Еңбекшiлердiң демалысы үшiн қолайлы жағдайлар жасау және 2007 жылғы наурызда жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Демалыс күнi 2007 жылғы 11 наурыз жексенбiден 2007 жылғы 9 наурыз жұмаға ауыстырылсын.
2. Қажеттi өнiмдi шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектiлерiн iске қосу үшiн еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етiлген ұйымдарға кәсiподақ ұйымдарымен келiсiм бойынша 2007 жылғы 9 наурызда жұмыс жүргiзуге құқық берiлсiн.
Көрсетiлген күнгi жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледi.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі