"Ертiс" және "Оңтүстiк" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорацияларын құру және олардың қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 ақпандағы N 147 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      "Ертiс" және "Оңтүстiк" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорацияларын құру және олардың қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы "Ертiс" және "Оңтүстiк" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк қорпорацияларын құру және олардың қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

      Индустриялық-инновациялық саясат шеңберiнде өңiрлiк дамудың тиiмдiлігінен арттыру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН :
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) жарғылық капиталдарына мемлекет жүз пайыз қатысатын Семей қаласында орналасатын "Ертiс" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы (бұдан әрi - "Ертiс" ӘКК ҰК" АҚ) мен Шымкент қаласында орналасатын "Оңтүстiк" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" (бұдан әрi - "Оңтүстiк" ӘКК ҰК" АҚ) акционерлiк қоғамдары құрылсын;
      2) "Ертiс" ӘКК ҰК" АҚ мен "Оңтүстiк" ӘКК ҰК" АҚ қызметiнiң негiзгі мәнi мемлекеттік және жеке меншiк секторларды шоғырландыру, кластерлiк әдiс негізiнде бiртұтас экономикалық нарық құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшiн қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңiрлердi әлеуметтiк дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн пайдалы қазбалар түрлерiнiң және қорлары көлемiнiң тiзбесiне сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу жолымен Шығыс Қазақстан, Павлодар және Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып белгіленсiн;
      3) "Ертiс" ӘКК ҰК" АҚ мен "Оңтүстiк" ӘКК ҰК" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумды бекiтсiн;
      4) "Ертiс" ӘКК ҰК" АҚ мен "Оңтүстiк" ӘКК ҰК" АҚ қызметi үшiн қажеттi жер учаскелерiн және республикалық, коммуналдық меншiк объектiлерiн, оның iшiнде олардың жарғылық капиталына ақы төлеудi қоса алғанда, мемлекеттiк активтердi берудi қамтамасыз етсiн;
      5) нормативтiк құқықтық актiлерге тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзсiн;
      6) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады