Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 1254 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы N 177 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1349 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1349 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Акциздердiң бюджетке толық түсуiн қамтамасыз ету және акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiнiң заңсыз өндiрiсi мен айналымын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 1254 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 48, 600-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. 2007 жылғы 15 сәуiрден бастап алкогольдiк өнiмдi жаңа үлгiдегi есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау енгiзiлсiн.
      2-2. Ескi үлгiдегi есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау 2007 жылғы 1 маусымға дейiн жүргiзiледi.";

      2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Алкоголь өнiмiн өндiрушiлер мен импорттаушылар, алкоголь өнiмiн сақтауды және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар отандық және импорттық өндiрiстiң алкоголь өнiмiн ескi үлгiдегi есепке алу-бақылау таңбаларымен сатуды 2007 жылғы 31 желтоқсанға дейiн жүзеге асырады деп белгiленсiн.";

      3) 5-тармақта:
      1) тармақшада "есепке алу-бақылау таңбаларымен" деген сөздердiң алдынан "жаңа үлгiдегi" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) 2007 жылғы 1 мамырға дейiн есепке алу-бақылау таңбаларын дайындайтын ұйымды айқындайтын тендер өткiзсiн және тендердiң жеңiмпазымен есепке алу-бақылау таңбаларын дайындауға шарт жасассын;";
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) есепке алу-бақылау таңбаларын пайдалана отырып, алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi мен айналымына бақылау жүйесiнiң үздiксiз жұмыс iстеуi мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Банкнот фабрикасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен есепке алу-бақылау таңбаларын дайындауға тендердiң жеңiмпазынан алкоголь өнiмiне арналған есепке алу-бақылау таңбаларының бiрiншi легi алынғанға дейiн есепке алу-бақылау таңбаларын дайындауға шарт (келiсiм) жасассын;";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесiнде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Есепке алу-бақылау таңбаларымен мiндеттi түрде таңбалауға жататын алкоголь өнiмi есепке алу-бақылау таңбаларымен осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша таңбаланады.";
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2007 жылғы 11 наурыздағы  
N 177 қаулысына      
қосымша       

Шарап материалдары мен сыраны      
қоспағанда, алкоголь өнiмiн есепке   
алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесiне
қосымша               

Алкоголь өнiмiне арналған есепке алу-бақылау таңбасының нысаны
(суреттің нұсқасын қағаз мәтіннен қараңыз)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады