Жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі N 325 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін, сондай-ақ мемлекеттік тіркегенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кездегі алым ставкалары белгіленсін.

      2. "Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын белгілеу туралы және Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тіркеу туралы ақпарат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 сәуірдегі N 368 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 17, 175-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыпта "Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын белгілеу туралы және" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақ алынып тасталсын.

      3. "Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі N 392 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 214-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 25 сәуірдегі
N 325 қаулысына   
қосымша    

Жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін, сондай-ақ мемлекеттік тіркегенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кездегі алым ставкалары

      1. Жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары:
      жеке тұлғалардан - алым төлеген күні қолданылған бір айлық есептік көрсеткішті;
      заңды тұлғалардан - алым төлеген күні қолданылған бес айлық есептік көрсеткішті құрайды.
      2. Жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кездегі алым ставкалары:
      жеке және заңды тұлғалардан - алым төлеген күні қолданылған бір айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын құрайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады