Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі N 423 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі N 423 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын тағайындау жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және
демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет
дипломын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 жылғы 31 шілдедегі N 423 Жарлығына (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 30, 367-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру
енгізілсін:
1-тармақта:
"жыл сайынғы" деген сөздер алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Президентінің" деген сөздерден кейін»"екі жылда бір рет берілетін" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Дипломдарды әзірлеуге байланысты шығыстарды қаржыландыруды оларды тағайындайтын жылы республикалық бюджетте көздесін;";
4) тармақшадағы»"жыл сайын" деген сөздер»"екі жылда бір рет" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі ез актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Осы Жарлық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті