Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі N 317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы N 439 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелеріне арналған визалық талаптар туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі N 317  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелеріне арналған визалық талаптар туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады