

  

  

Жиыны:

  

  

  

  

  

Қызметтер көрсетушi                       _______________________
                                            (Т.А.Ә., қолы, мөрi) 
Күні___________

Оңтүстiк Қазақстан облыстық бюджетiнiң  
2007 жылға арналған республикалық бюджеттен
бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi
қазақстандық мақта талшығының сапасына  
сараптама жасауға пайдалану ережесiне  
3-қосымша                  

"Бекiтемiн"
Ауыл шаруашылығы департаментiнiң басшысы
____________________________    
(Т.А.Ә., қолы, мөрi)         
200___ж. "_____"_____________    

200___ж.______________кезеңдегi
мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнiнде қызметтер көрсетушiге субсидиялар төлеуге арналған
N_____ведомость

P/c
N

Қызметтер көрсету-
шiнiң атауы

Нақты көрсетілген қызметтер, дана

Жыл басынан
бастап тиесiлiсубси-
диялар сомасы, теңге

Жыл басынан
бастап төлен-
генi, теңге 

Тиесiлi субсидия-
лар сомасыныңқалдығы, теңге

Төлеуге жатады, теңге

жыл басынан бастап, дана

кезеңде, дана

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады