"Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 маусымдағы N 455 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы N 1080 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы N 1080 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 311 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы N 375 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, қосымшаға сәйкес құрамда "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесін сайлауды заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін;
      2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директор кандидатурасы жөнінде
ұсыныс енгізсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                            2007 жылғы 4 маусымдағы
                                                 N 455 қаулысына
                                                     қосымша

      Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2007.09.24. N 829 , 2008.03.28 N 298 Қаулыларымен.

"Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік
қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы

Ертісбаев               - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Ермұхамет Қабиденұлы      ақпарат министрі

Сұлтанов                - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы         бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Жәмішев                 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы
 
Түймебаев               - Қазақстан Республикасының Білім және
Жансейіт Қансейітұлы      ғылым министрі

Бүркітбаев              - "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық
Серік Мінуарұлы           холдингі" акционерлік қоғамының
                          басқарма төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады