Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы N 1080 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мынадай мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер (бұдан әрі - мамандандырылған кеңестер) құрылсын:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.05 № 378 Қаулысымен.

      2) "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес;

      3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.21 № 1573 Қаулысымен.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.05 № 378, 2011.12.21 № 1573 Қаулыларымен.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) мамандандырылған кеңестердің құрамы;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 21 қарашадағы
N 1080 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Арна Медиа"
ұлттық ақпараттық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту
мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамы

      Ескерту. Құрамның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.05 № 378 Қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 21 қарашадағы
N 1080 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
"Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік
қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің
құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.07.12 № 789 Қаулысымен.

      Мәсімов - Қазақстан Республикасының

      Кәрім Қажымқанұлы Премьер-Министрі, төраға

      Әбдірәсілов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

      Болатбек Серікбайұлы министрлігінің жауапты хатшысы, хатшы

      Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Болат Бидахметұлы

      Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының Білім және

      Бақытжан Тұрсынұлы ғылым министрі

      Келімбетов - Қазақстан Республикасының Экономикалық

      Қайрат Нематұлы даму және сауда министрі

      Бектұрғанов - "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық

      Нұралы Сұлтанұлы холдингі" акционерлік коғамының басқарма

      төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы

      Үкіметінің

      2008 жылғы 21 қарашадағы

      N 1080 қаулысымен

      бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
"Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік
қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған
кеңестің құрамы

      Ескерту. Құрам алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.21 № 1573 Қаулыларымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 21 қарашадағы
N 1080 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 21-9, 21-28, 21-29, 21-65, 21-81 және 21-90-жолдар алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-106, 21-107 және 21-108-жолдармен толықтырылсын:

      "21-106. "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" АҚ;

      21-107. "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ;

      21-108. "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ";

      "Алматы қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 123-6, 123-67-жолдар алынып тасталсын;

      "Қарағанды облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 214-12-жол алынып тасталсын.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 222-33-1-жол алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-4-жолмен толықтырылсын:

      "222-33-4. "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ";

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 222-35-жол алынып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 223, 224-1, 224-2, 224-16, 224-17, 224-20, 224-21-жолдар алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі" деген бөліммен және реттік нөмірі 222-40-жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

      222-40. "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" АҚ";

      "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 278-2-жолмен толықтырылсын:

      "278-2. "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 602 қаулысымен.

      4. "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 145 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 7, 73-құжат):

      1-тармақтағы "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" деген сөздер "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі, "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі", "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 30, 294-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы".

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

      8. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 7, 53-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемелекеттік пакеттері "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамына берілетін ұлттық компаниялардың тізбесі:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын:

      "6. "Қазпочта" акционерлік қоғамы 100 %".

      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 қаулысында :

      1) 1-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер туралы ережеде:

      2-тармақта "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" деген сөздер "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі", "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі", "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамы алынып тасталсын.

      10. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 311 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы N 375 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 14, 168-құжат):

      9 және 10-тармақтар алынып тасталсын.

      11. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      12. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 142 қаулысымен.

      13. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 302 Қаулысымен.

      14. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1183 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 21 қарашадағы
N 1080 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану

      1. "Қазақ ақпарат агенттігі (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы" ашық акционерлік қоғамын басқарудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 қаңтардағы N 90 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 3, 44-құжат).

      2. "Қазтелерадио" және "Қазақстан телекоммуникациялары" (КАТЕЛКО) акционерлік қоғамдары директорлар кеңестері құрамдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы N 443 қаулысы.

      3. "Самғау" Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 маусымдағы N 455 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қыркүйектегі N 829 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағының 5) тармақшасы және 9-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 298 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының 4) тармақшасы және 5-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады