Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 235 Заңы

       Ескерту. Бұл Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан   қараңыз.

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат;  N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 жылғы 17 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 11 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу кодекстерiне қылмыстық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      218-бапта:
      баптың тақырыбындағы "Бухгалтерлiк есеп ережелерiн" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы  заңнамасын " деген сөздермен ауыстырылсын;

      бiрiншi абзацта:
      "есепке алу немесе есеп беру құжаттарына" деген сөздер "бухгалтерлiк құжаттамаға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қаржы және басқа есепке алу немесе есеп беру құжаттарын оларды сақтау" деген сөздер "бухгалтерлiк құжаттамаларды олардың сақталу" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар;  N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 жылғы 17 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 30 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экология мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 24 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 25 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ойын бизнесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы , 2007 жылғы 7 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 3 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 27 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 10 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 178, 179-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "178-бап. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың
                Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен
                қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзуы

      1. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан  Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы  заңнамасында  көзделген мiндеттердi:
      iрi залал келтiрмей, бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтару;
      бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, сол сияқты iрi залал келтiрмей, бухгалтерлiк құжаттаманы жою;
      жария ұйымның бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтердiң сертификаты жоқ адамды тағайындау түрiнде орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      179-бап. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының
               бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
               заңнамасын бұзуы

      1. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы  заңнамасын :
      бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтару, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса;
      құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымның құрылтайшыларына (қатысушыларына), тiркеу орны бойынша мемлекеттiк статистика органдарының, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының құзыреттерiне сәйкес оларға көрiнеу дұрыс емес қаржылық есептiлiктi табыс ету, қаржылық есептiлiктi табыс етуден бас тарту, белгiленген мерзiмдi бұза отырып табыс ету не оны дәлелсiз себеппен табыс етпеу;
      бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жою;
      жария ұйымның бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтердiң сертификаты жоқ адамды тағайындау түрiнде бұзуы, -
      шағын кәсiпкерлiк субъектiсi немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, -
      шағын кәсiпкерлiк субъектiсi немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға - айлық есептiк көрсеткiштiң төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
       Ескерту. 1-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының алтыншы және он бесiншi абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа  енгізіледі.

      2) мынадай мазмұндағы 179-1, 179-2-баптармен толықтырылсын:

      "179-1-бап. Бухгалтерлiк ақпараттың құпиясын жария ету

      Коммерциялық құпия болып табылатын бухгалтерлiк ақпаратты оған рұқсаты бар адамдардың iрi зиян келтiрмей, жария етуi - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      179-2-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп
                 пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында
                 белгiленген аккредиттеу ережелерiн бұзу

      1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы  заңнамасында  белгiленген аккредиттеу ережелерiн бұзу, -
      заңды тұлғаға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы бапта көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
      заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3) 183-бапта:
      тақырыбындағы "бухгалтерлiк есеп туралы заңдардың" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы  заңнамасының " деген сөздермен ауыстырылсын;

      бiрiншi абзацта:
      "есептiк-бухгалтерлiк ақпаратқа" деген сөздер "бухгалтерлiк құжаттамаға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "заңдардың және бухгалтерлiк есептi жүргiзуде немесе тексеру жүргiзу кезiнде анықталған қаржылық есеп-қисап жасауға қойылатын белгiленген талаптардың" деген сөздер "тексеру жүргiзу кезiнде анықталған Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы  заңнамасының " деген сөздермен ауыстырылсын;

      екiншi абзацтағы "жиырма айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздер "айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 216-баптың бiрiншi бөлiгiнiң жетiншi абзацындағы "бухгалтерлiк есеп-қисаптар мен баланстарды" деген сөздер "қаржылық есептiлiктi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 381-баптың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацындағы "Бухгалтерлiк баланстарды және есептiлiктi" деген сөздер "Қаржылық есептiлiктi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 541-баптың бiрiншi бөлiгi "179," деген цифрлардан кейiн "179-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      7) 571-баптың бiрiншi бөлiгi және екiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасы "178," деген цифрлардан кейiн "179-2," деген цифрлармен толықтырылсын;

      8) 636-баптың бiрiншi бөлiгi 1) тармақшасының жиырма үшiншi, жиырма алтыншы абзацтары және 3) тармақшасы "179," деген цифрлардан кейiн "179-1," деген цифрлармен толықтырылсын.

      3. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 жылғы 17 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 30 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экология мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 24 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 25 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ойын бизнесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 27 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 10 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 16-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "ақша құжаттарына, бухгалтерлiк кiтаптарына, есептерiне" деген сөздер "бухгалтерлiк құжаттамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 51-баптың 2-тармағындағы "Бухгалтерлiк (кассалық) құжаттар бойынша" деген сөздер "Бухгалтерлiк есептегi бастапқы есепке алу құжаттарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 65-баптың 3-тармағындағы "бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ережелерге" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы  заңнамасына " деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 66-бапта:
      1-тармақтағы "бастапқы құжаттар, бухгалтерлiк есептiң тiркелiмдерi" деген сөздер "бухгалтерлiк құжаттама" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "Бастапқы құжаттарды және бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiн" деген сөздер "Бухгалтерлiк құжаттаманы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 105-баптағы және 113-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы ", сондай-ақ бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына" деген сөздер алып тасталсын;

      6) 140-7-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында:
      ", сондай-ақ бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына" деген сөздер алып тасталсын;

      "табыс (тиген залал) ескерiлмеген" деген сөздер "пайда (тиген залал) ескерiлмеген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "айқындалатын таза табыс (залал)" деген сөздер "айқындалатын пайда (залал)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 196-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының төртiншi абзацындағы "және қалдық" деген сөздер "(ағымдағы) және баланстық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 197-баптың 2-тармағында:
      1) тармақшадағы "бухгалтерлiк құжаттар" деген сөздер "бастапқы есепке алу құжаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "бухгалтерлiк құжаттардың" деген сөздер "бастапқы есепке алу құжаттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 233-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "мен беру балансы" деген сөздер "балансы мен беру актiсi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 242-баптың 8-тармағының 1) тармақшасындағы "бастапқы құжаттарды" деген сөздер "бастапқы есепке алу құжаттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 354-баптың 1 және 2-тармақтарындағы "қалдық" деген сөздер "баланстық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 356-баптың 4-тармағындағы "қалдық" деген сөз "баланстық" деген сөзбен ауыстырылсын.

      4. 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Кеден кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат; N 21-22, 86-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 жылғы 10 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 11 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне өзгерiстер енгiзу туралы" 2007 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 2 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 27 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ақпараттандыру мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 27 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 10 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 243-баптың 2-тармағындағы "заңдарына сәйкес бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк жүргiзу" деген сөздер "заңнамасына сәйкес бухгалтерлiк есеп жүргiзу және қаржылық есептiлiк жасау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 308-баптың 4-тармағындағы "есебiнiң" деген сөз "есеп жүргiзу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 309-бапта:
      5-тармақтың 5) тармақшасының бiрiншi, тоғызыншы абзацтарындағы, 5-1-тармақтағы, 8-тармақтың 1) тармақшасындағы "өзара тәуелдi" деген сөздер "өзара байланысты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "қатысушылардың өзара тәуелдiлiк", "өзара тәуелдiлiк" деген сөздер тиiсiнше "қатысушы тұлғалардың өзара байланыстылық", "өзара байланыстылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтағы "қатысушылардың өзара тәуелдiлiгi", "өзара тәуелдiлiк" деген сөздер тиiсiнше "қатысушы тұлғалардың өзара байланыстылығы", "тұлғалардың өзара байланыстылығы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақтың 4) тармақшасындағы "өзара тәуелдi", "өзара тәуелдi емес" деген сөздер тиiсiнше "өзара байланысты", "өзара байланысты емес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 312-баптың 2-тармағындағы "өзара тәуелдi" деген сөздер "өзара байланысты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 341-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Кепiл заттың нарықтық құны, ал оның нарықтық құнын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы  заңнамалық  актiсiне сәйкес таңдап алынған тәуелсiз бағалаушы анықтаған құны, кеден төлемдерiн және салықтар төлеудi қамтамасыз ету мақсатында, кеден төлемдерi мен салықтар жөнiндегi мiндеттемелердiң мөлшерiнен төмен болмауға тиiс, оларды төлеу, кепiл затты сату шығыстарын қоса алғанда, кепiл затпен қамтамасыз етiледi.";

