Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Оңтүстік Қазақстан облысы Қарашық, Ораңғай, Шаға, Иассы ауылдық округтерінің жалпы алаңы 14168,0 гектар жерінің бір бөлігін қосып, Түркістан қаласының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі