Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.
Отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізін қалаушы қағидаттары, міндеттері мен тәсілдері, экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту және қазақстандық тауарлар мен қызметтердің экспортын сыртқы нарықтарға жылжыту жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңес туралы ереже;
2) Кеңестің құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 маусымдағы
N 552 қаулысымен
бекітілген
Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес
туралы ереже
Осы Ереже Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес қызметінің міндеттерін, функциялары мен ұйымдастыру негіздерін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) мемлекеттік және жеке сектор арасындағы әріптестік қағидаттарына негізделген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негіз қалаушы қағидаттары, міндеттері мен тәсілдері, экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту және қазақстандық тауарлар мен қызметтердің экспортын сыртқы нарықтарға жылжыту жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылады.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын , Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін , сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Кеңестің қызметі елдің экономикасын әртараптандыруға және ырықтандыруға, оның шикізаттық бағытын жеңуге, адами капитал мен техникалық инфрақұрылымды дамытуға кедергі келтіретін түйінді проблемаларды жеңіп шығу мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге, сондай-ақ көрсетілген салаларда ұлттық (жалпымемлекеттік) саясат жүргізу жөнінде нақты ұсынымдар дайындауға бағытталған.
Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестермен өзара іс-қимыл жасайды.
5. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі - жұмыс органы) болып табылады.
2. Кеңестің міндеттері мен функциялары
6. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары мынадай мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады:
инновациялар мен тиімділіктің базалық факторлар көрсеткіштерін жақсарту, бизнесті, инфрақұрылымды, денсаулық сақтауды, білім беруді, нарықпен технологиялық прогресті дамыту арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және монополиялық қызметті шектеу;
қазақстандық бизнестің шетелдік нарықтарға шығу үдерісін нысаналы жүйелік қолдауды ұйымдастыру;
шикізат және шикізаттық емес сектор кәсіпорындары шығаратын қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
әлемдік сауда үдерісі мен өңірлік бірлестіктерге кірігу мақсатында Дүниежүзілік сауда ұйымының нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
теріс пиғылды бәсекелестік фактілерінің, бірыңғай бағалар мен тарифтерді белгілеу, нарықты аумақтық қағидат бойынша бөлу және басқа да әлеуетті бәсекелестердің нарыққа шығуын шектеу жөніндегі бәсекелестікке қарсы келісімдердің алдын алу.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.10.15 N 951 Қаулысымен.
3. Кеңестің құқықтары
7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыруға қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
2) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін Кеңестің отырыстарына шақыруға және қаралатын мәселелер бойынша тыңдауға;
3) қажеттілігіне қарай проблемалық мәселелерді талдау және зерделеу үшін мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тартуға құқылы.
4. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
8. Кеңесті лауазымы Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі болып табылатын төраға басқарады.
Кеңестің төрағасы Кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, Кеңес мүшелерінің келісімі бойынша отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу уақыты мен орнын, қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды және нақтылайды, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді, Кеңес шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметі үшін дербес жауапты болады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
9. Кеңестің хатшысы Кеңес отырысына қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және Кеңес отырысының хаттамасын (бұдан әрі - хаттама) ресімдейді.
Хатшы Кеңестің мүшесі болып табылмайды.
10. Жұмыс органы Кеңес қызметін ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
11. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде үш айда бір рет өткізіледі.
12. Кеңестің отырыстары Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды болады. Кеңестің мүшелері оның қызметіне алмастыру құқығынсыз қатысады.
13. Кеңес мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуға және хаттамаға қоса берілуге тиіс.
14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Кеңестің құрамына ғылыми, үкіметтік емес және басқа да ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, мамандар және олардың келісімі бойынша өзге де адамдар енгізілуі мүмкін.
Комиссиялардың/жұмыс топтарының мүшелері олардың қызметіне алмастыру құқығынсыз қатысады.
15. Кеңес отырыстары күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешімдер Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Кеңестің төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
16. Кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді, оған міндетті түрде барлық Кеңес мүшелері қол қояды.
5. Кеңестің жұмыс топтары
17. Қызметін қамтамасыз ету үшін Кеңес жанынан жұмыс топтары құрылады, олардың құрамы, міндеттері және қызметінің тәртібі Кеңестің отырысында анықталады.
18. Жұмыс топтары белгіленген салада қажетті талдау өткізеді, ол үшін сарапшылар мен мамандарды тартады.
19. Төрағаның орынбасары жұмыс топтарының құрамына кіретін лауазымды адамдардың жұмысын үйлестіреді.
6. Кеңестің қызметін тоқтату
20. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 маусымдағы
N 552 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.29
N 1006 , 2008.04.21 N 368 , 2008.10.15 N 951 , 2009.07.23. N 1123 Қаулыларымен.
Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық
кеңестің құрамы
Мәсімов - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Кәрім Қажымқанұлы төраға
Шөкеев - Қазақстан Республикасы
Өмірзақ Естайұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төрағаның орынбасары
Ыбыраев - Қазақстан Республикасы
Азамат Болатұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының
орынбасары, хатшы
Исекешев - Қазақстан Республикасының
Әсет Өрентайұлы Индустрия және сауда министрі;
Тәжияқов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Бисенғали Шамғалиұлы Банкі Төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Есенбаев - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Мәжит Телеубекұлы қорғау агенттігінің төрағасы (келісім
бойынша)
Келімбетов - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
Қайрат Нематұлы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
Құлыбаев - "Kazenergy" Қазақстандық мұнай-газ және
Тимур Асқарұлы энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы"
заңды тұлғалар бірлестігі директорлар
кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Тілеубаев - "Қазақстанның астық одағы" заңды тұлғалар
Нұрлан Сақтапбергенұлы бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
Тұржанов - Қазақстан полиграфистері
Серік Әбдіқалықұлы қауымдастығының президенті (келісім
бойынша)
Ким - "Қазақмыс" корпорациясы" жауапкершілігі
Владимир Сергеевич шектеулі серіктестігінің президенті -
директорлар кеңесінің төрағасы
(келісім бойынша)
Рахымбаев - Қазақстан құрылыс салушылар
Айдын Жұмәділұлы қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)
Субханбердин - "Қазкоммерцбанк" директорлар акционерлік
Нұржан Сәлкенұлы қоғамының кеңесінің төрағасы (келісім
бойынша)
Смағұлов - "Astana Group" холдингінің президенті
Нұрлан Еркебұланұлы (келісім бойынша)