Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 маусымдағы N 497 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Созақ ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Созақ орман мекемесі) орман қоры жерінен алаңы 800,4 гектар жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жер санатына ауыстырылсын.

      2. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен АИ N 886 А және 1337 А сериялы лицензияларға сәйкес Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында орналасқан Мойынқүм кен орнының N 1 (Оңтүстік) учаскесінің солтүстік бөлігінде уран өндіру, N 2 (Төртқұдық) учаскесінде уран барлау және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға арналған 2000 жылғы 3 наурыздағы тіркеу нөмірі N 414 келісім-шартқа сәйкес "Қазақстандық-француздық "Катко" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) уран барлау және өндіру үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерінің берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Серіктестік қолданыстағы заңнамаға сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және кесіп алынған сүректерді Созақ орман мекемесінің теңгеріміне бере отырып, 800,4 гектар алаңда екпе ағаштарды кесіп алу жөнінде шаралар қабылдансын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады