"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2006 жылғы есепті бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы N 405 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2006 жылғы есепті бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
            Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2006 жылғы есепті бекіту туралы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 130-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2006 жылғы есеп бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2007 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен
пайдаланылуы туралы 2006 жылғы есеп пен сыртқы аудитті жүргізу нәтижелері туралы ақпараттың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын және мәлімет үшін оның Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2007 жылғы           
N    Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2006 жылғы
ЕСЕП

Астана, 2007 жыл

Мазмұны

1-бөлім      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері
             және оны пайдалану туралы 2006 жылғы есеп            3

2-бөлім      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік
             басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық
             Банкінің қызметі туралы 2006 жылғы есеп              10

3-бөлім      2006 жылғы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
             басқару жөніндегі өзге де деректер                   16

1-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оны пайдалану туралы 2006 жылғы есеп

Р/с N

Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры қаражатының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы

Сомасы (мың теңге)

1.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
есепті кезеңнің басындағы қаражаты

1 080 010 632*

2.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына түсімдер :
   оның ішінде:
   мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін   тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге   есепке алынатын салықтарды қоспағанда)
   оның ішінде:
   корпоративтік табыс салығы
   үстеме пайдаға салынатын салық
   бонустар
   роялтилер
   өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі
   экспортталатын шикі мұнайға, газ  конденсатына салынатын рента салығы
   республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік
мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер
   ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер
   шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін республикалық бюджетте жоспарланатын түсімдер сомасының он проценті мөлшерінде есептелетін республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер
   Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер
   Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым
салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер

774 306 672
 
 
 
   672 113 949
 
 
  470 510 260
75 652
311479
177 994 581
 
22 979 303
 
242 674
 
 
  12 563 028
 
3 976 027
 
 
 
 
    10 617 223
 
75 035 594
 
851

3.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының пайдаланылуы:
   оның ішінде:
   кепілдік берілген трансферттер
   нысаналы трансферттер
   Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару мен жыл сайынғы аудитті өткізуге    байланысты шығыстарды жабу

918 912
 
 
  -
-
 
 
  918 912

4.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының   есепті кезеңнің аяғындағы қаражаты:

1 853 398392**
 

Ескертпе:
      * 2006 жылдың басындағы сальдо 1088710 мың теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын және 50326 теңге айырма мен "Эрнст энд Янг" ЖШС-ның сыртқы аудиторы жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын есепке алмай көрсетілген және 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шотына дебиторлық берешекті шегеріп тастағанда 376 мың теңге сомасында өтелді;
      ** 2006 жылдың соңындағы сальдо 1457225 мың теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын және 50326 теңге айырма мен "Эрнст энд Янг" ЖШС-ның сыртқы аудиторы жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын есепке алмай көрсетілген.
      2006 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты 1080010632 мың теңгені құрады (1078922247 мың теңге - аудитталған қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен), 2006 жылғы 31 желтоқсанға - 1853398392 мың теңгені (1851941116 мың теңге - аудитталған қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен) құрады.
      2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі қолданысқа енгізілгеннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері мыналар болып табылды:
      1) шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін іс жүзіндегі түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген олардың жылдық көлемінен асып түсуі ретінде айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
      2) республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
      3) шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін республикалық бюджетте жоспарланған түсімдер сомасының он проценті мөлшерінде есептелетін республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
      4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын жергілікті бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
      5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер.

2006 жылғы 1-жарты жылдықта шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін түсімдер (мың теңге)

Атауы Жоспар Бюджетке
есептелді
1 2 3

Шикізат секторы ұйымдарының заңды
тұлғаларынан алынатын корпоративтік табыс салығы

71 612 349

143 025 635

Шикізат секторы ұйымдары төлем көзінен
ұстайтын резидент заңды тұлғалардан
алынатын корпоративтік табыс салығы

2 110 960

5 471 109

Шикізат секторы ұйымдары төлем көзінен
ұстайтын резидент емес заңды тұлғалар-
дан алынатын корпоративтік табыс салығы

5 000 000

24 356 934

Шикізат секторы ұйымдарынан алынатын
өндірілген шикізат тауарларына, көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы

-

-

Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін
бонустар

-

-

Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін
роялти

14 315 646

89 184 998

Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін
жасалған келісім-шарттар бойынша өнімді
бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасы-
ның үлесі

13 133 276

16 757 743

Республикалық бюджет бойынша жиыны

106 172 231

278 796 419

      Осыған байланысты, 2006 жылғы бірінші жарты жылдықта Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдер республикалық бюджетке шикізат секторы ұйымдарынан түсетін іс жүзіндегі түсімдердің олардың жылдық көлемінен - 172624186 мың теңге асып түсуі ретінде айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттердің, шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін түсімдердің жоспарланатын түсімдер сомасының он проценті мөлшерінде есептелетін - 10617223 мың теңге республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттердің, 12560637 мың теңге - республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттердің, 1603534 мың теңге - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер есебінен айқындалатын жергілікті бюджеттен берілетін ресми трансферттердің, сондай-ақ 851 мың теңге - Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге түсімдер мен кірістердің есебінен қалыптастырылды.
      2006 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тетігінің өзгеруіне байланысты, 2006 жылғы екінші жарты жылдықта күн сайынғы негізде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 55 мұнай секторы кәсіпорындарынан (бекітілген тізбе бойынша) түсетін тікелей салықтар, республикалық меншіктегі және тау-кен ендіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді аудару жүргізілді.
      2006 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастырудың жаңа тетігі бойынша 501864647 мың теңге аударылды. 2006 жылдың екінші жарты жылдығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін ұлғайту мұнай секторы кәсіпорындары тізбесінің ұлғаюына (6-дан 55 кәсіпорынға дейін) байланысты.
      2006 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 774306672 мың теңге түсті, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттердің есебінен - 195802046 мың теңге, жергілікті бюджеттерден берілетін ресми трансферттердің есебінен - 1603534 мың теңге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотынан аударымдар есебінен - 501864647 мың теңге, оның ішінде мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салықтардың түсімі (2006 жылғы 1 шілдеден бастап) - 499489763 мың теңге, оның 181423810 мың теңгесі (1445803 мың АҚШ долларына барабар) 2391 мың теңге - республикалық меншіктегі және тау-кен және өндіру салаларына жатқызылған мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдерді (2006 жылғы 1 шілдеден бастап), 2372493 мың теңге - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді (2006 жылғы 1 шілдеден бастап), 75035594 мың теңге - Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістерді, сондай-ақ 851 мың теңге Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге түсімдер мен кірістерді сол күні кезекті айырбастау/қайта айырбастау операцияларын жүргізу жолымен теңгемен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тиісті шотына есептелген шетелдік валютадағы түсімдер болып табылады.

      Республикасының Ұлттық қорына бюджеттердің бөлінісінде түсетін түсімдер (мың теңге)

Р/с
N


Оның ішінде

2006 жылда
түсімдер-
дің барлығы

респуб-
ликалық
бюджеттен

жергілік-
ті бюд-
жеттен

ҚР ҰҚ ҚБШ**

1

2

3

4

5

6

1.

Түсімдердің БАРЛЫҒЫ:

195802046

1 603 534

501864647

699270227


оның ішінде:
  мұнай секторы кәсіп-
орындарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттер-
ге алынатын салықтарды
қоспағанда)
оның ішінде:
  корпоративтік табыс салығы
оның ішінде:
  КТС101105*
  КТС101106*
  КТС101107*
  үстеме пайдаға салы-
натын салық
  бонустар
  роялти
  өнімді бөлу жөнінде-
гі Қазақстан Республи-
касының үлесі
  экспортталатын шикі мұнайға, газ конденса-
тына салынатын рента салығы
  республикалық мен-
шіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын
мемлекеттік мүлікті
жекешелендіруден түсетін түсімдер
  ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан
түсетін түсімдер
  шикізат секторы ұй-
ымдарынан республика-
лық бюджетке түсетін республикалық бюджетте
жоспарланатын түсімдер сомасының он проценті мөлшерінде есептелетін
республикалық бюджет-
тен берілетін ресми трансферттер


 
 
 
 
 
 

      172624186
 
 
  94130368
 
71413 286
3360149
19356933
 
-
-
74869352
 
 
  3624 466
 
 
 
   -
 
 
 
 
 
 
      12560637
 
 
 
   -
 
 
 
         10617223


 
 
 
 
 
 

      -
 
 
  -
 
-
-
-
 
-
-
-
 
 
  -
 
 
 
   -
 
 
 
 
 
 
      -
 
 
 
   1603534
 
 
 
         -


 
 
 
 
 
 

      499489763
 
 
  376379892
 
320751527
16199487
39428878
 
75652
311479
103125229
 
 
  19354837
 
 
 
   242674
 
 
 
 
 
 
      2391
 
 
 
   2372493
 
 
 
        -


 
 
 
 
 
 

      672113949
 
 
  470510260
 
392164813
19559636
58785811
 
75652
311479
177994581
 
 
  22979303
 
 
 
   242674
 
 
 
 
 
 
      12563028
 
 
 
   3976027
 
 
         10617223

Ескертпе:
      * КТС 101105 - заңды тұлғалар - мұнай секторы кәсіпорындарынан
алынатын корпоративтік табыс салығы (бекітілген тізбе бойынша);
      КТС 101106 - мұнай секторы кәсіпорындары резидент заңды тұлғалардан төлем көзінен ұстайтын корпоративтік табыс салығы (бекітілген тізбе бойынша);
      КТС 101107 - мұнай секторы кәсіпорындары резидент емес заңды тұлғалардан төлем көзінен ұстайтын корпоративтік табыс салығы (бекітілген тізбе бойынша);
      ** ҚР ҰҚ ҚБШ - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты.

Мұнай секторы кәсіпорындарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін тікелей салықтардың құрылымы     

Салық төлемдерінің түрі

Сомасы
(мың теңге)

Жалпы көлемде үлесі, (%)

1

2

3

Корпоративтік табыс салығы, оның ішінде:

470 510 260

70,00

   КТС 101105*

392 164 813

58,35

   КТС 101106*

19 559 636

2,91

   КТС 101107*

58 785 811

8,74

Үстеме пайдаға салынатын салық

75 652

0,01

Бонустар

311 479

0,05

Роялти

177 994 581

26,48

Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан  Республикасының үлесі


  22 979 303


  3,42

Экспортталатын шикі мұнайға, газ
конденсатына салынатын рента салығы



242 674



0,04

БАРЛЫҒЫ:

672 113 949

100,00

Ескертпе:
      * КТС 101105 - заңды тұлғалар - мұнай секторы кәсіпорындарынан
алынатын корпоративтік табыс салығы (бекітілген тізбе бойынша);
      КТС 101106 - мұнай секторы кәсіпорындары резидент заңды тұлғалардан төлем көзінен ұстайтын корпоративтік табыс салығы (бекітілген тізбе бойынша);
      КТС 101107 - мұнай секторы кәсіпорындары резидент емес заңды тұлғалардан төлем көзінен ұстайтын корпоративтік табыс салығы (бекітілген тізбе бойынша);
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салықтардың түсімдерінде негізгі бөлігі - 70,00%-ін заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы, одан кейін үлесі түсімдердің жалпы сомасының 26,48%-ін құрайтын роялти алады. Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі түсімдердің жалпы сомасында 3,42%-ті құрады.
      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатының бір бөлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке бюджеттік даму бағдарламаларын (кіші бағдарламаларын) іске асыруға кепілдік берілген трансферт түрінде жұмсалады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2006 жылға арналған республикалық бюджетке берілетін кепілдік берілген трансферттің көлемі 76631000 мың теңге сомасында бекітілді.
      Сонымен бірге, 2006 жылы республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансфертті тартпаға мүмкіндік берді.

2-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік
басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
қызметі туралы 2006 жылғы есеп

      "КПМГ Аудит" ЖШС жүргізген Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры аудитінің нәтижелері бойынша қаржылық есептілік шынайы деп танылды және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржылық жағдайы қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетінін көрсетеді.

1 -нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін
сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің теңгерімі (мың теңге)

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің теңгерімі 2006 жылы 2005 жылы

Активтер:
ақша және оның баламалары

туынды қаржы құралдарын қоспаған-
да, пайда немесе шығын арқылы   әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдары

туынды қаржы құралдары
 
дебиторлық берешек



106 593 302
 
 
 

   1 758 014 313

4 144 085

3 038 507



29 180 345
 
 
 

   1 052 050 955

2 164 939

336 949

Активтер, барлығы

1 871 790 207

1 083 733 188

Міндеттемелер:
туынды қаржы құралдары

кредиторлық берешек және есептел-
ген шығыстар



2 761 288
 

17 087 803



1 421 811
 

3 389 130

Міндеттемелер, барлығы

19 849 091

4 810 941

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
шотына енгізілген таза активтер

1 851 941 116

1 078 922 247

Таза активтер

1 851 941 116

1 078 922 247

      2006 жылғы 31 желтоқсанға Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кредиторлық берешегінің және есептелген шығыстарының жалпы сомасы 17087803 мың теңгені құрады, одан:
      инвестициялық операциялар бойынша шетелдік валютадағы кредиторлық берешек - 15630578 мың теңге;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына көрсетілген қызметтер үшін кредиторлық берешек - 1457225 мың теңге, оның ішінде:
      активтерді басқарғаны үшін комиссия - 1333924 мың теңге, оның ішінде:
      1263404 мың теңге - сыртқы басқарушылардың қызметтері;
      70520 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиясы;
      басқа есептелген шығыстар - 123301 мың теңге, оның ішінде:
      97301 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы кастодианы "АВN АМRО Меllon Global Securities Services"  қызметтері үшін;
      26000 мың теңге - аудиторлық қызметтер үшін.
      2006 жылғы 31 желтоқсанға инвестициялық операциялар бойынша шетелдік валютадағы дебиторлық берешекті білдіретін Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры дебиторлық берешегінің жалпы сомасы 3038507 мың теңгені құрады.
      2006 жылғы сәуір айында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2006 жылғы 28 наурыздағы N 53 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шотына 376 мың теңге сомасындағы дебиторлық берешекті өтеуді жүргізді. Осы дебиторлық берешек 2005 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 2002 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиясы бойынша есептелген шығыстарды азайту арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерімен есеп айырысуды жүргізуден Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің операциялық шығыстарын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына өтеуге жататын сомаға құралды.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарудың 2006 жылғы қорытындылар бойынша есептелген кірістер мен шығыстар бойынша негізгі көрсеткіштер мынаны құрады:
      1) басқару нәтижелері бойынша кірістер - 114067112 мың теңге;
      2) басқарудан шығыстар - 1287427 мың теңге;
      3) теңгемен қайта бағалау (қайта есептеу) жөніндегі айырма теңгемен - (39031518) мың теңге.
      Осылайша, шығыстарды шегергенге дейін таза активтердің нетто-өсімі 75035594 мың теңгені құрады, шығыстарды шегергеннен кейін таза активтердің нетто-өсімі 73748167 мың теңгені құрады, таза кіріс - 112779685 мың теңгені құрады.
      "АВN АМRО Меllon Global Securities Services" кастодиан банкінің деректері бойынша 2006 жылғы 1 қаңтар - 2006 жылғы 31 желтоқсан кезеңінде функционалды (базалық) валюта - АҚШ долларымен есептелген инвестициялық кіріс (жұмсалған және жұмсалмаған) 908740 мың АҚШ доллары мөлшерінде қалыптасты. Мәмілелер жасасуға арналған шығындарды ескере отырып түзетілген инвестициялық кіріс "АВN АМRО Меllon Global Securities Services" кастодиан банкінің деректері бойынша 2006 жылғы 1 қаңтар - 2006 жылғы 31 желтоқсан кезеңінде 904648 мың АҚШ долларын құрады.

      2-нысан 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік
басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
кірістері мен шығыстары туралы есеп (мың теңге)

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару жөніндегі кірістер мен шығыстар 2006 жылы 2005 жылы

Кірістер:
сыйақы түріндегі кірістер

дивидендтер түріндегі кірістер

форвардтық валюталық келісім-шарттар-
ды қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдарынан түсетін кіріс

туынды қаржы құралдарынан түсетін таза кірістер (шығындар)

шетелдік валюталарды қайта бағалаудан
түсетін таза кірістер (шығындар)


41 106 540

6 512 527
 
 
 

  17 738 988
 

(12 910 636)
 

61 619 693


20 778 979

3 376 704
 
 
 

   28 082 011
 

25 242 816
 

(51 898 589)

Кірістер, барлығы

114 067 112

25 581 921

Шығыстар:
активтерді басқарғаны үшін комиссиялар

кастодиалдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар

кәсіби қызметтерге ақы төлеу жөніндегі
шығыстар

бағдарламалық өнімдерді және ақпарат-
тық дерекқорды пайдаланғаны үшін ақы төлеу жөніндегі шығыстар



1 083 937
 

170 354
 

13 000
 
 

  20 136



1 206 880
 

94 292
 

13 000
 
 

  18 249

Шығыстар, барлығы

1 287 427

1 332 421

Таза кіріс

112 779 685

24 249 500

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шотынан есепті кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқаруға байланысты жалпы сомасы 918912 мың теңге мынадай шығыстар төленді:
      439169 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарғаны үшін сыртқы басқарушыларға комиссиялық сыйақы, оның 135722 мың теңгесі - 2006 жылғы қызметтер үшін және 303447 мың теңгесі өткен жылдардағы қызметтер үшін;
      309070 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне комиссиялық сыйақы, оның 225548 мың теңгесі - 2006 жылғы қызметтер үшін және 83522 мың теңгесі өткен жылдардағы қызметтер үшін;
      142989 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шетелдік кастодианы "АВN АМRО Меllon Global Securities Services"  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қызмет көрсеткені үшін төлем, оның 67864 мың теңгесі - 2006 жылғы қызметтер үшін және 75125 мың теңгесі еткен жылдардағы қызметтер үшін;
      14723 мың теңге - "Ваrrа Іntеrnаtіоnаl LTD" компаниясының бағдарламалық өнімін пайдаланғаны үшін төлем, оның 10941 мың теңгесі - 2006 жылғы қызметтер үшін және 3782 мың теңгесі өткен жылдардағы қызметтер үшін;
      11206 мың теңге - "Yield Book" компаниясының қызметтері үшін төлем, оның 8025 мың теңгесі - 2006 жылғы қызметтер үшін және 3181 мың теңгесі өткен жылдардағы қызметтер үшін;
      1755 мың теңге - "Morgan Stanley Capital Іntеrnаtіоnаl" компаниясының қызметтері үшін төлем, оның 1169 мың теңгесі - 2006 жылғы қызметтер үшін және 586 мың теңгесі өткен жылдардағы қызметтер үшін.

3-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік
басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша
қозғалысы туралы есептер (мың теңге)

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақша қозғалысы

2006 жылы 2005 жылы

Операциялық қызметтен болатын ақша қозғалысы

Таза кіріс
Түзетулер (пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдарынан
болатын іске асырылмаған шығын (кіріс)



  112 779 685
 
 
 
 
    (47 389 495)



  24 249 500
 
 
 
 
    7 239 941

Операциялық активтер мен міндет-
темелердегі өзгерістерге дейінгі
операциялық қызметтен болатын ақша қозғалысы


 
 
 

   65 390 190


 
 
 

   31 489 441

Операциялық активтердің азаюы (ұлғаюы):
туынды қаржы құралдарынан басқа, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдары
туынды қаржы құралдары
дебиторлық берешек

Операциялық міндеттемелердегі ұлғаю (азаю):
туынды қаржы құралдары
кредиторлық берешек және есептелген
шығыстар


 
 
 
 

    (697 605 381)
(1 979 146)
(2 701 558)
 
 

  1 339 477
 
13 698 673


 
 
 
 

    (385 501 766)
(354 382)
(225 445)
 
 

  (4 676 389)
 
(5 737 098)

Операциялық қызметте ақшаны таза пайдалану

(621 857 745)

(365 005 639)

Қаржылық қызметтен болатын ақша қозғалысы
Қазақстан Республикасы Қаржы минис-
трлігінен түсетін түсімдер
Ақшадағы және оның баламаларындағы таза ұлғаю (азаю)

Жыл басындағы ақша және оның баламалары
Жыл соңындағы ақша және оның
баламалары


 
 
 

   699 270 702
 
77 412 957
 

29 180 345
 
106 593 302


 
 
 

   369 258 276
 
4 252 637
 

24 927 708
 
29 180 345

4-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік
басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза
активтеріндегі өзгерістер туралы есептер (мың теңге)

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза
активтеріндегі өзгерістер

Сомасы

2004 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо

666 540 924

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түскен түсімдер

Таза кіріс

Валютаны қайта бағалаудың активтердің бастапқы сальдосына әсері

Валютаны қайта бағалаудың таза кіріске әсері



369 258 276

24 249 500
 

19 329 687

(456 140)

2005 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо

1 078 922 247

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түскен түсімдер

Таза кіріс

Валютаны қайта бағалаудың активтердің бастапқы
сальдосына әсері

Валютаны қайта бағалаудың таза кіріске әсері



699 270 702

112 779 685
 

(54 603 451)

15 571 933

2006 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо

1 851 941 116

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері 2006 жылдың аяғында 1851941116 мың теңгені құрады (аудитталған қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен), жылдық өсім 72%-ті құрады. Негізінен активтердің ұлғаюы мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) көлемінің өсуі есебінен болды.

3-бөлім. 2006 жылғы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі өзге де деректер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару
       Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жеткілікті өтімділік деңгейінің сақталуын қамтамасыз ету, тәуекел деңгейінің біркелкілігі жағдайында ұзақ мерзімді перспективада кірістіліктің жоғары деңгейін ұстап тұру, инвестициялық кірістер алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген шетелдік қаржы құралдарына орналастырылады. Осыған байланысты, әлемдік экономика конъюнктурасының өзгеруі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қызметіне елеулі әсер етеді.
      Халықаралық капитал нарықтарының конъюнктурасы 2006 жылы қор нарығының инвесторлары үшін де, тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар нарығының инвесторлары үшін де қолайлы қалыптасты.
      Сонымен қатар қор нарықтарының акцияларына инвестициялардың кірістілігі тіркелген кірісі бар бағалы қағаздарға қаражат салудың кірістілігінен едәуір асып түсті. Мәселен, жинақтау қоржыны акцияларының қосалқы қоржынының кірістілігі 18,54%-ті, ал белгіленген кірісі бар қосалқы қоржынының кірістілігі (облигациялар)
5,65%-ті құрады. Тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару 2006 жылы әлемдік экономиканың өсуінің жалғасуы, АҚШ-та, Ұлыбританияда және Еуроаймақта проценттік ставкалардың өсуі және АҚШ долларының негізгі валюталарға қатысты әлсіреуі жағдайында жүзеге асырылды. Базалық валюта - АҚШ доллары бағамының төмендеуі әлемдік капитал нарықтарында қалыптасқан қолайлы конъюнктурамен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінен 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы неғұрлым жоғары кірістілік алуға ықпал етті. Мәселен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару нәтижелері бойынша 2006 жылы 8,67%-ті мөлшерінде кірістілік алынды, ал 2005 жылы 3,29%-ті мөлшерінде кірістілік алынған болатын.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін бөлу құрылымы мынадай түрге ие. 2006 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры валюта қоржынының жалпы нарықтық құны 14092776907 АҚШ долларына, оның ішінде тұрақтандыру қоржыны - 2327315662 АҚШ долларына (16,51%) және жинақтау қоржыны - 11765461245 АҚШ долларына (83,49%) тең болды.
      Бағалы қағаздар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қоржынының құрамына кіретін басқа қаржы құралдарының нарықтық құны Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кастодиан банкі "АВN АМRО Меllon Global Securities Services" деректеріне негізделеді.

      Қор құрылғаннан бергі кірістілігі, АҚШ долларымен (қағаздағы мәтіннен қара).
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін бөлу
құрылымы, %-пен (қағаздағы мәтіннен қара).
      Тұрақтандыру қоржынының активтерін бөлу серпіні (қағаздағы мәтіннен қара).
      Жинақтау қоржынының активтерін бөлу серпіні (қағаздағы мәтіннен қара).

      Инвестициялық кіріс Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылғаннан бастап 2006 жылғы 31 желтоқсан аралығында 1672 млн.  АҚШ доллары болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістілігі құрылғаннан бастап 2006 жылғы 31 желтоқсан аралығында 34,46%-ті болды, бұл өткен жылғы көрсетуде 5,44%-ті болды.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтері мынадай санаттар (инвестициялық қоржын түрлері) бойынша жіктелген:
      тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар қоржыны;
      акциялар қоржыны;
      активтерді тактикалық орналастыру қоржыны;
      тұрақтандыру қоржыны.
      Инвестициялық стратегияға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің әрбір сыныбы оның негізінде активтердің кірістілігі бағаланатын эталондық қоржынның индексіне тәуелді. Эталонды қоржын индекстері Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асырудың ережесімен айқындалады.
      Есепті кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі толығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дербес басқаруындағы тұрақтандыру қоржынының активтерін ақша нарығы құралдарына және қазынашылық пен АҚШ агенттіктерінің мемлекеттік бағалы қағаздарына орналастырды.
      Тұрақтандыру қоржынының кірістілігі 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап 2006 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 4,82% болды, осы кезеңдегі эталондық қоржынының кірістілігі (Меrrіll Lynch 6-month US Treasury Вill Іndех) 4,81%-ті құрады.
      Жинақтау қоржынының кірістілігі 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап 2006 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 8,89% болды. Эталондық қоржынының кірістілігі 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап 2006 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 9,36%-ті болды. Жинақтау қоржынының үстеме кірістілігі 2006 жылы - (-)0,48%-ті құрады.
      Сонымен қатар жинақтау қоржынының активтерін басқару нәтижелері барлық мандат түрлері бойынша оң нәтижелер көрсетті. Алайда, 2006 жылы кірістіліктің барынша үлкен көрсеткішіне»"Жаһандық акциялар" мандат түрі бойынша және "Активтерді жаһандық тактикалық бөлу" мандат түрі бойынша активтерді басқару нәтижесіне қол жеткізілген. Осылайша, бірінші мандат түрі бойынша кірістілік 18,54%-ті құрады, ал екінші мандат түрі бойынша 2006 жылғы кірістілік 8,69%-ті құрады. "Жаһандық облигациялар" мандат түрі бойынша басқарылатын жинақтау қоржыны активтерінің кірістілігі 2006 жылы 5,65%-ті кірістілікті көрсетті.

      Мандат түрлері бойынша жинақтау қоржынының кірістілігі (қағаздағы мәтіннен қара).

      Тұрақтандыру қоржынының кірістілігі (қағаздағы мәтіннен қара).

2. 2006 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару
жөнінде өткізілетін іс-шаралар туралы қосымша ақпарат 

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі
N 1641 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына сәйкес республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында мұнай түсімдерін бөлудің оңтайлы теңгерімін қамтамасыз ету мақсатында 2006 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс істеуінің жаңа жүйесі енгізілді.
      Жаңа тетігінің негізіне әлемдік оң тәжірибені ескере отырып, әзірленген теңгерімді бюджет әдісі алынды.
      Айталық, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес мұнай секторынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда), республикалық меншіктегі және тау-кен және өңдеуші салаларға жатқызылған мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберіледі.
      Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастырудың қосымша көздері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге түсімдер мен кірістер болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік даму бағдарламаларын (кіші бағдарламаларын) іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферт, Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын мақсаттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайынғы аудитін жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер түрінде жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес үш жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферттің мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен анықталады және Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жаңа жұмыс істеу жүйесіне көшуі шеңберінде мынадай нормативтік құқықтық актілер әзірленді және қабылданды:
      "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі N 159 Заңы;
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі N 165 Заңы;
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007 - 2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 25 қарашадағы N 189 Заңы;
      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 шілдедегі N 656 қаулысы;
      "Мемлекеттік органдардың мұнай секторының кәсіпорындары бойынша ақпарат беруі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 тамыздағы N 741 қаулысы;
      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 тамыздағы N 795 қаулысы;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 65 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесі;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 66 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесі;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 67 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін айырбастау және қайта айырбастау ережесі;
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 655 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2006 жылғы 1 қарашадағы N 489/1 N 2 қосымша келісім;
      Осы қосымша келісім "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 808 қаулысымен мақұлданды.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының мақсаттары мен міндеттерін халық арасында түсіндіру жөнінде жүйелі түрде жұмыс жүргізу шеңберінде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылды:
      2006 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдері "Аймақ" депутаттық тобының отырысында "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы" тақырыбында сөз сөйледі. Сөз сөйлеу белсенді диалог нысанында жүргізілді, оның барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің атына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қатысты айтылған сұрақтарға толық жауаптар берілді;
      2006 жылғы 12 мамырдағы Қазақстан киноматографистер одағының бейнефильмі үшін "Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің киносұхбаты болды;
      2006 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі "Хабар" телеарнасында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының мәселелеріне арналған "Бетпе-бет" теледидар бағдарламасында қатысты және тікелей эфирде бағдарламаның жүргізушісі мен телекөрермендердің сұрақтарына жауап берді;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын 2005 жылда қалыптастыру және пайдалану және сыртқы аудитті жүргізу нәтижелері туралы есеп "Егемен Қазақстан" газетінде 2006 жылғы 8 қыркүйекте N 214, "Казахстанская правда" газетінде 2006 жылғы 9 қыркүйекте N 208 жарияланды, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Web-сайтында орналастырылды;
      2006 жылғы 13 қазанда Қазақстан Республикасының Қаржы министрі "Литер" газетіне "Раскрываем секреты нефтяного фонда" тақырыбына сұхбат берді;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының мәселелері "Business Week" журналына Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің сұхбатында да жарияланды;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қызметі туралы қажетті ақпарат, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қызметін реттейтін есептер, нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің web-сайтына (www.minfin.kz) орналастырылды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады