Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы N 1080 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 311 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы N 375 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, қосымшаға сәйкес құрамда "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесін сайлауды заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін;
2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директор кандидатурасы жөнінде
ұсыныс енгізсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 4 маусымдағы
N 455 қаулысына
қосымша
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2007.09.24. N 829 , 2008.03.28 N 298 Қаулыларымен.
"Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік
қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы
Ертісбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Ермұхамет Қабиденұлы ақпарат министрі
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы
Түймебаев - Қазақстан Республикасының Білім және
Жансейіт Қансейітұлы ғылым министрі
Бүркітбаев - "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық
Серік Мінуарұлы холдингі" акционерлік қоғамының
басқарма төрағасы