Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бөлiгiнде жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы N 193 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi заңнаманы жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бөлiгiнде жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2007 жылғы 14 наурыздағы
N 193 қаулысына    
қосымша       

Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бөлiгiнде жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.04.18 N 309, 2007.10.05 N 905, 2008.04.07 N 323, 2008.06.16 N 587, 2008.12.24 N 1248, 2009.05.15. N 728, 2009.10.29 N 1707, 2010.06.23 N 632, 2011.05.30 N 600 Қаулыларымен.

Түсіпбеков               - Қазақстан Республикасының Әділет
Рашид Төлеутайұлы          министрі, төраға

Құсдәулетов              - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Дулат Рашитұлы             вице-министрi, төрағаның орынбасары

Бұсұрманов               - «Қазақстан Республикасының Заң шығару
Жұмабек Дүйсешұлы          институты» мемлекеттік мекемесінің
                           директоры, заң ғылымдарының докторы, Заң
                           ғылымдары академиясының академигі, хатшы

Ақылбай                  - Қазақстан Республикасының
Серік Байсейітұлы          Парламенті Сенатының депутаты
                           (келісім бойынша)

Абайділдин               - Қазақстан Республикасының Парламенті
Талғатбек Жәмшитұлы        Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Турецкий                 - Қазақстан Республикасының Парламенті
Николай Николаевич         Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Ищанов                   - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Қайрат Қыдырбайұлы         Сенаты, Қаржы және бюджет комитетінің
                           төрағасы (келісім бойынша)

Рахманбердиев            - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Орынбай                    Сенаты Халықаралық iстер, қорғаныс және
                           қауiпсiздiк комитетiнiң мүшесi

Бөрібаев                 - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Асқар Исмайылұлы           вице-министрі

Көмекбаев                - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
Әли Амантайұлы             қызмет iстерi агенттiгi төрағасының
                           орынбасары

Тәжияқов                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Бисенғали Шамғалиұлы       Банкі Төрағасының орынбасары

Мәуленов                 - Қазақ гуманитарлық заң университеті
Ғазиз Сырбайұлы            қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының
                           меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы,
                           профессор

Кравченко                - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Андрей Николаевич          Мемлекеттік органдар қызметіндегі
                           заңдылықты қадағалау департаментінің
                           бастығы
 
Жалмағамбетова           - Қазақстан Республикасының Парламенті
Светлана Жақиянқызы        Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Аман                     - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Евгений Иосифович          министрлігінің жауапты хатшысы

Сарыбеков                - Қазақстан Республикасының Білім және
Махметғали Нұрғалиұлы      ғылым вице-министрі

Құдайбергенов            - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ескендір Көпбосынұлы       монополияларды реттеу агенттігі
                           төрағасының орынбасары

Ескендіров               - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Абай Мұқашұлы              даму және сауда вице-министрі

Дәленов                  - Қазақстан Республикасының
Руслан Ерболатұлы          Қаржы вице-министрі

Үкібаев                  - Қазақстан Республикасы
Ермек Елеуханұлы           Республикалық ұланы Қолбасшысының бірінші
                           орынбасары (келісім бойынша)

Тәжияқов                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Бисенғали Шамғалиұлы       Банкі Төрағасының орынбасары
                           (келісім бойынша)

Әбсеметов                - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық
Дінмұхамед Бақытжанұлы     экономикалық палатасы заң департаментінің
                           директоры (келісім бойынша)

Лукин                    - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Андрей Иванович            қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
                           күрес агенттігі (қаржы полициясы)
                           төрағасының орынбасары, төрағаның
                           орынбасары (келісім бойынша)

Темірболатов             - Қазақстан Республикасының Парламенті
Серік Ғабдоллаұлы          Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Тұрмағамбетов            - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Мәжит Әбдіхалықұлы         қорғау вице-министрі

Мизанбаев                - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Өcep Елеусізұлы            комитеті төрағасының бірінші
                           орынбасары (келісім бойынша)

Нұрымбетов               - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Біржан Бидайбекұлы         халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Дәулеталин               - Қазақстан Республикасы Парламенті
Сатыбалды Телағысұлы       Мәжілісінің Аппарат Басшысының орынбасары
                           (келісім бойынша)

Рахметов                 - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Саттар Мұқанұлы            қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
                           күрес агенттігі (қаржы полициясы) Қаржы
                           полициясы академиясының Ғылыми-зерттеу
                           орталығы және адъюнктура бастығы, заң
                           ғылымдарының докторы, профессор
                           (келісім бойынша)

Баймаханов               - "Қазақ гуманитарлық заң университеті"
Мұрат Тәжімұратұлы         акционерлік қоғамы Ғылыми сараптама және
                           талдау институтының директоры, заң
                           ғылымдарының докторы, профессор,
                           Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
                           академиясының академигі (келісім бойынша)

Бабушкин                 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Михаил Федорович           Сотының судьясы (отставкада)
                           (келісім бойынша)

Сәрсенов                 - Қазақстан Республикасының Байланыс
Сәкен Сейітжаппарұлы       және ақпарат вице-министрі

Әбдібеков                - Қазақстан Республикасының Индустрия
Нұрмұхамбет Қанапияұлы     және жаңа технологиялар вице-министрі

Дүйсембаев               - Қазақстан Республикасының Көлік және
Еркін Сейдеғалиұлы         коммуникация вице-министрі

Әшитов                   - "Нұр Отан" халықтық демократиялық
Батыржан Зайырқанұлы       партиясы Партиялық бақылау комитетінің
                           инспекторы (келісім бойынша)

Құрманғалиев             - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Әсет Қабиұлы               министрінің орынбасары

Күреңбеков               - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Амантай Жәнкеұлы           министрінің орынбасары

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2007 жылғы 14 наурыздағы
N 193 қаулысымен    
бекiтiлген      

Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бөлiгiнде жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бөлiгiнде жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Комиссияның мiндеттерi мен құқықтары

      3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн жағдай туғызатын нормалардың болу мәнiне қолданыстағы заңнаманы талдауды қарау қорытындылары бойынша;
      2) қолданыстағы заңнамаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.

      4. Өз мiндеттерiне сәйкес Комиссияның:
      1) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға;
      2) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының және ұйымдарының өкiлдерiн шақыруға және тыңдауға;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.

3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      5. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, отырыстарына төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары атқарады.

      6. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi болып табылады.

      7. Жұмысты ұйымдастыруды, тиiстi құжаттарды, материалдарды дайындауды және Комиссияның отырысынан кейiн хаттаманы ресiмдеудi Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
      Комиссия отырыстарының материалдары Комиссия отырысын өткiзуге дейiн кемiнде 3 жұмыс күнiнен кешiктiрмей Комиссия мүшелерiне жiбередi.

      8. Комиссия отырысы күнтiзбелiк жылғы айдың үшiншi дүйсенбiсiнде, қажет болған кезде Комиссия төрағасы белгiлейтiн өзге де күндерде өткiзiледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санынан кемiнде жартысы қатысқан кезде заңды деп есептеледi.

      9. Отырыстардың күн тәртiбi, сондай-ақ олардың өтетiн орны мен уақытын Комиссия мүшелерiнiң келiсiмi бойынша Комиссия төрағасы белгiлейдi және нақтылайды.

      10. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер олар үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi, Комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
      Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, жазбаша түрде жазылуы және Комиссияның хаттамасына қоса берiлуi тиiс.

      11. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде тоқтатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады