"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотерея қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 наурыздағы N 249 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотерея қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
лотерея қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексіне  (Ерекше бөлім)(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат;N 23, 929-құжат; 2000 ж.,N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж.,N 4, 24, 25-құжаттар; N 8,
45-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат):
      913-баптың 1-тармағында:
      "бөліністің немесе" деген сөздерден кейін "лотереяларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша айрықша құқығы бар не" деген сөздермен толықтырылсын;
      "лотереялар," деген сөз алып тасталсын.
      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат;N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат;
2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттары N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; 2007 жылғы 7 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 3 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 6 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 6 наурызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 12 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 13 наурызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасының  Заңы ):
      мынадай мазмұндағы 158-3-баппен толықтырылсын:
      1) "158-3. Лотереялық қызмет туралы заңнаманы бұзу
      1. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында таралымның және лотерея билеттері бойынша ұтыстардың нәтижелері туралы деректерді жарияламау және уақтылы жарияламау -
      заңды тұлғаға екі жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Заттай, ақшалай-заттай лотереялар бойынша ұтыстарды қалыптастыру үшін лотереялардың жүлде қорын таралымды өткізгеннен кейін қалыптастыру немесе мүлікті (ақшадан басқа) сатып алу -
      заңды тұлғаға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Ұлттық оператордың жүлде қоры толық көлемде жинақталғанға дейін лотерея таралымын жүргізуі немесе қарыз қаражатының есебінен жүлде қорын қалыптастыруы -
      заңды тұлғаға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Ұлттық лотерея операторының лотереяның жүлде қорын лотереяға қатысушыларға ұтыстарды төлеуден немесе беруден басқа мақсаттарға пайдалануы -
      заңды тұлғаға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      2) мынадай мазмұндағы 576-4-баппен толықтырылсын:
      "576-4-бап. Лотерея қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган
      1. Лотерея қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің 158-3-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік айыппұл салуға лотерея қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы және оның орынбасарлары құқылы.".
      3. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 77-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; 2007 жылғы 12 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 13 наурызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 14 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 15 наурызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасының  Заңы ):
      1) 257-бапта:
      тақырыбында мынадай сөздер "және акцизделетін қызмет түрі" алып тасталсын;
      2-тармағы алып тасталсын;
      2) 43-тараудың тақырыбында мынадай сөздер "және акцизделетін қызмет түрлеріне" алып тасталсын;
      3) 259-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы, 260-баптың 5-тармағы, 261-баптың 3-тармағы, 267-бап, 271-баптың 7-тармағы алып тасталсын;
      4) 531-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы, 6-тармағы алып тасталсын.
      4. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет
кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 79-құжат; N 13, 86-құжат; N 16, 97-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; 2007 жылғы 6 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 6 наурызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 48-бапта 1-тармақтың 7) тармақшасының алтыншы абзацы, 2-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы алып тасталсын;
      2) 49-бапта 1-тармақтың 7) тармақшасының алтыншы абзацы, 2-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы алып тасталсын.
      5. "Кәсіптік одақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 8, 200-құжат; 1995 ж., N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 15, 147-құжат):
      24-баптың екінші бөлігінде "лотереялар," деген сөз алып тасталсын.
      6. "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының
1996 жылғы 31 мамырдағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 234-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53):
      21-баптың екінші абзацында ", лотереялар" деген сөз алып тасталсын.
      7. "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан
Республикасының 1998 жылғы 1 шілдедегі  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 14, 200-құжат; N 22, 308-құжат; N 24, 443-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 14, 84-құжат; N 23, 142-құжат):
      3-баптың 6) тармақшасында "лотереялар шығару, оларды орналастыру мен өткізу шарттары туралы, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын.
      8. "Почта туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 3, 17-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат, 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 55-құжат; N 16, 99-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) абонементтік жәшік - почта жөнелтімдерінің жекелеген түрлерін алу үшін, почта операторының өндірістік объектілерінде орнатылатын, адресаттар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен пайдаланатын құлыпталмалы арнайы жәшік;
      2) абоненттік почта жәшігі - адресаттардың почта жөнелтімдерін алуы үшін тұрғын үйлерде, сондай-ақ ауылдық жерлердегі жеткізу учаскесінде орнатылатын, жәшіктері бар құлыпталмалы арнайы шкаф;
      3) адресат - өзіне почта жөнелтімі немесе почталық ақша аударымы арналған, почта операторының қызмет көрсетуін пайдаланушы;
      4) атаулы зат - құжаттар мен почта жөнелтімдеріне почта операторының, оның өндірістік объектісінің атауларын, сондай-ақ почта операторы белгілеген өзге   де ақпаратты көрсете отырып, бедер түсіруге арналған аспап;
      5) жазбаша хат-хабар - хаттар, почта карточкалары, бандерольдер және ұсақ пакеттер;
      6) жедел почта қызметтері - почта байланысының почта жөнелтімдерін жедел сұрыптау, тасымалдау, жеткізу және (немесе) табыс ету режиміндегі қызмет көрсетуі;
      7) жөнелтуші - почта операторына почта жөнелтімін немесе почталық ақша аударымын жіберу үшін тапсыратын почта операторының қызмет көрсетуін пайдаланушы;
      8) курьерлік почта қызмет көрсетуі - почта байланысының курьерді пайдалана отырып почта жөнелтімдерін тасымалдау және табыс ету жөніндегі қызмет көрсетуі;
      9) қаржы қызметі және қаржылық қызмет көрсету - Ұлттық почта
операторының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қаржы рыногында жүзеге асыратын қызметі және қызмет көрсетуі;
      10) мерзімді баспа басылымдарын жазылу бойынша тарату - почта операторы, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесі немесе оның уәкілетті тұлғасы және пайдаланушы арасындағы мерзімді баспа басылымдарын пайдаланушыға жеткізуге және (немесе) табыс етуге бағытталған, оларға жазылуды қабылдау, тапсырыстарды жинау, әзірлеу және сұрыптау жөніндегі өзара іс-қимыл;
      11) операциялық күн - почта операторының почта қызметін көрсететін жұмыс уақыты;
      12) өндірістік объект - почта операторының қызмет көрсетуге арналған және сол үшін жабдықталған почта желісінің өндірістік бірлігі;
      13) почта байланысының құралдары - почта байланысының қызметін
көрсетуі үшін пайдаланылатын техникалық құралдар мен технологиялар;
      14) почта байланысы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өз құзыреті шегінде почта байланысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, почта операторларының қызметіне мемлекеттік бақылауды, оны үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      15) почта байланысының қызмет көрсетуі - почта жөнелтімдерін және почталық ақша аударымдарын жіберу жөніндегі қызмет;
      16) почта жөнелтімін табыс ету - почта жөнелтімін адресаттың жеке өзіне немесе оның заңды өкіліне, немесе сенімхат негізінде іс-қимыл жасаушы сенім көрсетілген адамына беру;
      17) операциялық терезе - почта операторының өндірістік объектісіндегі пайдаланушыға почта қызметін көрсетулерінің бір және одан көп түрлері көрсетілетін жұмыс орны;
      18) почта жөнелтімін жеткізу - почта жөнелтімін баратын жеріндегі өндіріс объектілерінен абонементтік жәшікке немесе абоненттік почта жәшігіне, немесе жөнелтуші көрсеткен өзге де мекенжай бойынша апару;
      19) почта жөнелтімін сұрыптау - почта жөнелтімдерін жіберуге әзірлеуді қамтамасыз етіп, олармен жасалатын өндірістік операциялар;
      20) почта жөнелтімін тасымалдау - почта жөнелтімін адресатқа жеткізу және (немесе) табыс ету үшін жөнелтім пунктінен баратын жеріндегі почта операторының өндірістік объектілеріне дейін апару;
      21) почта жөнелтімін жіберу - почта жөнелтімін қабылдау, сұрыптау, тасымалдау және (немесе) беру, жеткізу және (немесе) табыс ету операцияларының жиынтығы;
      22) почта желісі - почта операторының қызмет көрсетуі кезінде
пайдаланылатын өндірістік объектілер мен почта маршруттарының жиынтығы;
      23) почта жүйесі - почта байланысын қамтамасыз ететін почта желілері мен почта операторларының жиынтығы;
      24) почта-жинақтау жүйесі - базасында Ұлттық почта операторы
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржылық қызметті жүзеге
асыратын және почта, қаржы және өзге де қызметтер көрсететін почта жүйесі;
      25) почта жөнелтімдері - жазбаша хат-хабарлар, посылкалар, почта контейнерлері, сондай-ақ тиісінше буып-түйілген баспа басылымдары;
      26) почта жәшігі - жай хаттар мен жай почта карточкаларын жинауға арналған, белгіленген түстегі, нысандағы және көлемдегі жәшік;
      27) почта жөнелтімін қабылдау - почта операторының жөнелтушіден қабылдаған, оның ішінде почта жәшіктерінің ішінен алу арқылы қабылданған почта жөнелтімін одан әрі жіберу үшін ресімдеуі;
      28) почта - инфрақұрылымның Қазақстан Республикасының аумағында почта, қаржы және өзге қызметтер кешенін көрсетуді және қаржылық қызметті жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бөлігі;
      29) почта индексі - почта жөнелтімін немесе почталық ақша аударымын жіберуді жылдамдату мақсатында почта операторларының өндірістік объектілеріне берілетін, оларды әкімшілік-аумақтық бірдейлендіруге және жүйелеуге мүмкіндік беретін мекенжайдың шартты цифрлық белгісі;
      30) почта карточкасы - арнаулы стандартты бланкіге жазбаша хабарлама жазылған жай немесе тіркелетін почта жөнелтімі;
      31) почта қызметі - почта желілері арқылы почта қызметін көрсету;
      32) почта қызметінің субъектілері - почта операторлары және
пайдаланушылар;
      33) почта операторы - почта қызметі саласында қызмет көрсетуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;
      34) почта операторының қызметін пайдаланушы (бұдан әрі -
пайдаланушы) - почта операторы көрсететін, оның ішінде өзі почта
операторымен жасасатын шарттардың негізінде көрсететін қызметтерді
тұтынушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
      35) почта төлемінің мемлекеттік белгілері - айналымға уәкілетті орган енгізетін, почта операторының қызмет көрсетуіне ақы төленгенін растайтын почта маркалары, блоктар, маркалы конверттер, почта карточкалары, франкирлеу машиналарының бедері және өзге де белгілер;
      36) почта штемпелі - құжаттар мен почта жөнелтімдеріне почта
жөнелтімін жөнелтім орнында қабылдауды жүзеге асырған өндірістік
объектінің атауын, почта жөнелтімінің қабылданған күні мен уақытын; почта жөнелтімін жөнелтім орнында алуды жүзеге асырған өндірістік объектінің атауын, алынған күні мен уақытын, сондай-ақ почта жөнелтімін адресатқа жеткізген және (немесе) тапсырған өндірістік объектінің атауын, жеткізілген және (немесе) тапсырылған күні мен уақытын көрсете отырып бедер басуға арналған аспап;
      37) почталық ақша аударымы - уәкілетті орган бекіткен белгіленген үлгідегі бланк нысанын толтырып, почта желісін және өзге де байланысты пайдалану арқылы ақша жіберу жөніндегі қызмет көрсету;
      38) почталық мекенжай (бұдан әрі - мекен-жай) - почта операторының қызметін пайдаланушы, почта жөнелтімдерін және почталық ақша аударымдарын жеткізу және (немесе) табыс ету үшін белгілеген орын;
      39) тариф - почта операторы көрсететін қызметке ақы төлеудің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген мөлшері;
      40) тіркелетін почта жөнелтімі - жөнелтушіге түбіртек беріліп
қабылданатын және адресатқа қолхат бойынша табыс етілетін почта жөнелтімі;
      41) ұлттық почта желісі - Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жұмыс істейтін және жұртшылықпен жасалатын шарт негізінде сол арқылы қызметтер көрсетілетін жалпы пайдаланыстағы почта желісі;
      42) Ұлттық почта операторы - Үкімет шешімі бойынша құрылған, ұлттық холдинг жалғыз акционері болып табылатын, баршаға қолжетімді почта байланысы қызметін, арнайы байланыс қызметін көрсету және қаржы қызметі мен қаржылық қызмет көрсетуді жүзеге асыру жөнінде міндеттемелер жүктелген акционерлік қоғам;
      43) факстік байланыс қызметтері - байланыстың қағазға басылған
мәтіндер мен иллюстрацияларды арнаулы аппараттың көмегімен телефон
арналары бойынша беруді білдіретін қызмет көрсетуі;
      44) франкирлеу машинасы - жазбаша хат-хабарға почта байланысының қызмет көрсетуіне ақы төленгенін, жазбаша хат-хабардың және басқа ақпараттың қабылданған датасын растайтын бедер түсіруге арналған машина;
      45) халықаралық қайтарым купоны - Дүниежүзілік почта одағы
айналымға енгізетін, Дүниежүзілік почта одағына мүше кез келген елде почта маркаларына айырбастауға жататын, әуе көлігімен жеткізілетін, салмағы 20 граммға дейінгі жай халықаралық хаттың ең төменгі ақысын білдіретін құжат;
      46) халықаралық почта жөнелтімі - Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге жіберу үшін қабылданатын не Қазақстан Республикасына келіп түсетін, не Қазақстан Республикасының аумағы арқылы бір шет мемлекеттен екіншісіне транзитпен өтетін жай немесе тіркелетін почта жөнелтімі;
      47) хат - ішінде жазбаша салынымы бар конверт түрінде жіберілетін почта жөнелтілімі;
      48) халықтың салымдарын сақтауды қамтамасыз ету - салымды номинал түрінде, пайдаланушы мен Ұлттық почта операторы арасында жасалған шарттың талаптарымен белгіленген сыйақыны ескере отырып қайтару кепілдігі;
      49) электрондық почтаның қызметтері - байланыстың пайдаланушыларға қағаз қолданбай хабар немесе құжат алмасуға мүмкіндік беретін қызмет көрсетуі.";
      2) 4-баптың 3-тармағының 14) тармақшасы алып тасталсын.
      9. "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; N 23, 141-құжат):
      осы Заңға қосымша мынадай мазмұндағы 29-тармақпен толықтырылсын:
      "29. Лотерея қызметін реттеу саласындағы мемлекеттік орган:
      лотерея қызметінің жүзеге асырылуын бақылау.".
      10. 2007 жылғы 26 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 8 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы  Заңына :
      27-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын.
      2-бап. Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
       Президенті

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении дополнений и изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам лотерейной деятельности"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2007 года N 249

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении дополнений и изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам лотерейной деятельности".

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Проект

  Закон Республики Казахстан
"О внесении дополнений и изменений в некоторые
законодательные акты Республики Казахстан
по вопросам лотерейной деятельности"

       Статья 1.  Внести дополнения и изменения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Гражданский  кодекс  Республики Казахстан (Особенная часть) от 1 июля 1999 г. (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1999 г., N 16-17, ст. 642; N 23, ст. 929; 2000 г., N 3-4, ст. 66; N 10, ст. 244; N 22, ст. 408; 2001 г., N 23, ст. 309; N 24, ст. 338; 2002 г., N 10, ст. 102; 2003 г., N 1-2, ст. 7; N 4, ст. 25; N 11, ст. 56; N 14, ст. 103; N 15, ст. 138, 139; 2004 г., N 3-4, ст. 16; N 5, ст. 25; N 6, ст. 42; N 16, ст. 91; N 23, ст. 142; 2005 г., N 21-22, ст. 87; N 23, ст. 104; 2006 г., N 4, ст. 24, 25; N 8, ст. 45; N 11, ст. 55; N 13, ст. 85):
      в пункте 1 статьи 913:
      после слова "лицом," дополнить словами "имеющим исключительное право по организации и проведению лотереи либо"; слово "лотерей," исключить.
      2. В  Кодекс  Республики Казахстан об административных правонарушениях от 30 января 2001 г. (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 5-6, ст. 24; N 17-18, ст. 241; N 21-22, ст. 281; 2002 г., N 4, ст. 33; N 17, ст. 155; 2003 г., N 1-2, ст. 3; N 4, ст. 25; N 5, ст. 30; N 11, ст. 56, 64, 68; N 14, ст. 109; N 15, ст. 122, 139; N 18, ст. 142; N 21-22, ст. 160; N 23, ст. 171; 2004 г., N 6, ст. 42; N 10, ст. 55; N 15, ст. 86; N 17, ст. 97; N 23, ст. 139, 140; N 24, ст. 153; 2005 г, N 5, ст. 5; N 7-8, ст. 19; N 9, ст. 26; N 13, ст. 53; N 14, ст. 58; N 17-18, ст. 72; N 21-22, ст. 86, 87; N 23, ст. 104; 2006 г., N 1, ст. 5; N 2, ст. 19, 20; N 3, ст. 22; N 5-6, ст. 31; N 8, ст. 45; N 10, ст. 52; N 11, ст. 55; N 12, ст. 72, 77; N 13, ст. 85, 86; N 15, ст. 92, 95; N 16, ст. 98, 102; N 23, ст. 141; 2007 г., N 1, ст. 4;  Закон  Республики Казахстан от 12 января 2007 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам регулирования миграционных процессов", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 7 февраля 2007 г. и "Казахстанская правда" 3 февраля 2007 г.;  Закон  Республики Казахстан от 19 февраля 2007 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам защиты прав миноритарных инвесторов", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 6 марта 2007 г. и "Казахстанская правда" 6 марта 2007 г.,  Закон  Республики Казахстан от 28 февраля 2007 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам бухгалтерского учета и финансовой отчетности", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 12 марта 2007 г. и "Казахстанская правда" 13 марта 2007 г.):
      1) дополнить статьей 158-3 следующего содержания:
      "Статья 158-3. Нарушение законодательства о лотерейной деятельности
      1. Неопубликование и несвоевременное опубликование в соответствующих средствах массовой информации данных о результатах тиража и выигрышей по лотерейным билетам -
      влечет штраф на юридическое лицо в размере тридцати месячных расчетных показателей.
      2. Формирование призового фонда лотереи или приобретение имущества (кроме денег) для формирования выигрышей по вещевым, денежно-вещевым лотереям после проведения тиража -
      влечет штраф на юридическое лицо в размере двухсот месячных расчетных показателей.
      3. Проведение Национальным оператором тиража лотереи до накопления призового фонда в полном объеме или формирование призового фонда за счет заемных средств -
      влечет штраф на юридическое лицо в размере тридцати месячных расчетных показателей.
      4. Использование Национальным оператором лотереи призового фонда лотереи на другие цели, кроме выплаты или выдачи выигрышей участникам лотерей -
      влечет штраф на юридическое лицо в размере двухсот месячных расчетных показателей.".
      2) дополнить статьей 576-4 следующего содержания:
      "Статья 576-4. Уполномоченный орган по регулированию лотерейной
                     деятельности
      1. Уполномоченный орган по регулированию лотерейной деятельности рассматривает дела об административных правонарушениях, предусмотренных статьей 158-3 настоящего Кодекса
      2. Рассматривать дела об административных правонарушениях и налагать административные штрафы вправе первый руководитель уполномоченного органа по регулированию лотерейной деятельности и его заместители.".
      3. В  Кодекс  Республики Казахстан от 12 июня 2001 г. "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 11-12, ст. 168; 2002 г., N 6, ст. 73, 75; N 19-20, ст. 171; 2003 г., N 1-2, ст. 6; N 4, ст. 25; N 11, ст. 56; N 15, ст. 133, 139; N 21-22, ст. 160; N 24, ст. 178; 2004 г., N 5, ст. 30; N 14, ст. 82; N 20, ст. 116; N 23, ст. 140, 142; N 24, ст. 153; 2005 г., N 7-8, ст. 23; N 21-22, ст. 86, 87; N 23, ст. 104; 2006 г., N 1, ст. 4, 5; N 3, ст. 22; N 4, ст. 24; N 8, ст. 45, 46; N 10, ст. 52; N 11, ст. 55; N 12, ст. 77, 79; N 13, ст. 85; 16, ст. 97, 98, 103; N 23, ст. 141; 2007 г., N 1, ст. 4;  Закон  Республики Казахстан от 28 февраля 2007 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам бухгалтерского учета и финансовой отчетности", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 12 марта 2007 г. и "Казахстанская правда" 13 марта 2007 г.;  Закон  Республики Казахстан от 2 марта 2007 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам интеллектуальной собственности", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 14 марта 2007 г. и "Казахстанская правда" 15 марта 2007 г.):
      1) в статье 257:
      в заголовке слова "и вид подакцизной деятельности" исключить; пункт 2 статьи исключить;
      2) в заголовке главы 43 слова ", и подакцизных видов деятельности" исключить;
      3) подпункт 6) пункта 1 статьи 259, пункт 5 статьи 260, пункт 3 статьи 261, статью 267, пункт 7 статьи 271 исключить;
      4) подпункт 4) пункта 1, пункт 6 статьи 531 исключить.
      4. В Бюджетный  кодекс  Республики Казахстан от 24 апреля 2004 г. (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2004 г., N 8-9, ст. 53; N 20, ст. 116; 2005 г., N 23, ст. 140, 142; 2005 г., N 14, ст. 55; N 21-22, ст. 87; 2006 г., N 1, ст. 5; N 3, ст. 22; N 8, ст. 45; N 12, ст. 79; N 13, ст. 86; N 16, ст. 97; N 23, ст. 141, 2007 г., N 1, ст. 4;  Закон  Республики Казахстан от 19 февраля 2007 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам защиты прав миноритарных инвесторов", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 6 марта 2007 г. и "Казахстанская правда" 6 марта 2007 г.):
      1) абзац шестой подпункта 7) пункта 1, абзац пятый подпункта 1) пункта 2 статьи 48 исключить;
      2) абзац шестой подпункта 7) пункта 1, абзац пятый подпункта 1) пункта 2 статьи 49 исключить.
      5. В  Закон  Республики Казахстан от 9 апреля 1993 г. "О профессиональных союзах" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1993 г., N 8, ст. 200; 1995 г., N 20, ст. 121; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2002 г., N 15, ст. 147;):
      в части второй статьи 24 слово "лотереи," исключить.
      6. В  Закон  Республики Казахстан от 31 мая 1996 г. "Об общественных объединениях" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., N 8-9, ст. 234; 2000 г., N 3-4, ст. 63; 2001 г., N 24, ст. 338; 2005 г., N 5, ст. 5; N 13, ст. 53):
      в части второй статьи 21 слово ", лотерей" исключить;
      7. В  Закон  Республики Казахстан от 1 июля 1998 г. "Об особом статусе города Алматы" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1998 г., N l4, ст. 200; N 22, ст. 308; N 24, ст. 443; 2001 г., N 13-14, ст. 173, 176; N 24, ст. 338; 2003 г., N 24, ст. 178; 2004 г., N 14, ст. 84; N 23, ст. 142):
      в подпункте 6) статьи 3 слова "о выпуске, условиях размещения и реализации лотерей, а также" исключить.
      8. В  Закон  Республики Казахстан от 8 февраля 2003 г. "О почте" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2003 г., N 3, ст. 17; N 15, ст. 139; 2004 г., N 23, ст. 142; 2005 г., N 14, ст. 55; N 23, ст. 104; 2006 г., N 1, ст. 5, N 16, ст. 99):
      1) статью 1 изложить в следующей редакции:
      "Статья 1. Основные понятия, используемые в настоящем Законе
      В настоящем Законе используются следующие основные понятия:
      1) абонементный ящик - специальный запирающийся ящик для получения отдельных видов почтовых отправлений, устанавливаемый на производственных объектах оператора почты, используемый адресатами в порядке, установленном уполномоченным органом;
      2) абонентский почтовый ящик - специальный запирающийся шкаф с ящиками, устанавливаемый в жилых домах, а также на доставочном участке в сельской местности для получения адресатами почтовых отправлений;
      3) адресат - пользователь услуг оператора почты, которому адресовано почтовое отправление или почтовый перевод денег;
      4) именная вещь - устройство для нанесения на документы и почтовые отправления оттисков с указанием наименования оператора почты, его производственного объекта, а также иной информации, определенной оператором почты;
      5) письменная корреспонденция - письма, почтовые карточки, бандероли и мелкие пакеты;
      6) услуги ускоренной почты - услуги почтовой связи с режимом ускоренной обработки, перевозки, доставки и (или) вручения почтовых отправлений;
      7) отправитель - пользователь услуг оператора почты, который сдает оператору почты почтовое отправление или почтовый перевод денег для их пересылки;
      8) услуги курьерской почты - услуги почтовой связи по перевозке и вручению почтовых отправлений, оказываемые с использованием курьера;
      9) финансовая деятельность и финансовые услуги - деятельность и услуги, которые осуществляет и предоставляет Национальный оператор почты на финансовом рынке в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      10) распространение периодических печатных изданий по подписке - взаимодействие между оператором почты, собственником средств массовой информации или его уполномоченным лицом и пользователем по приему подписки, сбору, составлению, обработке заказов на периодические печатные издания, направленное на доставку и (или) вручение их пользователю;
      11) операционный день - рабочее время, в течение которого оператор почты предоставляет почтовые услуги;
      12) производственный объект - производственная единица почтовой сети, предназначенная и оборудованная для предоставления услуг оператором почты;
      13) средства почтовой связи - технические средства и технологии, используемые для предоставления услуг почтовой связи;
      14) уполномоченный орган в области почтовой связи (далее - уполномоченный орган) - центральный исполнительный орган, осуществляющий в пределах своей компетенции реализацию государственной политики в области почтовой связи, государственный контроль, координацию и регулирование деятельности операторов почты;
      15) услуги почтовой связи - деятельность по пересылке почтовых отправлений и почтовых переводов денег;
      16) вручение почтового отправления - выдача почтового отправления лично адресату или его законному представителю, или поверенному, действующим на основании доверенности; 
      17) операционное окно - рабочее место на производственном объекте оператора почты, где предоставляются пользователю один и более видов почтовых услуг;
      18) доставка почтового отправления - перемещение почтового отправления из производственных объектов места назначения в абонементный ящик или абонентский почтовый ящик, или по иному адресу, указанному отправителем;
      19) обработка почтового отправления - производственные операции с почтовыми отправлениями, обеспечивающие их подготовку к пересылке;
      20) перевозка почтового отправления - перемещение почтового отправления из пункта отправления до производственных объектов оператора почты места назначения для доставки и (или) вручения адресату;
      21) пересылка почтового отправления - совокупность операций приема, обработки, перевозки и (или) передачи, доставки и (или) вручения почтового отправления;
      22) почтовая сеть - совокупность производственных объектов и почтовых маршрутов, используемых при предоставлении услуг оператора почты;
      23) почтовая система - совокупность почтовых сетей и операторов почты, обеспечивающих почтовую связь;
      24) почтово-сберегательная система - почтовая система, на базе которой Национальный оператор почты осуществляет финансовую деятельность и предоставляет почтовые, финансовые и иные услуги в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      25) почтовые отправления - письменная корреспонденция, посылки, почтовые контейнеры, а также печатные издания в соответствующей упаковке;
      26) почтовый ящик - ящик установленного цвета, формы и размеров, предназначенный для сбора простых писем и простых почтовых карточек;
      27) прием почтового отправления - оформление оператором почты для дальнейшей пересылки почтового отправления, принятого от отправителя, в том числе путем выемки из почтовых ящиков;
      28) почта - часть инфраструктуры, обеспечивающая на территории Республики Казахстан предоставление комплекса почтовых, финансовых и иных услуг и осуществление финансовой деятельности;
      29) почтовый индекс - условное цифровое обозначение адреса, присваиваемое производственным объектам операторов почты, позволяющее их административно-территориально идентифицировать и систематизировать в целях ускорения пересылки почтового отправления или почтового перевода денег;
      30) почтовая карточка - простое или регистрируемое почтовое отправление с письменным сообщением на специальном стандартном бланке;
      31) почтовая деятельность - предоставление почтовых услуг через почтовые сети;
      32) субъекты почтовой деятельности - операторы почты и пользователи;
      33) оператор почты - физическое или юридическое лицо, имеющее право на предоставление услуг в сфере почтовой деятельности;
      34) пользователь услуг оператора почты (далее - пользователь) - физическое или юридическое лицо, являющееся потребителем услуг, предоставляемых оператором почты, в том числе на основании договоров, заключаемых им с оператором почты;
      35) государственные знаки почтовой оплаты - почтовые марки, блоки, маркированные конверты, почтовые карточки, оттиски франкировальных машин и иные знаки, вводимые в обращение уполномоченным органом, которые подтверждают оплату услуг оператора почты;
      36) почтовый штемпель - устройство для нанесения на документы и почтовые отправления оттисков с обозначением: наименования производственного объекта, осуществившего прием почтового отправления в месте отправления, даты и времени приема почтового отправления; наименования производственного объекта, осуществившего получение почтового отправления в месте назначения, даты и времени получения, а также наименования производственного объекта, доставившего и (или) вручившего почтовое отправление адресату, даты и времени доставки и (или) вручения;
      37) почтовый перевод денег - услуга по пересылке денег с использованием почтовой сети и иной связи с заполнением формы бланка установленного образца, утвержденного уполномоченным органом;
      38) почтовый адрес (далее - адрес) - место, определяемое пользователем услуг оператора почты, для доставки и (или) вручения почтовых отправлений и почтовых переводов денег;
      39) тариф - размер оплаты услуг оператора почты, установленный в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      40) регистрируемое почтовое отправление - почтовое отправление, принимаемое с выдачей отправителю квитанции и вручаемое адресату под расписку;
      41) национальная почтовая сеть - почтовая сеть общего пользования, действующая на всей территории Республики Казахстан и через которую предоставляются услуги на основе публичного договора;
      42) Национальный оператор почты - созданное по решению Правительства акционерное общество, единственным акционером которого является национальный холдинг, на которое возложены обязательства по предоставлению общедоступных услуг почтовой связи, услуг специальной связи и осуществлению финансовой деятельности и финансовых услуг;
      43) услуги факсимильной связи - услуги связи, заключающиеся в передаче по телефонным каналам с помощью специального аппарата текстов и иллюстраций, выполненных на бумажном носителе;
      44) франкировальная машина - машина, предназначенная для нанесения на письменную корреспонденцию оттисков, подтверждающих оплату услуг почтовой связи, дату приема письменной корреспонденции и другую информацию.
      45) международный ответный купон - документ, вводимый в обращение Всемирным почтовым союзом, подлежащий обмену в любой стране-члене Всемирного почтового союза на почтовые марки, представляющий собой минимальную плату простого международного письма массой до 20 грамм, пересылаемого воздушным транспортом;
      46) международное почтовое отправление - простое или регистрируемое почтовое отправление, принимаемое для пересылки за пределы Республики Казахстан, либо поступающее в Республику Казахстан, либо следующее из одного иностранного государства в другое транзитом через территорию Республики Казахстан;
      47) письмо - почтовое отправление, пересылаемое в виде конверта с письменным вложением;
      48) обеспечение сохранности вкладов населения - гарантия возврата вклада в номинальном выражении с учетом вознаграждения, установленного условиями договора, заключаемого между пользователем и Национальным оператором почты;
      49) услуги электронной почты - услуги связи, позволяющие пользователям обмениваться сообщениями или документами без применения бумажных носителей.".
      2) подпункт 14) пункта 3 статьи 4 исключить.
      9. В  Закон  Республики Казахстан от 31 января 2006 г. "О частном предпринимательстве" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2006 г., N 3, ст. 21; N 16, ст. 99; N 23, ст. 141):
      приложение к настоящему Закону дополнить пунктом 29 следующего содержания:
      "29. Государственный орган в области регулирования лотерейной деятельности:
      контроль за осуществлением лотерейной деятельности.".
      10. В  Закон  Республики Казахстан от 11 января 2007 г. "О лицензировании", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 26 января 2007 г. и "Казахстанская правда" 8 февраля 2007 г.:
      подпункт 9) статьи 27 исключить.

       Статья 2.  Настоящий Закон вводится в действие с 1 января 2008 года.

       Президент
      Республики Казахстан