      6) 353-баптың 4-тармағының екiншi бөлiгiндегi "бухгалтерлiк есебiнiң" деген сөздер "бухгалтерлiк құжаттамасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 355-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "бухгалтерлiк (кассалық) құжаттар бойынша" деген сөздер "бухгалтерлiк есептегi бастапқы есепке алу құжаттарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 435-баптың 4-тармағындағы "бухгалтерлiк есеп пен есептiлiктiң құжаттарын" деген сөздер "бухгалтерлiк құжаттаманы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 464-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы "құжаттарды" деген сөзден кейiн ", оның iшiнде бухгалтерлiк құжаттаманы" деген сөздермен, 3) тармақшасы "құжаттар," деген сөзден кейiн "оның iшiнде бухгалтерлiк құжаттамалар," деген сөздермен толықтырылсын.

      5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 10, 123-құжат; 2003 ж., N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 жылғы 27 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 10 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      8-бапта:
      к-1) және к-3) тармақшаларындағы "бухгалтерлiк есепке алу стандарттарын", ", бухгалтерлiк есеп стандарттары туралы заңнаманы," деген сөздер тиiсiнше "қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын", "туралы заңнаманы, қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      л) тармақшасындағы "бухгалтерлiк есептiлiк стандарттарын" деген сөздер "қаржылық есептiлiк стандарттарын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 22, 789-құжат; N 23, 916-құжат; 2001 ж., N 10, 126-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 71-құжат; 2004 ж., N 11-12, 65-құжат; 2006 ж., N 2, 71-құжат; N 15, 95-құжат):

      10-баптың 1-тармағындағы "негiзгi және айналыс қаражаты, сондай-ақ құны кәсiпорынның дербес балансында көрсетiлген құндылықтар" деген сөздер "құны кәсiпорынның дербес балансында көрсетiлетiн кәсiпорынның барлық активтерi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 жылғы 27 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 10 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      55-бапта:
      "кiрiстер мен шығыстар" деген сөздер "пайда мен залал" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жылдық есебiн" деген сөздер "жылдық қаржылық есептiлiгiн" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. "Мемлекеттiк статистика туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 9, 91-құжат; 2001 ж., N 4, 23-құжат; 2002 ж., N 1, 3-құжат; N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 143-құжат):

      12-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
      төртiншi абзацтағы "және заңды" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "заңды тұлғалардан қаржылық есептiлiк негiзiнде жасалған дұрыс статистикалық ақпарат алуға;".

      9. "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2005 ж., N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 25-құжат; N 8, 45-құжат; N 13, 85-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 жылғы 27 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 10 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 74-баптың 1-тармағындағы "сақтандыру қызметi үшiн мiндеттi бухгалтерлiк есеп стандарттарына" деген сөздер "қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы  заңнамасына " деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 76-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жылдық қаржылық есептiлiкте ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығын тәуелсiз аудитор растағаннан және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерiнiң жылдық жиналысы жылдық қаржылық есептiлiктi бекiткеннен кейiн уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Ұлттық Банк белгiлеген тiзбе, нысан бойынша және мерзiмдерде жылдық қаржылық есептiлiктi жариялайды.".

      10. "Акционерлiк қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 10, 55-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 16, 99-құжат):

      1) 75-бапта:
      1-тармақ алып тасталсын;

      2-тармақтағы "заңдарымен және бухгалтерлiк есептiң стандарттарымен" деген сөздер "заңнамасымен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 76-бапта:
      2-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақтағы "кiрiстер мен шығыстар" деген сөздер "пайда мен залал" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. "Инвестициялық қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 16, 90-құжат; 2006 ж., N 16, 103-құжат):

      38-баптың 1-тармағындағы "активтерi құнын", "бухгалтерлiк есеп (қаржылық есептiлiк) стандарттарында" деген сөздер тиiсiнше "активтерiн", "қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарында, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы  заңнамасында " деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап.  Осы Заң, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының алтыншы және он бесiншi абзацтарын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады