Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
"Ертіс", "Оңтүстік" және "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы "Ертіс", "Оңтүстік" және "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы
Индустриялық-инновациялық саясат шеңберінде өңірлік дамудың тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) жарғылық капиталдарына мемлекет жүз пайыз қатысатын Семей
қаласында орналасатын "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы (бұдан әрі - "Ертіс" ӘКК ҰК" АҚ), Шымкент қаласында орналасатын "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" (бұдан әрі - "Оңтүстік" ӘКК ҰК" АҚ) мен Талдықорған қаласында орналасатын "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы (бұдан әрі - "Жетісу" ӘКК ҰК" АҚ) акционерлік қоғамдарын құрсын;
2) "Ертіс" ӘКК ҰК" АҚ қызметінің негізгі мәнін Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының экономикалық дамуына, "Оңтүстік" ӘКК ҰК" АҚ қызметінің негізгі мәнін Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының экономикалық дамуына және "Жетісу" ӘКК ҰК" АҚ
қызметінің негізгі мәнін Алматы облысының және Алматы қаласының экономикалық дамуына мемлекеттік және жеке меншік секторларды
шоғырландыру, кластерлік әдіс негізінде біртұтас экономикалық нарық құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшін қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңірлерді әлеуметтік дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін пайдалы қазбалар түрлерінің және қорлары көлемінің тізбесіне сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу жолымен жәрдемдесу деп белгілесін;
3) "Ертіс" ӘКК ҰК" АҚ, "Оңтүстік" ӘКК ҰК" АҚ мен "Жетісу" ӘКК
ҰК" АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдарды бекітсін;
4) "Ертіс" ӘКК" ҰК" АҚ, "Оңтүстік" ӘКК" ҰК" АҚ мен "Жетісу" ӘКК ҰК" АҚ қызметі үшін жер учаскелерін және республикалық, коммуналдық меншік объектілерін, оның ішінде олардың жарғылық капиталына ақы төлеуді қоса алғанда, мемлекеттік активтерді беруді қамтамасыз етсін;
5) нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін;
6) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті